Ақмола облысы, Целиноград ауданы №1 Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы орта мектебі Смагулова Айзере – 3 сынып оқушысы

Ақмола облысы, Целиноград ауданы №1 Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы орта мектебі
Смагулова Айзере – 3 сынып оқушысы
Жетекшісі – Шамшинурова Айжан Кенжеевна – ағылшын пәні мұғалімі

Ағылшын тіліндегі халық ертегілері арқылы тәрбиелеу

Мазмұны:
1. Кіріспе………………………………………………………………………………………………………….3
2. Ағылшын халық ертегілеріне жалпы талдау жасау……………………………………………….4
3. тәрбиелеу барысында ағылшын халық ертегілерімен жұмыс жасаудың негізгі әдістері…..6
4. ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын жұмыс әдістері…….10
5. Қорытынды…………………………………………………………………………………………………..13
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………………………14
Кіріспе

Осы зерттеудiң өзектiлiгi балаларды шет тiлiне бастауыш сыныптан бастап үйрету қажеттілігінен келіп шықты. Баланың тiлдiк тосқауылын барынша ерте жеңуге көмектесетiн және шет тiлiне болған махаббаттың оянуына ұластыратын, ерте жастан ағылшын тiлiне үйретудiң тиiмдiлiгiн ең жоғары деңгейiне жеткізуге ағылшын халық ертегiлерiн пайдасы өте үлкен.
Білікті және білімді жастарды тәрбиелеп жеткізу — ұстаздардың ең алғашқы мақсаты. Қоғамда өмiрге дағдылануды кiшi ұрпақтан бастап дайындау қажет. Жеткiншектер тәрбиесі барысында қоғаммен мәдениетті және білікті түрде қарым-қатынас жасауды меңгеруi керек, өйткенi жастардың дамуына қол жеткiзетін деңгей — өнер-бiлiмді меңгеру. Белгiлi бір еңбек тәрбиесіне ие болу үшін, қоғамдағы мiнез-құлықтың нормаларын меңгере отырып және тәжiрибелерге сүйене отырып, алдағы үлкен өмiрге оқушылардың пiкiрлерінің жоғары деңгейдегі жүйесiн дамыту қажет. Жас жеткiншектердің алғашқы тәрбиесiне үлкен әсер ететін бұл халық ертегілері және оның кейіпкерлері болып есептеледі.
Ертегiлер ерте замандағы салт-дәстүрлер, тәрбие әдістері және баланың ой-өрістерін дамытатын қасиеттерді өз кейіпкерлерінде сақтаған.
Зерттеу жұмысымның мақсаты ағылшын тілі сабағында ағылшын халық ертегісінің бала тәрбиесінде жақсы әсерінің басым болуын дәлелдеу.
Жұмысымның мақсаты келесі міндеттерді орындау:
• Ағылшын халық ертегісіне жалпы талдау жасау;
• Ағылшын халық ертегісінің бала тәрбиесіндегі рөлін және ықпалын анықтау және оның балаға жақсы әсер ету әдістерін анықтау;
• Ағылшын тілі сабағы барысында ағылшын халық ертегілерін қолдану әдістерін анықтау;
• Ағылшын халық ертегілерімен жұмыс жасау әдістерінің мүмкіндіктері және өзгешеліктерін анықтау.

1. Ағылшын халық ертегісіне жалпы талдау жасау
Ресей, Германия және Франция елдеріне қарағанда Англияда ертегілерді жинақтау және жазып алу жұмыстары әлдеқайда кеш басталған. Ағылшын халық ертегілерінің алғашқы топтамаларын жинақтау XIX ғасырдың соңында басталған. 1854-1916 жылдар арасында ең алғашқы ағылшын халық ертегілерінің жинақталған екі томы Джозеф Джекобсқа тиесілі болған [2, C.134]. Ағылшын фольклор үйірмесінің президенті Джозеф Джекобсқа ағылшын халық ертегілерін жинақтау өте қиынға түсті, өйткені ертегілердің көбісі ұмытылып кеткен еді. Германиялық ағалы-інілі Гриммдер, Франциялық Шарль Перро немесе Ресейлік А.Н.Афанасьевтер сияқты Джозеф Джекобс ертегілерді әдеби өңдеуден өткізбеді. Ол өзінің алдына ертегілерді өз тыңдаушыларына халық қалай жаратқан болса, солай жеткізуді мақсат етіп қойды. Көптеген прозаиктерді, ақындарды және драматургтерді қанағаттандырған нәрсе ағылшын халық ертегісінің отандық фольклорға өте бай күйінде Англияға танымалдығы болды. ХIX-XX ғасырларда бұл жанр үшін өз ақындық шабыттарын тапсырған албандықтар қатарына: Чарлз Диккенс,Уильям Мейкпис Теккерей, Льюис Кэрролл, Эдвард Лир, Оскар Уайлд, Редьярд Киплинг, Беатрис Поттер и Памела Трэверс, Джеймс Барри, Алан Милн, Джон Толкин, Дональд Биссеттер болатын. Айнаның арғы бетінде болып келген Алисаның, Мэри Поппинстің, бақытты Ханзада мен Питер Пэннің, қонжық Винни-Пух және ізгі ниетті ергежейлілер образдарының дүниеге келуіне халықтан шыққан әдемі қиялдар негіз болған. Басқа елдер сияқты Англияда да ертегілерге болған қызығушылық сонау романтизм заманынан бастап әр түрлі кейіпте қалыптасып келген.
Жазушылармен бір сапта халық жаратқан образдарға қарсылық жасаған, бірақ өздері қиялмен жаратқан әлемдерін жөн көрген филолог-ғалымдар да еңбек еткен.Олар алғашқы дүниеге келген кейіпкерлерді мойындамау мақсатында көптеген Британдық фольклордың естеліктерін және алғашқы туындыларын жинақтап,олардың диалектикасы және этнографиялық өзгешеліктерін зерттеп шықты. Сонымен фольклорлық жазбалардың өңдеуге ұшыраған және алғашқы дүниеге келген туындылардың ортасында тағы бір жіңішке стилистикалық өңдеуге ұшыраған формасы пайда болды. Яғни, ертегілер алғашқы кейіпкерлерін сақтап қалған түрде жаңадан жазылды. Бұл арадағы ең үлкен еңбек баспадан басып шығарушылармен аудармашылардың еншісіне тиді. Аудармашылардың еңбектері халыққа ұнады. Өйткені ертегілерді оқып-түсіну оңай болу мақсатында аудармада жалпы ағылшын тілін қолданылды.
Британия аралдарында халық ертегілерінің жинақталуы және дамуы ең күрделі тарихи кезеңге тура келді. Ол кезеңдегі халық ертегілерге, мифтерге және ондағы орындалған діни рәсімдерге сенген және дамытып барған. Осыдан христиандардың дүниетанымының басталуы қалыптасқан. Сол кездегі ертегілердегі кейіпкерлер, аңыз адамдар, жауыздар, мейрімді жандар, сиқыршылар, періштелер, су перілері, ойдан шығарылған аңдар халық арасында өмір сүруді жалғастыра берді. Ағылшын халық ертегілеріндегі жауыздарға қарсы күреске қиялдан туған алып батырлары, мейірімді жануарлар, құдайлар немесе жай ғана шаруалар кейпіндегі кейіпкерлер өмір сүрді. Мысалы: ағылшан халық ертегісіндегі адам жегіштерге және қара күштерге қарсы күресуші кейіпкерді жай шаруаның ұлы Джек деп таныстырылған. Джек өте күш-қайратты, еңбексүйгіш, мейірімді, адал және шыншыл болғандықтан, халықтың арасында мұндай адамдарды халық батырлары деп атаған. «Adventures of Jack the Giant-Killer» ертегісіндегі Джек өз Отанының азаттығы үшін күрескен революционеріне айналады [1,C.174]. Ағылшын халық ертегілеріндегі кейіпкерлер барлық кезде мұндай батырларға айнала бермей, кейде оларды шық бермес Шығайбай капиталистер кейпінде де таныстырылады. Мұндай кейіпкерлерді Англиядағы буржуазиялық капитализмнің дамуының бірінші кезеңіндегі капиталистерге теңейді. Мысалы: «Molly Whuppie» ертегісіндегі адам жегіш жауыз адамдарды алдаған қыз Молли және «Jack and the Beanstalk» ертегісіндегі Джек өздерінің жақын жуықтарына, дос-жарандарына сонымен қатар айналасындағы барлық адамдарға өздерінің ерлігімен бақыт сыйлайды [1 ,C.175].
Ағылшын халқына тән күлкілі кейіпкерлерді яғни юморды да осы ертегілерден таба аламыз. Ағылшын халық ертегісі барлық кезде байқаған болсаңыз, өте бақытты және баянды аяқталады. Ертегілердегі кейіпкерлердің ертегі соңында қайғы-қасіретке ұшыраудан аулақ болады. Ертегінің соңында ешқашан жаман мотивтерді қолданбайды. Мұның бәрі ертегі оқушыларының тәрбиесіне жақсы әсер етеді. Ертегідегі кейіпкерлер сияқты мақсаттарына жетуді армандайды.
2. Оқушыларды тәрбиелеу барысында ағылшын халық ертегілерімен жұмыс жасаудың негізгі әдістері
Көпшілік адамдар ертегілерге өз салт-дәстүрлеріне қарағандай қарауды әдет етеді. Мұғалімнің бұл арадағы бірден бір мақсаты – баланы ертегінің мазмұнымен таныстыру, ертегі туралы әңгімелесу, ертегінің төрінде жатқан маңызды ақпараттарды баланың санасына енгізу, кейіпкерлердің рөлдеріне еніп ойын түрінде сахнада көрсету. Бұл әдіс ертегілермен жұмыс жасаудың дәстүрлі әдісі деп аталады. Ал мына әдіс дәстүрлі емес деп аталады, өйткені балалар бұл жерде ертегіні тыңдап қана қоймай,өздері ертегінің соңын өз ойларынан шығарып, бірнеше көріністерді араластырып, ертегідегі кейбір іс-әрекеттерді өзгертуі де мүмкін. Бұл жерде тағы да бір дәстүрге айналған әдіс — сұрақ-жауап қолданылады. Ең алдымен бала өзіне осындай рухани тәрбиеге бай дәстүрлі емес сабақтардың неге қажет екендігін ұғыну керек. Мұғалім мен оқушының арасындағы дәстүрлі емес қарым-қатынас ең алдымен ертегідегі кейіпкердің нені дұрыс, нені бұрыс жасағанын ажыратуға, оның қай жерде қате жібергенін анықтауға, қателерді қалай жоюға болатындығын, қаталдықпен жауыздықты қалай жеңу жолдарын үйрену мүмкіндігін береді. Мысалы «The Cat booted» атты ағылшын ертегісіндегі «By stranger hands well to rake up a heat» деген мақалға назар аударайық. Бұл ертегідегі мысық ешқандай еліктеугемысал бола алмайды. Өйткені, мысық өз мақсатына жету үшін кінәсіз жандарды алдайды. Өзін-өзідөрекі көрсететін бұл мысыққа ешкандай еліктеуге болмайды.Осы мысалдан келіп шыққанқорытындыда жоғарыда назар аударған мақаланың мағынасы «Өзгелердің қолымен өз пайдаңдыжасау» деген мағынаны ұғуға болады. Ал «Adventures of Jack the Giant-Killer» ертегісіндегі Джек, жайшаруаның ұлы, ертегідегі жауыз адамжегіштерге қарсы күреске түскенде алғашқыда тек марапаттуралы ойлаған, ал ертегі соңында ол бостандық үшін күресетін нағыз халық батырына айналады.Ертегіні оқыған балаларды бас кейіпкер айбындандырады, оның әрекеттерін жан-жақты талқылапдұрыс бағалай бастайды және бала өзіне қажетті жақсы және дұрыс тәрбиені алады. Жамандық пенжақсылық, қорлық пен зорлық, өтірік пен шындық, сүйіспеншілік пен жеккөрушілік ешқашан жауапсызқалмайтындығына бала көз жеткізеді.
Ертегідегі келесі қарап шығуды қажет ететін тағы бір қасиет — ол ізгі сезім тәрбиесі. Тәлім-тәрбиежұмысында ізгілікке жетелейтін сезімдер ертегіде ешқашан соңғы рөлді ойнамайды. Сол себепті оныоқыған бала ертегі кейпкерлерін өздерінің туыстарындай, өзіне ең жақын адамындай жақсы көредіжәне оған еліктейді. Мұғалімнің бұл жердегі алдына қойған мақсаты баланың сезімі мен ойын дұрысбағыттау.
Баладағы лингвистикалық білімнің элементтері дамуы өте ерте жастан басталатынын біз білеміз.Сондықтан балаға тек қана тыңдап, оқып, ойдан шығаруды ғана емес, ертегінің басқа да жаңақырларын достарымен жазба түрде ашуына бағыт-бағдар көрсетуіміз керек. Оның ең қарапайымтәсілдері — бұрында хат жазу, телеграммалар жазу болса, қазір де смс арқылы пікір алмасу немесетүрлі ғаламтор желілерінде талқылау. Баланың сөздік қорын дамыту үшін, ертегінің мағынасынбұрмаламай өздері ертегі ойлап шығаруға үйретеміз. Ертегілермен жұмыс жасау, әрине дәстүрлі емессабақтарға енгізіледі. Өйткені, баланың ертегілерге деген қызығушылығын арттыру және ойлауқабілеттерін дамытуға көп еңбек керек болады. Балаға ертегідегі кейбір кейіпкерлердің іс әрекеттерінөзгерту немесе өзі кейіпкерге жаңа келбет беру үшін біз сол бұрыннан келе жатқан «ертегідегі затесімдерді, етістіктерді және сөздің бөлшектерін табу» әдісін қолданамыз.
Мысалы мынандай ойын ойнайық: «Балалар ертегіні оқу барысында кейбір сөздер немесе әріптер бізгеренжіп қашып кетті. Ал кәнекей, ойланып сол сөздерді тауып көрейік. «On – up – a – tme — hre- was – a – little — grl» мына сөздердегі қай әріптер жетіспейді? Балалар ертегіні қайта-қайта оқып сөздердітабуға немесе өздері ойдан шығаруға әрекет жасайды. Біреу ертегідегі сөздерді жазса, ал біреулерікүлкілі сөздер жазып қояды. Ал ендігі бір ойын осы сөйлемдерде қанша дауысты және дауыссызәріптерді табу болса, келесі ойында балалар сөйлемдегі артық сөздерді табады. Мысалы: fox, hare, house, dog, cock сөздерін оқып аударып, артық сөзді немесе жабайы және уй жануарларын топтастырутапсырылады.Ол үшін Микки Маус немесе Винни-Пух ертегілерімен танысу керек. Оқушыға ең алдыменөзара әңгімелесу тапсырылады. Бұл үшін оқушылар екі топқа бөлінеді. Оқушылардың арасыннан еңбелсенді екі оқушы Микки Маус және Винни Пух рөліне тағайындалады.Олар өздерінің топтарына бір-бірімен әңгімелесуіне көмектеседі. Тапсырма мынандай: Микки Маус өз үйінің алдында, көк шөптердіңүстінде дем алып жатыр деп елестетеміз. Винни Пух оның жанына келіп онымен әңгімелеседі. МиккиМаус пен Винни Пух яғни екі топ арасында шамамен мынандай диалог болады.
Винни-Пух: Hello! I’m a little brown bear. My name is Winnie-the-Pooh. And who are you?
Микки: Hello! I’m a little grey mouse. My name is Micky. I live in this big house. Nice to meet you!
Винни-Пух: Have you got a family?
Микки: Yes, I have. I’ve got a father, I’ve got a mother and I’ve got a pretty little sister. I love my family very much. Have you got a brother?
Винни-Пух: No, I haven’t. But I’ve got a friend.
M и к к и : I love my friend very much too. Look, I’ve got a long tail. Have you got a long tail?
Ойын барысында оқушыларға сұрақ қоюға және жауап беруге көмектесіп тұру қажет.
Келесі бір ойынымызда оқушының ойлау қабілетін дамытуды көздедік. Ол үшін балаға бұрын естігенжәне оқыған ертегідегі кейіпкерлерді немесе көріністерді өзгерту, кішігірім екі әңгімеден бір әңгімежазу тапсырылады. Әрине, бұл оңай тапсырма емес. Бұл әдіспен біз баланың сөйлеу, жазу және ойлауқабілетін дамытамыз. Ойлау қабілетін дамытудың тағы бір әдісі ертегінің атауын шифрлеу. Оқушышифрлеу мақсатында сандарды қолданады және оны есте сақтап қалуы қажет болады. Немесеертегідегі күлкілі сөздерден сол ертегінің өзіне жаңа атау беру. Шифрлеу дегеніміз мынандайжолдармен іске асырылады, мысалы: («duck» -«kcud»); («pig» — «big»)…
Мұғалім оқушыларға беретін тапсырмаларының алдымен жоспарын жасап алады.Әрбір ертегінің өзінетән бағытымен тапсырмалар жасау керек. Бір ертегіде математикалық қабілет жеткіліксіз болса албасқа бір ертегіде экологиялық қабілеттің жеткіліксіз екендігін байқауға болады. Осының бәріне мәнбере отырып, мұғалім өз тапсырмаларын жасайды. Баланың тапсырманы оңай орындауға, дұрысойлауға бағыт береді. Мұның бәрі оқушыны географиялық саяхат жасауға, тарихи маңызы бар өткеншаққа көз тастауға, Отанды сүюге, салт-дәстүрлерді қадірлеуге итермелейді. Мұғалімнің мақсаты — осыәдістермен ертегілер арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту.

3. Оқушылармен ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын әдістері.
Жоғарыда біз мектеп оқушыларын тәрбиелеу барысында ағылшын халық ертегілерін қолданудың негізгіәдістерін көріп шықтық. Ал енді оқушылармен ағылшын халық ертегілерін үйрену барысындақолданылатын әдістерді анықтаймыз. Оқушылармен сабақ үстінде немесе сабақтан тыс уақыттаағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын негізгі әдістер мыналар:
І. Бағыт бағдар беретін қадағалау әдісі:
1) Мұғалім, ата-ана және балалармен біргелікте қандай ертегілер (ертегідегі кейіпкерлердің, кейбіркөріністердің, суреттердің, әзіл-қалжыңдардың, мұңды көріністердің…) бала тәрбиесіне қандайлайықты әсер ететінін көріп, үйреніп шығады;
2) Оқыған ертегісін ауызша айтып беру, кейбір эпизодтарына мән берудің өзі бала тәрбиесіне маңыздыәсер етуін анықтау;
3) Ертегідегі кейіпкерлердің мүсіндерін лай және саздан жасау, суреттерін салу, маскалар жасау,костюмдарин тігу, баланың шығармашылығын дамыту;
4) Ертегілердегі іс-әрекетінің орнына немесе мінездеріне сай әуендерін таңдау
ІІ. Салыстыру әдісі:
Ойын. «Кім неге ұқсайды? Кім кімге ұқсайды?»
Әр түрлі суретшінің бір ертегіге салған суреттерін салыстыру.
ІІІ. Танымдық және стильдік өзгешеліктерін дамыту әдісі:
1) Бұрында оқыған ертегілеріндегі көріністің, суреттердің немесе орындардың кітаптың қай жеріндеекенін еске түсіру, көз алдына елестету оқушының есте сақтау қабілетін дамытады.
2) Оқыған ертегілерді сахналау, викторина түрінде ойын көрсету, ертегіден үзінді көрсету арқылыжұмбақ жасыру, ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады.
3) Әдеби театр: өлеңдерден үзінді оқу, суреттерін салу, суреттер туралы әңгіме айту немесемузыкасын тыңдау баланың дүниетанымын тереңдетеді.
ІV. Көркемдік бейнелермен тәжірибе жасау әдісі:
1) Ертегідегі кейіпкердің бейнесінде үзінді оқып беру баланың сол бейнеге енуіне, оның мінез-құлқынтерең үйренуіне бағыттайды.
2) Оқыған ертегідегі батырларды өз арамыздан іздеу, қазіргі замандағы қаһармандармен ертегідегікейіпкерлерді салыстыру, өзін кейіпкердей ұстау, ескіні жаңашаландыру әдісі.
3) Ертегідегі кейіпкердің келешектегі тағдырын болжау әдісі автордың идеясын әрі қарай авторрамкасынан тыс шығарманы дамытуға жетелейді.
V. Сараптау және бағалау әдісі:
1) Менің сүйікті кейіпкерім: барлық жастағы оқушылар өздері таңдаған қаһармандарын көрерменгетанытып, оның іс-әрекетінің дұрыс екендігі, нағыз батыр екендігін дәлелдеу, жоғары бағаға сайекендігін көрерменге жеткізу.
2) Менің сүйікті авторым және ертегім: бала өзі таңдаған автордың ертегілерін оқушыларға өте тамашаертегі ретінде таныстыру және жоғары дәрежедегі шығарма екендігін дәлелдеу.
3) «Ертегідегі оқиға не туралы? Ондай оқиғалар басқа ертегілерде кездесе ме?» тақырыптарындаәңгімелесу және оқыған ертегіге баға беру.
4) Әдеби қаһармандар туралы «Бұрын оқыған ертегілердегі қай қаһарман немесе батырға ұқсайды?Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?» деген сұрақтарға жауап табу.
5) Ертегіні жазған жазушы туралы әңгіме: оқушылар өздері оқыған ертегілерді жазған авторлар туралымағлұматтар жинақтап айтып береді, оларға қойылған ескерткіштер немесе сол автордың атыменбайланысты жерлер туралы әңгімелеп береді (Атап айтсақ, «Питер Пэн»-нің Лондондағы ескерткіші, «Нильс Хольгерсон жабайы қаздармен» атты Токиодағы ескерткіші, «Жабайы аққулар» атты ескерткішОденсте, «Пиноккио»ескерткіші Коллодиде, «Русалочка» және Андерсеннің Копенгагендегі екіескерткіші; Санкт-Петербургтағы Андерсенград ескерткіші, АҚШ-тағы Диснейленд, ОденстағыАндерсенның Үй-музейі).
6) Ең күлкілі немесе ең қорқынышты ертегі: «Қандай қорқынышты немесе күлкілі кітаптарды оқыдың?»тақырыбына әңгімелесу.
Осындай әдістермен жұмыс жасау баланың әдеби-ассоциативтік ойлау және сөйлеу қабілетіндамытуда, шығармашылық қабілетін дамытуда, жан-жақты жетіскен, білімді келешек ұрпақтарынтәрбиелеуде маңызды рөл ойнайды.
Қорытынды
Ертегі баланың өмірінде маңызды рөл ойнайды. Ертегі баланың рухани әлемін, Отаншылдық тәрбиесін,өз халқының өткенін қадірлеуін, адамгершілік тәрбиесін, қоғамға деген сүйіспеншілігін нығайтады.Ертегі бала тілінің дұрыс дамуына әсер етеді. Ой-қиялын, қоғамға деген көзқарасын, өнертапқыштығын дамытуда ертегінің орны өте маңызды. Ертегі арқылы атадан балаға мұра болып кележатқан ақыл-кеңестерді, мақал-мәтелдерді, әдет-ғұрыптарды жеткізе аламыз.
Ертегі оқу арқылы тарихта сақталып қалған құнды ақпараттармен танысамыз. Білімді, мәдениетті, жан-жақты дамыған жас ұрпақ тәрбиесінде ертегінің орнын ешбір шығарма баса алмайды. Әрине балатәрбиесіндегі бірден-бір жұмыс әдісі емес, бұдан да басқа маңызды әдістер де бар. Мен әңгіме еткенбұл әдістер сабақ барысында немесе сабақтан тыс ертегіні сүйіп оқуға,одан керекті құндыақпараттарды алуға көмектеседі. Оқушы ертегіні тек оқып, әңгімелеп қана қоймай, әңгіме жазуға даүйренеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Гордон Д. Терапевтические метафоры: оказание помощи другим посредством зеркала. — СПб.: Белый кролик, 1999, — 252б.
2. Джекобс Д. English fairy-tales. – UK,- 1999, – 208б.
3. Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. — М.: Просвещение, 1999, — 222б.
4. Колкер Я.М. Практическая методика обучения иностранного языка. — М.: Академия, 2004, — 264б.

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*