арзан  ойыншық

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Алматы облысы білім басқармасы Алматы облысы, Талдықорған қаласы «№ 9 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

 

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Алматы облысы білім басқармасы

Алматы облысы,  Талдықорған қаласы

«№ 9 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

 

 

 

Авторы:                  Рифатқызы Інжу

 

Сыныбы:                  3 сынып

 

Тақырыбы:             «Арзан ойыншық-қымбат дерт»

 

Бағыты:                     Жаратылыстану

 

 

Секция:                      биология

 

 

Жетекші:                   Бастауыш сыныбының мұғалімі

Дуусей Баршагул


Аннотация

Зерттеу мақсаты:

  • Қытайдан әкелініп жатырған ойыншықтардың жас ұрпақтың ағзасына тигізетін зиянын түсіндіру;
  • Ойыншықтардың құрамы туралы түсінік беру;
  • Зиянды ойыншықтар әсерінен балалардың зардап шекпеуін қамтамассыз ету.

 

Міндеттері:

  1. Қытай ойыншықтарының құрамындағы зиянды қосылыстардың мөлшерін анықтау;
  2. Қазақстанда ойыншық индустриясын дамытудың қажеттілігін айқындау.

 

Өзектілігі:

Қазіргі таңда әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы Қытайдан әкелінеді. Алайда, ата-ана ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенін біле бермейді. Соның салдарынан бала азап шегеді.

Сондықтан мен өз құрбыларымызды, ата-аналарды ойыншық таңдауда абай болуға шақыра отырып, қазақ елінің болашағы сәби денсаулығын қорғауда аз да болса өз үлесімді қосқым келеді.

 

Зерттеу нысаны: ойыншықтар түрлері

 

Болжамы: Қытай ойыншықтарының құрамындағы улы заттардың бала ағзасына зиянды жақтары


Аннотация

Цель иследования:

  • Объяснить вредное влияния игрушек произведенных в Китае на детский организм.
  • Дать пояснение о составе материала применяемых при изготовлении игрушек;
  • Обеспечить безопасность игрушек произведенных в Китае на организм детей.

 

Задачи:

  1. Определить уровень вредных веществ на китайских игрушках;
  2. Обозначить необходимость создания в Казахстане производства индустрии.

 

Актуальность.

В современном мире каждый родитель хочет доставить радостьсвоему покупкой новых игрушек. Но к сожалению на прилавках много продукции привезенных из Китая. Большинство родителей не подозревают, что эти игрушки опасны для здоровья детей. В конечном счете страдают дети. Проведя свои иследования я хотела внести маленький вклад в дело защиты здоровья детей Казахстана.

 

Объект исследования: виды игрушек.

 

Гипотеза: Отрицательное влияние ядовитых веществ в составе китайских игрушек на здоровье ребенка.

 

 

Abstract

The aim of the study:

  • Explain the harmful effects of toys made in China child’s body.
  • Clarification on the composition of the material used in the manufacture of toys;
  • To ensure the safety of toys produced in China for children.

 

Tasks:

  1. To determine the level of harmful substances in Chinese toys;
  2. To identify the need to create in Kazakhstan the production industry.

 

Relevance.

In today’s world every parent wants to deliver radetskaya buying new toys. But unfortunately on the shelves a lot of products brought from China. Most parents are not aware that these toys are dangerous to children’s health. Ultimately the children suffer. After my studies I wanted to make a small contribution to the protection of children’s health Kazakhstan.

 

Object izsledvania: types of toys.

 

Hypothesis: the Negative effect of toxic substances in Chinese toys on the child’s health.
І. Кіріспе.

Ойын бала үшін — нағыз өмір. Ойын арқылы бала өмірге әзірленеді. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ал ойыншықтар баланы жан-жақты тәрбиелеу құралы. Бала ойыншықпен ойнай отырып, дүниетанымы қалыптасады. Қимылы дамиды. Қолдарымен, саусақтарымен жұмыс істеу барысында баланың миы да дамиды. Ойыншық баланың ойлау қабілетін дамытып, оның шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.

Ертеректе, заманның қызылтаяң кезеңінде аталарымыз ағаштан жасалған әр түрлі жануарлармен, ал әжелеріміз малдың сүйегінен жасалған ойыншықтармен ойнаған.

Техниканың дамыған уақытында бір ойыншық жасау үшін бірнеше қала жұмылдырылады. Біреуі жұмсақ ойыншық жасаса, енді біреулері олардың дыбыс шығаратын динамиктерін жасайды, біреулері киімін тігеді, тағы бірі қосымша бөлшектерін жасайды. Қажетті шикізатпен, технологиямен толық жабдықталған. Әлем ойыншықтарының 95%-ы Қытайда құрастырылады.

Қазірде тәуелсіздігін алған Қазақстан ұрпақтары үшін ойыншық қол жетімді дүние. Қазіргі таңда, базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығын да кездестіруге болады. Дегенмен бүгінде сауда айналымында ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. Қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына шыдас бермей, әп-сәтте «істен» шығады. Сондай-ақ Қытайдан жеткізілген қауіпті ойыншықтардың қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына зиянды улы химиялық заттардың бар екенін айтып, бүкіл әлем дабыл қағуда. Дабыл қағып қана қойған жоқ, оған қарсы шаралар қолданылып жатыр. Мәселен, бүгінде аспан асты елінде шығарылған ойыншықтардың Солтүстік Америка мен Австралияның дүкендерінде сатылуына тыйым салынған. Сол сияқты, Ресей Қытай ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң, дайын өнімдерді кері қайтарып, тіпті осыған байланысты арнайы заң қабылдаған. Өкінішке қарай, басқаларға керексіз болып қалған осы ойыншықтар біздің елімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр. Қолда бар деректерге сүйенсек, сауда нүктелеріне шығатын ойыншықтардың 80-90 пайызы қытайдікі көрінеді.

 

ІІ.Негізгі бөлім.

  1. Қытай ойыншықтары Қазақстанда

Бұл күндері миллиардтаған халқы жұмыр жерге сыймай жатқан көрші Қытай елінің тауарларын біз әйтеуір денсаулыққа жақсы емес деп қоямыз да, күнделікті тіршілігімізде пайдаланып жүре береміз.

Қазақстанға қырық мемлекеттен ойыншық келеді. Олардың ішіндегі ең алпауыттары, былтырғы есеп бойынша,  Америкадан – 74 млн, Қытайдан – 50 млн, Ресейден – 12 млн долларға ойыншық сатып алынады екен. Қып-қызыл қаржы сыртқа сыңсып кетіп барады. Ал, ұсақтары қаншама.  Осыншама қаржы шығарып сатылып алынған ойыншықтар қаншалықты сапалы, қаншалықты қауіпсіз, баланың дамуына, ақылды болып өсуіне қаншалықты пайдалы? Жауабы қиын сұрақ.

Оң-солын енді ғана тани бастаған баланың санасы қалам тимеген ақ қағаз сияқты тап-таза. Миы да түрен тимеген тыңдай. Тек сол санаға қандай да бір дән себу – өз қолымызда. Ал сәбидің санасына ненің дәнін сеуіп жүрміз? Бұл – ойланатын мәселе. Ұлттық тәрбиенің тал бесігіне салып, қазақы қалыпқа құйып отырмыз десек, жалған айтқан болар едік.

Бала тәрбиесіне бүгінде теледидардың ықпалы күшті. Қытайдан ағылған  зиянды ойыншықтардың да орны бекем. Көзін тырнап ашқаннан басы жастыққа тигенше, телеарналардан шетелдің басы үшбұрышты, төртбұрышты, ұсқынсыз, не екені беймәлім кейіпкерлері бар мультфильмдерін көреді. Одан қалды, қытайлық сиықсыз ойыншықтар да ермек. Теледидардан көргенін жасайды. Біз болсақ, қан-жоса, қырғын-жорықты шімірікпестен балаға көрсетіп, ұсқынсыз, улы ойыншықтармен ойната отырып, ұрпаққа берер ұлттық құндылықтар туралы айтқымыз келеді.

Қытайдан ағылып жатқан ойыншықтардың пайдасынан гөрі зияны көп екені айтылудан кенде емес. Бірақ өзімізде жоқ ойыншық индустриясы көршімізге амалсыз жүгіндірді. Қытай көршіміз «сүтті сиырын» беріп отырған жоқ.Ата-ана шіркін, шетелде нағылып жатқан ойыншықтарды аларда сертификат сұрап, сапасын тексермейді, баласының санасы немен ластанып жатқанына мән бермейді. Кейін опынады. Қазір еліміздегі базар, дүкен сөрелерін қытай тауарларының жаулап алғанына біраз уақыт болды.  Ол тек ойыншыққа ғана қатысты емес. Бұл елдің азық-түлігі, жеміс-жидегі, киім-кешегі де мемлекетімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр.   Отандық мамандар қытайдың тек ойыншығы ғана емес, тамағы, тіпті балалардың киім-кешегіне дейін қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына кері әсерін тигізетін улы химиялық заттардың бар екенін айтып келеді. Әлемдік брендтердің өнімдерін «көшірумен» белсенді түрде айналысып отырған қытай кәсіпорындары ақшаға құныққандықтан, сапаға емес, санға мән береді.  Сырт көзге сүп-сүйкімді көрінетін өнімдерге алданып, онда қандай қатер бұғып жатқанына мән бере бермейміз.

Қытай тауарлары тек Қазақстан нарығын ғана емес, бүкіл әлем елдерін жаулап алғаны аян. Бірақ та кейінгі жылдары Америка, Ресей елдері қытай ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң ойыншықтарды кері қайтарып, тіпті, осыған байланысты арнайы заң қабылдаған болатын. Мәселен, жақында Ресейде «Балалар ойыншықтарын шығару және тарату өндірісінде бақылау мен қадағалау тиімділігін арттыру туралы» жаңа заң қабылданып, күшіне енді. Яғни, бұл құжат бойынша ойыншықтар нарығындағы қауіпсіздік ережелерін нығайтуға күш салынады. Қытайдан келетін тауардың, соның ішінде ойыншықтардың бәрі қауіпті деп айта алмаймын. Қытай ойыншықтарының екі түрі бар. Біріншісі — зауытта жасалып, елімізге ресми түрде әкелініп, тексеруден өтіп, сапасы жөнінде сертификаты бар тауар.

Олар негізінен жүк түрінде әкелініп, сертификация органына зерттеуге жіберіледі. Бұл ойыншықтардың құжаты болғандықтан кез-келген дүкенге қиындықсыз алады. Ал заңсыз әкелінген ойыншықтардың сапасы жайлы сертификаты болмағандықтан, оларды ешқандай дүкен алмайды. Сондықтан ондай тауарлар базарда сатылады. Ал әрбір өнімнің сапасы, қауіпсіздігі жайлы сертификаты не болмаса санитарлық қорытындысы болуы қажет .    Бірақ та қара базардағы өнімдерде ондай сертификат болмайды. Арзан болғасын сапасы да нашар. Әрбір ойыншықта маркасы, шығарған зауыт аты, ел коды, мекенжайы туралы ақпарат болу керек. Ал базардағы ойыншықтарда ондай құжат жоқ.

  1. Қытай ойыншықтарының құрамындағы зиянды

химиялық заттар

Ересектер балаларға жылтыраған қытай ойыншықтарын әперуге құштар.  Бірақ та оның негізі химиялық өндірістің қалдықтарынан жасалынатындықтан баланың миын зақымдап, көру қабілетін төмендетіп, кемтарлыққа ұшырататынынан көп жағдайда хабарсыз.

Енді белгілі деректерге сүйенсек, осыдан екі жыл бұрын америкалық «Mattel» компаниясы өздерінің Қытайда жасатқан 18 миллионға жуық ойыншығын дүкен сөрелерінен сыпырып алып тастады. Себебіне келсек, америкалық кәсіпорынның тапсырысын орындаған қытайлық «Dong Lian» және «Yip Sing» компаниялары ойыншықтар өндірісінде құрамына белгіленген мөлшерден бірнеше есе көп мырыш бар бояуларды қосып, пайдаланғаны анықталды. Міне сондықтан да «Mattel» компаниясы әлемдік деңгейдегі шуға қалып, Таяу Шығыс пен Африкаға жөнелтілген тауарларын кері қайтарып, тұтынушыларға өтемақы төлеп, құтылған. Ал мырыш әсіресе нәрестелер үшін аса қауіпті. Яғни, ағзаға түскен мырыш миды зақымдап, сәбиді мүгедек қылады. Ал кішкентай бүлдіршіндердің кез келген затты ауызға салып, иіскеуге құштар екендігі ешкімге де жасырын емес. Осылай зиянды, улы заттар бала ағзасына түсіп, түрлі ауруға ұшыратады. Қытайдан келген ойыншықтар құрамындағы формальдегид әдеттегіден 10-15 есе көп екен. Сонымен қатар қытайлық ойыншықтар құрамында аса зиянды улы зат — фенолдың көрсеткіші де бірнеше есе көп екендігі және шығатын дыбыстардың талаптан асып түсетіні де белгілі болды. Тіпті нәрестелерге арналған сыңғырлақтардың келешекте баланы керең, саңырау қылатыны да анықталып отыр. Жұмсақ резеңке ойыншықтарын бояйтын заттар құрамындағы кадмий мен қорғасын мөлшері де қалыпты деңгейден әлдеқайда асып түскен. Ал осындағы фенолды алайық. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 201 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде фенолдың мөлшері 0,05-тен аспауы керек деп нақты көрсетілген. Формальдегид 0,003-тен артық болмауы тиіс. Кадмий қаулы-қарармен бекітілген тізімде атымен жоқ. Өйткені ол – жоғары улы металл, батарейкаға пайдаланылады. Алайда тізімде болмаса да, ол ойыншықтардың құрамында бар. Формальдегид те жетісіп тұрған жоқ, өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады. Бірақ сөйте тұра, осындай улы заттардың жиынтығымен сәбилер күнде ойнайды. Дәрігерлер сәбилер арасында бұл күнде әртүрлі аллергия ауруының да күрт көбейіп отырғанын жасырмайды. Оның бір себебін қытайлық ойыншықтардан іздесек, адаспаймыз.

Қытай ойыншық өндірісі қауымдастығының дерегіне қарағанда, онда 30 мыңға жуық әртүрлі ойыншық шығарылады. Қазіргі таңда балаларға арналған Қытай экспортын, негізінен, Орталық Азия елдері мен АҚШ және Еуроодаққа кіретін мемлекеттер тұтынатын болып отыр. Еуроодақ елдері Қытайға қатаң талап қойған. Онда олар қытайлық өндірушілер ойыншықтардың қауіпсіздігіне назар аударуы тиіс деген талапты ұстаныпты.  Ал біз ше? Біздің ұстанғанымыз қандай? Қытайдың айтулы фирма-компаниялары емес, кооперативтері шығарған ойыншықтарының сырт келбеті, сықпытының өзі бала түгіл, үлкен адамды шошытқандай. Басы үлкен, көзі дәу. Аяқ-қолы мен денесінің пропорциясы сақталмаған мүгедек, жарымжан ойыншықтар.

Мұндай улы ойыншықтар баланы тек қана аллергиялық ауруға ұшыратып қоймайды, онымен қоса асқазан, ішек дерттеріне де ұшыратады екен.

  1. Ойыншықтың сапасы: сарапшылар сойлейді

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті басқармасының бастығы Айгүл Қасымованың хабарлауынша, базар сөрелеріндегі ойыншықтардың 80 пайызы қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламентке сәйкес емес

Қазір ойыншықтың түр-түрі көрінген жерде сатыла береді. Сол себепті ойыншық алар кезде қауіпсіз ойыншықты ажырата білуге тырысыңыз. Ең алдымен, сатушыдан өнімнің санитарлық анықтамасын сұраңыз. Одан кейін бағасы тым арзан ойыншықты алмауға тырысыңыз. Сонымен қатар, ойыншықты алдымен иіскеп көруге де болады, егер иісі тым өткір, немесе «химияның» белгілері байқалса, мұндай ойыншықты алудан бас тартыңыз.

Айтпақшы, елімізде «Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» заң бар екенін біреулер білсе, біреулер білмейді. Бұл заңда ойыншық баланы агрессиялық әрекетке, қатыгездікке, тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылыққа итермелемеуі керек деп жазылған.

Мамандардың айтуынша, Қытайдан келген ойыншықтар халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді. Олардың құрамындағы зиянды химиялық заттар: фенол – бекiтiлген нормадан 1,2-1,4 есе; қор¬ғасын – 1,7; кадмий – 1,6-4,0; формальдегид 1,2-4,1 есе артық. Химиялық зиянды заттар фенол, формальдегид бала жүйкесiне әсер етедi, терiге тез сiңедi. Ауыр металл тұздары: кадмий, қорғасын улы химиялық заттардың құрамына кiредi.   Мәселен, кадмий тыныс алу жолдары мен асқазанға зиянды әсер етсе, қорғасын ағзада жиналып, созылмалы улануға себеп болады екен. Ал осындағы фенолды алайық. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы №201 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіп-сіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде фенолдың мөлшері 0,05-тен аспауы керек деп нақты көр¬сетілген. Формальдегид 0,003-тен артық болмауы тиіс. Кадмий қаулы-қарармен бекітілген тізімде атымен жоқ. Өйткені ол – жоғары улы металл, батарейкаға пайдаланылады. Алайда тізімде болмаса да, ол ойыншықтардың құрамында бар. Формальдегид те жетісіп тұрған жоқ, өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады. Бірақ сөйте тұра, осындай улы заттардың жиынтығымен сәбилер күнде ойнайды.    Дәрігерлер сәбилер арасында бұл күнде әртүрлі ал¬лергия ауруының да күрт көбейіп отырғанын жасырмайды. Оның бір себебін қытайлық ойыншықтардан іздесек, адаспаймыз. Алдағы уақытта әлемдегі ойыншық индустриясының 75 пайызын қытайлықтар шығаруы мүмкін деген мәлімет тағы бар.

Елімізге Қытайдан әкелінетін ойыншықтар сапасы сын арта ма? Олар баланың жүйке-жүйесіне қаншалықты әсерлі?

Мәселен, сарапшылар қарапайым қуыршақ пен сылдырмақтың балаға төндірер қаупін айтып, жағаларын ұстап отыр.

Әдемі қуыршақ, зырылдаған машина – бүгінгі баланың басты ермегі.  Ойыншықтар сапасын екі баланың анасы Айым Сәдуақасова жақсы біледі. Тіпті, бауыр еті баласына сатып алған жаңа ойыншықтан кейін дәрігерлердің көмегіне жүгінген кездер де болыпты.

Айым СӘДУАҚАСОВА, қала тұрғыны:

— Бала аузына салса, аузы уылып кетеді. Ондай жағдай біздің Әлиханда болды. Оның ауызы уылып кетті. Түсіне, иісіне қараймыз. Кейбіреуінің иістері болады.

Ойыншық – баланың ең жақын серігі. Сондықтан ойыншықты сатып алмас бұрын оның санитарлық және техникалық қауіпсіздігіне назар аударған абзал. Мамандар алдымен ойыншықтың маркасына қарап, ақпарат алған соң сатушыдан сапа сертификатын талап еткен дұрыс дейді.

Дүкен сөрелерінде самсап тұрған қазіргі ойыншықтардың басым бөлігі Қытай, Ресей, Белорусиядан әкелінеді. Арнайы жүргізілген тексеру барысында сырттан келген ойыншық-тардың көбісінің қауіпсіздік сертификаты да болмай шыққан..

Шаукеш СЕЙТМАҒАМБЕТОВА, ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиология комитетінің сарапшысы:

— Химиялық заттардың адамға зияндылығын біле тұра алдын-ала шара қолданып жатырмыз. Ата-ана ойыншық аларда баласына зиян келмейтін, исіне, оның бүтіндігіне, баланың қолын кесіп кетпейтін үшкір еместігіне назар аудару керек.

Өткен жылдың аяғында ойыншықтар сапасына қатысты жүргізілген тексерулер біраз былықтың бетін ашқан. Көздің жауын алатын ойыншықтардың құрамында улы заттар анықталған.

Сарапшылар ойыншық сататын 84 орынның 75-інің өнімі талапқа сай келмей шыққанын айтады. Сонда елімізге келетін тауарлардың 90 пайызы көңіл көншітпейді деген сөз.

Айгүл ҚАСЫМОВА, ҚР Мемлекеттік қадағалау мониторингі және талдау басқармасының бастығы:

— Ойыншықтар міндетті түрде сертификацияға жатады. Бірақ сату барысында кейбірінің сертификаты жоқ. Тұтынушыға толық ақпарат жазылмаған. Ондай ойыншықтарға тыйым салынып, айыппұл төлетеді.

Жасанды көшірмесін түпнұсқасынан да асырып түсіретін шеберлігімен танымал қытайлықтар ойыншық өндірісінде де алда тұр. Ал, оны балаға сыйламастан бұрын, сапасына зер салған абзал.

  1. 4. Отандық ойыншықтар зауытын ашу — өзекті мәселе.

Еліміздегі базарлар мен дүкен сөрелерін арзан әрі сапасыз ойыншықтардың жаулап алуының нәтижесінде омыртқасы қисық, керең, иіс сезу мүшесі әлсіз ауру буын өсіп келеді. Әрине, жас балғын сәби мына әлемді ойыншық арқылы таниды. Осы жансыз бейнемен сырласады. Қазіргі уақытта еліміздің нарығындағы киетін киім-кешек те, күнделікті тұтынатын тағам, сусындарымыздың, тіпті балалар ойнайтын ойыншықтардың өзі шетелден әкелінеді. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда ойыншық өндіретін отандық зауыт ашқанның өзінде көп ұзамай ол өзін ақтай алмай жабылып қалады. Қытайдан ағылған арзан ойыншықтар отандық өнімді дамытуға мүмкіндік бермейді. Ал балалардың күнделікті құшақтап, тіпті бірге ұйықтайтын серігі — ойыншықтың берер тәрбиесі де зор. Балалардың ертегілерді ұйып тыңдайтыны белгілі. Ондай болса, қазақ ертегілерінің желісімен Алдар көсе, Тазша бала, батырлар тәрізді ұлттық кейіпкерлер бейнесінде ойыншықтар жасалса, бұл бала үшін баға жетпес сый болар еді. Әрине, бұл — отандық кәсіпкерлерге қатысты мәселе. Тек қалтасын толтырумен ғана айналыспай, жас ұрпақтың дені сау да, ақылды, өз елінің патриот азаматы болып өсуі үшін қамқорлық көрсетіп, ойыншықтар өндірісін қолға алуға болады емес пе?

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мамандарының мәліметіне жүгінсек, өткен жылы сауда орындарында токсикологиялық зерттеуге алынған ойыншықтардың көпшілігі талапқа сай келмей, сауда айналымынан шығарылды. Ойыншықтардың құрамындағы формальдегид қосындысы мен толуол сұйықтығы мөлшерден артық.

Ойыншық баланың тек ермегі ғана емес. Әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аябайтыны белгілі. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана әсте  тартынып қалмайды. Өкінішке орай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді. Алайда, ата-ана ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына зияны барынан хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігіне бас ауыртпайды. Шындығына келгенде, сол балалардың ойыншықтарының барлығы да – шетелдің мультфильм, ертегілерінің кейіпкерлері. Міне, мұнда да өзге елдің идеологиясы жүруде деген сөз. Онсыз да телеэкрандарымызды шетелдің мультфильмдері жаулап алып, сәбилеріміз өзге елдің идеологиясымен өсіп жатқаны аздай, олардың күнделікті қолынан тастамайтын ойыншықтары да Қытайдікі. Себебі, аспанасты елі бір ғана ойыншық экспортының өзінен жылына қыруар қаржы тауып отыр. Әрі кең-байтақ жері бар қазақ елінің ұрпағы, келешекте мемлекеттің тұтқасын ұстайтын бүгінгі кішкентай жеткіншектердің әлжуаз да ауру болып, жат елдің боданында өсуі үшін әдейі жасалып жатқан қитұрқы саясат болуы әбден мүмкін.

Базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығы ересектердің де жанарын өзіне еріксіз аудартады. Бірақ бүгінгі тауар сатылымындағы ойыншықтар тек батыстық үлгіде шығарылған. Бүлдіршіндеріміздің ойыншықтары – шетелдің мултьфильмдері мен киноларының кейіпкерлері. Егер қазақ ертегі-аңыздарындағы ұлттық кейіпкерлер бейнесінде ойыншықтар жасалса, бұл бала үшін баға жетпес сый болар еді. Елімізге белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болмановтың «Бал Бала» жобасымен бүлдіршіндер үшін ұсынылған қазақша ән айтып, би билейтін ойыншықтар шығарып жүргеніне көп уақыт болды. Бұл – ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын жақсы бастама. Алайда, ол ойыншықтардың бағасының қымбаттығы көп ата-ананың қалтасына салмақ түсіретінін де жасыра алмаймыз.

Қорытынды

Осы күні қазақ баласы ойнап жүрген қытай ойыншықтарының қауіп-қатерге толы екені ақиқат. Көбінде ата-ана баласына бір сәттік қуаныш сыйлау үшін оның сапасының сын көтермейтінін біле тұра, мән бермейді.  Әрине, дүкендердегі бағасы шарықтаған ойыншықтарды сәбиіне алып беруге бәрінің қалтасы көтере бермейді. Дегенмен де баланың қауіпсіздігі үшін қара базардағы қаптаған арзан ойыншықтардан гөрі, дүкендерден сертификаты бар ойыншықтарды алған жөн. Осы мәселелерді қолға алып, сырттан келетін ойыншықтың сапасына тиісті орындар үшін қатаң қадағаланатын мәселе.  Өйткені ойыншық – ұлттық қауіпсіздіктің басты мәселесі. Ойыншық мәселесіне жеңіл-желпі қарауға болмайды. Ойыншық арқылы баланың ойлау қабілеті артады, сол арқылы өмірге бейімделеді. Сондықтан ұлт боламын деген, ұрпағын ойлаған ел балалар ойыншығына, әсіресе, сырттан әкелінетін ойыншықтың сапасына, зиянсыздығына ерекше көңіл бөлуге, қатердің алдын алуға міндетті.
Қазақтың баласы тамырынан қол үзіп қалмасын десек, ұлттық нақыштағы, бүлдіршіндерді қызықтыра білетін, бір көргенде елітіп әкететін ойыншықтарды, мультфильмдерді түсіру керек. Өскелең ұрпақтың қоғамның толыққанды, парасатты тұлға болып қалыптасуына оның қолындағы ойыншықтары мен көгілдір экранның тигізетін әсері мол. Ойыншықтар баланың мінез-құлқын, жас ерекшелігін ғана көрсетпейді, сонымен қатар болашақта жеке тұлға болып қалыптасуына психологиялық рөл атқаратындығы дәлелденді.
Ұсыныс:

  • Елімізге әкелінетін Қытай ойыншықтарының химиялық бактериологиялық сараптамалардан өткізілуін қатаң қадағалау;
  • Қазақстанда ойыншық шығаратын зауыттар ашу;
  • Қытайдан келетін құжаты жоқ ойыншықтарға тосқауыл қою жұмыстары күшейтілсе;
  • Бала дәрігерлері тарапынан ата-аналарға ойыншықтар, олардың құрамындағы улы заттар туралы үнемі ақыл-кеңес жүргізіліп отырса;
  • Зиянды ойыншықтар туралы телеарна, ақпарат беттерінен жарнамалар көрсетілсе;
  • Келешекте Қыдырәлі Болмановтың «Бал-бала» жобасы сияқты, Отандық ойыншық өндіретін зауыттар ашылып, ойыншықтың бағасы барлық балалар сатып алатындай қол жетімді болса екен.

 

 

Қосымша
Белгілі әнші, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Қ.Болмановтың «Бал-Бала» жобасы бойынша жасалған ұлттық нақыштағы ойыншықтары.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ол кім, бұл не?
  2. Қытайдың зиянды ойыншықтарына қашан тосқауыл қойылады? — Ж. Сүлейменов АСТАНА.
  3. «Арзан ойыншық – қымбат дерт» Автор: Сандуғаш Әлімжанова
  4. «Сапасыз ойыншықтар бала болашағын бұлыңғырлатады» мақала 14.09 2013
  5. Балаларды арбаған «Сиқыр ойыншықтар» оның денсаулыққа зияны қандай? Мақала 04.2012
  6. «Қуыршақтарды күлімдетіп, сәбилерді сергелдеңге түсірген қайран Қытай» мақала 29 шілде, 2011
  7. «4 миллион баламыз Қытай тауарына телміріп отыр»Автор: Жанар Келменбетова, Қарағанды

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*