20180228_202826

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Қоссейіт ауылы «Сырдария» жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Жолжан Жансая

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара  ауданы

Қоссейіт ауылы

«Сырдария»  жалпы орта  мектебінің

6 сынып оқушысы   Жолжан Жансая

 

Менің әжем…

Әр бала үшін қашанда әженің орны ерекше. Мен әжемді өте қатты жақсы көремін. Қуансам әрдайым қасымнан табылатын, шаршасам сүйеу болар әжетайым менің аман болсыншы…

Мен үшін алып тұлғадай көрінетін әжем, маған деген ықыласы ерекше ғой. Ылғи да әдемі де, әсерлі әңгімесін жалықпай айтып отырады. Әжім түскен жүзінен мейірімін төге отырып, анам екеуі сырласып отырғанын сырттай қызыға қараймын да, әжеме ұзақ өмір тілеймін. Себебі, анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды емес пе? Ал менің анамның яғни әжем менің анамның анасындай болған соң, мен әрдайым анамның ешқашан қартайғанын қаламаймын. Анам  әрқашан әжемнің  қасынан табылады. Әжем бізге берер тәрбиесі өте ерекше. Әжем менің ыстық алақанымен басымнан сипалап отырып, ертегі айтып береді. Сол сәтінде өзімді сондай бақытты сезінемін. Менің әжем жақсы кісі, мен әжемді жақсы көремін. Өзімнің әжеме деген ықыласымды төрт шумақ өлең арқылы білдіре кетсем.

Әжем салар — әнім,

Өз үйінің сәні.

Сізді жақсы көреді,

Немерелеріңнің бәрі,-деп аяқтағым келеді.

Жетекшісі:   Каримбаева Айсұлу Жақсыбайқызы

 

 

 

 

 

Шардара ауданы

Қоссейіт ауылы

«Сырдария» жалпы орта мектебі

6 «Б» сынып оқушысы

Махмутова Мунисабану

 

Менің әжем…

Әже-дүниедегі ең қымбатты да, асыл жан. Өрігінен дәнегі тәтті болады демекші әжеге баласына қарағанда немерсенің орны ерекше. Менің әжем осы сөзді ылғи айтып отыратын. Әжем мен үшін қамқоршым. Мектеп баратын кезде маңдайымнан бір сүйіп алып, менің шашымды өруге кірісетін еді…

Әттең, бірақ қазір арамызда жоқ. Әжемнің орны мен үшін ерекше білінеді. Өмірдің заңы солай шығар. Әжемнің жылы жүзі әрдайым есімде. Ия, әжем ылғи да жылы сөздерін аямайтын еді. Немересінің әже деген сөзді айтқанда әжеден асқан бақытты жан жоқтай бұл дүниеде. Ата-анаңның саған деген уақыты болмайды, ал әженің алтын уақыты немересі үшін әрқашанда табылатын. Әже немересі үшін жанын беруге дейін дайын. Менің әжем айтып отыратын, мына бір мақалы есіме түсіп кетті. «Балаңды өскенше,  немереңді өлгенше бағасын» деп. Сол мақалдың астарында үлкен мән жатыр екен ғой.

Әжем мені өмірден өткенше қасынан тастамаушы еді. Менің әжем дүниеде теңдесі жоқ әже деп ойлаймын. Мен әжемді қатты сағындым. Сағынышымды өлең арқылы жеткізсем…

Асыл әжем нұрлы бейнең есімде,

Қалықташы ақ бұлттай мәңгіге.

Сағындым ғой мен өзіңді зарыға,

Сағыныштан мұңайамын кей-кейде.

Менің әжемнің нұрлы жүзі отбасымызға қуаныш әкелетін. Мен әжемді қатты сағындым. Балалар, әжелеріңе әрқашанда қамқор болыңдар, ешқашан ренжітпеңдер. Атам қазақ айтады ғой «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» деген. Сол себепті әжелердің көңіліне қайғы түспесінші.

Жетекшісі:   Каримбаева Айсұлу Жақсыбайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*