Түркістан облысы, Түркістан қаласы «№21 колледж» МКҚК 5-16 «Ағаш ұстасы» тобының студенті: БактиярДинмухаммад Өндіріс шебері: Кабылов Мурат Камилович

Түркістан облысы, Түркістан қаласы
«№21 колледж» МКҚК
5-16 «Ағаш ұстасы» тобының студенті: БактиярДинмухаммад
Өндіріс шебері: Кабылов Мурат Камилович

Паркет
Паркет – еденге төсеуге арналған қысқа әрі жіңішке тақтай; осы тақтайлардан қиюластырып төселген еден. Паркетті сүрегі қатты ағаштардан (емен, бук, т.б.) жасайды. Паркеттің ұзындығы 150 – 450 мм, ені 30 – 60 мм болады. Жасалу ерекшелігіне орай паркет жеке даналық, әшекейлі (мозаикалы), паркеттік тақтайлар және тақта паркетке ажыратылады.[1] Паркет — әдетте қатты жынысты ағаштардан жасалған еденге төсеуге арналған қысқа және жіңішке тақтайлар. Паркеттің мынандай түрлері болады: дана паркет, өрнекті паркет, паркетті тақта және қалқан. Дана және өрнекті паркет ағаштардың құнды жыныстарынан жасалады.
Паркет бұйымдарын жасауға арналған жабдықтар
Паркет бұйымдарын жасауға арналған жабдықтар — дөңгелек аралы жалпы жұмысқа арналған білдектер, бойлай-жоңғылайтын төртжақты білдектер, шеттерін теңейтін білдек, паркет тақтайшаларын жасайтын тізбек.
Паркет жұмыстары
Паркет жұмыстары — еденді паркетпен жабуға (бет қабатын) арналған жұмыс. Паркетті бетоннан, асфальттан немесетақтайлардан жасалған қатты тегіс тұтас еденге төсейді. Паркет ағаш еденге шеге арқылы бекітіледі. Жасанды материалдардан жасалған еденге суық немесе ыссы мастика арқылы бекітіледі. Паркетпен жабылған беттер қолмен немесе паркет әдімелеу машинасымен тегістеледі.
Паркет тақтайшаларын жасайтын тізбек
Паркет тақтайшаларын жасайтын тізбек — тақтайшалардың алдыңғы және сырт беттерін долбарлап және таза жоңғылауға, оң және сол бойлау жиектерінде ойықтарды және тарақтарды қалыптастыруға, сонымен қатар тақтайшаларды ұзындығы бойынша шетжақтау және тақтайшалардың шетжағында ойықтар мен тарақтарды жоңғылайтын тізбек.
Өңделетін материалдың өлшемдері: ұзындығы 150…500 мм, ені 20… 100 мм, қалыңдығы 8… 18 мм.

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*