SAM_0730

Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы Берік Алтынай Айбекқызы №267 орта мектеп 6 сынып оқушысы Қызылорда облысы Қызылорда қаласы

Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы
      Біз бақытты ұрпақпыз!  Өйткені тәуелсіз елде тудық.Тәуелсіздіктің оңай келмегенін білеміз.Оған жету үшін қаншама халық қырылды.Талай қилы заманды бастап өткеріп,қаншама асуды бағындырдық.Жауларымыз ынтымағымызға іріткі салып,халқымыз бодандыққа ұшырады.Бірте-бірте ашаршылық болып,тіпті зиялы жазықсыз қауым жазаға тартылып жатты.Тіпті кеңес үкіметінің қолдан жасалған ашаршылық жылдары 125 мың Қазақ зиялыларының қырылғандығы жаныма батады.Олардың үміттері,арман-мақсаттары дәл қазіргідей тәуелсіз ел болу еді.Сталлиннің солақай саясаты халықтың басын көтертпеді.Ашаршылықтың, зорлық-зомбылықтың құрбаны болды.Халық жауы атанған ұлт өкілдері қудаланды,жер аударылды.Сол жылдары білім мен дамудан,дінімізден айырылдық.Бірақ, қазақ халқы барлық қиындыққа қарсы тұрып,жеңе білді.Әлем тарихында қанмен жазылып,термен терлген Ұлы Отан Соғысының қасіреті де аз болған жоқ.Сұм соғыс бірін анадан,бірін баладан,бірін әкеден,бауырдан,асыл жардан айырды.1941-1945 жылдары қазақ халқы үшін ауыр жылдар еді.Біз соғысты көрген жоқпыз.Алайда,оның қасіреті жайлы тарих беттерінен оқып білеміз.Жеңісті жақындатқан тылдағы ағайындар да тынымсыз еңбек етті.Сол майдан даласында қаншама боздақтарымыз қалып қойды.Батырларымыздың алдында басымызды иіп,тағызым етеміз!
Ал кешегі Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздігіміздің орны бөлек.Қаншама жасты қиған желтоқсан естен кетпес…Халқымыз қасық қанын төгіп,бозторғай жанын құрбан етті.Қанжығаға байланған қыздарымыз,желкесі шайналған жігіттеріміз сол бір күндердің шылауында кете барды.Тәуелсіз ел болу үшін 25 жыл бұрын 16 желтоқсанда өз егемендігін аңсап,аға-әпкелеріміз үлкен майданға түскеннін ешқашан ұмытпаймыз!
Қазақстан Республикасы таңдау жасап,өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады! Міне,енді бүкіл әлем таныған төрткүл дүние төрінен ойып тұрып,орын алған мемлекет болдық.Тұрақты саясат пен ішкі ауызбірліктің арқасында елдің қарқынды дамуы бір қалыпта келеді.Ынтымақты ұран,татулықты ту етіп,халқымыз аман,тыныш өмір сүрудеміз!Бүгінгі күні егеменді еліміз,өз шекарамыз,рәмізіміз,тұтастығымыздың кепілі-Ата заңымыз бар!Қаншама жетістіктерге қол жеткізіп келеміз.Қазақ Елінің бүгінгі бас қаласы-Астана өз атын жас тәуелсіз мемлекетіміздің шежіресіне алтын әріптермен жазып үлгерді.Астананың ажарына сән беріп ажар қосатын қаншама маңызды нысандар бой көтеріп келеді.»Астана-Елбасының ерлігі» деп бекер айтпаса керек.
   Достық пейіл-татулықтың тірегі,
Біздің халық бейбіт өмір сүреді.
Бар әлемді бір өзіне қаратқан,
Елордамыз-Еуразия жүрегі-деп ақындарымыз жырлағандай,Отанымыздың жүрегі,ел тәуелсіздігінің тірегі,жеріміздің кіндігі,еліміздің түндігі,халқымыздың бірлігі болып саналады.Астананың келбеті-қазақтың келбеті деп білемін.Елбасының ерлігінің арқасында қаншама жобалар іске асып келеді.Төрткүл дүниені өзімізге қаратып,ЕҚЫҰ-ның тізгінін ұстап,ДЗҰ-ға мүшелікке ендік.Енді міне,маңызды шаралардың бірі EXПО-2017 көрмесі Астананың төрінде өтуде.Бұл жас мемлекетіміздің дүние жүзіне танылуына мүмкіндік берді.Ондағы басты міндеті-30 елдің қатарына қ
осылу.
 Тарихта таңбаланып жазылған,Қасымханның қасқа жолы,Есімханның ескі жолы,енді міне Нұрсұлтанның нұрлы жолы еліміз үшін,нұр болды.
Тірлігіміз тиянақты,бірлігіміз мықты болса,әлі талай асулардан өтеміз.Тәуелсіздігіміз Қазақстан деген елдің бар екенін,оның иесі қазақ халқы екенін әлемге таныстырды,мойындатты.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті,Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа алғысымыз шексіз.Қазақ елін әлемге танытып,мойындатып қана қойған жоқ,өзінің кемеңгер,елінің жанын ұғатын қамқоршы,көреген басшы екенін көрсетті!
  Халқымыз жөн сілтеп,жол көрсетер көшбасшы Н.Ә.Назарбаев қазақ халқы үшін туылған ел ағасы!
Өз елімді мақтан етемін!Мен тәуелсіз елдің ұланымын!Бір күш алға жетелейді.Ол елімнің,жерімнің,қазағымның биік мәртебесі,тарихы,бүгінгі жеткен жетістіктері!
Бабаларымыздың қанымен,аналарымыздың көз жасымен келген Тәуелсіздігіміздің қадірін білейік!
    Көгімізде желбіреген көк байрағымыз кеудемізге қуат беріп,жарқырап,еліміз жайнай берсін!
Тәуелсіз еліміздің таңы арайлы,елімізде бейбітшілік,елдігіміз еңселі болсын!Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!Тәуелсіздігіміз құтты болсын!

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*