20180117_105914

Қызылорда қаласына — 200 жыл! Берік Алтынай Айбекқызы №267 орта мектептің 6сынып оқушысы Қызылорда қаласы

Қызылорда қаласына — 200 жыл!
1.Сәулетті әсем қалам Қызылордам,

Сыйлаған мендей ақын,қызына арман
Көз жүгіртсем кешегі өткеніне,
Сенде талай тарихтың жүгі қалған.
2.Жүретін нуларыңда барыс қана,
Бастапқы атың болатын қамысқала.
Ақмешітте бекініс сап Қоқандар,
Білді олар осы аймақты табысты қала.
3.Қоқан кетіп,орыс боп қожаң,сенің,

Перовск атандың содан кейін.
Сенде орнап алғаш Кеңес үкіметі
Астана болып шықтың оған бейім.
4.Ақындар арнап саған көп ән-жырды,
Өзіңді Астанам деп Отан тұрды.
Большевиктер қызыл ту тігіп саған,
Өзіңді Қызылорда атандырды.
5.Бүгін сен Егеменді ел,қаласы
ң,
Мақтансын бүкіл қала даласы үшін.
Сен өсіп-өркендесең Қызылордам,
Қуанады бар қазақ баласы шын.
6.Қызылордам-сен менің мақтанышым,
Өзіңе Қыдыр қонып,бақ дарысын.
Кеудемде өзіңе айтар мың алғыс бар,
Өзіңде өткен бақытты шақтар үшін.
7.Қызылордам бақ болып осы бізге,
Міне,бүгін толдың ғой екі жүзге.
Арналады өзіңе ән-жырымыз,
Және талай мерейтой-кешіміз де!!!
8.Тастап артқа сен бүгін қос ғасырды,
Есімің Байқоңыр боп көкке асылды.
Құт қонып Қызылорда аймағына,
Ақ күрішім ақ маржан боп шашылды.
9.Құтты болсын мерейтой,Қызылордам!
Шыға берсін бейбіт күн күліп алдан.
Қызылордам-өзіңсің бақ мекенім,
Әні болған елімнің,жыры болған.
10.Көшесінде сан баба ізі қалған,
Бір көрген жан сәніне қызыға алған.
Егеменді ел төсінде жайнап-өсіп,
Мың жасай бер сүйікті Қызылордам!!!

Берік Алтынай Айбекқызы
№267 орта мектептің
6сынып оқушысы
Қызылорда қаласы

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*