20180117_105914

Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп – балабақшасы КММ Тақырыбы: Жақсыбай – туған жер көркі. Орындаған: Қожахмет Тәңірберген Рыспайұлы Сынып. 10 Жетекшісі: Абилова Лариса Болатқызы

Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп – балабақшасы КММ

Тақырыбы: Жақсыбай – туған жер көркі.

Орындаған: Қожахмет Тәңірберген Рыспайұлы

Сынып. 10

Жетекшісі: Абилова Лариса Болатқызы

 

2017 – 2018  оқу жылы

Мақсаты:

  • Жақсыбай өзенінің табиғатымен танысып, табиғат байлықтарына зерттеулер жүргізіп, табиғатқа, Отанға деген сүйіспеншілік пен жанашырлық сезімін тудыру;

 

  • Оқушылар бойында экологиялық білім жүйесін қалыптастыру;

 

 

  • Туған өлкенің табиғат байлықтарын зерттеп зерделеуге және қорғап сақтауға тәрбиелеу;

 

  • Жас ұрпақтың бойында туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімді арттыру;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

І. Кіріспе:

 

ІІ. Негізгі бөлім:

 

Жақсыбай – тұнған байлық.

 

ІІІ. Қорытынды.

 

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Тау кезеңсіз болмас,

Өлке өзенсіз болмас,

Өзен жағалағанның өзегі талмас.

(мақал)

Өзендер – табиғаттың мәңгілік обьектілері.  Кіші өзендер – табиғат пен ландшафт балалары. Үй тұрғызуға, бүлінген ауылды, қаланы, тоғанды, су қоймасын, каналдарды қалпына келтіруге болады, ал өзендерді, олардың күрделі режиміне қалпына келтіру қиын. Сондықтан кіші өзендердің денсаулығын қорғап, «ауырғандарды» — емдеп және қалпына келтіріп, құрып кетуіне жол бермеу керек.

Бұл жұмысымды жазған кездегі міндетім Жақсыбай өзенінің табиғатын қорғап, сақтап оны халық игілігіне пайдалануына өз үлесімді қосу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім.

  1. Жақсыбай – Қаратөбе ауданының Қалдығайты алабындағы өзен.

Ұзындығы 146 км, су жиналатын алабы 2490 км, ав.

Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы Теректі төбе тауынан басталып, Мұстара ауылының тұсынан Сулыкөлге құяды. Жоғары ағысында аң, аңғары кең, орта бөлігінде Қарағанды құмынан өтеді.

Жағасына таяу бөлігі батпақты, Қар жер асты суымен толығады, Жақсыбай жазда жеке қара суларға бөлініп қалады. Жайылмасы – шабындық, Бөлінген суы мал суаруға пайдаланылады.

Жақсыбай өзені 96 км алқапты алады. Соңғы кезде суы мықтап тұзданды. Гидрологиясы. Қар және жер асты суымен толығады. Арнасы енсіз (10 – 12 м), жайылмасы төменгі жағында ғана қалыптасқан. Салалары: Шыңғыссай (15 км), Майлысай (27 км), Ащысай тармағы 46 км. Жылдық орташа су ағыны 0,093 м3 /с. Жаздың ортасында суы тартылып, қара суларға бөлінеді. Мал, шабындық суғарылады. Алабы – табиғи шабындық шүйгін жайылым.

  1. Жергілікті жердегі өзендердің маңызы туралы жергілікті ақын ағамыз Қ.Құттыбайұлының «Туған жер» атты өлеңінен көруге болады.

Тереңнен мұнай атқан Қарақұдық,

Газ толқиды тұзды оба аласұрып.

Тұзға түс, сүзіп алып асына сал,

Тұзды оба биікте тұр бақ асырып,

Мұнартып көкке алатау бір жырақтан,

Жарлы өзен нәр алады сан бұлақтан.

Көп құдық осы маңнан биігі сен,

Гуілдеп басынан жыр сусындатқан.

Байшуақ, Талсай, Шыңғыс, Құрсай қыстақ,

Мал жаны сусындайды бір бұлақтан.

Жақсыбай тасып құйған Ақбақайға,

Балығын тамашалап тулап жатқан.

Жері бай суы балдай, нуы қандай,

Мұнда өссең, мұнда туып бағын бардай.

Өткен күн, өткен ғасыр, өткен тарих,

Қоймайды толғандырмай, сағындырмай

Төбе бел, ойпаң, қырат жазықтарым

Білмедім сенде қанша азық барын.

Туған жер түгің сайын жыр тұнсада,

Арманым солай менде жолықпадым.

Су обьектілерінің ластануы, ластану дәрежесін анықтау.

Өзеннің ластануына келетін болсақ, көктемде «лас» қар өзенге түсіп су ластанады, сонымен қатар тұрмыстық қалдықтарымен ластанады. Осы ластануды болдырмау жолдарына мынадай жұмыстарды жасауды ұсынар едім: өзенді ластанудан қорғау қажет, суды ұқыпты,үнемді пайдалану керек деп ойлаймын. Су көзіне мал қорасын өте жақын салуға болмайды. Себебі малдың қиы мен зәрі еріген қар, жаңбыр суымен шайылып барып, су көзін ластайды. Өзен жағасына қоқыс тастамау, өзіңнен соң бос шөлмектер, целлофан қаптарды тастамау керек. Төмендегі жайттар оның негізі себептері болып табылады.

Біріншіден, ауыл тазалығының нашарлауы. Себебі ауылда жергілікті жердің шаруашылық қалдықтарын, малдың қиларының жоспарлы түрде қалдық полигондарына апарылмауы. Өзеннің ауыл жақ жарқабағына қоқыс төгіліп өзен арнасын ластауда және де өзен ағысының өте жай болуына байланысты ол қалдықтар өзен түбіне шөгіп, оның тайыздалуына әкеліп соғуда. Суға шомылатын жерде түрлі суға секіруге арналған үлкен машиналардың, тағы да басқа құралдар судың ағуына бөгет жасап қана қоймай қатты ағыстың жиналуына себеп болуда. Міне осы себепке байланысты ауыл қасында өзеннің ең терең жері 2 метр. Ауыл ішінде санитарлық жағдайдың төмен болуына байланысты көктемгі ағын сумен бірге өзенге көптеген қалдықтар келіп қосылуда.

Өзендер мен көлдер ластану дәрежесін шамамен анықтауға күрделі талдау мен реактивтердің қажеті жоқ. Судың ластануын жалпы түріне қарап және физикалық қасиетіне қатап анықтауға болады. Талдау үшін судың сынамасын өзеннің ластану көзінен жоғары деңгейден (200 — 5000) қалдықтар ағызған жерлерде  өзен ағысының төменгі жағынан (200 – 500м) алу керек.

Судың физикалық сипатын анықтау.

Судың температурасы ол гигеналық көрсеткішке жатпайды, бірақ биологиялық және физологиялық факторлар ретінде мәні бар, биологиялық процестердің қарқыны, өзінен-өзі тазаруы тәуелді болады. Ішетін судың температурасы денсаулыққа әсер етеді.

Судың температурасын өлшеу үшін шкаласы 100 градусты сынап термометрін қолдануға болады.

Су қоймасындағы судың температурасы оған ағызған суды жібергенде, судың орташа айлық температурасымен салыстырғанда, жазда 3 градустан астам, қыста 5 градустан артық көтерілмеуі керек.

Судың мөлдірлігі және лайлылығы.

Ішетін судың мөлдірлігінен 30 см кем болмауы керек, өзендегі судың мөлдірлігі жылдың әр кезінде өзгеріп тұрады. Қыста 2-35 см, көктемде 4-35см, жазда 10-40см, күзде 2-35 см.

Түсі.

Судың түсі оның құрамындағы минералдық және органикалық қоспаларға байланысты. Суда топырақтан шығарылған қара шірік заттардың суда болуы, судың түсін сарыдан қоңырға дейін бояйды.Темір тотырғы суды арықұба және құба түске бояйды. Ашық су қоймаларының жасыл түсті болу себебі балдырлардың көбеюінің әсері.

Судың түсін далалық жағдайда былайша анықтауға болады. Түссіз шыны диаметінһрі 1,5см, биіктігі 12 см(8-10 мл зерттейтін суды құйып, сол сияқты тазартылған сумен салыстырады, Судың түсін «Судың түсін шамамен анықтау» таблицасын қолдана отырып, градуспен анықтайды. Жақсы судың түсі 20 градустан төмен болуы керек, мүмкіндік мөлшері 40 градусқа дейін.)

Иісі.

Судың иісі организмдерге (тірі және өлі) топыраққа, жағалаудағы және түбіндегі өсімдіктерге, ағын суларға, органикалық заттарға (көң, зәр және т.б) байланысты. Фенол және тағы басқа тұздардың иісі суға химиялық өндірістің қалдықтары түскенін көрсетеді.

Судың иісін 50-60 градус температурада анықтайды, бұл үшін зертелетін суды 3-4 пробиркаға толтырады, қажетті температураға дейін қыздырып, қабыршақты тығынмен жабады да, араластырып, бірден пробкаға ашып иіскейді. Ауыз суда иіс қарқындылығы 20-60 градус температурада 2 балдан артық болмауы тиіс.

Дәмі.

Жұғымды ауыз су сапалық дәмі жағынан жағымды, сергіткіш болуға тиіс. Онда еріген тұз бен газдың оптимальды мөлшерде болуы салдарынан жағымсыз дәмі немесе татымы минеральдық немесе органикалық заттың артық мөлшерде болуына байланысты. Әдетте судың ащы, тұзды, қышқыл, тәтті дәмі және түрлі татымдары болады.

Жақсыбай өзенінің негізгі қоректену көзі жер асты сулары. Өзен көбіне қар суымен және жаңбыр суымен толығып отырады. Өзен қараша-желтоқсан айларында қатып, сәуір-мамыр айларында ериді. Су деңгейі мамыр айында көбейіп, қазан-қараша айларында ең төменгі деңгейіне жетеді.

Жақсыбай өзені маңындағы өсімдіктер дүниесі

  1. Жуа
  2. Қоға
  3. Ақ тұңғиық
  4. Тал
  5. Қырықбуын
  6. Кәде
  7. Бетеге
  8. Сүттіген
  9. Мия
  10. Қамыс
  11. Бақ-бақ
  12. Түйетікен
  13. Жусан
  14. Мыңжапырақ
  15. Қоңырбас
  16. Киікоты
  17. Қына
  18. Шайшөп
  19. Сарыбаскорай

Кейбір жекелеген өсімдіктерге тоқтала кетсек.

Жуа.

Көп жылдық пияшықты шөптектес өсімдік. Лалагүл тұқымдастарына жататын жуаның Қазақстанда 108 түрі анықталған. Ғалымдардың ұйғаруы бойынша жуа түрлері мұнан да көп болуы мүмкін. Жуаның жапырақтары қынапты, сабақтың түбіне топталып бітеді. Гүлшоғыры шатыр тәрізді. Тұқымы шар сияқты, ұсақ болып келеді. Жуаның көпшілік түрлерінің тағамдық маңызы зор. Сонымен қатар оның бірнеше улы түрі де бар. Олар құмда өсетін арам жуа мен Каспий арам жуасы.

Егер мал сояр алдында жуаның улы түрін көп жесе, оның еті бүлініп, дәмі бұзылатындылығы анықталған. Еті босап, борсып кетеді. Уланған малдың сүті де бұзылады. Сүт көгеріп, бетіне қаймақ жиылмай үруге бейім тұрады. Мұндай сүттен алынған майдың да дәмі нашар болады. Мұндай сүтті қайнатпай ішсе тамақты қырып, адамға да қолайсыз әсер етеді.

Жусан.

Бір жылдық, екі жылдық және көп жылдық шөп тұқымдас жартылай бұта өсімдік. Кейбіреулерінің сабақтары түзу, кейбіреулерінікі жатаған болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Қазақстанда жуаның 81 түрі өседі. Гүлдері ұсақ болып  келеді. Жусандар далалы, шөп және шөлейт жерлерде көптеп кездесетіндіктен, негізгі табиғи жем шөп болып есептелінеді. Ал кейбіреулерінің бойында эфир  майлары болғандықтан иіс майлар өндірісінде немесе арақ-шарап өндірісінде пайдаланылады. Кейбіреулерінің бойында іш құрттарын өлтіретін сантонин деп аталатын заттары бар.

Мал көбінесе шөптердің арасында талшық жусанның кездесуіне байланысты немесе жайылым кезінде жас жусанды жеп уланады. Бұл жағдай көбінесе малды бірінші жержен екінші жерге айдап, орын ауыстырғанда кезесуі мүмкін.

Қырықбуын.

Қырықбуын-биіктігі 15-40 см, шөп тұқымдас, көп жылдық, тармақтанған көген тамырлы өсімдік. Сабақтары бунақталған, іші қуыс спаранглилары масақталынып, сабағының ұшына орналасады. Споралары домалақ, қос белбеу тәрізді болады.

Қазақстанда қырықбуынның 8 түрі өседі. Далалық қырық буын Қазақстанның қай жерінде болсын кездеседі. Ал изалғандық қырық буын көбінесе аралас ормандарда қайыңды жерлерде, бұталы және шалғынды жерлерде кездеседі. Споралары мамыр, шілде айларында таралады.

Жылқы көбінесе қырықбуын араласқан сабанды жеген кезде уланады. Кейде сабанды төсеніш ретінде пайдаланғанда жылқы төсеніш арасындағы қырықбуынды теріп жеп қоюы ықтимал.

Жақсыбай өзені маңындағы тірі ағзалар.

Өзенде балықтардың көптеген түрлері мекендейді. Мысалы: шортан, алабұға, сазан, сартұқы, ақ балық, қара балық және шаяндар кездеседі. Балықтар көктемде уылдырығын шашып көбейеді.

Қосмекенділерден жасыл құрбақа және кәдімгі құрбақа. Өзен маңында мекен етеді. Құрбақалар көбіне ертеңгілік, кешкілік уақыттарда, түнде, белсенді тіршілік етеді. Зиянды бунақденлермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына көп пайда келтіреді. Жорғалаушылардан жылан, кесіртке және тасбақа бар. Дала тасбақасы сауыты қоңырқай сарғыш түсті. Аяқтарында 4 саусақтан болады. Жыла 3-4 айдай белсенді тіршілік етеді де, басқа уақыттарда ұйқыға кетеді. Аталықтарының үстінде сауыты күмбездеу болады, ал аналықтарында жалпақтау. Жылына екі рет 4-5 жұмыртқа салып көбейеді. Зерттеу барысында қара жылан, сары бас жылан кездеседі. Жыланның тілі жіңішке уы үстіңгі жақ сүйекте орналасқан улы тістерінде

 

 

 

 

Кесіртке                     Жылан                       Тасбақа

Зерттеу барысында кездескен құстар: үйрек, қаз, шағала, қараторғай, ақбас тырна, байқыз, үкі, жапалақ, көкқұтан, бүркіт.

Бүркіт-сұңқар тектес құстарға жатады. Бұл құстарды халқымыз ерекше қадірлеп, қыран құстар деп те атайды. Бүркіттің тұмсықтары, аяқтарындағы тырнақтары өткір, қорегін бүріп ұстауға бейімделген. Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің бірі – саятшылық. Бүркітті қолға үйретіп аң-құсқа салады.

 

 

 

Қорытынды:

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

                                                         Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ.

демекші адам баласының табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Тіпті адамзаттың өзі адамзаттың бір бөлігі. Сондықтан аналардағы қоршаған ортаны, табиғатты қорға, аялау біздің міндетті парызымыз. Әр адам әсіресе өзінің туған жерінің табиғатын көзінің қарашығындай сақтауы тиіс. Себебі барлық жер бетіндегі нәрсенің сұрауы мен шектеуі бар. Табиғаттан өзімізге қажеттіні алып отырған байлықтарымызды үнемді және тиімді пайдалануымыз керек. Себебі, табиған байлықтарын қалпына келтіру мүмкін емес. Өз қойнауына баға жетпес қазына жинаған талай елі мекендеріміз бен ауылдарымыз күнен күнге құрып, табиғат байлықтары еш елеусіз, зерттеусіз қалып жатыр. Бұған бір дәлел мысал ретінде өз туған жерімді айтуға болады. Бұл өңір табиғат байлықтарына өте бай, бірақ толық зерттелмей қалған жерлер бар. Жоғарыда атап айтқандай бізді қоршаған орта табиған ана күнен-күнге өз құндылығы мен сұлулығын  жоя бастады. Тіпті бұл жағдай ғаламшарымыздың ең басты проблемаларының біріне айналды. Бізді қоршаған тіршілік ортасы – биосфера сақтау басты парызымыз. Қоршаған орта тірі организмдердің ретсіз орналасқан жиынтығы емес, ол даму процесінде тарихи қалыптасқан мейлінше тұрақты, белгілі заңдылықпен қалыптасқан тұрақты ұйымдасқан система. Табиғатта керек емес зат жоқ. Әрқайсысының өз орны бар. Қандай зат болсын өзінің молшылығы қадірлемеу, бағаламаудан  тапшылықтың қасіретінде тартамыз. Ата-бабамыз көзінің қарашығындай қорғап, сол үшін қан төгіп қорғаған жерді ұқыпсыз пайдалану әсем табиғаттың тепе-теңдігін бұзып отыр. Сондықтан туған өлкеміз жеріндегі экологиялық хал-ахуал туралы жан-жақты мағұлмат беру, оны жақсарту әдістеріне бағыттау басты міндетіміз. Табиғатты жою ол болашақ  ұрпақтың өміріне тор құру мен тең. Сол себепті біз табиғат ананы қорғауға ат салысуымыз керек.

2030-дың біз барысымыз,

Жетістікке бастады әр ісіміз

Өркениетті елімізді көркейтіп

Табиғатты аялау парызымыз-

Бұл ХХІ ғасыр білімді ұрпақтарының ұстанар ұраны болмақ.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Атамекен (географиялық энциклопедия) Алматы, 2011ж. Бас редакторы Б.Ө.Жақып
  2. Соқпақ 2007, №2(9)
  3. Ақтайым-ару мекенім. Қ.Құттыбаев
  4. Өлкетану экологиялық зеттеу. Авторы Х.Наурзалин.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*