20180117_105914

Жаңақорған –жұмағым Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Құттықожа ауылы №164 жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Махмұт Ботагөз

Жаңақорған –жұмағым

Қызылорда облысы

 Жаңақорған ауданы

                                        Құттықожа ауылы

№164 жалпы орта мектебінің

10-сынып оқушысы Махмұт Ботагөз

Ата қоныс, алтын бесік тұғырым,

Жаңақорған сен деп өтер ғұмырым.

Жастары біз нәрін шашар білімнің,

Таратамыз бар өлкеге асыл гүлдің ұрығын.

 

Жаңақорған жаңарып өзгеруде,

Жастармыз ғой куәгер сол өңірге.

Сексен мың сан тұрғыны бар бұл шаһар-

Тоқсан жылын тойлап жатыр бұл күнде.

 

Киелі Сыр — Жаңақорған аймағында,

Хорасан ата, Айқожа –кесене бар.

Сығанақ, Өзгент, Баршынкент шаһарларды

Таниды  қазақ елі бас қаласын.

 

Шалқыған Шалқия  кен орнында

Қорғасын, мырыш, қиыршық тас өндірген.

Егін және мал шаруашылығын

Халқың сүйіп, еңбекпенен өрбіген.

 

Жаңақорған —  менің асыл қазынам,

Әр таңымды өзіңмен бірге атырам.

Мақтаныш қой осындағы шипажай,

Қазақстан өлкесіне танылған.

 

Шипалық «Теріскен» көліңнің,

Балшығы мен минералды суын айт.

Ішкі ағза, буын, нерв жүйесін,

Қалпына келтірген  түрін айт.

 

Туған жерім қасиетті  — Жаңақорған,

Әр тау, тасың, бұлағың қымбат маған.

Топырағыңнан жырақ кетсем «жұмағым»,

Сағынып әр кез өзіңді аңсап тұрамын.

 

Табиғатың неткен қызық туған жер,

Климатың континенттік: өлкесің.

Қысың суық, жазың ыстық болсаң да,

Қаратаудың бөктерінде көркемсің

 

Жаңақорған мақтан етем өзіңді,

Әлі талай дәлелдеймін сөзімді.

Жүрегім сен деп соғады әрқашанда,

Мәңгілікке жұмғанымша көзімді.

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*