h-866

Қолөнер бұйымдарын жобалау және орындау технологиясы

 

Алматы облысы

Жамбыл ауданы білім беру бөлімі

№4 Қарғалы орта мектебі

            

 

 

Қолөнер бұйымдарын жобалау және орындау технологиясы

 

 

 

          Секциясы:     технология

         Орындаған:   9 сынып оқушысы

Муратова Мадина

           Ғылыми жетекшісі:    Кушназарова Г.К

           Ғылыми кеңесшісі:      Абетаева Е.А.

Алматы гуманитарлы – техникалық  университетінің   «Кәсіптік

оқыту»  кафедрасының аға оқытушысы, психология  ғылымдарының

магистрі

 

 

 

2017ж

 

Муратова Мадинаның

«Қолөнер бұйымдарын жобалау және орындау»  атты еңбегінің зерттеу жұмысына                                                                                                 

 

Пікір

        Қазіргі таңда дамыған елдерде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның кеңінен қолданылуына байланысты жаңа талаптар қойылып отыр.

Оқушының экономикалық, экологиялық және нарықтық білімдерін қабылдау барсында ақпаратты материалдарды өңдеудің қазіргі және болашақтағы технологиясын, жалпы еңбек іскерліктері мен дағдыларын меңгеруі технология пәнінің негізгі мақсаты болып табылады.

Қоғамның рухани дамуына байланысты ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Біз ел болу үшін, ел болып өркениетіміздің ұшан теңіз кіршіксіз әлеуметтілігін, уақыт талабына сай іске асатындығын көреміз. Оған жақындасу орасан зор ғалам, мәдениет арқылы ғана жүзеге асады» — деп, мәдениеттік құндылықтарын бағалайтын уақыттың жеткендігін көрсетеді.

Мәдениет – құндылығы , қолөнер ата-баба мұрасы, дәстүрі, халық тәрбиесі, рухани байлығы. Мәдениетке жол ашатын білім.

Демек, халық қолөнері біздің мәдениетіміздің құрамды бөлігі болса, оқу-тәрбиенің біртұтастығын қолөнерді уағыздай отырып көрсететін халық педагогикасының міндеттері бойынша өнегелі істерін жас ұрпаққа насихаттау, оны жаңа технология оқу үрдісінде қолөнерді зерттеу және орындай білу оқушыдан үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Шығармашылық жобаның дұрыс орындалуы жасалынатын бұйымдарды еңбек объектісі ретінде пайдала алуға және сәндік қолданбалы қолөнердің негіздерін жаңа дизайн талаптары сай әсемдікті білуге үйретеді.

Технология пәнінің мұғалімі Кушназарова Гулистан Қайыпқызы мен оның шәкірті Муратова Мадина Муратқызы өз жұмыстарында қолөнер бұйымдарын жобалау және орындау технологиясын көрсетуге тырысты. Муратова Мадина Муратқызы таңдаған тақырыбын талапқа сай орындады деп ойлаймын.

 

 

 

Еуразия технологиялық университетінің

«Кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасының

аға оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі

 

 

Ғылыми кеңесшісі:                     Е.А.Абетаева

      

 

 

                               

Ұсыныс

Технология пәнін игеру барысында оқушы белгілі бір политехнологиялық білімдерді меңгеріп қана қоймай , сол алған білімдерін іс жүзінде қолдана алуы үшін ізденуі қажет.

Сондықтан қазіргі таңда ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның қолданылуына байланысты оқушы қысқа мерзімде өзінің шығармашылығының іскерлігін жүзеге асыра білуі керек.

Материалдық, интеллектуалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, аталған тақырып бойынша алынған білімін іс жүзінде қолөнер бұйымдарын жобалау және орындау технологиясымен  ұштастыруды ұсынамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:                               Кушназарова Г.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

                      Зерттеу жұмысының өзектілігі

Зерттеу барысы айқындалған көркемдік білім жүйесінің қанағаттанарлық сапаға көтерілуіне жағдай жасаудың бірден-бір себебі;  оқушыларға ұлттық қолданбалы өнерге баулуда қажетті оқу материалдарының , әдістемелік және дидактикалық құралдардың жеткілікті мөлшерде қолдану.

Жалпы қолданбалы өнер саласында түсініктері бар, ұлттық өнер табиғатының мазмұнымен, мәнімен үйлесім табуын, әрі оқушының  шығармашылық ой-қиялы мен талғам өрісіне ықпал ететіндей жағдайда жүргізіліп, нақтылы көркемдік білім көздерін айқындауға дұрыс көңіл бөлу. Ұлттық тәрбие беру ісінде халық педагогикасының озық үлгілері мен қолданбалы өнердің ұлттық дәстүрлерін тиімді пайдалану.

              Актуальность исследовательской работы

Исследовательская работа способствует повышению качественного уровня художественной системы образования; широкому применению методического и дидактического материала в обучении учащихся национальному прикладному искусству. Расширяет возможности в ознакомлении учащихся с содержанием, с основными особенностями национального прикладного искусства, способствует развитию творческой фантазии детей; эффективному использованию инновационных методов обучения прикладному искусству в деле национального воспитание подрастающего поколения.

Actuality of research work
Research work promotes newestof quality level of theartistic system of education

 to the wideuse of methodicaland didactic material in educating of students to the nationalapplied art. Extends possibilities in the acquaintance ofstudents with maintenance, with the basic features of thenational applied art, assists development of creative fantasyof children; to the effective use of innovative methodseducating 

applied.

                                               І. Кіріспе

              1.1. Қолөнер туралы жалпы түсінік

Зерттеу мақсаты: Бұйымдарды орындау процесінде талдау, қорытынды жасау, жұмысты жоспарлай отырып, қолөнер бұйымдарының жасалу технологиясын үйрену.

Зерттеу міндеттері:

  • Қолөнер бұйымдарын жасау барысында кілем тоқу технологиясын қарастыру;
  • Кілем тоқу технологиясының орындалу жолдарына кеңінен талдау жасау;
  • Қолөнер бұйымдарының ішіне кілем тоқу өнерінің ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алатындығын ашып көрсету;
  • Еңбек ережелерін , техника қауіпсіздігінің ережелерін, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, қолөнер бұйымдарын орындау;

Зерттеу кезеңдері:

  1. Зерттеу нысаны – шығармашылық білімділікті арттыру;
  2. Еңбекке үйретудің әдістері, түсіндіру – безендіру әдістері, іздестіру және зерттеу әдістері.
  3. Шығармашылық материалды тыңғылықты үйреніп, талдау жасау, оны практикалық жұмыстармен ұштастыру кезеңі.
  4. Белгіленген бағыттар бойынша іскерлік және жобалау жұмыстарын жүзеге асыру.
  5. Кілем тоқу технологиясын меңгеру, үйрену кезеңдері

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

  1. Тақырыпты орындауға қажетті ақпаратты іздеп табуы, қойылған міндеттердің шешімін табуға арналған идеяларды ұсынуы, жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру, орындау технологиясының шешімдері мен технологияларды жасау, оның аралық және соңғы нәтижелерін бағалау, үлгілеу мен конструкциялау жұмыстарын жүргізу, халық өнерін, ұлттық мәдени жетістіктерін үйрену.
  2. Қолөнер бұйымдарын жобалау және орындау технологиясы барысында кілем тоқу түрлерін таңдадым. Картинаға табиғат, жануарларды, натюрморт, портреттерді тоқумен қатар соңғы кездегі суретшілердің туындыларын зерттедім.Жұмысымды жобалай отырып, өздігімше кілем тоқу  технологиясын үйрендім. Кілемдерді тоқу барысында заман талабына сай тақырыптарды таңдап, қазақтың ұлттық қолөнерімен байланыстыра отырып, жалпы қолөнерге жаңалық қосуға тырыстым.

-1-

 

Қолөнер адамның әсемдігіне, нәзіктігіне деген сезімін тербеп, сол салада табиғатты өзінше таңбалап бедерлеп, сұлулықты қабылдау қабілетін арттырады. Ол арқылы біз зор эстетикалық рухани тәрбие алып, әлемдік өнер шыңына қанат қағамыз.

Сұңғат және бейнелеу өнерінде, сондай-ақ қолөнер шеберлері жасаған бұйымдарда ұлттық нақыш анықталып тұруы қажет. Сол ұлттық нақышты айқындап бейнелейтін өнер түрі – қазақтың қолөнері. Егер мамандар қолөнердің сырт пішінін көшірме ретінде пайдаланып қана қоймай, оның мазмұнынан, атаулары мен шығу тарихынан хабардар болса, жасаған бұйымдарында сол біліктілік ізі ұлттық нақышта айқын көрініп тұрады.

Кілем тоқу өнері – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, тоқу өнері өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Тоқу өнерінің ежелден келе жатқан нұсқаларында  элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс —  көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі. Сол өрнектер мақұлық аты, нәубет аты, ғарыш аты, тіке сызықты, нышандық, танымдық, т.б. сарындарының мазмұнын байыта түсті. Кейбір мәліметтерге сүйеніп, шеберлер өздерінің қолөнер туындыларына бейнені дәлме-дәл түсіруге ұмтылған.

Қараханид мемлекетінің басқа мемлекеттермен Х-ХІІ ғасырларда мәдени  байланысының жақсы дамуына байланысты керамика, ыдыс-аяқ , зергерлік  бұйымдарды әрлеуде өрнек элементтері кеңінен қолданылады. Осы кезеңдерде түрлі кескінді сан түрлі оюларды қолданудың жаңа кезеңі басталды деуге болады. Өрнектер салынған жазықтыққа қосымша фон беріліп отырды, қолөнердің көркемдік деңгейі өсті. Сақ-массагеттердің ыдыс-аяққа салынған жай геометриялық өрнектері мен қаңлы-үйсіндердің хайуанаттардың, құстардың, жануарлардың стильденген бейнелеріне қарағанда түрлі қолөнері  бір көш ілгері болды.

Көшпелілерді қоршаған табиғи орта, мал өсіру,  диқаншылық кәсібі, сондай-ақ көктемнің алғашқы күндерінен бастап гүлдейтін бәйшешектер, қызғалдақтар мен қазақтың кең даласында өсетін мыңдаған өсімдік түрлері бейнелеу өнерінде шеберлердің дүниетанымын байытты. Ғасырлар бойы табиғат қас шеберлерге небір тамаша туындылар сыйлады. Қазақ қолөнерінің

-2-

 

нұсқалары бірін-бірі қайталамайды және ол өрнектердің арасында тепе-теңдік  пен шамаластың заңы берік сақталған.

Сан ғасырлар бойы халық арасында қолөнер элементтері өзгертіліп немесе түп нұсқасы пайдаланылып келеді. Кейде қолөнердің бай мазмұнға ие болып шарықтау шегін байқасақ, енді бірде тоқырау кезеңдерін көруге болады.  Ғасырлар өте қолөнер туындыларында пайдаланатын нысандары өзгертіле бастады.  Қолөнердің даму тарихына көз жүгіртсек, геометриялық сынық сызықтар мен қиялы бейнелерден бастау алған қазақ қолөнерінің барлығы уақыт өте келе стильденген абстрактіліп қолөнерге айналды. Қолөнер ғасырлар бойы дамып, жетіліп, уақыт сынынан сүрінбей өтіп, қалыптасып келе жатқан халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі, халқымыздың мәдениетінің айнасы. Ол талай ғасырлар елегінен өтіп, түрленіп, жаңарып, атадан балаға қалған мұра ретінде бізге саф таза күйінде жеткен дәстүрлі де қастерлі өнер.

Бұйымдарда жан-жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т.б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген.

Қолөнер қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің қайнар көзі болған, ғасырлар асылы өз қадір-қасиетін жоғалтпай жалғасын тауып келе жатқан асыл дүниелер. Ел арасында тұрмыстық қажеттіліктен туған ашық түсті айшықты текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды-жасылды құлпырған кілемдер, неше түрлі өрнектер түспен терме алашалар мен аяққап, сандыққап, кесеқап, асадал сияқты қолөнер туындылары халқымыздың өнер тарихынан аян.

Қазір егеменді елдің қолөнер туындылары басқа қырынан жаңа көрініс тапты, ол жаңа түрге, жаңа мазмұнға ие болуда.

Қолөнер туындылары — қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Ғалымдардың пайымдауынша, қолөнердің пайда болуының бірнеше себебі бар. Адамзат ғасырлар бойы әсемдікке, сұлулыққа ұмтылған, сондықтан сол сұлу нұсқаны тұрмыстық заттарды безендіру үшін пайдаланған. Бұл өмірде белгілі бір халыққа тән негізгі көркемдік ерекшеліктер сақталады, сондықтан ол халықтың бейнелеу, сұлулықты қабылдау мәдениетінің жоғарылығымен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Қай халықтың мәдениетіне байыптап көз салсақ та сол халықтың әсемдік талғамы мен танымына , эстетикалық ұстамынына сәйкес белгілі бір өнер түрінің басым дамып отырғанына көз жеткіземіз.

-3-

 

                         І. Негізгі бөлім

 2.3     Халық педагогикасының озық үлгілері мен қолданбалы өнердің ұлттық дәстүрлерін тиімді пайдалану

Қазақ қолөнерінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады.

Тарихи – ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының қолөнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өмірінің ықпал-әсерінен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін  таныр едік. Бұған дәлел – қазақтың алғашқы қолөнер үлгілерін андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени  мұраларынан ұшыратамыз.

«Өнерліі өрге жүзер» дейді халық. Кілем тоқуды қолөнердің өзіндік қырсыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десек те, осы өнерді үйренгісі келген әр адамның тұрмыс қажетін өтеу мақсатымен бірге оның сан түрлі бояуларынан туындайтын өрнектер мен бояу үндестігі қиялына қанат бітіріп, сұлулық әлеміне жол таппасына кім кепіл?! Оның айғағы – тарихта қалыптасып келген, сан ғасырлар бойы тұрмысқа байланысты, табиғи құбылыстарын суреттеуге лайықталып келген ою-өрнек түрлерінің, оның мазмұнының жаңара түсіп, бет-бедерінде тұрмыс-тіршілікке байланысты тың мағына беретін туындылардың пайда болуы. Олардың авторлары да замандастарымыз. Бүгінгі кілем тоқу өнері – біржақты, тұрмыс қажетін өтеу аясынан гөрі – қолдағы барды ұқсата білу, әсемдік пен талғампаздықтың туындысына айналуда. Сондықтан оның еңбекке, өнерге, ойлау қабілетін арттыруға, нәзіктік пен сұлулықты сезіне білуге, табандылық пен ұқсатымдылыққа тәрбиелеу маңызы басымырақ тұр.

Кілемді жайсаң-төсеніш,ілсең –сән.Осындай ел аузына ілінген асыл қасиетін ол әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат.Әсіресе, соңғы жылдары кілем тоқу өндірістік кәсіпке айналып отыр.Әйтсе де кілемді қолдан тоқу өнері күннен күнге өріс алуда.Кілем өрмегін құрып,тоқу жағдайында пайдаланылатын жабдықтардың түрлері төмендегідей.

Адарғы тарақ-кілемнің өрнегіне келтіріп шалынған түсті жіптерді,яғни соңғы бір түкті арқауға нықтап бастыра қағып отыратын жабдық.Тарақтың қолға ұстайтын ағашын(сабын) еменнен немесе қайың ағашынан жонып жасайды.

 

 

-4-

Тарақтың тістері темірден жасалып,ағаштың кеңдеу шетіне, әр түстің арасына 2мм ашық қалдырып қашап бекітеді.Адарғы тарақтың ұзындығы 15-20см,тіс жағының ені 8-10см ,биіктігі 6-7см болады.Тарақтың сабы зімпара қағазбен (наждачная бумага)тазаланып тегістеледі.

Кесермен пышақ-кілемнің өрнек тізбе жіптерін арқауға шалып байлаған соң,артық жіпті кесетін аспап.Пышақтың жүзі өткір болғаны жөн. Бұл аспапты қолдан жасамай,дүкенде сатылатын дайын бәкіні алып пайдалануға болады. Соңғы кезде кілем тоқитын өндірістік кәсіпшілік мекемелерде түкті кілемді қолмен өрнектеп тоқитын шеберлердің пышақ кесерменде рі өзгерді деп айтуға болады. Олар көбінесе кілемнің желі жібіне шалып байланатын түрлі-түсті жіптердің артық ұшын кесуге ұстараны да пайдаланып жүр. Ол үшін  бәкінің ұстайтын сабын сол күйінде қалдырып,ұстараның жүзін қайтара егіп, кішкене металл қаңылтырын екіге жапсыра иеді де,бәкінің кесетін жүзіне кигізіп бекітеді.

Ұстараны ұзынынан иіп,ортасынан сындырып, бір бөлігін әлгі қаңылтырдың екі қосылған шетінің арасын қыстырып ұстатады,ұстараның біріншісінің жүзінің өткірлігі азайған соң шығарып тастап жаңасын салады.осындай кесерменнің бәкінің жүзіне қарағанда айырмашылығы бар. Біріншіден, ұстараның жүзі өткірлігіне байланысты ұзақ пайдаланылады. Сондай-ақ жіп те жеңіл қырқылады.

Қайшы-кілем түгін тегістеп қиюға пайдаланылатын жабдық. Кілем тоқитын шеберге үй тұрмысында тұтынатын кіші-гірім қайшыждан гөрі киім пішушілердің үлкен қайшысын пайдаланған дұрыс.

Отырғыш-қалыңдығы 4-5см қарағайдан немесе  қайың ағашынан жасалады. Ұзындығы 2,5-3м, ені 35-40см, екі аяғының биіктігі 40-45см тақтай қашалып,желімге отырғызылып шегеленеді.

Отырғышты кілемді тіке тұрып тоқығанда пайдаланылады.Кілемді әдетте 2-3 шебер қатар отырып тоқиды,сондықтан отырғыштың ұзындығы кілемнің енінен аздап ұзын болғаны жөн.Отырғыш жерге жатқызып тоқылатынтүкті кілемге де пайдаланады.

Халық қолөнер шеберлерімен қатар арнаулы білімдері бар суретшілер соңғы кезде кілем,терме алаша тоқудың жаңа тәсілі «Гобелен кілемін» дайындауды қолға алуда. Олар, әсіресе, көрмеге қатысуға, сонымен бірге қонақ үй,демалыс залдарын көркемдейтін тақырыптарды іздестіріп, одан әрі дамыту жағын көздеуде.

 

-5-

Гобелен кілемінің тоқылу мәндері терме алаша, түкті кілемге ұқсағаны мен, жалпы ою-өрнек суреті сирек қолданылады. Көпшілігінде адам, мал, дала, ұрылыс, білім, мәдениет,   спорт тақырыбындағы суреттер өте жиі кездеседі. Ал гобелен кілемінің тоқылуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның жа кілемге қарағада жіп түстері сан алуан болып, өрмек теруінде бір кілемнің өзінде түкті түксіз өрнектер араласып келе береді. Сондай-ақ, кейде өрнек жіптері тоқылмай қалатын әдістер де кездеседі.Мұндай тоқылмаған өрнек жібі қиылмайды.

Көлемі 4,20х2,30м болатын кілем арқауына 4кг,желі жүгіртуге 10кг мақта жіп және түк салуға 24кг жүн жіп керек.Осы кілемді тоқу үшін 520 қатар желі тартылады.Бұл желі жіптерінің аралығы 1 түйір бидай дәні сыятындай болса    (желі жібі керіліп,қалып  темір болтпен тартылғаннан кейінгі өлшем) жарайды.Желі жүгіртіліп ,қалып қатайтылғаннан кейін күзу байланады.

Күзу байлау өте-мөте мұқияттылықты қажет етеді.Күзу ағаштың ұзындығы кілем енінен 30-40 сантиметрдей ұзындау,қалыңдығы 5-7 см болады.

Күзу жібі де кілемнің желі жібіндей ширақ иіріліп,екі тінделеді.Оны ешкінің қылын араластырып иіруге немесе орнына желіге қолданатын мақта жіпті пайдалануға болады.Күзу жіп боялмайды.Ол желі жібінің орын-орнында,түгел болуын қамтамасыз етеді.

Желі жібі өте мықты болады,өздігінен үзілмейді.Дегенмен әлдеқалай босаң тартып немесе үзілгені болса күзуден байқауға болады.Мұны кілемшілер «жіп қашу» дейді.Мұндайда үзілген жіпті аса ептілікпен жалғау керек.Үзілген жіптің екі ұшын бір-біріне жеткізіп байлау мүмкін емес,өйткені қалып қатайтылып,желі жібі барынша керіліп тұр.Сондықтан ортадан жіп жалғайды да, жалғанған желі жібінің артығын жіңішке шимен бұрап тастайды.

Біз кілем тоқу технологиясы сабағында осындай халық қолөнерінің кейбір элементтерін қолданамыз.

Тоқылатын кілемнің көзделген көлеміне қарай дайындалатын арқауға,желі мен түк салуға арналған жүни көлемі де әр түрлі болады.

Арқау қылшықты жүн немесе ешкінің қылымен аралас иірілсе мықтырақ келеді .Қазір арқауға мақта жіп те пайдаланылып жүр.Арқаудың жуандығы өрмек жібіне сәйкес,өте жіңішке немесе жуан болмағаны жөн.

 

-6-

Кілем күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын жүннен жасалған бұйымдардың ішінде басты орын алып, әлі күнге өз маңызын жоғалтпай келеді.Еліміздің түпкір-түкпіріне кең таралған осы бір өнер түрінің өріс алып,бай мазмұн –мағынаға ие болып,одан әрі дамып отырған жері,әсіресе,         республикамыздың оңтүстік аудандары.

Қазақ кілемдерін де тоқылу ерекшелігіне қарай түкті кілем, тықыр кілем; материалына қарай жібек, мапасы, қалып кілем; өндірілген орнына қарай Қызылорда кілемі, Алматы кілемі, Жамбыл кілемі; ру үлгілеріне қарай Адай кілемі, Керей кілемі, Қоңырат кілемі, т.б; қосалқы бөлшектеріне қарай шашақты кілем, оқалы кілем т.б. деп аталынады.

Ұлттық қолөнерде оның әсемдігін арттыру үшін бояулар елеулі роль атқарған. Ежелгі қолөнер бұйымдарында көбінесе табиғи бояулар қолданған. Жоғарыда айтылған зерттеулерді сараптайтын болсақ, ұлттық қолөнері жоғары деңгейде дамып қана қоймай, Орта Азия , Сібір, орыс, Еуропа халықтарына да үлкен мәдени ықпал етті. Сол көне дәстүрлі өнер ғасырдан-ғасырға өтіп, қазақ халқының рухани мұрасына айналып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-7-

   2.1Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы

Тақырыптың теориялық маңыздылығын, егер тарихымыздың зерттеулеріне үңілсек, бұл өнер ежелден келе жатқандығын көреміз. Қазақтың салт- дәстүрлеріне байланысты қолөнердің бұл түрінің кез- келген тәлім- тәрбие саласында білім беру, қай заманда ұлттық өрлеудің, халықтың қалыптасуының ең негізгі бірінші шарты – білім. Ал шынайы білім беру ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың басты құралы.    Қолөнердің  бұл түрі теориялық маңыздылығымен өте айқын ерекшеленеді, мысалы, білім беру саласында тәлім-тәрбие барысында кез-келген іс-әрекет түрінде қарапайым сабақтан бастап, әдістемелік семинарларда, ғылыми конференцияларда, ғылыми жұмыстар жазуда және т.б. сол сияқты білім беру орталықтарында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.Кілем тоқу – тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнерінде ертеректен белгілі, ел арасында кеңінен тараған, дамыған өнер.

Кілем — әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тықыр болып келеді. Түкті кілем бірнеше қабаттан тұрады. Мұндай кілемнің негізі және арқауы жекеленген жіптерден, бірақ бір-біріне тығыз орналасқан түйіндерден тұрады. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылғаннан кейін пайда болатын қалың түк мұндай түйіндерді көрсетпей жауып тұрады. Түктің ұзындығы 3 мм-ден 18 мм-ге дейін болады. Ол кілемнің қалыңдығын, мықтылығын арттырумен бірге оны жеңіл (барқыт тәрізді үлпілдек) етіп көрсетеді. Тықыр кілем (кілем, палас, сумаха, шпалер, терме алаша және т.б.) бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылады. Түгі қырқылмаған (түз ақшалы), кейде түгінің жартысы қырқылып, жартысы қырқылмаған аралас кілемдер де шығарылады.

Қолдан тоқылған кілем тоқыма станоктарында өндіріледі. Өте берік келеді, күтіп ұстағанда ондаған жылдар бойы, кейде жүз жылдан астам уақыт пайдалануға болады. Қолдан тоқылған түкті кілемді тоқуға жүн (қой, ешкі, түйе жүні), мақта-мата, жібек, зығыр, кендір жіптері пайдаланылады. Қолмен тоқылатын кілемнің түгі ор түрлі бояулы жіптерді әрбір екі өріс жібіне шалу арқылы жасалады. Майда өрнек қажет болғанда бір ғана өріс жібіне түйіледі. Олар көбіне қос шалымды, кейде бір жарым шалымды тұзақша түрінде болады да, ұшы бетіне шығарылып, қырқылып тасталады. Түк үшін жүннен иірілген жіп (кейде жібек жіп), ал өріс және арқау үшін мақта жіп қолданылады.

-8-

 

Көбіне ұсақ өрнек жасау үшін өрістік мақта жіп жіңішке жібек жіппен алмастырылады.                                                                                                               Кілем тоқу халықтың өте ертеден келе жатқан қол өнері. Қолдан тоқылған ең бағалы кілемдер КСРО, Иран, Франция, Үндістан, Қытай, Болгария, Румыния,Венгрия, Чехословакия, Польша, Ауғанстан, Түркияда шығарылады, КСРО-да қолдан тоқылған ең жақсы кілемдер негізінен РКФСР (Дағыстан АССР-і), Түркменстан, Азербайжан, Грузия, Армення және Қазақстанда шығарылады. Әр халықтың, әр елдің қалыптасқан дәстүр ерекшелігіне қарай кілемнің түр-түсті, ою-өрнегі, оны дайындау тәсілі әртүрлі болып келеді. Сондықтан да кілемдер тоқылған жердің немесе халықтың, тайпаның атымен аталады.

Кілем түрлері: Түрікмен кілемдері «ушан», «құла» кілемі, «пенди», «гауһар», «иомуд», «бешир» т. б. деп аталады. Негізінен түсі қызыл, геометриялық түзу сызықты өрнектермен әсемделеді.

Кавказ кілемдері «куба», «шируан», «хила», «қазақ», «карабах», «дербент», «микрах», «ахты» т. б. деп аталады. Түрі қызыл, көк, көгілдір, алқызыл, сары, ақшыл түсті болып келеді. Ою-өрнек ретінде гүл, жапырақ, құс, жан-жануарлар бейнесі қолданылады.

Қытай кілемдерінде әртүрлі түстегі балық, жан-жануарлар, мифтік құбыжықтар,айдаһарлар т. б. бейнеленеді. Сондай-ақ лотос, таушымылдық гүлдері өрнектелген кілемдер де кездеседі. Тағы бір ерекшелігі — оның түгі кілемдегі ою-өрнекті аша түсетін ыңғаймен ұзынды-қысқалы болып қырқылады. Ою-өрнек түгінің қысқа қырқылуы кілем түрінің әдемілігін арттыра түседі.

Түрік кілемдері «анатоль», «анкара», «смирна», «бергамо», «брусеа», «ушак» т. б. деп аталады. Гүлді (парсы көлемдеріне қарағанда бір жүйеге түсірілген) және ою-өрнекті болып келеді.

Француз кілемдері «савонарри», «обюссон» типіндегі кілемдерде гүл салынған ою-өрнекті суреттер басымдау болады.

Қазақ кілемдері тоқылу ерекшелігіне қарай — түкті және тықыр; сондай-ақ қосалқы белгілеріне қарай — шашақты, оқалы кілемдер болып бөлінеді. Қазақ кілемдері түркі тектес халықтар көлемдерінің қазіргі үлгілеріне өте ұқсас.

-9-

 

Негізінен қызыл, қаракөк, сары, күлгін, аспанкөк түстерді қолдану арқылы түрлі ою-өрнектер табиғат көріністерімен ұштастыра бейнеленеді. Қазақстанның оңтүстігінде түкті және тықыр кілемдерді қолдан тоқу дамыған. Олардың негізгі өрнектері — «күмбез», ал жиектерінде текшелі өрнектері «қорған» деп аталып, оны бойлай күлгін түсті «су» өрнегі жүргізіледі. Бұл зәулім күмбезді, тас қамалды, қорғанын қуалай су жүргізілген қалайы елестетеді. Ою-өрнектерді белгілі мазмұнға құру текемет , сырмақ өрнектерінен де байқалады. Кейде ортаңғы гүл-күмбездердің орнына түлкі ілген бүркіт, жан-жануар немесе табиғат көрінісі т. б. бейнеленеді. Геометриялық өрнектер өте басым. Қазақ кілемдеріндегі айшықты ою-өрнек әсері басқа халықтар кілемдерінен де байқалады.

1936 жылдан бері ұлттық үлгілерге жаңа мазмұн беруді көздейтін Алматы кілем тоқу фабрикасы жұмыс істейді. Мұнда кілем қолмен де, машинамен де тоқылады. Фабрика әртүрлі мерекелерге арналған, сондай-ақ ұлы адамдардың, көрнекті жазушы, қоғам қайраткерлерінің, мүшелтой иелерінің суреті салынған кілемдер де шығарады. Ал төсеніш, дастарқан т. б. ретінде пайдаланылатын кілемдер республиканың кейбір облыс орталықтарына шығарылады. Машинамен тоқылатын кілемдер сыртқы түрі мен ою-өрнегі жағынан қолдан тоқылған кілемдерден көп өзгешелігі болмаса да беріктігі мен төзімділік жағынан олардан төмендеу. Қолдан тоқылған кілем ұлттық ою-өрнек пен колоритгі ұштастыра пайдаланған өте сапалы бұйым болып саналады.

Кілем тоқу кезінде ең бірінші неге мән береміз?

— Тоқыма станогын үстел үстіне тиянақтап орналастыру керек.

— Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен бермеу керек;

— Қайшыны тек оң қолымен ұстаған жөн;

— Тарақты тоқыма станогынан 3см артық көтерме, тарақтың салмағы 0,5кг сондықтан арқау жібін нықтау кезінде сақ болу керек; — Тоқылу әдістерін біркелкі жүйеде жасау керек; — Тоқылу кезінде бұйымымыз тартылып қалмауы үшін екі шетінен жіпті тартып байлап қою керек.Тықыр кілем өткізбе әдісімен тоқылады.Адам, табиғат көріністерін бейнелеуге болады. Греция, Литва, Молдова, және елімізде дамыған. Түкті кілем шалу әдісімен орындалады. Түкті кілем үйге сән береді, жылы. Әр елдің өзінің ұлттық өрнегі көрсетіледі. Көбіне табиғатты ұлттық ою- өрнектермен байланыстырады. Сәнді қолданбалы өнер. Екеуі де қабырғаға ілінеді және жерге төселеді.Иірілген жіппен тоқылады.

-10-

 2.3. Кілемнің пайда болу тарихы. Тоқылу технологиясы.   Жобалау. Нұсқау картасы.

Қазақ кілемі ежелгі төркіні байырғы сақ, үйсін, ғұн өнері мұраларына саяды.

Бұрын б.д.д. VII-IV ғасырлар аралығында,қазақ жерін, яғни Алтайдан Атырауға дейінгі кең алқапты сақ тайпаларының мекен еткені тарихтан мәлім. Осы бір ғылыми тұжырымды анықтауда қыштарға, әр түрлі тастарға ойып сызылған сақтардың ою-өрнектері басты рөл атқарады. Міне, сол кезден бастау алған қазақ халқының ою-өрнек, тоқыма тоқу дәстүрі көптеген ғасырлар бойы кемеліне жетіп, толыса түсті.

Тұрмыста қолдану сипатына, әркімнің қолда бар шикізат мөлшеріне қарай кілем тоқудың түрлері де әр алуан. Әркім өз қалауынша көлемін таңдап алған қалыпқа лайықтап, қазіргі тұрмыста кеңінен қолданылып жүргені – түкті кілем және тықыр кілем.

Түкті кілем-өрнегіне, тоқылыс сапасына, бояуының түріне, тұрмыста қолданылуына қарай әр алуан атауларға ие болған. Тек қана қазақ жерінде  оның сан түрлі атаулары бар. Сонымен қатар, өзге елдерден (Шығыс елдерінен) әкелінген кілем түрлеріне електеп тоқылғандарына да лайықтап атау берген. Әндіжан кілем, бұқар кілем, түрікпен кілем, арабы кілем деген атаулар соның айғағы болса керек.

           Кілем тоқу былай басталады: 5-6 арқау бойына түк салынбай арқау өткізіліп, адарғымен шатыс түсіріп (алғашқыда адарғыны көтеріп шатыс алынса, келесі жолы адарғы ағашты жығып, ілгері ысырып қояды), арқау өткізіледі де, тарақпен тегіс тоқылыс түседі. Осы түк салынбаған тегіс тоқылыс кілемнің басталысынан және екі шетінен ұзындығын бойлай әр жолы қалдырылып отырылады.

Тегіс тоқылысты әрі қарай түк шалумен жалғастырады. Түк шалуда шеттік 2-3 арқау әркімнің талғаныма сай бірі- бірі толықтырып, әрлендіре түсетін екі түстен жолақ бірыңғай тоқылыс түсіріледі. Ал түк қалай шалынады? Ол үшін кілем тоқушының тұсына жіп керіліп, кілем түгіне арналған жіп домалақтары оңай тарқатылатындай етіліп соған ілінеді. Барлық түстер қатар – қатар ілінуі керек. Домалақтағы жіптің ұшы кілем тоқушының қолында болады. Ол керегіне қарай желіге бір орап шалады да, кесермен пышақпен артығын қырқып тастап отырады. Бір қатарға түгел түк шалынып болған соң пышақты оң қолға ұстап бас бармақ пен пышақтың арасына әлгі түкшелерді шымшый тартып, тоқылысқа қосады. Үстінен тоқпақпен ұрғылап нығарлаған  соң қайшымен түк бетін тегістеп қияды.

-11-

 

Арқау өткізілген соң адарғыны көтеріп,алынған шатысты қамти тоқпақпен қайтадан нығарлап, келесі түк салуға кіріседі.

Кілем тоқу басталысында түксіз тоқылыстан соң салынған екі түсті түкті жолақты жиек салу немесе шеттік деп атайды. Жиектен ішкі қарайғы тоқылыста кілем ортасына(немесе табағына) түсірілетін өрнекті айналдыра әркімнің қалауынша отау өрнегі бір немесе екі қатар жүргізіледі. Ал отау өрнектері болсын, кілем табағына түсірілетін негізгі өрнектер болсын,олардың шетін айналдыра бір жіптен салынып отырылатын түрді су өрнек деп атайды. Су өрнектің міндеті кілем төсегі(негізгі фоны) мен өрнекті бір-бірінен айқындап бөліп тұрады.Яғни екі түрдің шекарасы іспетті.

Кілемге түсірілетін негізгі өрнектер: шатыргүл(қос шатыргүл немесе жеке шатыргүл), мақтагүл, лалагүл, шаршы ішіндегі самаурынша,  жапырақ немесе қошқар мүйіз, сыңар мүйіз оюлары.Бұлар кілем табағына әр түстен шығарылады. Ал отау өрнектері ұсақ гүлдер немесе жарты шаршы,жапырақ немесе жолақтап бірнеше түрден тоқылады. Бұлардың бәрін де бір тін су өрнегі жиектеп шығарып отырады.

Күзу мен тоқылыстың арасы 70-80 см мөлшерінде сақталады. Ал, кілем тоқылып біте келе алдыңғы шеттік пен күзудің, күзу мен тоқылыстың арасы мейлінше жақындайды, яғни күзу ағаш әрі қарай жылжи алмайтын және адарғымен шат салу қиындайтын шекке жеткенде тоқылыс аяқталып, яғни кілем өрнектері түгел шығарылып, түк салу бітеді. Ал шеттік өрнектердің сыртынан бастапқыдағыдай 5-6 арқау бойына тегіс тоқылыс түседі. Бұл-кілемнің екінші шеті.

Кілемді машинамен тоқу, шамамен , 1825 ж. Европада Франц Жаккардтың өрнекті мата және кілем тоқу ісіне пайдалынылатын машина ойлап табуының (1806 ж.) негізінде пайда болды. Осыдан 25 жыл өткен соң Англияда машинамен кілем тоқу қауырт дамыды.

Қолмен тоқылған кілемге қарағанда, машинамен тоқылған кілемнің беріктігі мен көркемдік сапасы нашарлау, ал сыртқы түрі мен өрнегі жағынан одан кем емес, әрі өнімділігі жоғары және арзанға түседі.

 

-12-

Машинамен тоқылған кілем өндірілу әдісіне қарай: жаккардты шыбықшалы (тұзақшалы яки қырғылған түгі бар), қос полотнолы жаккардты (түгі қырқылған), аксминтерлі (түгі тігілмелі) тағы басқа болып бөлінеді.

Қарапайым тақыр кілем үшін бір өріс және бір арқау жіптері жүйесі ғана пайдаланылса, түкті кілемде екі не үш қабат өріс және арқау жіптері болады. Мұндағы арқаулар өз өріс жібімен ғана емес, іргелес өріс жібімен де айқасады. Ал түк тек үстіңгі қабатына ғана ұстатылады. Шыпықшалы, қос полотнолы, түйіншекті түкті кілемдердің түгі өріс жібімен, ленталы кілем түгі арнайы дайындалған арқаумен, ал аксминтерлі кілем түгі механикалық жолмен бұйым негізіне ентіріледі. Осылардың ішінде ең соңғысы ғана шығыстың қол кілемдеріне ұқсас. Машинамен кілем тоқуда негізгі өріске мақта жіп, қосарлы өріс пен арқауға кендір жіп, түк үшін жүн жіп қолданылады. Кілем тоқылып біткесін әр түрлі қосымша өңдеуден өтеді (түгі қырқылады, тазаланады, ыстық буға ұсталады, шеті әдіптеліп яки шашақ тағылады.

Бұйымды тоқу барысында төмендегі ережелерді сақтау керек:

  1. Салынатын өрнек әрқашан бұйымның көлемі мен пішініне сәйкес келуі тиіс.
  2. Сурет композиция негізгі бұйымның түстік фонының өрнектеріне сәйкес келуі, яғни бір-бірімен жарасымды болу керек.
  3. Суреттері бір-бірімен тепе-теңдікте болуы шарт.
  4. Түрлі түстер арқылы өрнекті композицияның ортасы, шеті, фоны анықталады.
  5. Тұйық композициялық өрнектер шеңбер, үшбұрыш немесе ромб ішінде орналасуы тиіс.

 

Жобалау. Жоба таңдағанда қойылатын талаптар

 

  1. Таңдаған затың өзіңе таныс, түсінікті, қызықты болуы керек.
  2. Таңдаған заттың тұрмыста пайдаланылатын орнын білуің керек.
  3. Таңдаған зат сенің шығармашылығыңды көрсете ала ма? Осы затты жасау қолыңнан келе ме? Алға қойған міндетіңді орындай аласың ба? Осының барлығын ойластыру керек.
  4. Таңдаған жобаның күрделілігін, қанша еңбекті қажет ететінін білу керек.

        Жоба жұмысының кезеңдері

І. Ұйымдастыру және дайындық кезеңі

  1. 1. Туындаған мәселелер мен қажетіліктерді негіздеу. Дайындалатын бұйым ретінде кілем тоқу технологиясын таңдадым. Кілем тоқу барысында түкті және аралас тоқу әдісін қолданамын.

-13-

 

  1. Материал таңдау. Құрал-жабдықтар, аспаптар, қосымша материалдар таңдау. Дайындалатын бұйым тоқыма әдісімен жасалынатын болғандықтан, табиғи және қоспа талшықты жіптерді таңдадым. Таңдаған жұмыс бөлшегінің өлшемі жұмысшы кергіштерге сәйкес келуі керек. Тағы өте маңызды мәселе- сурет түріне қарай арналған ине таңдау қажет.

Қайшылар. Жіптің ұшын қию үшін қайқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады.

Жіптер. Тоқыма үшін табиғи , жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, т.б. жіп түрлері қолданылады. Жіптің бояуы берік , қанық болуы қажет.  Бояуы шығатын жіп қолданылмайды.

Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Суретін  құрастыру үшін миллиметрлік қағаз қолданылады. Бұл жұмысты орындау барысында түкті және түксіз тоқу технологиясын қолданамыз.

  1. Сурет таңдау. Тоқымаға дайындықты кілемге арналған суретті таңдаудан басталады. Алдымен композициясын, суретін таңдап, кілем сұлбасын қағазға сызып алуға болады. Сол сияқты дайын сұлбасын пайдаланып, содан кейін түсін, өлшеміне рамка таңдап тоқуға кірісуге болады.
  2. Жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіз жұмыс істеу ережесі. Орындалатын жұмысыңа қандай жауапкершілікпен қарасаң, жұмыс орнына да сондай жауапкершілікпен қарау керек. Жобаға арналған негізгі талаптар- жұмыс орнының жақсы жабдықталуы. Инелерді арнайы инесалғыштарда немесе қораптарда ұстайды. Инені ұшы түйілген жібімен қойған дұрыс. Жұмыс барысында тот басқан инелерді пайдалануға болмайды. Қайшы және басқа металл құралдар арнайы қораптарда сақталуы керек. Тоқуға арналған матаны құрал-жабдықтан бөлек сақтау қажет.

      Тоқу жұмысы кезінде орындыққа сүйеніп, үстелге жақын отыру қажет. Жұмыс істейтін орын жарық болуы қажет. Тоқыма менкөздің арасы 25-30 см-ден кем болмағаны жөн.

  1. Бұйымның технологиялық орындалу реті.

   Технологиялық процесте қарастырылған операциялар орындалады.

1) Кілем тоқу.

2) Кілемді соңғы өңдеу.

  1. Дайын бұйымды бағалау критерийі.

Конструкциялық критерийлер:

 

-14-

  • төзімділік, шыдамдылық:
  • пайдалануға ыңғайлылығы:
  • бұйымның орындалуына конструкциялық сәйкес келуі:

Технологиялық критерийлер:

  • қолдануға ыңғайлылығы және материалдардың үйлесуі, сапасы;
  • қажет құрылғылар;
  • энергия шығыны.

Экологиялық критерийлер:

  • жұмыс барысында қоршаған ортаның ластануы;
  • артылып қалған қалдықтарды пайдаланы мүмкіндіктері;

7.Дайын жұмысты көркемдеу. Құрал-жабдықтар мен материалдар: дайын бұйымға арналған жақтауша немесе қатырма қағаз(жақтауша жасау үшін) қылқалам, ПВА желімі, қарапайым түссіз лак, қайшы.

Дайын кестені көркемдеу үшін жақтаушаны сатып алуға, сондай-ақ «декупан» әдісімен қолдан жасап көркемдеуге болады.

8.Тоқылған  бұйымның күтімі:

  • Оларды суға салып қоюға, қайнатуға болмайды;
  • Жылу суда жуу керек;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-15-

            Технологиялық  картасы

р/с Жұмыстың орындалу тәртібі         Сызбасы
1. Өз қалауымызша кілем станогін (төртбұрышты) дайындап аламыз.
2. Жіпті керу кезінде ара қашықтықтарын бірдей етіп алып өлшеп, қаламмен белгілеп аламыз.
3. Кілем тоқымас бұрын оның нобайын сызып, әр түске бояймыз.
                          4. Кілем тоқитын құралдарға белгіленген нүктелер бойынша кендір жіпті тартып өткіземіз.
 

5.

Жіптің түсін суретке қарап таңдап тоқимыз. Бірінші жолда ине үстіңгі жіп арқылы, екінші жолда астыңғы жіп арқылы өтеді. Тарақтың көмегімен тоқылған жолды тығыздап отыру керек.  

 

-16-

          Кілем тоқудың нұсқау картасы

р/с Орындалу реттілігі Өңдеу технологиясы
1 Кілем тығыздығын есептеу, реттілігін үйрену 1.Кілемнің шетін тоқу. Арқау өткізу тәртібін сақтай отырып, арқауды екі рет өткізу
2 Арқауды тарақпен нықтау 2.Шалынған жіптерді пышақпен тартып түзулеу
3. Кілемді түк салып, 5-7см тоқу 3.3-5см биіктікті сақтай отырып, шалынған түкті қайшымен қырқу
4. Кілемнің негізгі сурет элементтерін тоқу 4.Қырқылған қажетсіз жіптерді арнайы дорба не қобдишаға салып отыру
5 Эскизі бойынша симметрия осі 100:2-/-20-шы жіптен өтеді, ендігі тоқу бастаушы сол ось өтетін негізгі жібін межеге ала отырып тоқиды 5.Мұнда екі жақтағы 7 түкті шет жіптері өз бағытымен біркелкі тоқыла береді
6. Кілемнің бітер жақ түкті шетін тоқу 6.Әр жолы қырқылған түк жібінің ретті жиналып отыруына бақылау жасалынады
7 7 «су» — дан тұратын түкті шеттері тоқылады. Қалған жіптері «шет-су» -дан тұратын түксіз жіптермен жабылады 7.Тегістеліп қырқылған түкті бөлігі түгел тоқылып бітеді

 

 

 

 

-17-

 

Жұмыстың орындалу рет-тәртібі Сызбасы
1 2 3
 

 

1

 

 

Өз қалауынша төртбұрыш дайындау.

 

 

2

 

 

Жіпті керу кезінде ара қашықтықтарын бірдей етіп өлшеп, қаламмен белгілеп алу.

                  …………………………

………………………

 
 

 

……………………….

 

 

3

 

 

Кілем тоқуды бастамас бұрын оның нобайын сызып, әр түске боялады. Бұл кілемнің композициясы

 

 

 

4

 

Кілем тоқитын құралдарға белгіленген нүтелер бойынша кендір жіпті тартып өткізу. Торланған жіптердің астына салған суретті орналастыру

 

5

Жіптің түсін суретке қарап таңдап ине арқылы өткізу. Бірінші жолда ине үстіңгі жіп арқылы, екінші жолда астыңғы жіп арқылы өтеді. Тарақтың көмегімен тоқылған жолды тығыздап отыру  
 

6

 

Суреттің әрбір элементтерін бөлек тоқып алынады. Кілемнің фоны жалпы бір түсті жіппен тоқылады

 

 

7

 

 

Кілемшені тоқып болған соң, тоқу

құралының артындағы жіптерді

қайшымен қию

 

8

 

Қағаздағы кілем композициясын, кілемшенің астынан суырып алып тастау. Дайын болған кілемшені жақтаушаға салу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-19-

 

ІІІ. Қорытынды.

  1. Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы

Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің түп төркіні тым әріден бастау алып, дәстүрге айналып бүгінгі күнге жетіп отыруы, қазақ халқының халық болып қалыптасуының заттық айғағы болып табылады.

Бағзы заманнан сақталып қалған таңбалы тастарға, балбалдарға, бәдіздерге, спитастарға, жартастарға салынған  суреттерге, тасқа ойылған жазулар мен төркін жазуларға, аң-құс, адамзат бейнелеріне, бәдізші, тасшы, төкішілердің өнер мұраларына үңілер болсаң, олар қазіргі өркениетіміздің айғақтары- мүсіншілік, суретшілік, фотография, архитектура, жазу және баспа мәдениеті, дәстүрлі қолөнер мәдениетіне жататын сызу, ою-өрнек, бедерлеу, нақыштау, құю, кестелеу, тоқулардың арғы тегі екенін байқаймыз.

Халқымыздың тарихи этапында ұлтымыздың, қолөнер дәстүрі бойынша кілем тоқу өнерінің технологиясымен қатар, олардың практикалық негіздері де берілгені белгілі.

Қай халықтың да өнеріне, бейнелеу мәдениетіне байыптап көз салсақ, сол халықтың әсемдік талғамы мен танымына, эстетикалық көзқарасына орай белгілі бір өнер түрінің басым дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда кілем тоқу өнері – қазақ халқының өмір- тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса дамып келе жатқан өнер түрі десек те болады. Жалпы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен тоқыма өнері қатыспайтын саланы табу қиын. Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының кілем тоқу өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал-

әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін қапысыз аңғарар едік. Бұған дәләл-айғақ ретінде қазақтың алғашқы кілем тоқу үлгілерін андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйін өнері мұраларынан ұшырататынымызды айтсақта жеткілікті.

Кілем тоқу өнері белгілі бір халыққа ғана тән негізгі стильдік ерекшеліктері сол халықтың бейнелеу, әсемдікті қабылдау мәдениетінің басты белгілерімен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Сондықтан да оқымысты ғалымдар, өнертанушылар қайсы бір халықтың өнерін ден қоя зерттеп, салиқалы баға берген кезде жоғарыда аталған өлшемді басшылыққа алып отырады.

Әрине, қазақ халқының тоқыма өнері күні бүгінге дейін жан-жақты, толығымен зерттеле қойған жоқ. Дей тұрғанымызбен, бұл өнер саласының белгілі бір дәрежеде жүйеленуіне бірқатар ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен этнографтар атсалысқанын да атап өткеніміз орынды болмақ.

-20-

 

Осындай игілікті ізденістің нәтижесінде ою-өрнек және тоқыма өнері өнертану ғылымында көкөніс өрнек (жапырақ, үш жапырақ , шиыршық, гүл, ағаш және т.б.), зооморфтық өрнек (жан-жануардың табиғи және фантастикалық бейнелері, қошқар мүйіз және оның түрлі нұсқалары: қос мүйіз, қоңыр мүйіз, сынық мүйіз, сондай-ақ тарбан, өркеш, қаз мойын және т.б.), геометриялық өрнек (сүйір, шаршы, шаршы мен тұмарша, жұлдызша, көпбұрыш, балдақ, қармақ және т.б.), космогониялық өрнек (дөңгелек, төртқұлақ, шұғала, шимай, бітпес және т.б.) деген топтарға бөлу қалыптасқан.

Әйткенмен ұлттық қолөнердің түрлері осымен ғана шектелмейтіні өзінен-өзі түсінікті. Өмірдің өзінің тынымсыз даму үстінде болатыны секілді, өнер де әр заманның, әр кезенінің бағыт-бағдарына, сұраныс-қажеттілігіне қарай дамып, жетіліп, өркендеп отырады. Сөйтіп, қолөнердің әр алуан әдістермен, неше түрлі мәні бар кілемнің көптеген түрлерінің ішінде көркем үлгілерінің  көрдік.

Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті таңдай да , талғай да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерін мұрат тұтып, жетілдіре берген. Шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырған.

Қолөнердің әсем туындылары адамға рухани азық болатын эстетикалық талғамын қанағаттандыратын , сұлу да әдемі , тиімді де ұнасымды болып келеді. Сан ғасырлар бойы халықтың рухани да,материалдық та иелігіне айналған осынау ұлттық қолөнер өнері бүгінгі күннің талабына орай, халық арасына шыққан ісмер-шеберлердің шығармашылық ізденістері нәтижесінде одан әрі дамып, жаңа түр, жаңа мазмұнға ие бола түсуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-21-

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Сырмақ өнері.

«Алматыкітап»  2007-229 бет

  1. Ою-өрнек ой айтар… З.Ақайқызы

Алматы. «Рауан», 1996- 48 бет

3.Технология. 7 сынып. Көркем еңбек. Б.Ж.Дүйсенова,-Назарбаев Зияткерлік мектептері.

Астана. 2017-46 бет

  1. Технология. 5 сынып. Т.Ш.Оралбекова, Р.А.Дарменова

Алматы.  «Жазушы», 2015- 170 бет

  1. Натуральные ковры

АО «Алматы Кілем», 2004- 75 бет

  1. Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері М.Ш. Өмірбекова

«Алматыкітап» ААҚ.  2003- 170 бет

  1. Мектептегі технология в школе №3

Алматы. 2016-60 бет

  1. Мектептегі технология в школе №5

Алматы. 2015- 57 бет

  1. Мектептегі технология в школе №1

Алматы. 2016- 55 бет

  1. Жүннен жасалатын бұйымдар. К.Мұқанов.

Алматы. «Қайнар», 1990- 102 бет

  1. Қазақ халқының қолөнері. Г.Қ. Шырынбаева

Алматы. «MASTER», 2014- 107-110 бет

  1. Бисер уроки мастерства.  Л.А.Божко

Издательство «Мартин» 2010-113 бет

 

-22-

 

                                        Мазмұны

Аннотация…………………………………………………………………………………………………

І.Кіріспе……………………………………………………………………………………………………..

  1. Қолөнер туралы жалпы түсінік…………………………………………………….1-3 бет

ІІ. Негізгбөлім…………………………………………………………………………………………….

2.1.Халық педагогикасының озық үлгілері мен қолданбалы өнердің ұлттық дәстүрлерін тиімді пайдалану…………………………………………………………….4-7 бет

2.2.Зерттеу жұмысының теориялық

маңыздылығы……………………………………………………………………………….8-10 бет

Кілемнің пайда болу тарихы. Тоқылу технологиясы.

Жобалау.Нұсқау картасы……………………………………………………………..11-19 бет

ІІІ.Қорытынды……………………………………………………………………………………………

1.Зерттеу жұмысының практикалық

маңыздылығы………………………………………………………………………………20-21 бет

 

Пайдаланылған  әдебиеттер……………………………………………………………..22 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Жоспар

І.Кіріспе……………………………………………………………………………………………………..

  1. Қолөнер туралы жалпы түсінік………………………………………………………………..

ІІ. Негізгбөлім…………………………………………………………………………………………….

2.1. Халық педагогикасының озық үлгілері мен қолданбалы өнердің ұлттық дәстүрлерін тиімді пайдалану………………………………………………………………………..

2.2. Зерттеу жұмысының теориялық

маңыздылығы……………………………………………………………………………………………

2.3. Кілемнің пайдаболутарихы. Тоқылу технологиясы.

Жобалау.Нұсқау картасы……………………………………………………………………………

ІІІ.Қорытынды……………………………………………………………………………………………

1.Зерттеу жұмысының практикалық

маңыздылығы……………………………………………………………………………………………

Пайдаланылған  әдебиеттер………………………………………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кілем тоқу технологиясы

 

 

 

 

 

 

Ескіден келе жатқан қолөнер бұйымдары

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейіндегі қолөнер бұйымдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Тоқыма өнері.  Дайын бұйымдар

 

 

 

 

                                         Дайын бұйымдар

 

                                                    

   

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*