h-866

Берік Алтынай Айбекқызы №267 орта мектеп 6 сынып оқушысы Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Жақсы сөзім-жаны игі халқым үшін

Жақсы сөзім-жаны игі халқым үшін

Ұлттың арманын арқалап,ауыр жүгін қайыспай көтерген,сөз маржанын теріп,  тамырын тереңге жайып,жайқалған алып бәйтеректей халық ақыны,   Мұқағали Мақатаевты пір тұтамын.Ұлтының сақталып қалуы үшін,ғұмырын халқына арнаған,ел зиялысы,алаш аруақтары жайлы жазған,талмас талап,жастардың үлкен үміті болып,тек еңбекпен биікке көтеріледі деп жырлады.М.Мақатаев жастардың санасында ой болса деп арман етті.Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесі,жүрегінің жылуы,жақсы қасиеттерді беретін анасы болса деп тіледі.Анадан асқан мейірімді жан жоқ,дүниеде ана баласынан,бала анасынан айырылмасын деп тілек білдірді.Туған тілі,аралаған тау бөктері,талпынып өмір сүргені,алтын қазық елі,жері жайлы жырлады.Үні,жыры,арманы жайлы,сыр шертті.Шабыты тасып поэзия әлемінде Махамбет,Абай,Төлеген,Бауыржан Момышұлы,Сергей Есенинге,Ғабит Мүсіреповке,Әбілда Тәжібаевқа,Фариза Оңғарсыноваға жыр арнады.Мұқағали Мақатаев әр өлеңге жүрегін бөліп беріп,қара өлеңдері бұлақтай сылдырап ағып жетті.Қазағымда арман жоқ.М.Мақатаевтың жырын оқыған.Әр-бір туындысы шеберлікті,шешендікті,тапқырлықты түсіндіреді.Ерлік …  Сұлулық …  Денсаулық  …  Махаббат сөздері көңіліңді көтеріп,жүректі емдеп,сезімнің төресі-махаббатты сездіреді.Кіндік қаны мен маңдай тері төгілген киелі мекенін аңсайды.М.Мақатаев шалқар шабытпен,өлең өлкесінің шырқау шыңына шыққан,таусылмайтын мәңгілік махаббатты армандаған ақын.Әндері әнмен әрленіп,желмен тербеледі.Даласы-дәнге,өрісі-малға,отбасы-жанға толса деп жырлайды.Жанына жайлау,өміріне демеу бола білген,ұрпағының жалғасы ұл-қыздарын жырға қосады.Өмір өткелінде талай тағдыр,сан тарау жолдар барын, таусылмай сыйластығы бар бауырлар,жанынан қымбат ар жайлы жазады.М.Мақатаев еліне еңбегі сіңген,жырдан көркем сөз түйген,халықтың  сарқылмас бұлағына айналған ақын.Әр-бір жырымен көңіліндегі мұңын шертіп,оқыған адам өз сезіміне ерік беріп,шөлдегенде шөліңді қандырып,шабыт беріп отырады.Мейірімділік,еңбекқорлық,адалдық,білімділік,біліктілік осының бәрі өлеңдерінде өріліп тұр.Тірліктің,мызғымас бірліктің,мейірімділіктің ұйытқысы ана жайлы шертеді.Қамшының сабындай қысқа өмірдің сырғып өтерін әсерлеп жеткізеді.М.Мақатаев даласы дархан,жаны жайлау,өсиеті өміршең,қазақ халқының ақыны.Ел тарихында орын алған Абайдың әжесі Зере,Шоқанның әжесі Айғаным секілді әжелердің бейнесі әдеби шығармаларында тамаша сомдалған.М.Мақатаевтың данышпандылығына шек жоқ.Өмірден көрген-түйгендерін екі ауыз сөзге сыйдырып,кейінгі ұрпаққа,тәрбиенің төресі ретінде қалдырған.Қолынан қаламы түспей,сезім мен ой түбінде жатқан сөздерді кестелеп,ғашықтардың бір-біріне іңкәр сезімін әсерлі жеткізеді.М.Мақатаевтың әр-бір туындысы ұмытылмайды!   Жүрегіңе жол тауып,нәп-нәзік мөлдір жырлары тыңдарманның әніне айналды.Талай өнер сүйер қауымның көкірегінде сайрап,құлағында жаңғырып,өміршең әсерлі әуендерін жырлай береміз.Ұлтының арманын арқалап,қара басының емес,қазақтың мұңын мұңым деп түсінген.М.Мақатаевтың өлең-жырлары,ислам-дін туындылары әрбір қазаққа үлгі болып қалды.Алашымда арман жоқ.М.Мақатаевтай ақыны бар,артында алтыннан қымбат жыр қалдырған!   Бүкіл қазақ даласын әнге бөлеген нар тұлға!  Жас ұрпақ үшін қалдыраған мұрасы қаншама уақыт өтсе де өз құнын жоғалтпайды!  Шығармалары саналарға сәуле түсіріп,самаладай жарқыраған мұралары мол екенін мақтанышпен айтамыз.М.Мақатаев елдің дамуына үлес қосқан өлі сөзге жан бітіріп,әр-бір өлеңдерінде түбіттей үлпілдік бұлттар,аппақ қыс,жаздың шіліңгір ыстығы,айшықты көрінеді.Ойлары орамды,елдің мұңын,жоғын жоқтап күн-түн демей жазып қалдырған ақын.Сана төріне ой толғап,туындыларының толқынында толқып келеміз.М.Мақатаевтың кей өлең жырлары жүрегіңді дүрсілдетіп,кейде шабыттанып,қайраттанып кетесің.Ақынның тілі,сөзі соққан семсердей жүрегі жылы,айтып салудан тартынбайтын ойлы,сезім толқытар жырлары,әндері тартымды ойлары,өлеңдері,таусылмаған елі үшін туған ақын.М.Мақатаевтың еңбектері ешқашан өлмейді! Жүдеу тартқан халқына ән арнап,жұбатып,ертеңгі күннің жарқын  боларына сендірген ақынның жырларын оқып,ұмытпай зердемізде сақтайық!М.Мақатаевтың еңбектері,ұрпағы,шәкірттері,мұрагерлері тұрғанда ұмытылмайды!

Берік Алтынай Айбекқызы
№267 орта мектеп
6 сынып оқушысы
Қызылорда облысы
Қызылорда қаласы

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*