h-866

Өскемен қаласы әкімдігінің «№24 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Орындаған: Өскемен қаласы әкімдігінің «№24 орта мектебі» КММ 5 «А» сынып оқушысы Устименко Александр Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алимсаева Айжан Төлеуханқызы

Өскемен қаласы әкімдігінің

«№24 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Ғылыми бағыты:  Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

      Секция: Филологиялық

Тақырыбы: Қазақ тіліндегі сыпайылық сөздердің ерекшеліктері

 Орындаған:

Өскемен қаласы әкімдігінің

«№24 орта мектебі» КММ

5 «А» сынып оқушысы

Устименко Александр

Ғылыми  жетекшісі:

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Алимсаева Айжан Төлеуханқызы

 

Өскемен   2018 жыл

 

 

Аңдатпа

 

Ғылыми жобаның мақсаты: Қазақ тіліндегі сыпайылық сөздерінің мағынасының әр алуан екендігін көрсету.

Ғылыми жобаның болжамы: егер, күнделікті қолданыстағы ауызекі тілдесім кезінде қазақ тілінің сыпайылық сөздерін көп қолданса, тілдің көркемдігі айқын көрініп, басқа ұлт өкілдерінің тілді үйренуге, сөйлеуге деген құлшынысы артар еді.

Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері: 2016 жыл – қазақ тіліндегі сыпайылық сөздерді қолдана бастадым

2017 жыл, қыркүйек – көркем әдебиеттерден, ауызекі қолданыстағы сөздерге мән беріп, сыпайылық сөздерді мағынасына қарай топтастыра бастадым.

2018 жыл, қаңтар – зерттеу жұмысымды жүйеге келтіріп, жаза бастадым.

  1. Қазақ тіліндегі сыпайылық сөздер туралы мәлімет жинау.

А) «Юнга» кітапханасына барып, мәлімет жинау

Б) Мектеп кітапханасына барып,  мәлімет жинау

В) №1 қалалық кітапханаға барып, мәлімет жинау

Г) Ғаламтор желісінен ақпарат жинау

  1. Теледидардан мәдени хабарларды көру, сыпайылық тақырыбындағы сөздердің мағынасына үңілу.

3.Мәліметтерді талдау.

  1. Оқушылар арасында сауалнама жүргізу.
  2. Мониторинг жасау.

4.Эксперименттің әдістемесі: эмперикалық, эксперимент, сауалнама;білімді жүйелеу, жинақтау, талдау, саралау әдістері қолданылды.

  1. Зертеудегі жаңашылдық пен оқушының өз бетімен еңбектену дәрежесі: Қазақ тіліндегі сыпайылық сөздерінің орыс тіліне қарағанда қолданылу аясының кеңдігі.

6.Жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары:

7.Зерттеу жетістіктерін тәжірибе жүзінде қай салада қолдануға болатындығын көрсету: Аталған тақырыпты тәрбие сағаттарында, сыныптан тыс шараларда пайдалануға болады.

 

 

 

 
Аннотация

 

Цель исследовательского проекта — показать разнообразие смысла на казахском языке. Прогноз исследовательского проекта заключается в том, что если бы ежедневное использование казахского языка использовалось чаще, искусство языка было бы очевидным, а желание других национальностей учиться и говорить на этом языке. Этап исследования исследовательского проекта: 2016 год — я начал использовать вежливые слова на казахском языке Сентябрь 2017 года —  я начал концентрироваться на литературных текстах, на значении правильных слов.

Январь 2018 года — я начал писать и писать свои исследовательские работы.

1. Сбор информации о вежливых словах на казахском языке.A) Сбор информации в городской библиотеке «Юнга»C) Сбор информации в школьной  библиотекеD) Сбор информации из интернета

  1. Изучение телепередач, использование вежливых слов.

3. Анализ данных.4. Обследования среди учеников.5. Мониторинг.Методы эксперимента: эмпирический, экспериментальный, вопросник, систематизация, накопление, анализ, дифференциация знаний.5. Новизна исследования и степень самозанятости ученика — это более широкий спектр вежливых слов на казахском языке, чем русский язык.6. Результаты работы:7. Продемонстрировать, в какой области применения результатов исследований можно применить:  исследовательскую работу можно  использовать в классные  часы, внеклассные мероприятия.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Annotation

 

 

The purpose of the research project is to show the diversity of meaning in the Kazakh language.

The prognosis of the research project is that if the daily use of the Kazakh language was used more often, the art of language would be evident, and the desire of other nationalities to learn and speak the language.

The research phase of the research project: 2016 — I began to use polite words in the Kazakh language

September 2017 — I began to concentrate on literary texts, on the meaning of correct words, paying attention to fiction.

January, 2018 — I started writing and writing my research work.

1. Collecting information about polite words in the Kazakh language.A) Go to the Young Library and collect informationB) Go to school library and collect informationC) Collecting information at the City Library # 1D) Collection of information from the Internet2. Watch cultural messages on TV and look at the meaning of words in a polite matter.3.Data analysis.4. Surveys among pupils.5. Monitoring.Methods of experiment: empirical, experimental, questionnaire, systematization, accumulation, analysis, differentiation of knowledge.5. The novelty of the research and the degree of self-employment of the pupil is the wider range of polite words in Russian than the Russian language.6. Results and results of work:7. Demonstrate in which field of application of the research achievements can be applied: This subject can be used in educational hours, extracurricular activities.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

І. Кіріспе  ——————————————————————————- 4

ІІ.Негізгі бөлім   ———————————————————————- 5

  1. Сыпайылық сөздер дегеніміз не? ———————————————— 5

2.1. Сыпайылық сөздердің түрлері—— —————————————— 9

ІІІ.Зерттеу бөлімі-———————————————————————

  1. Сыпайылық сөздердің қолданылу аясы —————————————— 11

ІV.Қорытынды————————————————————————13

V.Пайдаланған әдебиеттер  ——————————————————-14

VІ.Қосымша—————————————————————————15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Қазақ тілі өте бай, әрі әдемі тілдердің бірі. Маған қазақ тілінде сөйлей білу ұнайды. Әрі қазақ тілінде сөйлеу —  уақыт талабы. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде сөйлей білу – парыз. Сол себепті қазақ тілінде еркін сөйлеуді, ойымды толық білдіруді мақсат етіп, қолға алдым. Бұл үшін белсенді оқып, қосымша жұмыс істеуді қолға алдым. Айналамдағылардың сөйлеу мәнеріне, тіл ерекшеліктеріне құлақ қойдым.

Адамдардың қарым-қатынас құруына тіл білу, ойын жинақы, тиянақты білдіре білу – өте маңызды. Жақсы қарым-қатынас құрай білу де білімді, шешендікті қажет етеді. Айналадағылармен тіл табысу кезінде сыпайы сөйлеу, әдепті болу – мәдениеттіліктің белгісі. Сөйлеу мәнеріңіз неғұрлым сыпайы болса, адамдармен қарым-қатынасыңыз да соғұрлым жақсы болады.

Қазақ тіліндегі  әдеп сөздерінің қолданылуы әр түрлі екендігін байқай бастадым. Мен қазақ тіліндегі әдептілік сөздерді орыс тіліндегі әдептілік сөздерімен салыстыра бастадым. Орыс тіліндегі бір әдеп сөзі бір ғана жағдайда айтылатын болса, қазақ тілінде керісінше. Орыс тілінде айтылатын бір сөздің аудармасы бірнеше болып, өз кезегінде әртүрлі жағдайларда  айтылатынын байқадым. Осылайша, мен қазақ тіліндегі әдеп сөздердің мағынасын орыс тілімен салыстыра бастадым. Өз зерттеуімді жүргіздім.

Күнделікті тіршілік барысында адам әр түрлі адамдармен кездеседі, сөйлеседі, пікір алысады, тәжірибе алмасады. Ал олар адамдардың өзін-өзі ұстауы, мінез-құлық, жүріс-тұрыс, киім киюі, сөйлеуі арқылы жүзеге асады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас моральдық нормамен реттеледі. Қоғамдық ортада адамның мәдениеттілігі, өресі көбіне оның сөйлеуінен көрінеді.

Сөйтіп сөйлеу әдебінің өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Сөз арасында қолданылатын: кешіріңіз, мүмкін болса, мақұл көрсеңіз, рұқсат етсеңіз, қалауыңыз білсін т.б. сөздер тілге сыпайылық сипат береді. Мұндай майда сөздер үлкенге де, кішіге де жарасымды болып, адамның кішіпейілділігін көрсетіп тұрады. Шырағым, қарағым, қарындас, інішек, ағай, апай, атай, әжей сияқты қаратпа сөздер үлкен мен кішінің арасындағы ілтипат, әдептілік көрсеткіштері. Адамның «сіз бен «сенің сөзін орынды  қолдануы да әдеп сақтауға жатады. Жылы, жағымды сөздер адамның көңіл- күйіне тікелей әсер етеді.Сөздің қолдануы мен мағынасынан тыс сөйлеуде интонация, дауыс

ырғағы да зор роль атқарады. Айтылатын сөз немесе сөйлем интонация арқылы да әр түрге өзгереді. Мысалы интонация арқылы сөзді немесе сөйлемді мәнерлі, жұмсақ әрі көркем етіп жеткізуге болады. Әдепті адамның ісі де сөзі де жағымды әсер береді. Сөйлемде басқа тілдің сөздерін араластырып, тілді шұбарламай таза сөйлеу де адам өресінің деңгейін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Күнделікті өмірдегі адамдардың қарым-қатынасы, бір-біріне жылы лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлем – сөз басы, сөз анасы. Ол – ұлттық тәрбиеміздің негізі, әліппесі десе де болғандай. Қазір сәлемдесудің түрі көп, десек те ер азаматтар «Ассалаумағалейкум!» деп амандасады. Мұсылманша «саған бейбітшілік тілеймін!» дегенді білдірсе, бұған «уағалейкум ассалам» (сіздің үйіңізге де бейбітшілік тілеймін!) деп жауап берген жөн. Жылы шыраймен кішінің үлкенге сәлем беруінен, адамдардың бір-бірімен амандасуынан сыйластық пен құрмет, ізеттілік ізі байқалып тұрады. Демек, сәлемдесуде үлкен мән бар. Сәлемдесу арқылы да адамның кескін кейпі, болмысы, көңіл-күйі байқалып тұрады.

Халықтық педагогика: «Болар елдің баласын сәлемінен танисың», «Кісінің кішіпейілдігі-нің белгісі – көргенде сәлем бергені», «Сәлем – сөздің анасы», «Сәлемің түзу болмай, ісің түзу болмайды», «Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені, шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені», «Сәлем бермеу мен сәлемді алмау – күнәнің ауыры» деп атан түйеге татитын аталы сөздерді ұдайы еске алып отырған. Дұрыс сәлемдесу, шынайы ілтипат бар жерде нәтижелі жұмыс бар. Бір-бірін білмейтін адамдар арасында да алғашқы сәлемдесуден сөз сапталып, жақсы әңгіме өрбиді.

Тілде ең көп қолданылатын сөздер – алғыс айту сөздері. Қазақ тілінде алғыс айтудың бірнеше түрі бар. Ең көп қолданыстағы сөз «Рахмет» — «Спасибо». Бұл сөзді үлкен де, кіші де қолданады. Мағынасы «рақым ет»,

яғни, сіздің жақсылығыңыз еселеніп қайтсын дегенді білдіреді.

Бұл сөзді айту арқылы сіз ризашылығыңызды білдіресіз. Ризашылықты «Сіз маған зор көмек көрсеттіңіз», «Алғысымды білдіремін», «Өте ризамын» деу арқылы да білдіруге болады. Ал үлкен адамдар бұл сөзді өз қатарластарына айтатын болса, ал өзінен кішілерге, әсіресе, балаларға басқа сөздерді қолданады. Мәселен, «Таудай бол!» — будь большим человеком как гора, «Жасың ұзақ болсын!» — живи долго, «Бақытты бол!» — будь счастлив, «Көп жаса» — живо долго.

«Рахмет» деген сөзге орыс тілінде «не за что» деп жауап қатады. Тура мағынасы «ештеңе етпейді, түкке тұрмайды». Бірақ бұл әдепті  жауап болып табылмайды. Әдепті түрі «Оқасы жоқ» болып табылады.  Сондай-ақ орыс тілінде «пожалуйста» деген ізетті сөз бар.

 

Оның қазақ тілінде бірнеше баламасы бар. «Мінекей», «Мінекейіңіз»деп аударылады. Сонымен бірге  тәуелдік жалғаудың ІІ жағының сыпайы түрінде сөзге жалғау

жалғау арқылы жасалады. Бір затты ұсынғанда, беру барысында «Мінекей» деп айтылады, ал сыпайы түрде, өзіңнен жасы үлкен адамға «Мінекейіңіз» деп айтылады. «Читайте пожалуйста» деп айтқыңыз келсе, «Оқы+ңыз», «Приходи пожалуйста» деуді «Келіңіз» деу керек.

Кешірім сұрау. Орыс тілінде айыпты болғанда «Извините» деген сөздің қазақ тіліндегі мағынасы «Кешіріңіз», «Ғапу етіңіз», «Кешірім сұраймын». Бұл сөздер жеңіл-желпі ағаттық кеткенде айтылады. Ал адамға уәде беріп, оны орындай алмай, ыңғайсыз жағдайға қалғанда «Айып етпеңіз», «Менен ағаттық кетті» деу орынды.

Өтініштер. Қазақ тілінде өтініш жасаудың бірнеше түрі бар. «Прошу вас» деген сөзді «Рақым етіңіз», «Рұқсат етуіңізді өтінемін», «Өтінемін, қарсы болмасаңыз», «Егер қиын болмаса» деген сөздер арқылы беруге болады.

Қош айтысу. «Прощай» сөзін «Қош» немесе «Қош болыңыз» деу орынды болса, «До свидания» деудің бірнеше нұсқасы бар. Олар: «Сау болыңыз», «Жақсылықта болыңыз», «Амандықта болыңыз», «Жолыңыз болсын», «Келесі кездескенше». Ал қарапайым ғана «Пока» сөзі екі түрлі болып беріледі, «Кездескенше» және «Көріскенше».

Алыс сапарға аттанған кезде сәттілік тілей отыра, «Счастливого пути!» дейміз. Ал оны қазақ тілінде «Жолың болсын!», «Ақ жол!» «Сәттілік!» деу абзал.

Адам қайтыс болғанда өлді демей, «Бақиға аттанды», «Жүріп кетті»,

«Дүние салды» деген сөздер қолданылады. Сондай-ақ, көңіл айту сөздері орыс тілінде «собалезную» деп берілсе, қазақ тіліндегі баламалары «Иманды болсын», «Алдынан жарылқасын», «Иман-байлығын берсін», «Қайырын берсін» деп беріледі.

Сәлемдесу.  Қарапайым ғана «Здравствуйте!» сөзінің өзі бірнеше нұсқамен беріледі екен. Қыз бала мен әйел адамдардың немесе ер адам мен әйел адамның амандасуының өз әдебі бар. Қазіргі кезде үлкен-кіші, қатарлас құрбы-құрдастар, әйел адамдар негізінен «Сәлеметсіз ба?», «Амансыз ба?»«Аман есенсіз бе?» деп сәлемдеседі. «Аман-саусыз ба?», «Отбасы, бала-шағаңыз аман ба?» деп хал сұрасу да дұрыс. Ер азаматтар «Ассалаумағалейкум!» деп

амандасады. Мұсылманша «саған бейбітшілік тілеймін!» дегенді білдірсе, бұған «уағалейкум ассалам» (сіздің үйіңізге де бейбітшілік тілеймін!) деп жауап берген жөн. Жылы шыраймен кішінің үлкенге сәлем беруінен, адамдардың бір-бірімен амандасуынан сыйластық пен құрмет, ізеттілік ізі байқалып тұрады.

Сәлемдесудің түрі көп. Кей жастардың қыз болсын, ұл болсын бір-бірімен ер адамдарша амандасатынын байқаймыз. Жуырда ғана сауықтыру орталығына барғанымда қыз-жігіттердің бір-бірімен қол алысып амандасып жатқанын көрдім. Олардың бірі «бала кезімізден осылай үйренісіп кеттік, енді тоқтату қиын», – деп жауап қатты. Мен бұның жараспайтынын айттым.

Қыз бала мен әйел адамдардың немесе ер адам мен әйел адамның амандасуының өз әдебі бар. Қазіргі кезде үлкен-кіші, қатарлас құрбы-құрдастар, әйел адамдар негізінен «Саламатсыз ба?», «Аман есенсіз бе?» деп сәлемдеседі. «Аман-саусыз ба?», «Отбасы, бала-шағаңыз аман ба?» деп хал сұрасу да дұрыс. Бірақ, күннен-күнге еш жылуы жоқ, жұтаң, салғырт, «сәлем», «сәлем бердік» немесе үлкен, кіші, тіпті ер азаматтардың да «хал қалай?», «қалайсың?» деуі немесе бас изеу, ерін жыбырлату сияқты сәлемдесулер белең алып, көңілге қаяу түсіріп жүрген секілді. Кей адамдардың сәлемі сатулы, қабағы қатулы.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің хадис шарифтерінде: «Бір-біріңмен сәлемдесіп

жүріңдер, сонда ғана араларыңда мейірім-махаббат оянады», «өзіңе кезіккен

жасы үлкендерге сәлем беріп, амандас. Оны тану-танымауың шарт емес. Ол достықты арттырады әрі адамдығыңды анықтайды», «Сәлем – Алланың жердегі есімдерінің бірі» дейді.

«Сөздің саласын табу қиын емес, Анасын табу қиын» деген екен жыр алыбы Жамбыл атамыз. Олай болса, сөз анасы да осы – сәлемдесу болса керек.

Қамшының сабындай қысқа ғұмырда «сіз-біздеріңіз» бұзылмай, сәлемдеріңіз түзу болсын.

Тіл – жанды құбылыс. Тіл мәдениеті дегеніміз – бір қарағанда, тілдік норманы сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда бұл ұғым-түсінікке дәл өз мағынасында тереңірек ой жіберсек, сөздік қоры дамыған оралымды, бай тілдің ұлт мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы сатысында соншалықты қиын қалыптасу кезеңі жатыр.
Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.
Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке

 

адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн  «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан[2,177].
… Көне замандағы мәдениет ошақтарының бірі – шумерлердің тас табақтарына былай деп жазылған екен: «…аузыңа абай бол, көкейдегі ойды айтуға асықпа, ойланбай сөйлесең, опық жейсің…», ал мексика халықтарында «сөйлегенде сабыр сақтаған жөн, асығып-аптықпа, қызбаланба, дауысыңды көтерме, сөзің орынды да ұрымтал болсын» десе, үнді заңында «қандай бір       қиын жағдайда да балағат сөзге тыйым салынады, көкейге қонымды, көңілге ұнамды сөздер ғана айтылсын» делінген. Бұл адамның сөйлеу тілінің адам өміріндегі маңызын, жөнімен сөйлей білудің қажет екенін, сөздің құдіретін мойындаудан туған жауапкершілік[3,41-43].
Тіл дедік, сөйлеу дедік, ал  енді сөйлеу әдебі дегеніміз не?
Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette – Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады[1,214].
Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады. Адам – қоғам өкілі, белгілі бір ортаның саналы тұлғасы. Қоғамдық қарым-қатынастың ішінде адамның түрлі субъекті не объектімен қарым-қатынасында тілдің орны әрдайым басты рөлде болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайылық, кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл арқылы көрініс табады. Сөйлеуші жақтың тыңдаушыға деген құрмет-қадірінің қаншалықты дәрежеде екені де сөз жұмсалым арқылы беріледі[5,7]. «Тіл барлық заттар мен құбылыстарды, т.б. таным белгілерді ұғынуға көмектеседі. Адамның рухы мен ішкі эмоциясын, сондай-ақ, адамдық қарым-қатынастан туған адами сыпайылықты да айқын көрсетеді»[6,25].
Сыпайылық ағыл. politeness – әңгімеге қатысушылардың Тілдік практикасының көрінісі; бір-біріне құрмет көрсетудің әдістері; мыс., Сен-Сіз есімдіктерін,

 

әңгімеге қатысушының лауазымын, атағын (мыс., доктор, профессор), қазіргі кезде сөйлеу этикетінің (әдебінің) мәдениетін көрсететін 6 ханым, мырза сөздерін, әңгімеге қатысушының өз ісіне, кәсібіне қосқан үлесін көрсететін (мыс., әдебиеттің ақсақалы) шынайы қошемет сөздер мен сөз тіркестерін әңгіме барысында қосып отыру сыпайылықтың белгісі болып саналады[1,230].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

 
Сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, жалпы өз елімізде  сирек сақталады. Оған дәлел ретінде бірнеше мысал  келтірейін. Бірсыпыра  замандастарымыздың (қала тұрғындары) ауызекі сөйлеу тілінде қазір «Мен Байзақовада тұрамын», «Мақатаевадан трамвайға мінемін» деген орысша-қазақшасы араласқан қойыртпақ тіркестер пайда болды. Мұның қалай? – десең, «әдет қой» дейді[4,10]. Сонда, біз білетін Иса, Мұқағали  әйел болғаны ма?! Неге олай ойланбастан сөйлейміз? Мемлекеттік тілді үйренуші өзге ұлт өкілдері осындай қойыртпақ қолданыстарды естіп не дейді?  Енді бірде студенттер мен мұғалімдердің тілінде ешбір қажетсіз қыстырма сөздер (жаңағы, сонымен, сөйтіп, ал, иә, қалай, нетіп, не қылып, анау, не, әлгі т.б.) көп кездеседі. Көптеген студенттер ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр деп мүсәпірлікке ұрынады.
Сондықтан да бірінші мәселе: сөйлеу әдебін қалыптастыратын  сөйлеу сапаларын әрдайым ескеру қажет. Сөйлеудің сапаларына кіретіндер: мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі.
Студент тілінде болатын кемшіліктердің себептері:
1.    Ортаның әсері;
а) студенттің сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді
ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл)
2.    Сөйлеу дағдыларының жоқтығы  (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
3.    Жекелеген студент тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т.б.)

«Сөйлей білу – өнер». Бұл өнерді қажымай-талмай, үздіксіз, жан-жақты ізденіп, өзін-өзі баптап, машықтану арқылы игеруге болады.
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) қоғамдағы орны.
Әлеуметтік мәртебе ағыл. social status – құқықтарын, міндеттерін және мінез-құлықтың өзара алмасу кезегін (оның ішінде Тіл практикасы да) қамтитын, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жеке адамның орны, жағдайы.
Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге келген сәтінен белгіленген, яғни субъектінен тәуелсіз, туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни индивидтің өз күшімен жеткен мәртебесі болып бөлінеді. Кейде индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол жоғарыда аталған мәртебелердің екі белгісінен тұрады. Әдетте бір тұлғаның өзінде бірнеше мәртебе болады. Тұлға екі немесе одан да көп әлеуметтік топтардың, институттардың, қауымдастықтардың, ұйымдардың, т.б. субъектісі болып табылады. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор, ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т.б. Бір адам әртүрлі адамдарға қатынасына сәйкес қарама-қарсы мәртебені де иеленеді, айталық, тұлға өзінің балалары үшін — әке, ал өзінің анасы үшін ол — ұлы болады. Бірақ сол мәртебелердің бірі адамның қоғамдағы ахуалын анықтайтын негізгі, басты мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе көбіне-көп негізгі жұмыс орнындағы қызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел адам үшін — тұрғылықты жерімен айқындалады. Бұдан да басқа нұсқалары болуы мүмкін. Бұл басты мәртебенің салыстырмалы екенін көрсетеді, оның жынысқа, нәсілге немесе мамандыққа байланысты емес екендігін анық көрсетеді.  Тағы да бір үлкен  ерекшелік – тұлғаның сөйлеу әдебімен байланысты. Яғни, тұлғаның  тілі, сөзі, сөйлеу әдебі оның  әлеуметтік мәртебесін анықтауда үлкен рөл атқарады. Жалпы, біз осыған байланысты адамдарды әлеуметтік мәртебелеріне қарай төмендегідей топтастырдық :
1.      Жоғарғы  әлеуметтік мәртебе  (депутаттар, іскерлер, ішкі істер қызметкерлері т.б.)
2.      Ортаңғы әлеуметтік мәртебе (мұғалімдер, дәрігерлер т.б.)
3.      Төменгі әлеуметтік мәртебе  (студенттер, жастар т.б. )
Енді осы тұлғаларға қатысты кішігірім сауалнама қорытындысын баяндай кетейін. «Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театры қайда орналасқан? деген сұрақ бойынша  бірсыпыра замандастарымыз  «Абылай хана Маметова» деумен болды. Ол жайында жоғарыда тоқталып өттік.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Күнделікті тіршілік барысында адам әр түрлі адамдармен кездеседі, сөйлеседі, пікір алысады, тәжірибе алмасады. Ал олар адамдардың өзін-өзі ұстауы, мінез-құлық, жүріс-тұрыс, киім киюі, сөйлеуі арқылы жүзеге асады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас моральдық нормамен реттеледі. Қоғамдық ортада адамның мәдениеттілігі, өресі көбіне оның сөйлеуінен көрінеді.

Сөйтіп сөйлеу әдебінің өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Сөз арасында қолданылатын: кешіріңіз, мүмкін болса, мақұл көрсеңіз, рұқсат етсеңіз, қалауыңыз білсін т.б. сөздер тілге сыпайылық сипат береді. Мұндай майда сөздер үлкенге де, кішіге де жарасымды болып, адамның кішіпейілділігін көрсетіп тұрады. Шырағым, қарағым, қарындас, інішек, ағай, апай, атай, әжей сияқты қаратпа сөздер үлкен мен кішінің арасындағы ілтипат, әдептілік көрсеткіштері. Адамның «сіз бен сен» сөзін орынды қолдануы да әдеп сақтауға жатады. Жылы, жағымды сөздер адамның көңіл-күйіне тікелей әсер етеді.

Сөздің қолдануы мен мағынасынан тыс сөйлеуде интонация, дауыс ырғағы да зор роль атқарады. Айтылатын сөз немесе сөйлем интонация арқылы да әр түрге өзгереді. Мысалы интонация арқылы сөзді немесе сөйлемді мәнерлі, жұмсақ әрі көркем етіп жеткізуге болады. Әдепті адамның ісі де сөзі де жағымды әсер береді. Сөйлемде басқа тілдің сөздерін араластырып, тілді шұбарламай таза сөйлеу де адам өресінің деңгейін көрсетеді.

Адамдардың қарым-қатынас құруына тіл білу, ойын жинақы, тиянақты білдіре білу – өте маңызды. Жақсы қарым-қатынас құрай білу де білімді, шешендікті қажет етеді. Айналадағылармен тіл табысу кезінде сыпайы сөйлеу, әдепті болу – мәдениеттіліктің белгісі. Сөйлеу мәнеріңіз неғұрлым сыпайы болса, адамдармен қарым-қатынасыңыз да соғұрлым жақсы болады.

Демек, әдепті сөйлеп, сыпайы болайық. Қазақ  «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген. Жақсы сөз көп болып, айналамыз жақсылыққа бөленсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Формановская Н.И.Речевой этикет и культура общения. — М.: Высш. шк., 2002. — 456 с.
  2. Клюев Е.В.Речевая коммуникация. — М.: Рипол Классик, 2002. — С.
  3. Машимбаева А.Ж.Тілек-бата сөздерінің суггестиясы мен прагматикасы. — Алматы: Арда, 2009. — 124 б.
  4. Қобланова А.Қазақ сөз этикеті: Канд. дис. … автореф. — Алматы, 1998. — 108-б.
  5. Қазақ пьесалары. — Алматы: Өнер, 1957. — 256 б.
  6. Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы. — Алматы: Білім, 1992. — 28-б.
  7. Уахатов Б.Қазақтың халық өлеңдері. — Алматы: Ғылым, 1974. — 131-б.
  8. Смағұлова Г.Мəтін лингвистикасы. — Алматы: Қазақ ун-ті, 2002. — 36-б.
  9. Болғанбаев Ə.Қазақ тіліндегі алғыс жəне қарғыс мəнді тұрақты тіркестер. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мəселелері. — Алматы: Өнер, 1960. — 117–121-б.
  10. Уəлиев Н.Қазақ тіліндегі фразеологизмдер жəне тілдік норма. — Алматы: Ғылым,
  11. Балақаев М., Серғалиев М.Қазақ тілінің мəдениеті. — Алматы: Зият-Пресс, 2004. — 114-б.
  12. Арутюнова Н.Д.Фактор адресата // Изв. АН СССР. (Сер. литературы и языка). — 1981. — Т. 40. — № 4.

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы әкімдігінің

«№24 орта мектебі» КММ

5 «А» сынып оқушысы

Устименко Александрдың

«Қазақ тіліндегі сыпайылық сөздердің ерекшеліктері»

тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысына

 

Сын пікір

 

Аталған жұмыстың өзектілігі: аталған тақырыпты зерттеу өзекті болып табылады, себебі, қазір жаһандану кезеңі. Ұлттық салт-дәстүр мен мәдени құндылықтарымызды басты назарға алып, ұлтымыздың өз бедері, өзіндік айшығы бар мемлекет болу – басты мақсатымыз. Сол себепті, тіліміздегі сыпайылық сөздерді зерттеп қана қоймай, мазмұнына терең үңілу, шыққан тамырын білу, оны өз қатарластарына насихаттау – өте өзекті жұмыс.

Жұмыс барысында ол сыпайы сөздердің қолданылуы туралы әдебиеттерді оқып зерттеді: қаладағы барлық кітапханаларды шолып, қолдану аясын зерттеген.

Александр  алдына келесідей міндеттерді қойды: қазақ тіліндегі сыпайы сөздердің әр алуандығын зерттеп, олардың қолдану аясы мен тілде алатын орнын зерттеген.

Зерттеу жұмысын орындау барысында Александрдың зерттеуге деген мотивациясын байқауға болады: аталған тақырып жеке қызығушылығы бар. Бұл жұмысты орындау барысында оқушының практикалық дағдысы қалыптасады, теориялық білімі артады.

Зерттеу жұмысы қырағылық, назар аударушылық, байқағыштық қасиеттерін дамыта отырып, жұмысқа деген шығармашылық қабілетті арттырады.

Автор қойған мақсаттарына жетеді, материалды құрылымдық түрде беріп, жұмыс барысында қорытындылар жасап отырады.

 

Рецензент

Өскемен қаласы әкімдігінің «№24 орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиетінің

жоғарғы санатты мұғалімі

Алимсаева Айжан Төлеуханқызы  ______________________

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*

Cam Bedrosian Womens Jersey