Алматы облысы, көксу

«ТОП ЖАРҒАН ЖАС ТАЛАНТТАР»

Алматы облысы,

Көксу ауданы

Музыкалық мектебі

 

 

«ТОП ЖАРҒАН ЖАС ТАЛАНТТАР»

 

Республикалық сан байқаулардан «Жүзден жүйрік» шығып, жүлделі орындарды иеленіп, Музыка мектебінің жас таланттары топ жарды. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей талантты жас балалардың өнерге қанаттарын қатайып, сапалы білім беріп жүрген ұстаздарының еңбектері зор. Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың негізі мектеп болғандықтан, өнерлі таланттарының ертеңі үшін мектеп директоры Алия Максимқызы әртүрлі байқауларға қатысатын оқушыларымызды мектепішілік тыңдалымнан өткізіп, қатысуға іріктеп жіберіп отырады.

Алматы қаласында өткен 2017 жылдың 13-16 қазан күндері Х Республикалық «Тәуелсіз елдің таланттары» байқауына «Қол өнер» жанрынан қатысқан ұстазы Зейнел Гулияның оқушысы Аңсат Қабиқожа «Гран При» бас жүлдесін жеңіп алып, Халықаралық байқауға жолдама алды.

Хореография жанрынан жетекшісі Элеонора Кабдылманованың «Кербез» би тобы  I–орынды иеленіп, Республикалық телеарнаға түсірілімге шақырылды, ал «Вокал» жанрынан ұстазы Қыдырбай Аягүлдің оқушысы Сенбек Нұршуақ II–орынды иеленді. Оқушыларымыз арнайы Диплом мен кубоктармен марапатталды.

Оңтүстік астанамыз Алматы қаласында 2017 жылдың 17-18 қазан күндері өткен «Бақытты елдің ұрпағы» атты қорының ұйымдастырылуымен VI–Республикалық «Дала сазы» байқауына ұстазы Таңжарық Қабдырайымның оқушысы «Вокал» жанрынан қатысып, Ұлан Елжас I — орынды иеленіп Диплом және медальмен марапатталды.

Талдықорған қаласында 2017 жылдың 03 қараша күні өткізілген Республикалық  Шара Жиенқұлова атындағы қазақ  биінің балалар байқауына «Хореография» жанрынан Саулет Қайролданованың жетекшілігімен «Жетісу» би тобы қатысып, II – орынды иеленсе, Хазине Хапарқызының жетекшілігімен «Тұлпар» би тобы III – орынды иеленіп, Дипломдармен марапатталды.

Алматы қаласында 2017 жылдың 02-05 қараша күндері өткізілген Республикалық «Первые шаги» байқауына «Вокал» жанрынан ұстазы Динара Молдагалиеваның оқушысы Ақылбек Алан қатысып, I–орынды иеленіп, Диплом және медальмен марапатталды.  Хореографиялық дуэт жанрынан ұстазы Элеонора Кабдылманованың оқушылары Қыран Нұрболатұлы мен Аружан Тұрсыбайқызы I–орынды иеленіп қуанышымызды еселеді.

Республикалық «Күншуақ» байқауында «Домбыра» жанрынан ұстазы Света Жолдыбаеваның оқушысы Серік Жәнібек I орын жүлдегер атанса, «Вокал» жанрынан ұстазы Динара Молдагалиеваның оқушысы Әділхан Қазына I–орынды иеленіп жүлдегер атанды.

Облыс әкімінің жүлдесі үшін өткізілген қараша айының 08 күні Талдықорған қаласында Облыстық XV «Жетісу жұлдыздары – 2017» байқауына «вокал» жанрынан мұғалім Динара Молдағалиеваның оқушысы Айсана Сапарова қатысып, үздік орындаушылық шебері үшін III-ші дәрежелі диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Оқушыларымыз байқауларда дарындылардан дараланып, жұлдыздары жарқырап, оза шауып жүлдемен оралғандары үлкен жетістік.

Желтоқсанның 02-04 күндері аралығында өткен Республикалық «Fantastic talant-2017» байқауына хореография «соло» номинациясы бойынша ұстазы Кабдылманова Эленораның оқушысы Иемберген Адия қатысып 1 орын иеленіп диплом, медаль, кубокпен марапатталды. Ұстазы «Алғыс» хатпен марапатталды.

Алматы қаласында  2017 жылдың  желтоқсан айының 12 күні  «Бақытты елдің ұрпағы» қорының ұйымдастыруымен балалар мен жасөпірімдер арасында өткен «Дала сазы»  атты Республикалық мектепішілік іріктеуден өткен оқушымыз: ұстазы Халидолда Жанботаның оқушысы Тұрсынәлі Елдос  «Домбыра» номинациясы бойынша «Бас жүлде» алып Сочи қаласына Халықаралық байқауға қатысуға жолдама алды. Ұстаз Қабдырайым Таңжарықтың оқушысы Бекежан Абылайхан «Вокал» номинациясы бойынша I-ші орын, Оралбай Бақытжол «Вокал» номинациясы бойынша II-ші орын,  ұстаз Қыдырбай Аягүлдің оқушысы Сенбек Нұршуақ «Вокал» номинациясы бойынша II-ші орын иеленіп  Диплом және медальмен марапатталды. Ұстаздары оқушыларының жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін «Алғыс» хатпен марапатталды.

Алматы қаласында 2018 жылдың 10 қаңтар күні өткен «Бақытты елдің ұрпағы» атты қорының ұйымдастырылуымен VI – Республикалық «Дала сазы» байқауына ұстазы  Тулакбаева Гульнафистің оқушылары қатысып «Дәстүрлі ән» жанрынан қатысып Мерзетбекова Динара – «Бас жүлде» иеленіп Халықаралық байқауға Сочи қаласына жолдама алды. Кеңшілік Айым «дәстүрлі ән» номинациясы бойынша II – орын, Оян Мақпал «домбыра» номинациясы бойынша II – орынды иеленіп, ұстаз Қасен Әйгерімнің оқушылары – Шалқанова Томирис «Домбыра» номинациясы бойынша I – орынды иеленіп, Бірлік Алима «Домбыра» номинациясы бойынша қатысқаны үшін, ұстаз Куспекова Гульвираның оқушысы Мұқият Самғат «Домбыра» номинациясы бойынша қатысқаны үшін Дипломмен, ұстаз Қыдырбай Аягүл оқушылары «Вокал» номинациясы бойынша Алмасұлы Арнұр — II орын, Бекболат Құралай — II орын,  ұстаз Серікұлы Еламанның оқушылары «Вокал» номинациясы бойынша Айтмолданова Айгерім — III орын, Балабекова Аруна — II орынды иеленіп Диплом мен медальмен марапатталды. Ұстаздары оқушыларының жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін «Алғыс» хатпен марапатталды.

2018 жылдың қаңтар айының 28-29 күндер аралығында Алматы қаласында өткен ХIV Республикалық «Fantastic Тalеnt» байқауына «Вокал» номинациясы бойынша оқушы Ақылбек Алан  қатысып, II орын иеленіп Диплом, медаль, кубокпен жеңіске жетті. Ұстазы Молдагалиева Динара «Алғыс» хатпен марапатталды.

Жүлделі болып оралған жеңімпаздарымызға салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырылып, мектеп директоры Алия Касымжанова ата-аналарға, оқушыларға және ұстаздарға рахметін айтып құттықтап «Алғыс хаттармен» марапаттады. Кеш соңы жеңімпаздардың концертіне ұласты.

Жеңімпаз жас таланттарымыз көбейе берсін! Жүлдемен оралған өрендеріміздің шығар шыңдары биік болсын! Мектебіміздің, ұстаздарымыздың мерейін арттыра берсін деп тілейік.

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*