1

ЖУАЛЫ АУДАНЫ №21 Д.ПАХОМОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП Тақырыбы: «Су қоры-халық байлығы» Орындаушы: №21 Д.Пахомов ОМ 8-сынып оқушысы Құттыбай Сабина Жұмабекқызы Жетекшісі: Лебаева Айгуль Абдезимовна Қоңыртөбе

   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЖУАЛЫ АУДАНЫ №21 Д.ПАХОМОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП

Тақырыбы:  «Су қоры-халық байлығы»

Орындаушы:  №21 Д.Пахомов ОМ  8-сынып оқушысы

Құттыбай Сабина Жұмабекқызы

Жетекшісі: Лебаева Айгуль Абдезимовна

 

Қоңыртөбе

2017-2018 оқу жылы

                                       Мазмұны    

Зерттеу тақырыбы    ……………………………………………………………………..2

І.Кіріспе………………………………………………………………………………………..3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІ

1.1  Ауылдың су мәселесі ……………………………………………. ………………4

1.2   Қоңыртөбе ауылы…………………………………………………………………..5

1.3 Боралдай тауы………………………………………………………………………….6

1.4 Сарқырама…………………………………………………………………………….7-8

ІІІ.   ҚОРЫТЫНДЫ   БӨЛІМ………………………………………………………9-10

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ……………………………….11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

       Зерттеу тақырыбы: «Су қоры-халық байлығы»

 

 

Зерттеу жұмысының мақсаты-жаһандық проблемаға айналып бара жатқан су мәселесін жан-жақты байыппен қарастырып, оның қыр-сырын терең тани түсіну және ғылыми тұрғыда зерттеп, оның шешу жолдарын анықтау.

 

Су ресурстарының сипатын ғылыми тұрғыдан зерттеу мақсатын орындау үшін зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер қойылды:

— Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері, өзктілігі

— Су мәселесінің қалыптасуы мен дамуы

— Су ресурстарының қамтылуы

— Ауылдың су мәселесі қатысты материалдар жиынтығы

— Тақырыпқа қорытынды жасау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

І.Кіріспе

Егеменді ел атанып, азаттықтың алтын бесігінде тербергел тәуелсіз елдің темірқазығы-өскелең ұрпақ. Сол өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар  сілтеп, Отанын, туған  жерін, халқын  сүюге тәрбиелейтін, аса маңызды, қадірменді кеңесшісі – оқушылардың зерттеу жұмысы екені даусыз.  Зерттеу жұмысымен шынайы достасқан жас өркен ғана, ұлтымыздың өресі жоғары, көкірек  көзі ояу, интелектуалдық мүмкіндігі зор, рухы биік азаматы болары ақиқат.Зерттеу жұмысында қозғалмақ болған  тақырыбым  туған жердің су мәселесі. Бірақ қазір су мәселесі бүгінгі таңда  тек өзімізде ғана емес, жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі. Тірі және өлі табиғатта жүретін прцестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызызор. Табиғат байлықтарының ішінде  судың  роны  ерекше.Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Сондықтан «Су – өмір  нәрі» деп  бекер айтпаған.Жер бетіндегі тіршіліктің барлық формасы үшін су қажет, онсыз тіршілік процесі жүрмейді. Жер бетінің 77,5 пайызын су алып жатыр. Жер шарының сулы қабатын- гидросфера деп атайды.

Су – түсі,иісі,дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, айқын копиллярлық қасиеті бар. Суды, негізінен тіршілік иелері- адамзат, жан-жануар, микроорганизмдер және өсімдіктер дүниесі пайдаланылды. Су,тірі организмдердің дене құрамына кіріп, ондағы зат және энергия алмасуына қатысады.Денедегі су мөлшері 10-12 пайызға кемісе, адам әлсіреп, шөлдеп, қол-аяғы дірілдеп жалпы жағдайы нашарлай бастайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

ІІ.Негізгі бөлім

1.1Ауылдың су мәселесі

Ал енді нақты қозғалатын тақырып өз өлкеміздің су мәселесі болып тұр. Жалпы жұмыстың тақырыбы: «Су қоры-халық байлығы» деп алған себебіміздің негізі су мәселесі. Су мәселесі бүгінгі таңда  жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені баршамызға белгілі. Қай елді алмайық барлық елдің аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткіліктімөлшерде  қамтамасыз етілуіне байланысты десек, артық айтқандық болмас.

Ал осы мәселе өз өлкемізде ше? Өзі туып өскен жердің  әр бір азаматы өз туған жерін, оның табиғатын, табиғат байлықтарын білу бәріне парыз деп санаймын.Біз Жуалы ауданы Қоңыртөбе ауылында тұрамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

1.2Қоңыртөбе ауылы

Шөккен   нардай  болып қазіргі Шақпақ ата елді мекенінің солтүстігінде оқшау орналасқан төбені жергілікті жұрт «Қоңыртөбе» деп атайды.

Бұл құдырет  осы аймаққа  әдейі алып келіп орнатқандай. Осы төбе басына шығып қараған кісінің көз алдына Жуалы өлкесінің  солтүстігіндегі Жетітөбе аймағы  мен  оңтүстігіндегі жер мен көктің арасын  тұтастырып  ала шұбар  ұзын көштің  көшбасшысындай асқақ Алатау, шығысындағы  барыстың жонындай болып шұбатылған Қаратау, Күйік асуларының торабы сайрап жатыр.

Қоңыртөбенің әсіресе Шақпақата елді мекені орналасқан шығыс және солтүстік баурайы ұйысқан көк майсалды, етегі былқылдаған сазды болып келеді.Жазғы шілдеде төбедегі өсімдік біткеннің барлығы апатқа күйіп қоңыр реңге еніп, қоңыр тақиядай дөңгеленіп жатады.Кен жазыққа оңаша оқтаудай оқшау біткен, көпті көрген көзіндей, кезінде осы аймақтың игі жақсылары иленіп бас қосып, жұрттың басындағы мұң мен қамның барлығын ортаға салып ақыл түгелдесер төбесі осы Қоңыртөбе болған.

 

 

 

 

5

 

 

1.3  Боралдай тауы (Бөкей)

Боралдай- Қаратау  жотасын  оңтүстік шығысындағы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан  тау сілемдері. Оның ең биік жері «Бөкей» — деп аталады, абсолюттік биіктігі   1813 метр.

Қаратаудағы Ақшоқы,Арқалы,Боралдай тауларынан басталатынАрыс өзенінің оң саласы Боралдай өзені аталады.Жуалы ауданынан басталып,Оңтүстік Қазақстан Бәйдібек,Ордабасы аудандары арқылы ағып өтетін өзеннің ұзындығы 130 шақырымды құрайды.Бұл өңірде қуаты Қарағанды,Екібастұз көмір кеніштерінен кем түспейтін Боралдай тас көмір кен орны бар.

Боралдай туралы бір қатар тарихи романдар да сөзболады. Найман тайпасының бір тармағы Садыр руы «Ақтабан шұбырындыдан» бұрын Қаратаудағы Бұрындай(Боралдай) өзенінің арғы жағындағы үш аша қойнауы бұлардың келіп-кетімді қонысы деген дерек келтіреді.

 

 

 

 

 

6

 

 

1.4  Сарқырама

Сарқырама деген көл жаратылысы бойынша тектоникалық. Оның басы жер асты көлінен шығады. Негізгі сейфондық бастау. Көл астындағы су тектоникалық жарықпен асып сарқырап ағады, сондықтан оныі атын Сарқырама деп атаған.

Кейбір жылдары жер астындағы көлдің суы көбейсе, Сарқыраманың  да суы көбейеді. Жер астындағы  көлдің астынан шығатын бастау дәлелі;

Кейбір жылдары су мол болған кезде қар да мол болса немесе жер сілкінсе, бастаудың суы лайланып шығады.

Себебі; жар астындағы көлге жоғары қабатындағы жер суға түсіп, лайланады. Бастау сейфондық болғандықтан жер астындағы көлден жоғары қабатындағы ең тынық су  жәрекпенен сытқа шығады.

Сондықтан бастаудың суы таза және тұщы болады.

7

1969-1970 жылдары геологтардың зерттеуі бойынша Сарқырамадан  1секундына 47 литр су ытқып шыққан  және су дауысы 4-5  шақырымға дейін жеткен. Халық Сарқырама суының тазалығына, шипалығына, салқындығына қарай «Әулие бастау» деп те атап кеткен. Бастауға барған адамдар жақсылыққа ырымдап айналасындағы талдарға ақ шүберек байлап, ал бұлақ көзіне күміс тиын тастап кетеді. Бұл бастауға Қоңыртөбе тұрғындары  ғана емес, сонымен қатар жан-жақтан да көптеген адамдар келіп кетуде.        Судың , әсіресе  ауыз суының сапасы халықтың денсаулығын  анықтайтын маңызды  факторлардың  бірі  болып  табылады.  Ал бұл ауылды  мекеннің  40  пайызы  Сарқырама  бастауының  суын  ішсе,  қалған  60  пайызы  құдықтан  су  ішуде.  Себебі, ауылда  Сарқырама  суымен  қамтитын  құбырлар  салынбаған. Құдық суының  өзін  пайдалану мүмкін болмай тұр.

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Қорыта айтқанда, су – өмірдің нәрі, ол – өмірдің өзі, сондықтанда оныаялау, оны көзіміздің қарашығындай сақтау – бәріміздің табиғат алдындағы азаматтық борышымыз. Табиғат тепе – теңдігі табиғаттың міндетті заңдылығы, оны оқып – үйрену, танып білу әрбір адамның жоғары саналы, экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға екендігінің белгісі. Таза және қауіпсіз  ауыз суға деген  мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. Есептеулер бойынша дамушы елдерде  шамамен  1  млрд адам ауыз суға толық жете алмай отыр.

Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд адам канализациясы бар жағдайға қолжеткізе алмай отыр. Соңғы уақытта таза ауыз суды жер асты су көздерінен алып пайдалану өсіпбарады. Бұл аадамзаттың өмірге өте қажетті ресурстарының азаюына әкелуде.

Таза суға деген жетіспеушілік пен оның ұқыпты түрде қолдану мәселелері бұрыннан бері адамзатты ойландыруда, себебі бұл факторлар  сол  елдің  тұрақты  түрде  дамуына,  халықтың  денсаулығында  және  тұрмыстық  жағдайының  деңгейінде,  өнеркәсіп пен  тамақ  өндіруде  маңызды  роль  атқарады. ХХІ  ғасырдың  ортасына  қарай  Жердің  негізгі  стратегиялық  ресурсы  мұнай  емес,  таза  су  болуы  ғажап  емес. Бұл  жағдай  суға  байланысты  экологиялық  және  қоғамдық  шиеленістерді  қиындатады.

Судың  жетіспеуінің  алдын  алуға  бағытталған  іс-шараларға  ең  алдымен  суды  тиімді  пайдалану  мен  оны  территориалдық  жағынан  өзгерту  жатады.  Судың  сарқылуы  мәселесін  шешу  үшін  төмендегі  іс-шараларды  жүзеге  асыру  қажет:

1.Суды  тиімді  пайдалану  технологияларын  қолдану;

2.Өндірісте  суды  бірнеше  рет  қайталап  пайдалану;

3.Ауыз  су  мақсатында  берілетін  суды  өндірістік  процестерде  пайдаланбау.Бұл  әсіресе,  жоғары  сапалы  жер  асты  суларына  қатысты;

9
  1. Ауыз суды тамаққа,  тұрмыстық  мақсатқа  пайдаланатын  судан  бөлек  құбырмен  беру.Суды  мөлшерлі  түрде  беру  және  оның  ысырап  болуына  жол  бермеу;

5.Суға  экономикалық  тұрғыдан  негізделген  баға  қою.Нақты  бағалау  нәтижесінде  судың  ысырап  болуын  біршама  төмендетуге  болады.

Судың  ластануын  кеміту  шаралары  ең  алдымен  суды  пайдалану,  тазалау  әдістері  мен  технологиялық  процестерін  жетілдірумен  байланысты  суды  тазарту  әдістерінің  ішінде  биологиялық  әдістер  өте  тиімді  және  жақсы  нәтиже  береді.Тағы  бір  айта  кететін  жай- ағын  суларды  су  құбырларына  жіберіп,  суды  ластаған  өндіріс  орындары  мен  мекемелерді  халықтың  игілігіне,  тұрмыс  қалдықтарын,  шөлмектер  мен  синтетикалық,  өзен  мен  көл  жағасына  барып  машиналары  мен  техникаларын  жуып,  суды  ластап  және  жағадағы  жасыл  шөптерді  өртеп,  ағаштарды  кесіп  отқа  жағып,  қоршаған  ортаны  ластап,  табиғатты  бұзушыларды  заң  жүзінде  қатаң  тәртіпке  шақыру  керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

  1. «Тараз Жамбыл облысы энциклопедиясы» Алматы,2003ж
  2. «Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы» Тараз, 2007ж
  3. Ұлағатты үш ұрпақ» Алматы, 2012ж
  4. Жері, суы дуалы – Жуалы» Алматы, 1998ж
  5. Ә.Б.Баешов «Экология және таза су проблемалары» 2003ж
  6. Ұ.Б.Асқарова «Экология және қоршаған ортаны қорғау» 2005ж
  7. Ғаламтор сайттары:

www.wikipedya.com

11

www7google.ru

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*