20180117_105914

Тараз қаласы №30 мектеп-гимназиясының 10«Ә» сынып оқушысы Мүсілім Айгерім Ата-дәстүріне берік азамат (Амангелді Имановтың 145 жылдығына арнау)

Тараз қаласы №30 мектеп-гимназиясының 10«Ә» сынып оқушысы Мүсілім Айгерім
Ата-дәстүріне берік азамат

      (Амангелді Имановтың 145 жылдығына арнау)

Қазақтың бар еді-ау бір баласы,
Туған жері-Қайдауылдың кең даласы,
Тарайды екен ұлы атадан текті ұрпақ,
Дулатұлы Иман батыр арғы атасы.

Жоқшылықтың тауқыметін ерте тартты,
Қиыншылық,жетімдіктің дәмін татты.
Ел ішінде дау-шараға араласып,
Ресейліктер қудалауға ұшыратты.

Ел деп туған перзенттің бірі еді,
Тосқауылдың ешбіріне берілмеді,
Азаттықтың аспанын қалаған соң,
Кес-кестеген жандардан жеңілмеді.

Амангелді шыдамады бұл қорлыққа,
Қаншама қиын таңды атырдықта,
Патшаның жарлығына қарсы шығып,
Өр-намысы жетеледі батырлыққа.

Торғайдың өзенінен өрлей шықты,
Қайсарлығын көрсетіп болды мықты,
Әр жерінен кедергіні көбейтіп,
Көздегенін қылт етіп қиып жықты.

Имановтан қалған еді екі ұрпақ,
Ол үшін әрқайсысы сөнбес шырақ.
Рамазан мен Шәріп екен есімдері,
Алматыда қалыпты Шәріп тұрап.

Екеуі де өз бетінше дараланды,
Асыл тұяқ,алып тұлға жолындағы,
Бірі-ерте мына өмірден өтсе дағы,
Бірі-енді әке сертін орындады.

Әр қазақ күліп тұрар әрбір таңда,
Дәл осындай батырлар бізде бар да.
Еңбегін еш ұмытпай,ерен қылып,
Тағзым етіп тұрайық қайсар жанға!

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*