h-866

Алматы облысы Сарқан қаласы №1 мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы Мұхаметхан Әдемі Жетекшісі:Ахметжанова Нургуль Оразгалиевна

Алматы облысы

Сарқан қаласы

№1 мектеп-гимназиясының

3  сынып оқушысы

Мұхаметхан Әдемі

Жетекшісі:Ахметжанова Нургуль Оразгалиевна

Логикалық есептер.
1.Қос ат жегілген арба 30 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
2.4 жұмыртқа 5 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
3.2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
4.Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
5.Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?
6.Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
7.Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
8.Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
9.Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
10.Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
11.Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?
12.Сағат түнгі 10 — да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
13.Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
14.Мұрат кешкі сағат 10 — да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 — ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?
15.Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?                                      16.Немере атасынан: «Жасың нешеде? «деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?
17.Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
18.Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
19.Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*