20180117_105914

Шиелі табиғаты туризм аясында Орындаған: Нұрманова Алина Сыныбы: 10 «А» Пән мұғалімі Қонаева Қ.Ж.

 

Кіріспе

Егеменді ел болып, тәуелсіздік туын биік көтерген қазақ елінің бүгінгі таңдағы алдына қойған мақсаты — дамыған өркениетті ел қатарына қосылу. Бұл мақсатқа жетудің бір жолы — қай сала болса да барынша еңбек етіп, қазақтың материалдық, рухани байлықтарын әлемге танытуға әрекет жасау.

Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа терең біліммен бірге өзінің атақонысының табиғатын, өзен, көлін, тауы мен сахарасын танып білуде туризмнің атқарар рөлі ерекше. Табиғат – ананы жақсы білген баланың бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік молынан қалыптасып, отаншылдық рухы жоғары болады.

 

  1. Жалпы туризм туралы түсінік. Туризм түрлері

Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) Туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) Туризм; Саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар Туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни туризм болып бөлінеді.

Туризм кез келген мемлекет үшін экономикалық қарқыны төмендемейтін саласы болып келеді. Себебі, туризм экономикалық жағдайдың жақсаруына үлкен ықпалын тигізеді. Қазіргі кезде пайдалы қазбалар қоры жоқ көптеген мемлекеттер туризмді дамыту арқылы үлкен пайдаға кенеліп отыр

Туризмді түрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет.
Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің 6 түрін анықтап береді.

  1. Демалу мақсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге немесе едәуір ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық тұрғыдан қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл топқа сонымен қатар емделу немесе әл-ауқатын қалпына келтіруге климат, теңіз суы секілді табиғи құбылыстар пайдаланылатын курорттық демалысты да жатқызуға болады.
  2. Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрі өзге елдің рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге бағытталған және ол танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық туризм тарихи, мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды. Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар көбінесе өздері саяхаттанған елдің әлеуметтік, экономикалық қатынастарына қызығушылық білдіреді.

3

Табынушылық мақсаттағы туризм ерекше діни мәні бар жерлерді көру арқылы орындалады.

  1. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде саяхаттанушы өзінің туысқандарын, таныстарын, достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі. (халықаралық терминологияда visiting friends and relatives – деген атпен таныс). Сондай ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады. Клубтық туризмнің ерекшелігі саяхаттанушы саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуды мақсат етеді.
  2. Спорттық туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға белсенді қатысуға бағытталған жолсапар, сондай ақ пассивті немесе белсенді емес сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жол сапар болып табылады. Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу, мысалы, П атты азамат шаңғыдан халықраралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы мүмкін, ал пассивті қатысу футбол жанкүйері өз футбол клубының ірі ойынына қатысып, қолдау көрсету үшін ойын өтетін елге сапар шегуі мүмкін.
  3. Экономикалық туризм — бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта жүзеге асырылатын жол сапар болып табылады. Мысалы халықаралық биржа, көрме, жәрмеңке және тағы басқа іс шараларға қатысу.

6.Конгресстік (саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық және саяси іс-шаралармен байланысты туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін.

  

  1. Халықаралық туризм

 

Халықаралық туризм келу және шығу туризмі болып бөлінеді. Шығу туризмі — тұрғылықты бір аймақта тұратын тұлғаның басқа елге саяхатқа шығуы, келу туризмі — басқа елде тұрғылықты тұратын тұлғаның аймақ бойынша саяхаты. Туризм өзінің ішкі ұйымдық сипаты бойынша жоспарлы және өзіндік болып бөлінеді. Жоспарлы туризм — туризмді ұйымдастырушы, яғни туризм саласындағы кәсіпорындар ұйымдастырушылық негізде әзірлейтін және жүзеге асыратын туризмнің барлық түрі. Жоспарлы туризм мемлекеттік заңдық және нормативтік актілермен реттеледі. Ол жаппай туризмнің әлемдік индустриясының негізін құрайды.
Өзіндік туризм — туристердің белсенді қозғалу қимылдарын қолдана отырып іске асыратын саяхаты. Сонымен қатар туристік қызметтің мамаңдандырылған және элеуметтік туризм, таймшер, альтернативті туризм деген түрлері бар. Таймшер — «уақытты бөлу» — туристік бизнесте белгілі бір уақыт ішінде пайдалана отырып ақша салымымен бірге жылжымайтын мүлікті қатар иелену. Негізінен таймшер «демалыстағы мүлік» деп аталып, он жылға дейін жэне одан да шексіз уақытқа қолданылады. Әдетте 4-6 адамға есептеледі. Қолдану уақыты аптамен өлшенеді, олар үш «түске»: қызыл — маусымдық, ең қымбаты жэне эйгілісі, ақ — маусымаралық  және көгілдір — маусымдық емес жэне маусым бойынша сүраныс динамикасын көрсетеді. Иемденуші өз сатып алған апартаменттерінде демала алады немесе «түсіне» сэйкес демалыс орнын ауыстыра алады. Сонда қызыл түс қызыл түске ауысады, ақ және көгілдір — түтынушының қалауы бойынша, ақ — тек аққа немесе көгілдірге, көгілдір —

4

тек сәйкесінше көгілдірге ғана. Қосымша аймақтарды да ауыстыруға болады. Және де супер әйгілі және беделді аймақ демалыс уақытын ұзарта отырып беделдірек орынға ауыстырылады.
Мамандандырылған туризм термині орынның өзіндік ерекшелігін зерттеу, жеке тәжірибе жинау, спорттық нормативтерді тапсыру мақсатында арнайы турларды сатып алып белсенді демалатын туристерге қолданылады. Мамандандырылған тур аясында барған жердің мәдениетін, табиғатын зерттеумен, сондай-ақ саяхаттаушылардың кәсіби және әр түрлі спорттық-туристік қызығушылықтарымен, қауіпсіздік ережесін міндетті түрде сақтаумен байланысты мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Қазақтандық тәжірибеде — бұл өзіндік және спорттық туризм.
Халықаралық тәжірибеде мамандандырылған туризмнің келесі түрлері ажыратылады: шытырман оқиғалы — «болар-болмас» және «қатты», экотуризм, этникалық-ностальгиялық, ауылдық, фермерлік, спорттық, балалық-жасөспірімдік.
Қазіргі уақытта ақпараттық желілердің дамуына байланысты альтернативтік туризм орын алды, мұнда саяхатты ұйымдастырушы туроператор емес, жарнама материалдарын пайдаланатын жекелеген туристік қызметтердің және осы қызметке ақпараттық желілер арқылы тапсырыс беретін туристің, саяхаттаушының өзі болып табылады.

 

  1. Қазақстандық туризмді дамыту-бүгінгі күн талабы                   

Қазақстан —   Еуразия кіндігінде орналасқан, шығыс пен батыс дәстүрлерін байланыстырушы дәнекер жол. Елдің көне мәдениеті мен көркі әркімді де өзіне тартып тұрады.  Бүгінде Қазақстан туризмнің барлық түрі бойынша, нақтырақ айтсақ танымдық, сауықтыру, этникалық, экологиялық, шипа-жай-сауықтыру, жасөспірімдер мен балалар, аңшылық т.б. түрлері бойынша қызмет ете алатын дәрежеде. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан  көне замандардан бүкіл түркі әлеміне танылған тарихи мекен. Сол себептен бірегей табиғаты ғажайып қорықтар, емдік су көздері, археологиялық және тарихи ескерткіштер, қалалар әу бастан саяхат пен туризм көздері саналған. Соңғы кездері әлем бойынша елімізге туристік бағыт алатын туристер саны қарқынды өсіп келеді. Бұл еліміздің жат жұрттарға таныла бастағанының белгісі. Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім туристік саланың дамуына оң әсерін тигізіп отыр деп баға беруде. Қазақстанға әзірге туризм саласындағы жетекші елдермен бәсекелесу мүмкін болмай отыр. Қазақстан иммиджі елдегі туристік кластер мен инфрақұрылымды дамыту, туристік кадрларды даярлап, серпінді жобаларды іске асыру және еліміздің туристік иммиджін қалыптастыру болашағынан зор үміт күттіретін мақсаттар. Туризмнің дамуына саяси иммидждің де зор ықпалы бар.  Қазақстанда туризмнің кез-келген түрінің дамуына толықтай мүмкіндік бар. Шұрайлы жеріміздің төсінде аспанмен түйіскен таулар альпинистік және қысқы туризмнің  дамуына себеп болса, тұнық та мөлдір су қоймалары мен

өзен-көлдер, теңіз туризмінің дамуына негіз – жазғы туризм десек те, қысқы туризм десек те, әйтеуір қазақ даласы отандық және шетелдік туристердің

5

ерекше ықыласын туғызып , ең  бастысы дүниежүзіне ұмытпастай етіп  қазақты  таныстырамыз ғой.

Статистикаға көз жүгіртсек Эйфель  мұнарасын көру үшін ғана жұрт Парижге  ағылса , жылына отыз миллион халық  Түркияда демалады екен.    Қазір  Қазақстан беделді  ұйымның атқару  комитетіне  мүше болып  қабылданды. Көкшенің табиғатына түйсініп, Алатау  аршасына  сүйсінетіндер  енді  көбейе  беретін болады, сырттан келу екі есеге  ұлғаяды , ал  Қазақ  елі Орталық  Азиядағы  іргелі  мемлекетке айналып , әлемдік туризмдегі мамандардың назарын  өзіне аударады, тұтас экономикалық  кеңістік пен Еуразиядағы экономикалық  қоғаммен  бірлесіп , туризмнің  жаңа  келбетін  қалыптастыруға  мүмкіндік  туады. Шетелдік  сарапшылардың  Қазақстандағы  ішкі саяси тұрақтылық пен  қоғамдық  келісім  туристік  саланың  дамуына оң әсерін тигізіп  отыр деп баға беруі осының  дәлелі  іспеттес.

Қазақстандағы туристік ресурстарға- туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік — мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін  қанағаттандыра  алатын,  олардың күш-жігерін қалпына келтіріп , сергітуге жәрдемдесетін нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни т .б.туризм түрлеріне бөлінеді. Қазақстандағы туристік нысандар — Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазастандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлтық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға  Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығандағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан  аумағындағы 10 мемлекеттік қорықтарында ғылыми экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік- экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық — тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор.

Қазақстанның туризмін  дамыту  арқылы  – ұлттық туристік  өнімнің тартымдылығын арттыруға , Қазақстанның  әлемдік туристік  нарық  жүйесіне  кіруіне жәрдем етіп, мемлекет экономикасының шикізаттық  емес  секторы ішіндегі кірісті  саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті  туристік  индустрия  құрылатын болады. Бұл ретте  республикада  Қазақстанның  Орталық Азия  өңірінің   орталығына  айналуына  нақты жағдайлар мен  мүмкіндіктер  жасалады.

Туристік қызметтерде қазақстандық  және  шетелдік  азаматтардың

6

сұраныстарын  қанағаттандыру үшін кең мүмкіндікті  қамтамасыз ететін заманауи, тиімділігі жоғары   және  бәсекеге  қабілетті  туристік  кешен құру, тартымды  туристік нысан ретінде Қазақстанның  беделін қалыптастыруға , ұлттық  туристік жоба  әзірлеуге  және оның сапасын әлемдік  стандарттарға  сәйкес қамтамасыз етуге  бағытталған сырттан келушілер туризмі және  ішкі  туризм  көлемін арттыру  есебінен мемлекет пен  халық кірісінің  тұрақты  өсуін, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету  үшін бәсекеге  қабілетті  туристік индустрия құрылады.

Туризм әлемдік экономикада құлдырауды білмейтін экономика саласы-Мамандардың есебі бойынша орташа есеппен, бір шетелдік туристен түсетін табысқа бара бар шама 9 тонна таскөмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғарғы  сортты  бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.Бұл ретте шикізат сату елдің  энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді.

  1. Облыстық туризмді дамытудың негізгі нысандары.

Туристік ресурстар бойынша ерекше орнынды туристік нысандар алады. Туристік нысандар- аумақтық кеңістікте өзіндік орны бар, тарихи мемориалдық, мәдени –эстетикалық және танымдық мәнге, қасиетке ие. Осыған байланысты туристердің көңілін аудартып,олардың өзінде болуына жағдай жасайтын  жерлер  Туристік нысандарды 3 топқа бөліп қарастыруға болады.

1.Табиғи туристік нысандар. Олар табиғаттың көрікті жерлері, рекреациялық орындар, физикалық-географиялық объектілер,шағын көлдер, өзендер, т.б. табиғат ескерткіштері Табиғат ескерткіштеріне сирек кездесетін өсімдіктер өскен жерлер, әртүрлі бейнелерді елестететін табиғи тасты мүсіндер, үңгірлер жатады.

  1. Тарихи туристік объектілер. Олар қалалардың көне кварталдары, археологиялық орындар,көне мешіттер, мазарлар,шіркеулер, монастырлар, үңгір монастырлары, храмдар, синагогтер,пагодалар, мемориалдық –тарихи ескерткіштер, кестелер, тастағы таңбалар мен жазулар, қалашықтар, қамалдар, сарайлар, т.б.
  2. Әлеуметтік –экономикалық туристік нысандар. Олар адам қолымен жасалған көрікті орындардың барлығы, олардың ішінде қазіргі заманғы сәулетті үйлер, ірі-ірі комплекстер(кешендер), ботаникалық бақтар, дендрарийлер, мұражайлар, деьфинарийлерокеанарийлер, диснейлендтер, т.б.Бұлардың құрамына сондай-ақ шаруашылықтың негізгі салалаларына жататын кейбір кәсіпорындарды жатқызуға болады.Қазақстанның мысалында туристер мен экскурсанттарүшін тамақ өнеркәсібі және түсті металлургиясалаларына қатысты кәсіпорындарды пайдалануға болады.Алайда нарықтық экономика жағдайында бұл іске аса бермейді. Өйткені кәсіпорындар сұраныс пен рыноктағы өзгерісіне байланысты жұмыс істейді.

Табиғи-мәдени туристік ресурстарға жататын рекреациялық ресурстарды  төмендегідей жағдайда бөлуге болады:Емдік ресурстар: минералды сулар, емдік батпақтар, климаттық жағдайлар мен көрсеткіштер.Демалыс-сауықтыру- 7

ресурстары: қолайлы ландшафтық –климаттық жағдайлар, өзен-көл торы, теңіз жағалаулары, су қоймалары. Спорттық туризм ресурстары: категориялық маршруттар

 

Қызылорда облысындағы туристік нысандар

 

 

Қаратау жотасы: Дарбаза шатқалы, Жалғыз ағашты төбелер, Сауысқанды, Таушұқырой тауаралық көл; Сырдария өзенінің жағасы, Қанқожа көлі, Бесарық көне ирригацитялық жүйе, т.б.
Табиғи

 

 

 

 

 

Сығанақ, сауран, Қорасан, Қараасар, Аққорған, Алтынасар Қарасопы, Оқшы Ата, Бегім ана, Айтбай мешіті, Орыс шіркеуі,  Керделі І, КерделіІІ Шірікрабат,  Жанкент, т.б.
Тарихи

 

 

 

 

 

Қорқыт Ата кесенесі, Қорқыт Ата әуежайы, Тасбөгет су торабы, Облыстық медециналық орталық, Н.Бегежанов  және А.Тоқмағанбетов театры, М.Көкенов пен Ы. Жахаев мұражайы, т.б.

 

Әлеуметтік- экономикалық

 

 

 

1-сызба  Қызылорда облысындағы туристік нысандардың топтамасы

  1. Табиғаты көркем Шиелі аудан бейнесіне көз тастайық

Табиғаттың көркем бейнесіне көз тоймайды Облыс Қаратаудың батысынан Арал теңізінің солтүстігіне дейін орналасқан, кіріс туризмін дамытуға , табиғи ресурстарға бай өлке.

Қазақстан Республикасының табиғатын қорғау туралы заңына сәйкес  типті ландшафтар, сирек кездесетін және назар аударарлық табиғат нысандары қорғауға алынады.  Бұлар – тек жеке алқаптармен физикалық-географиялық облыстарға  ғана тән, туристік рекреациялық тұрғыдан алғанда өте бағалы нысандар.

Мұндай қорғалатын территориялар қатарына  қорықтар, қорғалымдар, табиғи ұлттық бақтармен табиғи ескерткіштер кіреді. Қызылорда облысының байтағында 1 қорық (Барсакелме), 2-қорғалым(Тораңғылсай, Қарғалы) жұмыс істеп келеді.Келешекте тағы 6 қорық ұйымдастыру үкімет тарапынан қолдау күтіп отыр.Олар:1Құланды (осы аттас түбекте ақбөкен жайлайтын аймақ);   2. Қызылқұм (қарақұйрық мекені);  3. Қамыстыбас көлі (балық түрлерін сақтау); 4. Қандыарал (көл жүйелерін сақтап, қорғауға алу);  5. Қарғалы (Сырдария бойындағы  құрып бара жатқан тоғай мен өсімдік түрлерін сақтау); Телікөл (өсімдік түрлерін сақтау), Көптеген әдебиеттерді қарағанда шөл табиғатын эталон ретінде сақтап қалу келешек маңызы өте зор.

Топырағын тапқан дән өнімді дегендей қалауын тапса  аудан аумағында талайды таңқалдырып таңдай қақтырар жерлер жоқ емес. Өлкеміздің ерекше туристік нысандар қатарына :әлемге әйгілі ғажайып табиғи ландшафтар                                                                                                           8

Қаратау тауының етегі Дарбаза шатқалы, Жалғыз ағашты төбе Сырдария өзенінің жағасы жатады. Сондай-ақ 1992 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы жоғарғы кеңесімен Экология  және биоресурстар министрлігіне ұсынылған, бірақ әлі шешімін таба алмай келе жатқан қорықтар Телікөл, Тораңғылсай  қорықшаларының қарамағына республикамыздағы сирек кездесетін  реликт тораңғылды тоғайларды  қорғауға берсе де болады. Олар шөл даланың орман алқабын құрап тұрған бірден-бір реликт ағаштар . Бұл тоғайлар бүгінгі күні таңда онша кесіле бермейді, жергілікті халық ол ағаштың киесі бар деп қорқады. Бірақ ол жерлердегі мал жаю процесі, олардың табиғи қалпына келуіне кедергі жасайды. Онымен қоса Сырдария өзенінің суының деңгейінің төмендеуіде бұл әкожүйенің күйін нашарлатып отыр. Қалай десе де бұл орындар туризмнің табиғи объектісінің бірі болмақ.Тораңғылды тоғайдың табиғи қалпына келуі үшін Сыр бойындағы бүкіл құмды шөлдің табиғи кешенін сақтап қалу қажет. Тораңғылды тоғайлар Сыр бойындағы құмды массивтер арасындағы саздақты жер нысандарында кездеседі.

Шөл табиғат зонасы орналасқан ауданда шағын  15 көл бар. Ірісі Хан-Қожа көлі Ауданы -400кв.км болатын көлді  жергілікті халық балық аулау мақсатында пайдаланып келді. Соңғы жылдары Хан-қожа көлі Шиелі , Қызылорда қаласының халқының жазғы тұрақты демалыс орнына айналған. Көлдердің ең шағыны Ошақты көлі. Оның ауданы 24 кв.км

Қорытынды.

Сонымен Қызылорда облысында ел жадынанөше қоймаған тарихи ескерткіш белгілері, әр алуан кесенелер де баршылық. Жоғарыда айтып өткеніміздей табиғаты- көркем, суы дәру, ескерткішке бай қалалары бар  Сыр елінің болашағына байланысты облыс аумағында туристік бизнесті жетілдіруге мүмкіндіктер жетерлік. Қарап отырсақ , облыста әртүрлі мақсатта туризмді дамытуға болады екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

 

 

М а з м ұ н ы

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………

1.Жалпы туризм туралы түсінік. Туризм түрлері………………………..

  1. Халықаралық туризм……………………………………………………………….
  2. Қазақстандық туризмді дамыту-бүгінгі күн талабы………………..
  3. Облыстық туризмді дамытудың негізгі нысандары……………….
  4. Табиғаты көркем Шиелі аудан бейнесіне көз тастайық…………..

Қорытынды…………………………………………………………………………………..

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Б.Сапарбаев  «Сыр өңірі»                                      Алматы 1998 жыл

Р.Тұрлынова   «Қызылорда облысының географиясы»   Астана, 2013жыл

Балалар Энциклопедиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«№46  А.С.Пушкин атындағы» КММ мектеп –лицейі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шиелі табиғаты туризм аясында

 

 

 

 

 

Орындаған:  Нұрманова Алина

Сыныбы: 10 «А»

Пән мұғалімі Қонаева Қ.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шиелі 2018 жыл

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*