жасдарын значек

Ы.Алтынсарин — қазақ қоғамының тұңғыш ағартушысы Жұмаділ Бірлік, Қырғызсай орта мектебінің 6-сынып оқушысы. Жетекшісі: Табылдиева Лязат Акажанқызы, тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі

Ы.Алтынсарин — қазақ қоғамының тұңғыш ағартушысы

Жұмаділ Бірлік, Қырғызсай орта мектебінің 

6-сынып оқушысы.

Жетекшісі: Табылдиева Лязат Акажанқызы,

тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі

 

Ы.Алтынсарин-шын мәніндегі тұңғыш ағартушы ұстаз,тамаша тарихшы,фольклоршы-этнограф ғалым,тіл білімпазы,осы күнгі әліпбиімізде жазылған ең алғашқы оқулықтың туындыгері,халық ағарту ісінің шебер ұйымдастырушысы.Демек, «сегіз қырлы,бір сырлы» дарын иесі.Ыбырай- өз халқының жарқын болашағы мен кемел келешегі жолында қызмет еткен үлкен ақыл-ойдың,биік саналы сезімнің адамы. «Қыран ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі» дейді халық даналығы. Бұл сөздің растығын Ыбырайдың өмір- өнегесінен де байқағандаймыз.Өйткені оның өскен ортасы-халықтың сол кезеңдегі озық ойлы зиялы қауымы,тәрбие алған мектебі — алды сонау атақты шешен Жиренше,Абыз,Әнет баба,Төле би,Қаз дауысты Қазыбек,Әйтеке би,Байдалы,Досбол шешендердің мектебі,Асан қайғыдан бастап Қазтуған , Доспамбет, Жиембет, Ақтамберді, Үмбетей,Дулат секілді дала даналарының мектебі. Балғожа бидің «үміт еткен көзінің нұры» — бала Ыбырай атасының замандас достары-Досбол шешен,Наурызбай,Мұғал би секілді от ауызды,орақ тілді үлкен ақыл-парасат иелерінің үлгі-өнегесін көріп өсті,ғибрат алды.Болғожа би Орынборда оқуда жүрген шәкірт Ыбырайдың ел арасындағы дау- жанжалдарға төрелік айтуға,билік шешім қабылдауға баулып отырған.Ел аузын да » Ыбырайдың айтқаны «,»Ыбырайдың шешімі»,»Ыбырайдың тоқтамы» деген тұрғыда ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып тарап келеді. Қазіргі ұлттық ояну,өзін-өзі тану,үйрену ,халқымыздың мәдени-әдеби мұралары мен әдет-ғұрпы,игі дәстүр-салттарының қайта оралуы- бәріде алдағы мақсат -міндеттерімізді айқындауға мүмкіндік жасап отыр.Осы орайда елдің дербестігі мен оның өркендеп дамуының негізгі шарты-оқу-білім екендігі белгілі.Ілім-білім қай ғаламда да игілікті,қасиетті дүние болып есептеледі. Ыбырай атының әлемге мәшһүр болуына әсер еткен жағдай сол заманның қиын-қыстау кезеңі,халықтың тарылған тағдыр — талайы, Ұлы ұстаз еліне қажетті бар байлық та, бақыт та, жақсылық та оқу менен,білім менен келетінін бір сәт жадынан шығармай насихаттады. Кел, балалар,оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар, Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар,- деген Ыбырай атамыздың өлең жолдары әр ұрпақтың,бар буынның жадында жатталып қалған жан серігіндей Тәрбилеу-халықтар бойынша білімге негізделген этекиялық ізгіліктер мен өнерді дамыту ісі .Осы мақсатта Ы.Алтынсарин қазақ халқының өміріне мәдини жағынан іргелі өзгеріс кіргізуді армандап бірнеше мектеп ашты.Бұл мектептер жастарды білімге,өнерге,тазалыққа,еңбекке,адалдыққа халықты сүюге,қызмет етуге, ата-анасына жәрдем беруге баулыды. Ы.Алтынсаринның құрған мектептері сол кездегі қазақ қоғамына қажетті,зайырлы оқу орны болды: бағдарламалы,жүйелі,сатылы,пәндік,т.б ерекшіліктері бар еді.Тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның сана сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер ету,оның дүниетанымының дамуына,ерік-жігері мен моралдық бейнесінің қалыптасыуна оң ықпал етеді. Ы.Алтынсаринның ұстанған басты қағидасы баланың жеке басын қадірлей отырып оны ізгілікке,қайырымдылыққа,ынтамақтастыққа жұмылдыру болды.

Тұңғыш ағартушы, рухани ұстаз Ы.Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде,оқытуда ой-санасына қозғау салып, дамытуда өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін көп ізденген. Оқудың пайдасын, оқу арқылы ғылым мен техниканың жетістіктеріне қол жеткізуге,көп нәрседен хабардар болатындығы айтылады.»Дүниедегі ескірмейтін де, өзгермейтін де, өмірдегі сүйеніш те, сарқылмас дәулет те өнер-білім…»,»білім еш арымайды,жұтқа ұшырамайды, ол мәңгі бақыт кілті» деп білім алуға шақырады. Ы.Алтынсарин шығармаларындағы басты тақырыптың бірі — еңбек. Ол өзінің «Еңбектің тәрбиелік маңызы жөнінде» мақаласында «Ерікті еңбек адам- ның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады,еңбексіз адам өзінің барлық құнынан айырылады.Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адым ілгері баса алмайды ,қайта кері кетеді» деген. «Өрмекші,қарлыған,құмырсқа» әңігімесін де балаларды ұшқан құс,жүгірген аңдар тіршілігімен таныстырып,еңбек ету керектігін айтады.

Ыбырай мұрасының құндылығы — оның рухани бастау көздерінің күрделілігінде.Ол өзі өсіп — өнген қазақ жұртының халықтық рухын , сана -сын,мұрасын терең меңгеріп,асылын бойына жинақтаған . Бүгінгі егемен елдің жастарының ойы еркін,рухани парасаттылығы толысып жетілген, адамгершілік ізгілік қасиеттері мол азамат етіп тәрбиелеуде Ы.Алтынсаринның тұлғасы мен оның прогрессивтік идеяларының мәні аса зор.

Қазақ халқын мәдениетке үндеп, халық ағарту мәселесінде көп еңбек еткен қазақтың тұңғыш педагогы, әрі ақыны, әрі жазушысы Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние салды. Ол қайтыс болғаннан кейін орыс жолдастарының Ыбырай туралы жазған мақаласында оның әлеуметтік ісі мен дүние танушылық көзқарастарына әрі шындық , әрі дәл беріледі. «Ыбырай Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол қараңғы көшпелі өз халқының ішіне европалық цивилизацияның жарығын таратты және оларды Россияны сүюге шақырды».

Алтынсариннің өмірі-оқушы, студент, оқытушылар үшін айрықша үлгі. Өйткені оның өмірі баянынына көз салсақ, оқу, еңбек, халқы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей қызмет істеу екендігін көреміз. Ол не барлығы 7-ақ жыл оқыды. Әйтсе де, Алтынсариннің жазғандарына, аудармаларына, оқу оқыту, мектеп мәселелері туралы Н.И. Ильминскийге, басқаларға жазған хаттарына қарағанда, оның білімі, ағарту мәселесіне көзқарастары мен ой-пікірлерінің тереңдіктері кімді болсын таң қалдырғандай. Соншама көп білімге оның қолы қалай жетті екен деген сұрақ туады. Оның жауабы бізше біреу-ақ. Ол-еңбек орта, жоғары мектептерде оқу барлық жағдайларда өздерінің аттарына сәйкес келе бермейтіндігіне, шын білім алғысы келген адам өз бетімен оқып, ерінбей еңбек етсе, жоғары дәрежелі білім алуға, үлкен ой, терең пікірлер айтарлық дәрежеге көтерілуге, халыққа көп пайда келтіруге болатындықтың айқын айғағы — Ыбырай Алтынсарин өмірі. Мұндай үлгілі өмірдің жастар үшін тәрбиелік мәні зор.
Алтынсариннің өмір сүрген дәуірі, жағдайы ол кездегі әлеумет өміріндегі тартыс, әлеумет қайраткерлерінің өмірге көзқарастары, әдебиеттегі екі түрлі бағыт, ол тартыстарда Ыбырайдың бірі болғандығы кітаптың кіріспе бөлімінде айтылды, біздің бұл жердегі тоқталмағымыз-оның жазушылық қызметі. Кейде біз Алтынсариннің ағартушылық ісі, жазушылығы деп бөле сөйлейміз. Мектеп ашу, бала оқыту тағы басқа оның игілікті жұмыстар жүргізгені, ат үсті қарағанда олар екі бөлек көрінетіндігі рас. Бірақ Ыбырай бұл шеңберге сыймайды. Өйткені ол — жай ғана ағартушы емес, әрі оқытушы педагог , әрі жазушы.
Ыбырайдың өмірі мен ісіне көз жіберіп, оның жұмыс еткен жағдайын еске алсақ, оны еске алсақ, ол іске кіріскенде, сонау Торғай, Қостанай, Орынбор қолтықтарындағы қазақ далаларында қараңғылықтың қаймағы бұзылмай, мұрты кетілмей жатқан болатын. Ыбырайдың жолына кесел келтіретін үлкен — үлкен бөгеттер болатын. Өзімен білімі тең, көзқарасы бір, өз қасында серігі жоқ, ең қараңғылықтың дәл ортасында жалғыз өзі болса да, Ыбырай бар бөгетке қарсы барып, күрес майданына шықты. Сүйгені де, сүйенері де халық болды. Сол халықтың келешегі үшін басын бәйгеге тігіп, желіні ұзаққа тартып, белсеніп іске кірісті. Кезіндегі жағдаймен санаса отырып, Алтынсарин екі түрлі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі — мектеп ашу, бала оқыту — жалпы халықты ағарту жұмысы да, екіншісі — халықтың ой — санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. «Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құрал – мектеп». Ол кезде мектеп, оқу, оқыту мәселесіне әркім әр түрлі қарады. Халықтың Ыбырай тәрізді адал ұлдары алған білімдерін өз елін мәдениетке жетелеуге, оқу — ағарту ісін өркендетуге жұмсады. Ақын, бір жағынан, жастарды оқуға , білім алуға шақырса, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек қана байлықта деп ұғатын, оқу-өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектілігіне еш мән бермейтін ескі көзқарас соққы берді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық білім екендігін айта келіп білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы қарама-қарсы қойып, жастарға кімнен үлгі алып, кімнен безу керектігін көрсетті. Ыбырай қазақ жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгершілікке, махаббат-достыққа, еңбекке, жігерлікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке шақырды.
Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүние жүзіндегі педагог-ғалымдарының кәрі замандардан бері үлкен көңіл аударып, айырықша көтерген мәселесінің бірі.

19-ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы — бірінші қазақ педагогы Ыбырай Алтынсарин. Бұл мәселе жөнінде ол көптеген педагогтармен, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы ұлы педагог-ғалымдары Қ.Д.Ушинский, Л.Н. Толстой, Бунаковтармен, пікірлес болды. Оның 1879 жылы басылған «Қазақ хрестоматиясын» алсақ, әрі мазмұны, әрі методика жағынан жастарға дұрыс тәрбие беруге лайықталынып құрылғандығын көреміз.

Қалай болғанда да жастарға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүниетанушылық көзқарасын кеңейту үшін «қазақ хрестоматиясын» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелерінде еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, отанын, елін сүюшілік, талаптылық , жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілдік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қатмиды. Мысалы: Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезімдеріне лайықталып, педагогика ғылымының талап ететін мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар оқу, еңбек, талап, мейірімділік тақырыптарына лайықты әңгімелерді әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын көреміз. Алтынсариннің тәрбие жөніндегі негізгі тақырыбының бірі-талап. Талпынбаса, адам баласы ешбір алға баспаған болар еді . «Талапты ерге нұр жауар» деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастықшақ-жігер, қайраттың толы кезі . Бойдағы жасырын талант, өнерлерін жарыққа шығарып қалатын кез де осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің, ыңғайы бар, қолыңнан не келеді, соңына түссең , әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре аласың, талапты да таңдап ал дейді. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап-жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін. Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дегенді айтады. Міне, Ыбырай «Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде осы пікірін толық жеткізіп бере алды. Тәрбие мәселесін сөз қылғанда, ерекше тоқтап өтуге керекті мәселінің бірі-Ыбырайдың еңбектерінде әр елдердің мәдениет майданындағы өз ара достық қарым-қатынастарын да бейнелеп отыратындығы. Алтынсариннің аударған, өзі жазған қысқа әңгімелерінің әрі тәрбиелік мәні үлкен, әрі өмір құбылысы мен адам өмірінің әр алуан жақтарын қамтиды. Халықтың Ыбырай тәрізді адал ұлдары алған білімдерін өз елін мәдениетке жетелеуге , оқу-ағарту ісін өркендетуге жұмсады.

Ақын, бір жағынан, жастарды, оқуға, білім алуға шақырса, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек қана байлықта деп ұғатын, оқу-өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектілігіне еш мән бермейтін ескі көзқарас соққы берді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық білім екендігін айта келіп білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы қарама-қарсы қойыды.
Алтынсарин жазба әдебиетіміз тарихында балалар әдебиетінің негізін салушы бірінші жазушы болды.

Ыбырай Алтынсариннің кезінде орыс не Европа елдерінде балалар әдебиеті сол елдердің әдебиетінің негізгі бір саласына айналып еді. Біздің қазақ жағдайында Абай тәрізді ұлы ақындарымыздың кейбір өлеңдерін айтпасақ, балалар әдебиеті жоқ, не жоқтың қасы болатын . Бұл мәселені биік сатыға көтеріп , балалар әдебиетін жасауға саналы түрде кіріскен адам педагог — жазушы Алтынсарин ғана . Халық өздерінің дүние танушылық көзқарастарына сәйкес кекілді жас, келешек ұрпаққа өздерінше жақсы тәрбие беруге тырысты. Ал тарихи жазба әдебиетімізді алсақ, бұл мәселе ескерусіз қалған болатын. Орыстың педагог, ұлы жазушыларынан аудару , кейбір тақырып, әңгіме сюжетін оның өзінше жазу, араб, түрік халықтарының қазақ ауыз әдебиетінен естіген, оқыған әңгімелерінің іштеріндегі қызықтыларын балалардың ой-санасы, жасына лайықтап жазу және өз жанынан да бірнеше әңгімелер шығару арқылы Ыбырай кейінгі ұрпақтар үшін аса құнды мұралар қалдырды.

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*