h-866

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бауыржан Бегалиев атындағы орта мектебі Садыков Диас 11-сынып Эмили Диккенсон мен Фариза Оңғарсынова поэзиясындағы табиғат бейнесі

 

Қазақстан Республикасы

Білім және  ғылым министрлігі

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Бауыржан Бегалиев атындағы орта мектебі

 

 

Садыков Диас

11-сынып

 

 

Эмили Диккенсон  мен

Фариза Оңғарсынова

поэзиясындағы табиғат бейнесі

 

 

Бағыты:       Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ

                                   дамуы бар саяхат маршрурттары

 

Секция:       Ағылшын

 

 

 

 

 

Жетекшісі:

Хисамеденова Гүлден Сатылғанқызы

Жоғары санатты

ағылшын тілі пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

Б.Бегалиев атындағы орта мектебінің

11 – сынып оқушысы

Садыков Диас Маралұлының

«Эмили Диккенсон  мен

Фариза Оңғарсынова

поэзиясындағы табиғат бейнесі»

тақырыбында жазылған ғылыми жобалар

байқауына  ұсынылған баяндамасына

 

 

 

 

 

 

                                                              Пікір

 

Оқушы жоба зерттеу барысында екі ақынның табиғат бейнесін поэзияда көркем ізденіспен қолданатын шығармаларының оқырман жүрегінен жол табатынына аналитикалық талдау жасаған. Сондықтан тақырыптың өзектілігі еш күмән келтірмейді. Ғылыми жобада тақырыптың  жалпы мазмұны ашылған. Поэзия әлеміне қанаттанған қос ақынның бірі – ағылшын, бірі – қазақ бола тұрса да, олардың досы, мұңдасы поэзия екендігін оқушы дәлелдеген. Ортақ тақырыбын аша білген. Әр тарауға тұнымды ой пікір, түйін жасалған жоба өзіндік зерттеу мүшелігі бар туынды болып қалыптасқан. Сондықтан мен бұл жобаны барлық сұранымдарға жауап, ізденіс әрекетінің жемісі ретінде бағалап, байқауға ұсынуға лайық  деп  ойлаймыз.

 

 

 

Мектеп директоры: _________   Г. Калиева

Жетекші:                  _________   Г.Хисамеденова

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

  1. Кіріспе бөлімі

 

  1. Негізгі бөлімі:

 

2.1. Фариза Оңғарсынова мен Эмили Диккенсонның өмірбаяны.

2.2. Эмили мен Фаризаның поэзиясындағы үндестік.

2.3. Фариза мен Эмилидің «Табиғат атаулар» тақырыбына  арналған            өлеңдеріне  талдау.

2.4. Фариза мен Эмилидің « Табиғат» тақырыбына арналған өлеңдеріне талдау.

 

III.  Қорытынды.

 

  1. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

Зерттеу мақсаты: Фариза Оңғарсынова мен Эмили Диккенсонның поэзиясындағы табиғат бейнесіне аналитикалық талдау жасау арқылы, көркемдік әлемін ашу және олардың ақындық шығармаларының негізінде психологиялық портретін жасау.

 

Гипотеза:  Эмили Диккенсон мен Фариза Оңғарсынованың  өлең құрастырудағы тәсілдерін, олардың  шығармашылықтарының сыртқы фактормен байланысын, екі ақынның поэзиясындағы ізденіс, ұқсастығын көрсету.

 

Зерттеу кезеңдері: Тақырыптың өзектілігін анықтау, жетекшімен бірлесіп жоспарлы іздену. Аталмыш тақырыпқа қатысты әдебиеттер, дерек, дәйектер жинап, оларды жүйелеу. Аудандық, мектепшілік кітапханалардың, электрондық оқулық, интернет жүйелерінен Фариза Оңғарсынова мен Эмили Диккенсон туралы мәліметтерін жинақтап, жоба мәтінін толықтыру.

 

Эксперименттік әдіс: Қазіргі кездегі ақпараттық технологияларға негізделген жүйемен интернет желісінен зерттеуге алып отырған екі ақын туралы мәліметтер алып, олардың өлеңдерін талдау, жинақтау, салыстыру, жүйелеу  арқылы  жоба  мәтінін  құрастырдым.

 

Зерттеу жаңалығы: Табиғатты нысан еткен лирикалық өлеңдеріндегі бейнелеудің өзіндік үнімен суреткерлік қолтаңбасы бар екенін дәлелдеу, талдаулармен нақтылап, жаңаша тұжырымдар жасау. Қос ақынның табиғатты бейнелеудегі лирикалық өлеңдері  оқырман жүрегі мен ұғымына сай келетін және ұтымды жолдарының бірі екенін көрсету деп айқындап алдым.

 

Жұмыс нәтижесі: Эмили Диккенсон мен Фариза Оңғарсынова табиғатты бейнелеуде дәстүрлі суреттеулерді жаңаша тұрғыда жаңғыртып, тың бейнелеулер мен жаңа сипат беруімен өзгертті, ауыстыру, айқындау мен теңеу сияқты бейнелеу құралдары арқылы адам болмысының көңіл күйін, сезімдерін танытты, оқырман  қауымға  суреткерлік  ғұмырдың болмысын танытатын олардың туындылары құнды дүниелер болып табылады,
екі ақынның да сөз еркіндігі мен ой бостандығын, ақиқат пен шындық  негізінде жазылған өлеңдерін оқырман жақсы қабылдайды.

 

Қорытындылаудың практикада қолданылуы: Бұл зерттеу жұмысының нәтижелерін поэзияға қатысты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, ағылшын тілі мен қазақ әдебиет сабақтарын, поэзияға байланысты арнаулы курстар мен семинар сабақтарын оқытқанда көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

 

 

Annotation

The aim research: Сonducting an analytical analysis to character of nature in Fariza Ongarsynova and Emily Dickenson’s poetry to show the artistic world of the nature and do psychological portrait on the basis of  works  of  authors.

Hypothesis:  To show methods of writing   verses of both poets, their connections                                                    with the outer world, search of newness in their creations and likeness of fate and                   ability to compare beauty of nature with the character of people.

The Procedure of the research: To expose the actuality of the theme, teamed up with a leader engage in a search. Collecting necessary facts and information from different sources of literature and internet to systematize all collected data about Emily Dickenson and Fariza Ongarsynova and make up a content of the project.

Method of Experiment: Analyzing  different sources of information from mass media, internet, to classify  the similarities in poems of both poets, find the newness of expressing feeling and  ideas about nature and write a project work.

Newness: To prove that there is the original sounding and autograph in the lyric poems of both authors, to support an analysis and to do new conclusion. To show that lyrical poems of  both poets Fariza and Emily in their description of character of nature are one of the best ways for readers’ heart and understanding.

Result of the work: In this project we have proved that Emily Dickenson and Fariza Ongarsynova renovated the  traditional descriptions of nature by an original method –  they had passed exaсt and clear descriptions of character of nature with characters of people  through analysis and comparison.   Through these methods they as the painters could describe mood of human and their feelings and so the poems of both authors are considered as valuable works. The readers can perceive well the poems of both poets because of  their freedom of speech, free will and idea, truth and true.

Practical application:  To propagandize Fariza Ongarsynova and Emily Dickenson’s  poetry and show their role in literature on the basis of hard facts and analysis. This project can be used as an additional material by readers of poetry, it will be necessary  for young poets to develop their poetic abilities, for the members of different courses and for upbringing patriotic spirits of the students.

 

                                                      

 

 

 

 

 

 

  1. Кіріспе

Поэзияның әдебиеттану саласында өзіндік орны болғандықтан, оны адамзаттың көркемдік ойлау дүниетанымы ретінде қабылдап келеміз, себебі әр ақынның сөз еркіндігі мен ой бостандығы негізінде жазылған өлеңдерін оқырман жақсы қабылдайды. Бүгінгі таң ұзақ уақыт бойы әдебиеттану көлеңкесінде қалып жүрген ақын-әйелдер шығармашылығына көптеп назар аударуды қажет етеді, себебі тек ақын – әйелдер ғана табіғат тіршілігін жақсы түсініп, терең философиялық ойды жеткізе біледі деп ойлаймын.

Фариза Оңғарсынова мен Эмили Диккенсонның әлемдік поэзияға қосқан үлестері зор. Екі ақынның да туған жердің табиғи сипатымен тұтас өрілген көңіл тебіреністері – поэзиядағы адам тағдырының көркем шындықпен өрнектелуі оқырманға әсерін қалдырмай қоймайды. Олардың мұрасы, өлең үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, болашақ ұрпақтың да еншісі, қастерлеп-қадірлейтін қазынасы. Осы екі бір-бірін танымайтын, бірі XIX ғасырдың, екіншісі ХХ ғасырдың қыз-ақындарының көтерген тақырыбы, пайдаланған әдісі, айтар идеялары мен ойлары мені қызықтырғандықтан, салыстыруға тырыстым. Оқырман қауымға суреткерлік ғұмырдың болмысын танытатын олардың туындылары әдебиет ғылымы үшін ғана емес, жалпы адамзаттық мәселелерді қозғаумен де құнды дүниелер болып табылады деп ойлаймын. Және бұл тақырыптың өзектілігі – оның  зерттелмегендігіне байланысты. Нақтырақ айтсақ, бұл тақырыптың жаңашылдығы Эмили Диккенсон мен Фариза Оңғарсынованың шығармашылықтарындағы табиғатты бейнелеудегі көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, талдаулар жасау сияқты жұмыстарының мәнін ашып көрсету болмақ.

Қос ақынның дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі – табиғат лирикасы. «Лирика» деген сөзге белгілі ғалым, академик Зәки Ахметов төмендегідей өз анықтамасын берген: «Лирика дегеніміз – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді»[1]. Екі ақынның да көптеген өлеңдері табиғаттың жыл мезгілдерінің құбылысын адам әлемімен, оның еңбек әрекетімен, уақыт тынысымен өзара сәйкестікте суреттеген. Адам мен табиғаттың ара-қатынасын, аспан асты, жер үсті көріністерін, күн мен түн байланысын, жұлдыздар сырын, жел сезім тербелістері негізінде нанымды жеткізе білген.

Ғылыми жобамның мақсаты – Эмили мен Фариза поэзиясындағы табиғат бейнесіне аналитикалық талдау арқылы, көркемдік ізденістердің  табиғатын ашу және олардың ақындық шығармаларының негізінде психологиялық портретін жасау. Осы мақсатыма жету үшін, келесі міндеттерді  тізіп алдым. Қажетті әдебиеттерді оқу, Фариза Оңғарсынова мен Эмили Диккенсонның өмірбаянын оқу, салыстыру, ақын-әйелдердің шығармашылық жұмыстарын сараптау, салыстыру, талдау, ақын өлеңдеріндегі адам әлемі мен табиғатын зерттеу, жиналған мәліметтерді жүйелеу, қорыту, қорытынды жасау. Олардың табиғатты бейнелеудегі лирикалық өлеңдері оқырман жүрегі мен ұғымына сай келетін ұтымды жолдарының бірі екенін көрсету деп айқындап алдым.

  1. Негізгі бөлім

2.1. Фариза Оңғарсынова мен Эмили Диккенсонның өмірбаяны.

Әлемдік поэзияға өзіндік үнімен, суреткерлік қолтаңбасымен, ізденісімен жаңа сипаттар әкелген екі ғасырдың, екі жат елдің әйел-ақындары қазақ халқының ақын қызы Фариза Оңғарсынова мен Эмили Диккенсонның өмірбаяны мен шығармашылықтарындағы үндестігі мені қызықтырғандықтан бұл тақырып бойынша ізденіп, өзіндік үлесімді қосуыма негіз болды.

 

 

 

                              (25 желтоқсан, 1939 ж. — 23 қаңтар, 2014 ж.)

 

Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 25-ші желтоқсанында Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. Ақын Фариза апамыз 2014 жылдың 23-ші қаңтарында дүниеден озды. Нарын құмының арасында, асып-тасқан байлығы болмаса да, өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық-жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер жазды. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болды. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі.

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. 1966-1968 жылдары Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері болған. 1968-1970 жылдары республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған. 1970-1978 жылдары Республикалық «Қазақстан пионері» газетінің, 1978 жылы «Пионер» журналының бас редакторы болып жұмыс жасаған.

Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны Пабло Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.

Фариза апамыздың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленеді. Ақынның творчествосына тән басты қасиет – шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады. Фариза апамыздың шабыттанып, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыптары — Туған жер, Отан Ана, табиғат толғаныстары, әйел жаратылысының нәзіктігі мен қылықтылығы, жаны мен тәнінің сұлулығы, махаббатының мөлдірлігі.

Ақын өмір өрнектерімен бірге, табиғат арқылы да адам әлемін аялау мен бағалаудың мол мүмкіндіктерінің бар екендігін жырлады. Ақын табиғат тылысымына үңілу негізінде, адамзатқа ортақ мәселелерге назар аударады. Адам мен табиғатты қатар сөз етеді. Табиғат көріністері ақын Фариза Оңғарсынова қаламынан өзінше өрнек  табуда. Ақын апамыз өз-заманының ар-ожданы, болашағы  үшін өмір сүрді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің ойлаған жамандығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде, ақын апамыздың мұңдасы да, сырласы да, досы да, сенері де  – поэзия болды.

 

Көңілді жайлы күнімді,

Азапты қайғы, мұңымды.

Өзімменен бөліскенің үшін,

Қатем мен жеңістерім үшін,

Мынау менің қиындау тағдырым болып

О, баста келіскенің үшін,

Өлең, мен сені аялап өтем, — [2]

 

деп жырлайды ақын. Фариза  апамыз өжет, өткір тілді, бір айтса, кесіп айтатын мінезді ақын болды.

 

Далам менің – қазынам, жыр сандығым,

Жыр нәрінен жер балқып, босанды құм.

Сортаң жердің қаны бар тамырымда.

Ашқылтымда сондықтан жусан жырым,  – [2]

деген жолдары ерекше.

Фариза Оңғарсынова поэзиясының шырқау биіктерге көтерілгенін өз дәуірінде танып, баға берген  “алыптар тобының”  өкілі.  Ғабит Мүсірепов: “Мен ақын Фаризаны бүгінгі поэзиямыздың ең жоғары сатысында тұрған замандастарымен қарайлас биікте көремін” деп ой түйген[3].  «Фаризада халықтық рух бар, ол — елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын. Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын. Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын», – дейді Әбділда Тәжібаев.[4] «Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады», – дейді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Ал американдық ақын-қыз Эмили Диккенсон 1830 жылдың 10-шы желтоқсанында Массачусетс штатында, Амхерст қаласында дүние келген. Эмилидің ата-анасы және сіңілісі мен ағасы болған.[5].

 

 

                               (10желтоқсан 1830 ж. — 15 мамыр, 1886 ж.)

 

 

Әкесі адвокат болып жұмыс істеген. Эмилидің анасы қатал әйел болған. Қыздарымен көп ашылып сырласпаған. Отбасындағы Эмилидің ең жақын адамдары — ағасы Остин мен сіңлісі Лавиния болды. 1847-1848 жылдар аралығында қыздарға арналған колледжде оқыған. Эмили діни-пуритандық дәстүрде тәрбиеленеді. Ол барлық өмірін әкесінің үйінде өткізді. Ол өзіне берілген ғұмырды  осы жерден ешқайда шықпай, тыныш өткізген. Бірде оған әкесі Ральфа Вальдоның дастаны жазылған кітапты сыйлайды. Сол кітап Эмилидің ақындық қырын ашуға итермелеген. Сол дастанды оқуының арқасында, Эмилидің өлең жазуға деген құлшынысы оянады.

Бір жылдары әкесі Вашингтон Конгрессінде жұмыс істегенде, Эмилиді қасына шақырады. Эмили сол сапарда Уильям Уордсвортоммен танысады, өте жақын дос болады. Эмили ұзақ уақыт онымен хат жазысты, өзінің оған деген сезімдерін өлең жолдарымен қағаз бетіне парақтап түсірді. Өкінішке орай,  бұл ұлы сезім, ұлы махаббат жауапсыз болды. Себебі, Уильям үйленген жігіт болатын. Осы жауапсыз махаббат сезімінің тұңғиығына түскен Эмили тұрмыс құрмайды.

Кейін Эмили екі жылдай шығармашылықпен айналыспады, өлең жазбады. Себебі, оның көздері ауырды. Кембридже ол ұзақ емделу курсынан өтті. Ақын сол жылдары ешкіммен хабарласып, сөйлеспеген. Кейде жақын туыстарымен, достарымен хат алысып тұрған. Өзінің өлеңдерін ол қағаз бетіне түсіріп, нөмірлеп тығып қойып жүрді. 1874 жылы сүйікті әкесі дүниеден озғаннан кейін, ол тіпті де үйден шықпаған десе де. Үстінен ақ түсті көйлекті тастамай, ол «жұмбақ» жанға айналған. Оның сіңілісі Лавиния Эмилидің тыныштығын бақты. Отбасы мұқтажсыз өмір сүрді. 1882 жылы Эмилидің анасы дүниеден озды. Артынан, екі жылдан кейін сүйікті ағасы Остин қайтыс болады. Бұл отбасылық қайғы Эмилиге өте ауыр соққы болды. Екі жылдан кейін 1886 жылдың мамыр айында Эмили де ауыр соққыдан айығалмай қайтыс болады. Ақын өзінің өлер алдында, сіңілісі Лавиниядан өзінің жазған өлеңдерін өртеп жіберуін өтінді. Бірақ оған сіңілісі келіспеді. 1890 жылы Эмилидің алғашқы «Poems by Emily Dickеnson» жинағы шығады.

Қазіргі таңда, Эмили Дикенсон – Америка елінің ең ұлы ақындарының бірі деп есептеледі. Оның шығармаларын Америка елінде және бүкіл әлемдегі оқырмандар қызыға оқитын болды.

Екі ақын апамыздың өмірлері әр-түрлі уақыт белдеулерінде және әр-түрлі континентерде өтсе де, Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсон – екеуі де ұлы ақын-қыздар. Ақын-қыздар деп отырғаным екеуі де өздерінің отбасыларын құрмаған, екеуінің де досы да, мұңдасы да, сенері де  поэзия болды. Фариза мен Эмилидің туған күндерінің желтоқсан  айында дүниеге келгендері де тегін болмаса керек, себебі екеуі де батыл, еркін ойлы, жүрекпен жаза білген ақындар қатарында. Сол себепті де Эмили Дикенсон – XIX ғасырдың бөлінбес бір бөлшегі болып, «Мәңгілік Леди» аталса, Фариза Оңғарсынова – XX ғасырдың «Поэзия падишасы» атағына ие болды.

 

  • . Эмили мен Фаризаның поэзиясындағы үндестік:

Сөз өнерінің құдіретті де қасиетті бір саласы – поэзия. Поэзия — ол ақынның қоғамдық құбылыстардың барлығын санасында қайтадан қорытып, көркемдік қарым-қабілетпен қайта туындатқан, адамзатқа алуан түрлі әлемнің сырын түсіндіргісі келген жүрек сыры мен жан мұңы. Поэзия – сұлулық пен ақиқат, жақсылық пен парасат, жарасымды гармонияны мұрат тұтқан бір тұтас рух майданы. «Поэзия — өмірдің асыл тегі», — деген Виссарион Белинский. Ұлы сыншының поэзиялық лирикаға берген сипаттамасында: «Лирикалық шығарма қас-қаққанша ғажайып болатын ақын рухы шабытының жемісі. Егер ақынның рухы жаңа шабытқа аумай тұрып, қағазға түспессе, ол қайырылмастай жоғалып кетпек. Бірақ лирикалық шығарманы оқып шығу үшін, бірнеше уақыт керек болмайтын болса, мұндай шығарманы шабыттың жемісі, нағыз лирикалық шығарма болады және біздің бүкіл жан-дүниемізді тебірентіп ұзақ уақыт әсер етеді» деген.[6] Зерттеуші ғалым, академик Зәки Ахметов аталмыш тақырып аясында «Лирикалық шығармада негізінен — жеке адамның көңіл-күйі, сезімі суреттеледі. Ақын көбінесе өз жайын, айналасындағы өмірге, әртүрлі құбылыс-жағдайларға көзқарасын сиппаттайды. Бірақ ақын өз жайын, өз мұңын, өзінің қуанышын, арманын, сезімін жыр етсе де, ол халықтың тағдырын, қайғы-мұңын, күйзелісін, қуанышын-шаттығын, тілек-мақсаттарын көрсетеді» — дейді. [1] Бұл анықтамалардың барлығы поэзияның лирикалық тегіне байланысты.

Екі ақын апамыздың лирикасына келмес бұрын, жалпы лириканың мағынасына үңілген абзал.  Лирикалық кейіпкер бітімінен қоғамдық өмірдің көрінісі, заман ағымы,  оның толғанысы көрінетіні белгілі. Өлеңдегі өміршең бейне халық атынан сыр ағытып, ой толғатса, онда сол шығармадағы автордың азаматтық өрісі, кісілік келбеті жарқ етіп көрінеді. Лирикалық шығармадағы кейіпкерлер әлемінің әр-қилы қимыл-әрекетінен »сезімнің отты нәзіктігі» көрініп тұруы керек деп ұлы зерттеуші-ғалымдардың сөздерін еске алсақ, екі ақын апамыздың лирикасындағы шалқар-шабыт ақындарымыздың сөз өнерін құрметтеу, оған табыну құдіреті көрінеді. Ақындар түсінігінде, поэзия патшалығы — адамзат дамуы мен жеке адам психологиясына қызмет етер ерекше дүние. Лирикалық қаhарманның жан-дүниесі, сезім-толқыны, көңіл-күйге барып қонақтаған.

Екі ақын апамыз да эмоцияға берілген ақындар. Эмоция — лирик ақынға тән, шабыт құбылыс. Ақын — жандылықтың алмас шындығы жеке бас проблемасын жырлаудан аулақ жатыр, керісінше ырық бермес шалқар сезімге нәр береді. Қос ақын да  өздерінің жүректерінде орын алған санасының қалтарысына қатпарланған танымдық әлемі өлең өнеріне өз өрнектерін қалдырған. Поэзия әлемінен өзінің әсем де әсерлі жырларымен көріне білген ақын апаларымызды – Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонді әлем мойындап отыр.

      Екі ақынның поэзиясында азаматтық — отаншылдық әлем әдебиетінің классикалық үлгілері қатарында бағаланатын көрнекті ақындардың барлығында да халқының, өзінің әулеті, өсіп-өнген, кіндік қаны тамған, туған жер топырағы, шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты сарынды лирикасы басым жырланған. Олардың табиғат тақырыбындағы жырлары туған жер көрінісін, тәулік, жыл мезгілдерін, табиғат сұлулығын, теңізі мен бұлағын орманын суреттеуге арналған. Дала адамы мен табиғатты тұтастыра, кең көзбен қарап суреттеген ақындар жырлары ақындық қуатты да, сезімталдықты да, көңіл күйінің әр қилы жағдайларын да солардан алды. Адам бойындағы рухты да табиғат арқылы толықтырды, өздерін сол табиғатпен егіз ретінде сезінді. Сондықтан олар ашық күнге қуанды, жаңбырлы аспанға қарап қамықты, көктемде шалқыды, дауылға қарап бұлқынды. Ақындардың сезімінің күрделі болатыны да осыдан. Табиғаттың құпия сырлары олардың жанына кейде өздері де түсініп болмайтын ғажайып сезім дарытады. Мұны Фариза апамыздың жырларын оқи отырып қана түсіне аламыз. «Асау толқын» [7] өлеңінде былай, деп жырлайды:

Келеді бір күш соңымнан: өктемдерге бас ұрмай,

екпінін көрсең – дауылды түнгі дариялардағы тасқындай,

Жүреді ол дос қып, адалдық көрсе бойынан,

Ешбір пенде жатсынбай,

Қиянаттардан қиналғандарды басқа ұрмай.

Қояды ол сосын өзімшіл менмен жандардың

аузын «ә» деп аштырмай.

Кеше ғана «Кеудесіне жиналған запыранды жағаға лақтырған тентек теңіздің», мінезі бүгін өзгеріп, теңіздің бұйығып жатқан күйін көресіз. Кешегі «ағынды, жырлы ақынның» бүгін қымызы сарқылған торсықтай, дабылы, кегі бітіп қалғанын ұғасыз. Бірақ теңіздің қайтуы тартылуы емес, асау толқын тағы да арпалысқа шығады, ақын жаны да бұрқанысты сырымен әсем, көркемдікке ие болады. «Қоңыраулатып көктемдер келді маған» [2]

Қоңыраулатып көктемдер келді маған:

айналғандай бақтарға желді далам.

Бұл күйімді кешті ме, кешірер ме

осы күнгі, бұрынғы, ендігі адам? !

Нұрланады сайда да, белде де арай,

Жерде мекен барма екен кең даладай?!

Қанат қылып жанымның қуанышын,

Ұшып келем аяғым жер жанамай.

Ән шырқағым келеді бар ғаламға

Шаттығымды сездірер үнімменен, —

деген жолдардың өзі көктемнің нұрға бөленген, әдемі күйін елестетеді. «Қанат қылып жанымның қуанышын, ұшып келем аяғым жер жанамай», «ән шырқағым келеді бар ғаламға шаттығымды сездірер үнімменен» дейді тағы да оның шат көңілі.

Отау – айдын, жасауым – жасыл кемем,

Ойнайды айдын көгінде жасыл жебең.

Думандатқан жерлерде отырамын,

Көзде – мұң, басымда – өлең.

Көп  адамға  көктем де, қыс та арайлы,

Ал мен үшін алтын да – мыс талайғы.

Жай құбылыс секілді құшсам Айды,

Бақытым да, әйтеуір, басқалардың

Бағына ұқсамайды.

Елтімеймін дауылсыз таң ғұмырға,

Түк еместей шыңың да, шалғының да,

Жүрек емес, жүрегім – антеннадай

Қабылдайтын әлемнің ән, мұңын да.

Ем іздеуім бекер-ақ, бұл болмысым

Қанымда, тағдырымда! [13]

Осы бір өлең жолдарында Фаризаның бүкіл ақындық болмысы жатыр. Ең алдымен бұдан біз ақындық тағдырдың ғажап қиын тіршілігін, оны мойнына алған таланттың азапты жолын көреміз. Ол өз басының қызығына емес, әлемнің мұңы мен әніне құлақ тосады, ақын тілімен айтқанда, оның жүрегі антеннадай дүниенің әр бұрышындағы қуаныш-қайғыны қабылдайды. Думанды ортада көзіне мұң, басына өлең оралып, оңаша ой кешеді. Тыныш ұйықтап, айды құшса қуанып, алтын көрсе көңілі көтерілетін сезім оған жат. Осының бәрін өз тағдырым деп түсінеді, басқаның бақытына ұқсамайтын өз бақытын мақтан тұтады. Өлеңдегі ой сезіммен өріліп, тұтас суретке айналып, ақын тағдырын жарқын бейнелейді. Фариза – өмір қайшылықтарының заңдылығын, жақсылық пен жамандықтың алмасу шындығын жақсы түсінген ақын. Сондықтан оның өлеңдері осы қайшылықты тіршіліктен әрдайым ілгері, озық тұруға ұмтылысты бейнеледі. Алайда, болмыстан озу оңай іс емес. Ол күнге ғашық, бірақ жер оны тез «шылбырымен арқандап» қояды. «Күн жайлаған қиырды»  ала алмай,  жердің азапты өмірін кешеді,  ондағы  «арсыз бен ептінің» тіршілігін көреді. «Көтеріле беріп ем, мен бәрібір – қара жерге қайтадан кеп құладым» деген түйіннің өзінде, жер бетінде өмір сүрудің қиындығы мен заңдылығы көрінеді. Ал, ақынның «Тағы да көктем келді» [7]                  Ұмытып жатыр жұмыр жер

Өктем мезгілдің қалдырған қаза-қайғысын,

Жас көңілменен тыңдайды дүние май құсын.

Пенделер салған әжімдер басып, мазасыз жатқан Жер-ана,

Көктемде не еткен жайлысың!

Қыз-көктем келіп,

Қызғалдақ қадап жүр белде.

Қатыгездер де көз салады екен гүлдерге.

Табиғат шіркін адамды бір сәт сергітіп алады екен-ау.

Тірліктен қажып қалжырап жүрген күндерде.

Бұл өлеңінде ақын табиғатқа деген керемет сезімін, тіршіліктен қажып, шаршап жүрген кездерде одан үлкен қуат, күш алатындығын жасырмайды. Сонымен қатар Фариза Оңғарсынова табиғатты тірі құбылысқа теңеп жазған мына бір өлең шумақтарын оқи отырып көз жеткіземіз.

Бас иіп қырдың жасыл қияқтары,

Тұрғандай жаныңа әсем күй ақтарып

Көп-нәзік қырдың гүлі албырайды,

Алғашқы балғын сезім сияқтанып.

Күн шықты жанарыңнан нұр атылып,

Құм жатыр бұйра жонда шұбатылып.

Жарты — кеш ай барады жаутаң қағып,

Үйінен кеткен қыздай ұзатылып. [2]

Осы өлең жолдарында небір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген табиғат көрінісі бар. «Жарты – кеш ай ұзатылған қызға ұқсаса, қыр тәтті ұйқысын қимай, қалғып қана тыныштық құшағында жатыр. Ал нәп-нәзік қырдың жұпар гүлі алғашқы балғын сезімге ұқсайды», – дейді ақын. Шынында мұндай тапқыр да, сұлу тіркестерді тек Фариза ақын ғана таба алатын сияқты.

Эмили Диккенсонның құлшына қол сермеп жазатын өлеңдері табиғат туралы болды. Ол әлемдегі барлық қоршаған ақпараттың бәрін адам емес, табиғат ғана жеткізе алады деп есептеді, себебі, ақын  өзін тұйық тіршілікте ұстады. Табиғат тақырыбын жырлаудағы ерекшелігі ақынның балалық шағында, бақша ішінде гүл отырғызып, гүл теріп, табиғатта асыр сап ойнап, көгалды шөпте көбелек қуып, ара ұстап жүргенде, гүлдермен жәндіктердің шығуын зерттеуден басталған.

“Why, I have lost, the people know

Who dressed in forcks of purest snow”

Эмили адамды табиғаттың  бір бөлшегі, – деп жырлайды. Эмилидің үстіне киген киімінің түсі аппақ қар түсті ақ болған, яғни ол ақ түсті киінген адамды, өз өмірінде тұрғылықты, өмірде орны ерекше деп санаған.

This is my letter to the World

That never wrote to Me –

The simple News that Nature told –

With  teneder  Majesty. [9]

 

Аудармасы:                          Бұл хатым әлем туралы

Жауабын ол  маған бермейді –

Табиғат ғана сыбырлап –

Береді маған көңіл – күй.

Табиғаттың сұлулығына тамсанған Эмили, табиғатқа деген махаббатын, сүйіспеншілігін, сезімін өлең жолдарымен жырлаған. Ол табиғатты тірі деп санап, құдайға теңеген. Сондықтан да оның табиғат туралы жазған өлең жолдарында табиғат обектілерін бас әріппен (Bumble bee-ара, the Sea–толқын) және сызықша қою арқылы жазатындығы, ақынның табиғатқа деген сүйіспеншілігін жырлаудағы шеберлігін байқаймыз. Мысалы, тек «Nature is what we seе» [9] өлеңінен ғана көп нәрсені байқауымызға болады.

Nature is what we see –

The Hill – the Afternoon –

Squirrel – Eclipse – the Bumble bee

Nay Nature is a Heaven…

 

Аудармасы:                          Табиғат – бұл біз көретін –

Алқаппен Төбе, Орманды –

Алайда – Гүлдер, Аралар

Табиғаттан – нәр алар…

Адам және табиғат өзіне керектің  бәрін аспаннан, яғни Құдайдан алады дейді. Жер бетіндегінің бәрін жаратушы – Бір Тәңірім! — дейді ақын мына бір шумақтарында. Ақын поэзиясындағы  шығармаларының ішінде «the sky» тақырыбында жазған өлеңдер көп.

Father I observed to Heaven,

You are punctual.

Бұл өлеңінде Эмили аспанға барып, Құдайға жақын болғанды қалайды. Бірақта аспанның қол жетпейтін, сағым сияқты екендігін түсініп, тек оған алыстан көз жіберіп  тамашалап отырғанын суреттейді.

The apple on the Tree
Provided it do hopeless-hang
That “Heaven” is — to Me!-

мына  бір шумақтарда ақын Аспанды алмамен теңеуі, ақынның бұл жерде алманы жұлып ап жесем, жеміс-жидектердің тәттілігі аузынан кетпейтіндігі және аспанда тұрған алманы қолым жетіп үзіп алсам, менде аспанда тәңіріммен тілдесер едім деп жырлайды. Енді мына бір өлең жолдарында Эмили Диккенсон  адамның ұстазы табиғат, себебі адам өз айналасындағыны ұстап, сезіп білмесе, оған дейін ол ештеңені түсіне білмейді, осының бәрін алдымен табиғат ойлап шешеді дейді.

The neighbors do not yet suspect! [9]
The Woods exchange a smile!
Orchard, and Buttercup and Bird –
In such a little while!
Эмили Диккенсон «I’ve known a Heaven, like a Tent» [10] өлеңінде аспанды төбедегі шатырмен теңеп суреттейді.

I’ve known a Heaven, like a Tent –

To wrap its shining Yards –

Pluck up its stakes, and disappear –

Without the sound of  Boards

Or Rip of Nail – Or Carpenter –

But just the miles of Stare –

That signalize a Show’s Retreat –

In North America –

 

Аудармасы:                            Мен аспанды білемін –

Секілді біздің ол шатыр

Жинап тастар бір күні.

Цирктің буған жүгіндей –

Байқатпай бізге ол жолға

Ақырын жүріп кеткендей

Балғаны қатты соқпастан –

Шегені қатты қақпастан

Білінбей бізге қалыпты

Цирктің кетіп қалғаны –

Ал енді қайдан табамыз

Адамның күлім қаққанын!

 

2.3. Фариза мен Эмилидің «табиғат атаулары» тақырыбына арналған өлеңдеріне талдау.

Сонымен қатар Эмили мен Фариза табиғат құбылыстарын  аспан, жел, бұлт, таң, түн, су, жылдың төрт мезгілін жырлап, суреттеуде адам мен табиғаттың ара-қатынасын, аспан асты, жер үсті көріністерін, күн мен түн байланысын, жұлдыздар сырын, көңіл толқыны, жел сезім тербелістері негізінде нанымды жеткізе жырлай білген ақындар.

Аспан тақырыбы

 

Аспан туралы Фариза Оңғарсынова

 

 

Эмили Дикенсон
Өлеңнің атауы «Аспан» [7]

 

 

«The Sky is low — the Clouds are mean». [10]
Лирикалық кейіпкер Табиғат

 

 

Табиғат

 

Табиғатты бейнелеу Аспанның бұлдануын, күңіренгенін, шатырланған даусын, одан кейін жарқылдап шайдай ашылуын, ақын заңғар биік аспанның да, өзіне тән заңдылықтарының бар екенін бейнелейді.

 

 

 

Ақын аспанның бұлттан аласа екенін,

одан ақ қардың жауатындығын,

аспанмен бұлт қосылса, алай-дүлей жел соғып айналаның ластанатындығын бейнелейді.

Өлең жолдарындағы тың тіркестер тәсілі

 

 

 

 

Бұл неткен ғажап тірлік аспандағы –

Әркімнің  өз мамығы —   жастанғаны!

Көлі мен шөлі алмасқан далаға да

Керек бір заңдылықтар тас таңбалы.

Тhe Sky is low – the  Clouds are mean.

A Travelling Flake of Snow

Across a Barn or through a Rut

Debates if it will go -Narrow Wind complains all Day

How someone treated him

Nature, like us, is sometimes caught

Without  her  Diadem.

 

Метафора Ғажап — тірлік,

аспан — жасыл,

жұлдыз — ақық,

бұлақ — қыз,

көк — заңғар.

Orchard, and Butter cup and Bird,

a Heaven, like a Tent,

The Sky is low –

the  Clouds are mean

 

 

  Екі ақынның «Күн» тақырыбындағы өлең жолдарынан адамның және жер бетіндегі тіршілік иесінің күннің шапағатынан, ұшқындаған сәулесінен жылу, нәр алатындығын  ақындарымыз  керемет бейнелеген.                   

Күн тақырыбы

 

Күн туралы Фариза Оңғарсынова Эмили Дикенсон
Өлеңнің атауы «Күн» [7] «W are the Flower- Thou the Sun!» [10]
Лирикалық кейіпкер Күн шуағы Күн сәулесі
Табиғатты бейнелеу

 

 

 

 

 

Ақынның бей-жай тірлікте өзінің басындағы қайғы-мұңын, сағынышын жалғыз сыраған кездерін дауыл мен жел екпініне теңеп, «Шуағынды шаш енді, ерек Күнім!»  деген жолдардан оның күн шуағынан  жылу, көтеріңкі көңіл-күй алатындығын сипаттайды. Таңертеңгі күннің сәулесінің шапағын, ызылдаған араның, самал желдің исін, әйелді, яғни өзін гүлге теңеп жырлайды.

 

Өлең жолдарын-дағы тың тіркестер тәсілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сен маған тамыр жайдың,

(Мен жүргенмін көзімнен арылмай мұң),

Содан бері туғандай жанымда Ай, Күн,

Бей – жай тірлік тағы да былай қалып,

Аласұрам, Сағынам,

Жалындайымын.

Жалғыз кешіп дауыл мен жел екпінін,

Жаным жаурап тоздырған желе-гүлің,

Көппен жүріп күрсінгем

сезінгеннен

Мені сезер бір жанның керектігін.

Шуағыңды шаш енді, ерек Күнім!

 

 

 

 

 

А sepal, petal, and a thorn

Upon a common summer’s morn –

A flask of Dew — a Bee or two –

A Breeze – a  caper in the trees –

And I’m a Rose !

Аудармасы:

Өркен, жапырақ, желекке

Сәулесі күннің

таңертең –

Түседі шөпке шықпенен.

Ызылдап ара даусымен –

Білінбес – самал желің де –

Тербелер менде

Бір Гүлің

 

Метафора Тамыр жайдың, Бей – жай тірлік, дауыл мен жел екпінін, ерек Күнім A flask of Dew – a Bee or two -,  summer’s morn-

 

       Келесі ақындарымыздың «Таңның атуы» тақырыбына тоқтала кетсем:

                                       

Танның атуы тақырыбы

 

Таң шапағы Фариза Оңғарсынова

 

 

Эмили Дикенсон
Өлеңнің атауы «Атыңдар, ақ таңдарым, арайларым» [11] «The Day came slow» [10]
Лирикалық кейіпкер Адам Асыл тас
Табиғатты бейнелеу

 

 

 

 

Арай таңының адамға,

тіршілік атауының барлығына нұрын, шапағын, жылуын шашса, тіршілік иесінде мәңгілік жылулық,тыныштық болатындығын сиппаттаған.

 

 

Ақын таң шапағының таңғы бесте,

асыл тастай жарқырап атандығын суреттейді.

 

 

Өлең жолдарын-дағы тың тіркестер тәсілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атыңдар, ақ таңдарым, арайларым,

Арайдан үміт тұнған тарайды ағын.

Шашыңдар шуақтарды,

кеуде-ұядан

Қияға қанат қақсын сан ойларым!

Шыр еткен ойларым тең жас баламен,

Ойларым жырдың нұрын шашса деп ем.

Адамдай қажет еткен оларға да

Құндақ жер, күн шуақты аспан әлем.

 

 

The Day came slow-till Five o’clock

Then sprang bеfore the Hills

Like Hindered Rubies-or the light

A Sudden Musket-spills-

 

 

 

 

 

 

Метафора Арайдан – үміт,

жас баладай,

құндақ жер,

шуақты аспан – әлем

 

 

Like Hindered Rubies –or the light

                                                        

Түн тақырыбы

 

Түн туралы Фариза Оңғарсынова

 

 

Эмили Дикенсон
Өлеңнің атауы «Келедi ерiншек түн» [7]

 

 

«When Night is almost done» [5]
Лирикалық

Кейіпкер

 

Әйел адам Әйел адам
Табиғатты

бейнелеу

Түн көрiнiсi үрейлi,

қорқынышты емес,

қайта сезiне, ұғына бiлген

адамға түн керемет

сұлу, әсем боп елестейді.

Бұл өлең жолында да ақын түнің қорқынышын жеңе білуге, таң атқаннан кейін қорқыныш сезімі ұмыт болатындығын суреттейді.

 

Өлең жолдарында-

ғы тың тіркестер

Келедi ерiншек түн.

Жасыл құрақ.

Үн де жоқ жағада түк.

Көл мөлдiреп көзiндей келiншектiң,

Жанарына аспанды паналатып.

Керiлдi айлы нұрда

Сүт – сәулеге кеудесiн жалаңаштап.

Жалтылдаған тайғанақ айдынында

Егiз аққу сырғанап барады асқақ.

Аспанды өртедi үмiт,

Жер – сұлуға сұқтанып сол шақтағы.

Айнакөлдiң жанары төңкерiлiп,

Жарқылдайды төсiнде моншақтары

 

When Night is almost done

And Sunrise grows so near—

That we can touch the Spaces —

It’s time to smooth the Hair —

And get the Dimples ready —

And wonder we could care

For that old — faded Midnight —

That frightened — but an Hour —

Метафора Ерiншек,

жасыл құрақ,

керілді айлы нұрда

And Sunrise grows so near,

For that old –

faded Midnight

 

2.4  Фариза мен Эмилидің «жылдың төрт мезгілі» тақырыбына арналған өлеңдеріне талдау.

Екі ақын-апамыздың табиғат лирикасы — кең даланың көрінісі. Ақындар табиғаттың төрт мезгілін адам жанымен байланыстырып, оның өзі табиғаттың төл перзенті екендігін, әр өлеңдерінде еске салатындай. Әр ақын табиғатты көркем шығармада әр түрлі пайдаланады. Бірде оқиға алаңын немесе жыл мерзімін көрсетсе, кейде қатал долы күш табиғатқа төтеп беретін адамның жан-дүниесін ашу үшін алады. Сонымен қатар кейіпкердің көңіл күйі, жан дүниесінің құбылыс сәттерін табиғатпен қатарластыра суреттеу арқылы психологизмді терең жеткізу ең жиі қолданылатын тәсілдің бірі.
Табиғат — адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы болғандықтан, оны дүниежүзінің классик ақындарының бәрі жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің жеке басының көңіл күйіне байланысты әр ақын өзінше жырлайды. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты, арпалысты суреттейді.

Жылдың төрт мезгіліне өлең жазбаған ақын жоқ. Алайда әр ақын оны өзінше суреттейді. Екі ақының да  көптеген өлеңдері табиғаттың жыл мезгілдеріне арналған. Соның ішінде  жаз туралы екі ақынның өлеңдерін, Фариза апайдың «Жаз» [11] және  Эмилидің  «It will be summer — eventually»[10] шығармаларын салыстырып көрдім:

«Жаз»1958 «It will be summer — eventually»
Таң бұзып тынышымды жіберді деп,

жазғы түн

кетерінде түнерді кеп.

Жер-ару

серпігенде түн көрпесін,

маужырап қарап тұрды Күн елжіреп.

Гүл бөлеп хош иіске атырабын,

ағаштар жайып салды жапырағын.

Самал жел сыбырласа, сыр ұрласа,

өзенде мың бұралып жатыр ағын.

Төсінен терсек

тағы қызғалдақты,

басында заңғар

таудың ызғар қапты.

Шыдамай  жаздың  жастық

жалынына,

ойнақтап ерке бұлақ құздан да ақты.

Сұлулар суға барған сайға бұғып,

қарайды көлдің бетін айна қылып.

Шіркін, жаз, жомартсың-ау базарлыққа

бересің жан біткенге жайдарылық!

It will be Summer — eventually.

Ladies — with parasols —

Sauntering Gentlemen — with Canes —

And little Girls — with Dolls —

Will tint the pallid landscape —

As ’twere a bright Bouquet —

Thro’ drifted deep, in Parian —

The Village lies — today —

The Lilacs — bending many a year —

Will sway with purple load —

The Bees — will not despise the tune —

Their Forefathers — have hummed —

The Wild Rose — redden in the Bog —

The Aster — on the Hill

Her everlasting fashion — set —

And Covenant Gentians — frill —

Till Summer folds her miracle —

As Women — do — their Gown —

Of Priests — adjust the Symbols —

When Sacrament — is done —

                                                      Жаз мезгілі

 

Жаз туралы Фариза Оңғарсынова

 

Эмили Дикенсон
Өлеңнің атауы «Жаз» [11] «It will be summer — eventually» [10]
Лирикалық

кейіпкер

Әйел адам Әйел адам
Табиғатты бейнелеу 1. Әйелдің еркелігін, нәзіктігін, наздылығын, әдемі жүрісін ағып жатқан бұлақтың сыдырымен теңіп отыр.

2. Әйелдің әдемілігі мен мінезін жаздың жарқыраған жайдары мінезімен теңейді.

1.Табиғат пен әйел адамның осы мезгілде тыңбай еңбек ететіндігін, керемет сұлулығын суреттейді.

2. Келесі шумағында ақын жаз мезгілінің тым қысқа және керемет болатындығын әйел адамның қырық жаны бар дегендей, әр нәрсеге шыдамдылық көрсете білетіндіктерін, ғажап  мінезімен теңейді.

Өлең жолдарында-ғы тың тіркестер тәсілі 1.  Самал жел сыбырласа, сыр ұрласа

Өзенде мың бұралып жатыр ағын

2. Сұлулар суға барған сайға бұғып

Қарайды көлдің бетін айна қылып

Шіркін, жаз, жомартсың-ау базарлыққа

Бересің жан біткенге жайдарлылық.

1.The Lilacs – will sway with purple load

The Bees – will not despise the tune —

2. Till Summer folds her miracle —

As Women — do — their Gown —

Метафора Самал жел сыбырласа,

жаздың ыстық жалыны,

ойнақтап ерке бұлақ,

мың бұралып ағып жатыр

Landscape — a bright Bouquet,

Summer miracle

 

Бұл жердегі екі ақынның ұқсастығы табиғаттың кереметін әйелдің сұлулығына, оның сұлу мінезіне теңеген. Екі ғасыр айырмашылығына қарамастан Эмили мен Фариза пейзаж бен теңеуге өткір ойлар қосып, оқырман көз алдына әдемі дала бейнесін келтіреді. Табиғат көріністері мен құбылыстарын жырлауда әсерлі бейнелеу, әдемі суреттер жасау, оны адам жан дүниесінің алуан түрлі қырларын ашуға пайдалану – екі ақынның басты ерекшелігі. Сонымен қатар Фаризаның «Көктем күліп келеді, көктем күліп» пен Эмили Дикенсонның «A light exists in spring» өлеңдерінде лирикалық кейіпкерлермен бірге оқырман көрініс зейнеттілігіне сүйсінеді. Көктемді суреттегенде келісті көріністер көз тартады:

                                              

Көктем мезгілі

 

Көктем туралы Фариза Оңғарсынова Эмили Дикенсон
Өлеңнің атауы «Көктем күліп келеді,көктем күліп» [7] «A light exists in spring» [8]
Лирикалық кейіпкер Арай Арай
Табиғатты бейнелеу тәсілі Арайдың табиғатқа қызуын шашуы, жердің босаңсуын, тастың жібіуін, сұлу қайыңның бүршік атуы, аспанан сәуленің шашуы, жас ананы суреттейді. Лирикалық кейіпкер көзімен күннің көзін суреттеуге келмейтінін, оның айналаға қайталанбас бояу беретін сәулесін төгетіндігін бейнелейді.
Өлең жолдарындағы тың тіркестер

 

Көктем күліп келеді,көктем күліп,

жер қызулап, тас терлеп, бөктер жібіп.

Құбыланың самалы сыбырлайды:

«Сен де жаңар,-дегендей,-өткенді ұмыт!»

Жан сезімін түнекке тасаламай

Табиғатқа қызуын шашады арай.

Балғын бүршіктермен сұлу қайың

Толықсиды босанған жас анадай.

 

1.A light exists in spring —
Not present on the year
At any other period —
When March is scarcely herе —

 

2.New children play upon the green —

New weary sleep below —

And still the pensive Spring returns —

 

Метафора

 

жер қызулап, тас терлеп,

бөктер жібіп,

самалы сыбырлайды,

қызуын шашады арай,

сұлу қайың

A color stands,

the Sun passes,

the Sun waits

pensive Spring.

     Екі ақынның көктем мезігіліне арналған өлеңін  тұтас оқымай-ақ, екі шумақтың өзінен көп нәрсені аңғарамыз. Фариза апамыз жердің көктемде күн сәулесінен қызуын, бөктердің жібіп, ағаштардың бүршік атуын, самал желдің сыбырлап, сұлу қайыңның тербелгендігін және табиғаттың жас анадай толықсып босаңсуын суреттейді. Ал Эмили Дикенсон  лирикалық кейіпкер көзімен күннің көзін суреттеуге келмейтінін, оның айналаға қайталанбас бояу беретін сәулесімен көктем мезгілінің ерекше сұлулығын, кереметтігін көрсететін құдіреттіілігін бейнелейді және әйел адамның қырық жаны бар дегендей, әр нәрсеге шыдамдылық көрсете білетіндіктерін, ғажап  мінезімен теңейді.  Ал күз мезгілін екі ақын апамыз былай деп жырлайды.

                                                        

Күз мезгілі

 

Күз туралы

 

Фариза Оңғарсынова Эмили Дикенсон
Өлеңнің атауы «Күз» [11] Besides the Autumn poets sing. [8]
Лирикалық кейіпкер

 

Адам Адам
Табиғатты бейнелеу тәсілі

 

Жердің қатуын,

күн шапағатының азаюын, күзде табиғат иесінің солғын тартқандығын және адамның осы мезгілде көңіл-күйінің мұңды болатынын бейнелейді.

Күз мезгіліндегі

ауа-райының адамға қатты әсер ететіндігін бейнелейді, күздің суықтығын адамның көңілсіз көңіл –күйімен теңейді.

Өлең жолдарындағы тың тіркестер

 

Қаусайды барлық тамырлар

Жерден – дым,                 Күннен нәр алмай,

даладан кеткен жалынды      әр

аурудан тұрмас адамдай.

Perhaps a squirrel may remain —
My sentiments to share —
Grant me, Oh Lord, a sunny mind —
Thy windy will to bear!
Метафора Жерден – дым,

Күннен нәр,

аурудан тұрмас адамдай

Grant me, Oh Lord, a sunny mind —
Thy windy will to bear,

 

Екі ақын күз мезгілінде табиғаттың, тіршілік атауының солғын тартқан бейнесін жердің қатаюын, күн шапағатының азаюын, ауа-райының адам денсаулығына әсерін оның суықтығын, көңілсіз күздің бейнесін тамаша түрде елестетеді.

                                                   Қыс мезгілі

 

Қыс туралы

 

Фариза Оңғарсынова Эмили Дикенсон
Өлеңнің атауы «Қырдағы қыс» [13] « А Little shell of a snail, so whitened by the snow» [8]
Лирикалық кейіпкер Адам

 

Адам
Табиғатты бейнелеу тәсілі

 

Қыс мезгілінің өте суық  дауыл боранды  ауа-райын адамның қатал мінезімен теңеген. Көптен көрмеген досының, шашының ақ түскендігін, ақ қармен бейнелеген.
Өлең жолдарын-дағы тың тіркестер

 

Түнімен долы дауыл құрыстаған

Секілді арыстандай жыны ұстаған.

Жамылып ақ көрпесін енді ғана

Маужырап байтақ дала             тыныстаған.

Қалыпты қарауылда жыңғыл,құрақ,

Іліп ап ақ мамықтан бір-бір тымақ.

Мәз болып жас баладай, айналаға

Қарайды әр бұтадан күн жылтырап.

A little snow was here and there

Disseminated in her Hair —

Since she and I had met and played

Decade had gathered to     Decade

 

Метафора Долы дауыл,

арыстандай жыны ұстаған, байтақ дала, ақ мамық,  жас бала.

A little snow, Disseminated in her Hair —

 

 

Қос ақынымызда қыс кескінін де аса шеберлікпен суреттей білген. Үскірік бораны бұрқырап тұрған қысты жыны ұстаған арыстанның бейнесіне ұқсатады. Қыста кең даламыз маужырап, ақ көрпесін жамылып, жас балаша айналаға қарайтындығын суреттейді. Күн сәулесінің әр бұтадан жылтың-жылтың шапағын төккенін, адамның шашын ақ қыраудай, ақ шалғанын бейнелейді. Екі ақынымызда жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін береді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігімен ешкім таласа алмастай етіп суреттейді. Эмили де, Фариза да өз өлеңдерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қойған жоқ, оны адам өмірімен нық байланыстыра білді. Екі ақын апамыздың  табиғат тақырыбындағы өлеңдері негізінде лирикалық кейіпкер ерекшелігі, болмыс – бітімі жан-жақты көрсетіледі.

Фариза ақынның қай өлеңдерінде болмасын ұлттық өрнек айрықша аңғарылады және оған тән қасиет  — байсалдылықпен бастап, адуын мінезімен, ойын ашық айта білу өткірлігімен ерекшеленеді. Мысалы ,

Мен даланың қызы едім,[13]

Жазықтығында жатпайтын көз ілер қара

(жазира менің жанымның өзі де дала).

Асқар көрмеген мен шіркін биік дегенді

Өлшеуші ем сонау өзімен ғана.

Бұл өлең жолдарынан  Фариза ақынның биікке ұмтылған тәкәппар мінезі байқалады. Дархан даланың кеңдігі мен көк аспанның биіктігін астастырған сұлу сурет, оның арманы асқақ, ойы кең, мақсаты биік болғанын аңғартады.

Ал Дикенсон поэзиясы  адам табиғаты мен табиғат  шынайылығын үндестіре білген  білімімен таңғалдырады. Оның өлеңдерінде  ешқандай артық нәрсе жоқ, тек сызықша қою арқылы өзінің ырғақты сезімін білдіріп отырады.

“Heaven” – is what I cannot reach [12]

The Color, on the Cruising Cloud –

The interdicted Land…

Бұл өлең шумақтарынан Эмилидің аспанға ұмтылғандығы — оның барлық тіршіліктің иесі — Құдай деп білгендігі байқалады. Өзінің қарапайымдылығымен көк аспанның биіктігімен сұлулығынан көп нәрсе білуге  болатындығын  көрсетеді.

Табиғат – екі ақын үшін тазалықтың, пәктіктің бейнесі. Олар адам бойынан тазалық іздесе де табиғатқа жүгінеді. Олар көз алдында тарылып бара жатқан тіршілік қысымына табиғаттың кеңдігін қарсы қояды, шаң-тозаңға былыққан қара жерден мөлдірліктің белгісі — аспанға ұмтылады, жағадан жиіркеніп, теңіздің тұнығын кешеді, қасаң тартқан жандардың кеудесін тазартар дауылын күтеді. Адамды сүю, адамға жақсылық тілеу, оны жасауға ұмтылу, осыған қайшы ұғым, іс-әрекеттерге қарсы батыл күресу екендігін жырлайды.  Табиғат – ақын жүрегiн оятатын, сұлу сезiмге бөлейтiн, қиял құсынқияға ұшыратын шабыттың шақпақ оттарының бiрi. Бiрақ адамсыз жалаң табиғат жансыз дене секiлдi.

Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонның қаламдарынан табиғат көріністері өзінше өрнек  табады. Екеуі табиғат десе, жүрегі ерекше елжірейтін ақындар. Қос ақын апамыз табиғат пен адам арасындағы қимыл-қозғалыстардан, әрекеттерден ұқсастық iздейдi және оны өлеңдерiнде жандандыра бейнелеу арқылы басқа ақындардан ерекшеленеді. Мәселен, күннiң қабақ шытуы, көк төсiнiң қақ айрылуы, бұлақтың сылдырлап ағуын, оның өкшесiнiң көтерiлуi, т.б. суреттер осыны дәлелдейдi. Ақын жандандыра бейнелеу арқылы келiстi көрiнiстер ғана емес, суреттi әсерлi, дәл жеткiзу, аз сөзбен көп ойды аңғарту тәрiздi сезiмдер тудырады. Мысалы, найзағай қамшысы «осып осып» жiберуiнен жарқыл жылдамдығы, бұлақтың таңдайымен «ән құрауынан» ағыс дауысының жағымдылығын, лирикалық кейіпкердің сол дауысты ұнатуын, «асаудай», «өре қашып» қолданыстарынан бұлақтың жалпы ағыс ерекшелiгiн, жылдамдығын аңғартады. Бұлақ жолындағы құрақ, талдардың ағысқа бөгетi де лирикалық «мен» көзiмен әсерлi суреттелген. Құрақ, талдың бұлаққа қас қылып шылбырынан жiбермеуi осыны байқатса, бұлақ табандарын тас тiлiп, ақсандауы райдың қырды, сайды еркелей, аймалай сүйіп құшуы көктемгі арай ерекшелігін танытса, баурайдың «жұмсақ жаймадай» болуы шөп қалыңдығын, жұмсақтығын, молдығын елестетеді. Алдыңғы ой мен әсерлi көрiнiстердi дамыта түседi.

     Табиғатты шебер суреттеуші ақын апаларымыз бiрде сұлу, сылқым, бiрде меңiреу, мылқау, бiрде ашулы, долы табиғат мiнездерiн өзiдерінше қабылдап, оқырман сезiмiне әсер етерлiктей суреттер туғызды. Табиғатты жырлауда әсерлі бейнелеу мен әдемі суреттер, теңеу  жасау – екі ақынның «пейзажды суреттеудің шеберлері»  екенін көрсетеді. Бір жағынан тәкәппар мінездерімен, екінші жағынан қарапайымдылықтарымен тепе-теңдік ұстай білген ақын-қыздар терең философиялық поэзиясымен таңғалдырады.

Фариза Оңғарсынова мен Эмили Диккенсон — лирик ақындар. Олардың ақындық әлемінің айшығы мен әшекейі де осы лирикада жатыр. Лирика — ақын шығармаларының негізгі түп қазығы. Оларға мөлдірлік, тазалық тән. Өлеңдеріндегі табиғат тақырыбындағы лирикалары оқырманның жан дүниесін тербеп, терең сезіммен баурап әкететін табиғилық басым. Ақындардың өлең өрімімен ондағы өрнек үлгілеріне ден қойсақ, жыл мезгілдері, табиғат тамашалары мен таңғажайыптары өзіндік белгі ерекшеліктерімен назар аудартады. Өмір құбылыстарын, табиғаттың сыны мен сырын — адам әлемімен байланыстырады. Өмір дүние сипаты, уақыт сырлары — табиғат құпияларымен бірлік, үндестікте беріліп отырады.  Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынованың табиғат, жыл мезгілдері туралы өлеңдерінің негізгі идеясы – «адам мен табиғаттың бірлігі», ақын өлеңдерінде «адам дегеніміз – табиғат» деген ұстаным жүзеге асады.

Адам мен табиғатты тұтастыра білген, кең көзбен қарап суреттеген Фариза мен Эмили жырлары ақындық қуатты да, сезімталдықты да, көңіл күйінің әр қилы жағдайларын да солардан алды. Адам бойындағы рух та табиғат арқылы толысты. Ақын-қыздар өздерін сол табиғатпен егіз сезінді. Сол себепті де олар ашық күнге қуанды, жаңбырлы аспанға қарап қамықты. Ақын сезімінің аса күрделі болатыны да осыдан. Табиғаттың құпия сырлары олардың жанына кейде өздері де түсініп болмайтын ғажайып сезім дарытты. Мұны олардың жырларын оқи отырып қана түсіне аласыз.

                                                 

 

 

 

 

III. Қорытынды

       Поэзияның жетекші жанры — лирикада өзіндік үнімен қолтаңбасы белгіленген ақын апаларымыз Фариза Оңғарсынова мен Эмили Диккенсон поэзиясын зерттеуде екі ақынның  психологиялық портреттері айқындалып шықты. Екі ақынның поэзиядан алар орны мен қаламгерлік келбеті бағаланды.

Эмили Диккенсон лирикасындағы екі сөздің қайталанып келмейтіндігі, барлық сөздердің сызықша арқылы үлкен әріппен және жалаң жазылатындығы, оның қоғамдық ортамен байланысының аз болғандығын және тұйық мінезді екендігін аңғартады.

Фариза Оңғарсынова лирикасында  ұлттық өрнек айрықша аңғарылады және әр сөзді бояумен жаза білетіндігі, оны ортаның адамы болғандығын көрсетеді.

Екеуі де батыл, еркін ойлы, жүрекпен жаза білген ақындар. Екеуінің де досы да, мұңдасы да, сенері де  поэзия болды.  Фариза мен Эмилидің өзін жалғыз сезінуі – ойларының қолдау таппай, тұншығуы, өз замандастарынан ой-санасы биік болғандықтары, ой-армандарын жұртқа түсіндіре алмай өкінгендері. Бұл – өз ортасынан оза шыққан адамның бәрінің трагедиясы. Эмили Диккенсонды Америка елінде «Мәңгілік Леди» деп атаса, ал Фариза Оңғарсынованы Қазақстан елінде «Поэзия падишасы»  деген баға берген. Дегенмен, «Мәңгілік Леди» атағына  тұрарлықтай американдықтар Эмили Диккенсонның  өткен ғасырда тұрған әкесінің үйін музей ретінде оның атына ашса, біздің қазақ елі  Қазақстанның халық жазушысы, халқының сүйікті ақыны, азамат қызы, белгілі қоғам қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері  «Поэзия падишасының» еліне жасаған қызметі үшін, оның өшпес еңбегі, шығармашылығы үшін неге музей ашпайды екен деген ой туады.     

     Жоба жұмысымды қорытындылай келе, Эмили мен Фариза табиғатты бейнелеудегі дәстүрлі суреттеулерді жаңаша тұрғыда жаңғыртты деп айта аламыз. Ауыстыру, айқындау мен теңеу сияқты бейнелеу құралдары арқылы адам болмысының көңіл-күйін, сезімдерін танытты, оқырман қауымға суреткерлік ғұмырдың болмысын танытатын, олардың туындылары құнды дүниелер болып табылады. Екі ақынның да сөз еркіндігі мен ой бостандығын, ақиқат пен шыңдық  негізінде жазылған өлеңдерін оқырман жақсы қабылдайды дей келе,   ағылшын тілі бағдарламасына Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсон шығармаларының оқушыға жеңіл, түсінікті дей отырып, оқушының жас ерекшелігін ескеріп, өлеңдерін енгізуге болатындығын ұсыныс етемін. Екі ақынның қай шығармалары болса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, дамытуға әсері мол. Оны балалар сүйіп, ынтыға оқиды, деп білемін. «Өзі өшсе де сөзі өшпейді» дегендей, өздері осы өмірде жоқ болса да біз үшін олардың еңбектері мәңгі өшпейтін мұра болып қалмақ.

  1.                                   Пайдаланған әдебиеттер:
  1. З.Ахметов. Поэзия шыңы – даналық. Астана: Фолиант. 2002. б — 408

 

  1. Оңғарсынова Ф. Екі томдық. Таңдамалы шығармалар – Алматы, «Жазушы», 1987. б –6, б – 96-97

 

  1. Ғ.Мүсірепов. «Алпытар тобы». Алматы баспасы.1985. б -11

 

  1. Ә.Тәжібаев. «Фаризаны оқысам қанаттанып қаламын», Жетісу.1989, 23желтоқсан

 

  1. Дикенсон Э., “ ”, www.bartlety. Com/113;

 

  1. В.Белинский .Шығармалары.Алматы. Жазушы.1987, б-21, б-73

 

  1. Ф.Оңғарсынова. Дауа. Алматы. Жалын. 1985. б-21, б-44, б-60

 

  1. Дикенсон Э. “A light exists in spring” , “Besides the Autumn poets sing”, А Little shell of a snail, so whitened by the snow” peoples. Ru/art;

 

  1. Emily Dickinson, Poem© Copyright  Email: l_sitnik@autopanorama.mtu-net ru

 

  1. Copyright  Email: l_sitnik@autopanorama.mtu-net ru

 

  1. Ф.Оңғарсынова . І томдық. Алматы.Жазушы. 1987. б-196

 

  1. The complete poems of  Emily Dickinson Ed.by Th.H.Johnson — London: Faber and   Faber, 1875

 

  1. Оңғарсынова Ф., Сұхбат.Алматы, «Жазушы», 1983, б. –22;

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*