IMG-20171109-WA0018

Қанипа Омарғалиқызына Авторы:Берік Алтынай Айбекқызы

Қанипа Омарғалиқызына

1.Өмір деген осынау ұлы көште

Артында із қалған жан тірі емес пе?!

Алдық бүгін,міне біз атақты ұстаз,

Қанипа Омарғалиқызын еске.

 

2.Туған жері-өр Алтай аясында,

Білім алды  Семейдің қаласында

Ұстаздықты бастап ол туған жерден

Өмірінде сан түсті  дара сынға.

 

3.Еңбек етті  өмірдің әр төрінде

Ие болды  ол сыйға өз елінде

Монғолдың  “Дарынды ұстаз” атағын ап,

Тақты  “Крупская” медалін де.

 

4.Бұл кісі білім мәнін ескерді шын,

Халқы да оның жақсы көп көрді ісін.

Кеудеге тақты  “Құрмет” ордені мен,     

Ыбырай Алтынсарин төсбелгісін.

 

5.Өмірі білім деген арнада ақты,

Сол білімнен сан мәрте алқа тақты.

Көп жыл бойы елеп оның еңбегін,

“Ең үздік ұстаз” деген алды атақты.

 

6.Кетсек тағы жеңісін арнайы атай,

Құрметті азамат қып Тарбағатай.

Еңбегіне бас иіп қазақ елі,

Мәңгі сақтар есінде еш ұмытпай.   

                                                                        7.Арттағы ізбен бұл өмір болар мәнді,

Кеудесіне сыйдырған сан арманды.

Қанипа Бітібаева апай да енді,

Қазақтың тарихында қалар мәңгі!!!

                                                                               

Авторы:Берік Алтынай Айбекқызы              



Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*