h-866

Тараз қаласы №30 мектеп-гимназиясының 10«Ә» сынып оқушысы Мүсілім Айгерім

Тараз қаласы №30 мектеп-гимназиясының 10«Ә» сынып оқушысы Мүсілім Айгерім

Бұралаң бұл өмірдің жолы қысқа

Бұралаң бұл өмірдің жолы қысқа,
Біріміз бай,біріміз мүлде басқа,
Бірімізде болады жақсы ниет
Өз бойыңнан табылса мықтап ұста

Адамшылдық,мейірім,ізеттілік
Рух пен қайрат,ар-намыс жүректілік
Сан адамның бойынан табылмайтын
Мұның бәрі өмірде қажеттілік.

Кешіре біл,бәріміз пендеміз ғой,
Түсіне біл,болмасын терістен ой,
Өмірде бір ақ рет туыламыз
Сыйласа біл,арадағы өкпені жой.

Құрметте,кішірейсең ештеңе етпес,
Мисыздарға үндеме түгің кетпес,
Бастысы таза ниет,адал жүрек
Жақсы адам бол,өмірде артық етпес.

Көмектес,еш аянба жан мен досқа,
Сау мүше кімде бар бізден басқа,
Бүгін бармыз,ертең жоқ кім біледі
Бес күн мына жалғанда қалма босқа.

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*