mnmn

Қордай ауданы әкімшілігінің білім бөлімі Жамбыл облысы, Қордай ауданы , Гвардейский қалашығы АВТОРЫ: Абдрайымов Матрим 11-сынып оқушысы Ғылыми жоба Тақырыбы: «Шымбұлақ тау-шаңғы курорты» аумағында туризм саласының даму жағдайы

                        Қордай ауданы әкімшілігінің білім бөлімі

          Жамбыл облысы, Қордай ауданы , Гвардейский қалашығы

 АВТОРЫ: Абдрайымов Матрим

11-сынып оқушысы

Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Шымбұлақ тау-шаңғы курорты» аумағында туризм саласының даму жағдайы

Бағыты:Өлкетану

 

Секциясы:География

Жұмыс жетекшісі: география пәні мұғалімі

Тлеужанова Раушан Сайлаубекқызы

 

 

Гвардейский қалашығы, 2018 жыл

 

Аннотация

Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасындағы туризм саласының жай күйін талдай келе, анализ жасау. «Шымбұлақ» тау-шаңғы туризмі аумағында қалыптасқан туризм саласының және қалыптасқан туризм кластерінің қазіргі таңдағы  жай күйін анықтау, саралау.

Гипотеза: «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортын танитын орта қалыптастыру; халыққа қызмет көрсету саласының маңыздылығын анықтай келе, қазіргі таңдағы нағыз кіріс көзі екендігіне көз жеткізу; туризм саласының маңыздылығын түсіне алатын,болашақтың дамуына үлес қосатын жастарды көбейту.

Кезеңдері, зерттеу реті:

  1. Туризм саласының жай-күйі жайлы ақпарат жинау;
  2. Туризм кластеріне талдау жасау;
  3. «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты жайлы ақпарат көздерінен деректер жинау;
  4. ҚР Ұлттық кітапхана қорынан «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының тарихы жайлы мәлімет жинау;
  5. «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына сапар жасау;
  6. «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортындағы туристерден кәсіби сұхбат алу.
  7. Мәліметтерде жинақтау, саралау, анализ жасау.

Зерттеу мазмұны:

Бұл ғылыми жобада «Шымбұлақ тау-шаңғы» курортының аумағында қалыптасқан туризм саласының жай-күйін талдап, анализ жасалған. Дүниежүзілік стандартқа сәйкестігі анықталған.

Зерттеудің жаңашылдығы және өз бетінше жұмыс істеу деңгейі:

Ғылыми жобаны жазу барысында «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына экскурсия ұйымдастырылды; аудандық баспасөз беттеріне мақала ұсынылды; 7,8,9 сынып оқушыларына «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортын насихаттау барысында танымдық конференция мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына қатысты дөңгелек үстел құрылды.

Өзектілігі:

Туризм қазірде дамыған сала. Соның ішінде өте жедел дамып жатқан туризм салаларының бірі «Тау-шаңғы туризмі» болып табылады. ҚР-дағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты осы салада көш бастауға таптырмас мүмкіндік болуы мүмкін.

Пәнаралық байланыс:

Экономикалық география

Жобаның қолдану аясы:

Бұл жоба география, өлкетану сабақтарында танымдық құрал бола алады.

 

 

Абстракт

Цель исследования: Исследуя турестический кластер Республики Казахстан про анализировать его. Узнать и про анализировать турестическую индустрию горнолыжного курорта «Чимбулак».

Гипотеза: Сформировать среду людей которые знают горнолыжный курорт «Чимбулак»; удостовериться в том что этот объект является реальным источником дохода; сделать так что бы большинство молодых людей знали и понимали важность индустрии туризма.

Порядок этапов исследования:

  1. Сбор информации о состоянии индустрии туризма;
  2. Исследование турестического кластера;
  3. Сбор имформации о горнолыжном куроте «Чимбулак»;
  4. Исскать сведения о горнолыжном курорте «Чимбулак» в национальной библиотеке Республики Казахстан;
  5. Посетить горнолыжный курорт «Чимбулак»;
  6. Взять интервью у туристов посетивших горнолыжный курорт «Чимбулак».
  7. Сбор данных, и анализ.

Содержание исследований:

В этом проэкте был сделан анализ горнолыжного курорта «Чимбулак». И было выяснено что он подходит под мировые стандарты туризма.

Новизна исследования и работы по их собственному уровню:

Во время написания исследовательского проекта была организована экскурсия на горнолыжный курорт «Чимбулак»; была предоставлена статья в региональную газету; была проведина конференция и круглый стол для учящихся 7,8,9 – классов по этой теме.

Актуальность:

Туризм в наше время очень развит. В том числе один из самых быстро развивающихся индустрий туризма является «горнолыжный туризм». В том числе горнолыжный курорт «Чимбулак» возглавляет топ самых лучших горнолыжных курортов в Республике Казахстан.

Междисциплинарные связи:

Экономическая география

Объем проекта:

Может быть учебным пособием на уроках географии и краеведении.

 

 

 

 

 

 

Abstract
The purpose of the study:

Exploring the tourist cluster of the Republic of Kazakhstan about to analyze it. To learn about and to analyze tourist industry ski resort «Chimbulak».
Hypothesis:

to Create an environment of people who know the ski resort «Chimbulak»; to make sure that this object is a real source of income; to do so would most young people knew and understood the importance of the tourism industry.
The order of the stages of the study:
1. Gathering information about the state of the tourism industry;
2. The study of tourist cluster;
3. A collection of the published Armenian about the popular ski resort «Shymbulak»;
4. To iskate information about the ski resort «Shymbulak» in the national library of the Republic of Kazakhstan;
5. Visit the ski resort «Shymbulak»;
6. To interview the tourists visiting the ski resort «Chimbulak».
7. Data collection and analysis.
The content of the research:
In this project, we analyzed the ski resort «Chimbulak». And it was found that he fit the global standards of tourism.
The novelty of the research and work at their own level:
During the writing of the research project was an excursion to a ski resort «Chimbulak»; was provided by an article in a regional newspaper; was provedina conference and round table for uchashikhsya 7,8,9 classes on this topic.
Relevance:
Tourism nowadays is very developed. Including one of the fastest growing industries of tourism is the «ski tourism». Including the ski resort «Chimbulak» heads the top of the best ski resorts in the Republic of Kazakhstan.
Interdisciplinary connections:
Economic geography
Project scope:
Can be a textbook at the lessons of geography and regional studies.

Начало формы

Конец формы

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

І        Кіріспе                                                                                                     3

ІІ       Зерттеу бөлімі  

  1. Экстремалді тау-шаңғы туризмі                                                          5

1.1.   Шыңдағы шынықтырар Шымбұлақ                                                      6

1.2.   Шымбұлақ – тау-шаңғы туризмінің орталығы                                              8

  1. Шымбұлақ аумағында қалыптасқан туризм кластері                                   13

2.1.   Туризм кластері – туризм дамуының катализаторы                                     19

2.2.   Шымбұлақ аумағында қалыптасқан туризм кластерінің жай-күйі               23

ІІІ.    Қорытынды                                                                                         26

ІV.    Бақылау күнделігі                                                                               27

  1. Пікір                                                                                                    30

VI     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                                           31

 

 

Кіріспе

Туризм(франц.tourisme,tour-серуендеу,жол жүру) — адамның бос уақытындағы саяхаты,белсенді демалыстың бір түрі. Туризм — халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру,т.б) қанағаттандырудың ең тиімді жолы, адамның қарым-қатынасын танымдық қабілетін арттырып,мәдениет пен өнердің дамуына өзіндік үлесін қосып,ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады.Ел ішінде саяхат ұлттық туризм,ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) Туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық,ойын-сауық,танымдық,спорттық,баллалар туризмі;әлеуметтік мақсатқа қарай: іскерлік (конгресс,жәрменке),этникалық,діни туризм болып бөлінеді. Жалпы Қазақстанда туризм өнімдерінің саны 6.Олар: MICE-туризм,мәдени туризм және турнебелсенді және қызық оқиғалы демалыс,таулар мен көлдердегі демалыс,қысқа мерзімді демалыс,жағажай туризмі.

Туризм кластері – туризм саласының өркендеуіне оң септігін тигізетін тиімді жолдардың бірі болып табылады. Ел аумағында кластердің 6 түрі болса, соны ішінде туризм саласындағы кластерік даму үлгісі тиімді нәтижелер алып келуде. Кластер-белгілі өз сипаты бар, дербес бірлік саналатын, бірнеше біртектес даналардың бір топқа бірігуі.

Шымбұлақ тау-шаңғы курорты Алматы қаласынан 25 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 2270 метр биіктікте орналасқан. Елімізде тау-шаңғы туризмінің дамуына үлес қосып жатқан туризм орталықтарының бірегейі. Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты,  аумақта қалыптасқан туризм кластерінің жай-күйін анықтап, баға беру. Туризм өнімінің тауларда демалыс түріне жататын аймақтың ел дамуына қосатын үлесін анықтау. Қазіргі жаһандық дағдарыс кезеңінде сарқылатын ресурстарға қарағанда халыққа қызмет көрсету орталықтары әлдеқайда жоғары кіріс көзі болып табылады. Шымбұлақ тау-шаңғы курорты аумағы географиялық қолайлы аумақта орналасқандықтан туристер жиі келеді. «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты таулардағы демалыс түріне жататын кіріс көзі мол болатын туризм өнімі. Әрі аумақта туризм кластері жақсы дамыған. 800 метрлік шаңғы тебу алаңы, мейрамхана, қонақ үй, әрі экстермальді көңіл көтеру ойындары халықтың сұранысын қанағаттандыруда.2016 жылдағы статистикалық мәліметтерді өткен жылдағы деректермен салыстырғанда жоғары деңгейді көрсетіп тұр.Бұл көрсеткіштің негізгі себебі, қаланың тыныс тіршілігінен шаршаған халық тауда демалуға ұмтылады. Әрі шет ел туристері алдыңғы жылдары Альпі, Карпат тауларына жиі баратын болса, қазіргі кезде Шымбұлақтың табиғи қарларына, әрі аумақтағы бағалардың қол жетімді болғандығына қызығып келуде. Шет елден келетін туристер саны 1,5 есеге, ал қала халқы тұрғындары мен ел тұрғындарының аталған курортқа баруы 2 есеге көбейген. Бұл көрсеткіш елімізде халыққа қызмет көрсету сервистерінің ыңғайлы деңгейде болғандығын айқындатады. Әрі Нидерланды, Малайзия, Украина, Ресей елінен келген туристерден сұхбат алу барысында барлық жағдай жасалғандығын айтты.

Шет ел және ұлтымыздың туристерінің ұсыныс тілектеріне анализ жасап, статистикалық деректерді қолдана отырып, аумақта қалыптасқан туризм кластерінің жағдайын талдадық. Жұмысты орындау барысында бірнеше міндеттерді қойдық:

  1. «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты жайлы ақпарат жинау;
  2. «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының аумағында қалыптасқан туризм кластерінің қызмет ету деңгейін анықтау;
  3. Аумаққа келетін туристерден сұхбат алып, негізгі мәселелерді ашу;
  4. Мәліметтерге анализ жасай отырып, ұсыныс айту.
  5. Жұмысты қорытындылау.

Жұмысты орындау үшін қолданылған әдіс тәсілдер:

  1. Мәліметтерді жинақтау, анализ жасау;
  2. Сұхбат алу;
  3. Абстрактілі әдіс.

Жұмысты орындау кезінде сурет, кесте, диаграммалар, статистика агенттігінің мәліметтері қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Экстремалді тау-шаңғы туризмі

Белсенді туризмнің ең күрделі түрлерінің бірі – шаңғы туризмі. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы аймақтғы шаңғы тебу тәсілін жіті меңгеру қажеттігі, жұқа, қалың қарларда жүрудің қиындығы кейбір қауіптің бары (температураның төмендігі, боран және т.б.) саяхатқа қатысушыларға дене тәрбиесі мәдениеті талаптарын арттыруды жүктейді.Шаңғымен саяхат жорығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің қайталанбас тамашалығымен есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын шынықтыруда зор маңызға ие болады.Шаңғы туризмі қыс кезінде,белгілі бір қар жамылғысының қалыңдығына байланысты өткізілетін,өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал-жабдықтары (примус,пеш,шаңғы т.б.) және қонақ жайлары (бивуак,қар үйшіктері,тұрғын мекен жайлар т.б.) баржорықтарға байланысты жұмыстар тобы.Климаттың,ауа-райының әр түрлі жағдайында жорықтар өткізіледі.Шаңғы туризмі бойынша жорықтар жазық жерлерде және таулы аудандарда қар жамылғысы тұрақты аймақтарда таралған. Қазақстанда сыпайы гидтер сізді тарих, сәулет, аспаздық, салт-дәстүрт туралы айтатын туризмның тұрақты түрлерімен қатар экстремалды туризммен де таныстыра алады. Қазіргі кезде ол  қаркынды дамып келе жатқан туризмнің бір түрі. Экстремалды туризм күнделікті тыныштықты және жайлылықты тәуекелге ауыстырып, сноубордпен таудан түсу, тауды аралау сияқты турларға қатысып, қанға адреналин қосуды армандайтын қорықпайтындарға қызықты болады.

Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы экстремалді спорт түрлері

(сурет 1):

Фрирайд (FreeRide) – дегеніміз сноубортта және тау-шаңғысында сырғанап көңіл көтеру.Жастардың көпшілігі осы спорт түрімен шұғылданады.Бұл спортпен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында ойналыса алады.

Хели-ски (Heliskiing) –Тікұшақпен жоғары көтеріліп аяқ тимеген қарға секіріп шаңғы тебу.Хели-скимен Шымбұлақта ойналысуға қолайлы.

Скитур (Skitour) –Бұл спорт түрі қызықты болып өтеді. Себебі, мұнда шаңғымен көп күн жарысады. Шымбұлақта Скайтурмен жарысу өте керемет.

 

Сурет 1

  • Шыңдағы шынықтырар — Шымбұлақ

Таудың кереметтей көрінісі, жұмсақ климаты мен шуағы мол күндердің көп болуы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы, осында туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларын еріксіз өзіне тартады. Шымбұлақты желтоқсаннан сәуір мезгіліне дейін қар басып жатады. Мұнда келіп, шаңғыға алғаш рет тұрғандар да өзін өте ширақ сезінеді. Тау шаңғы спортын сүйетіндерді кез келген қажеттегі және шеберлік деңгейдегі тау баурайлары мен шаңғы трассалары, шапшаңдықпен түсетін және слалом –алыптар трассалары, ыңғайлы көтергіштер, тау шаңғы мектебі қуанта алады. Курортқа балаларын алып келетін туристерге ыңғайлы болу үшін, «babylift» — көтергіші бар балалар алаңы құрылған. Курортта қонақ-үй, мейрамхана, боулинг және сауна моншасы бар.Шымбұлақты еш жерде қайталанбайтын атмосфера, ерекше рухани күш жайлаған. Мұнда демалыстың басқа түрлерінен гөрі, айдындай тайғанақ мұз жолдарын қалайтын, шаңғышылар; шеберлітерімен деміңді ішінен алып таң қалдыратын, экстремальды секіретін және қилы бұрылыстар жасап түстін, батыл сноубордшылар келеді.Шуақты күндері Шымбұлаққа мыңдаған демалушылар ағылып келіп жатады. Отырғышы бар көтермелермен Талғар асуына (теңіз деңгейінен 3163 м биіктіктегі) шығуға болады. Бұл кәсіби  шаңғышылардың ұнататын жері, өйткені мұнда асудан түсетін жер өте тік. Талғар асуынан альпинистер шыңдарды бағындырады. Ал әрі қарай одан биік – тек жұлдыздар. Сонымен бірге мұнда соңғы үлгідегі уақыт өлшейтін құралдар, әлемдік жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге лайықты ақпараттық көрсеткіштер қойылады. Тау шаңғысы мен сноубордтың халықаралық мектептері бой көтермек. 2000 автокөлікке арналған жерасты автопаркингтер, Медеу мен Шымбұлақ арасында жүретін 4,5 шақырымдық аспалы жолдар салынған. Осы жолдар арқылы тау шаңғысы кешеніне он бес минутта көтерілуге болады. Болат арқандарға секундына 5 метр жылдамдықпен жүретін 115 кабина орнатылады, яғни, олар бір сағатта 2000 адамды тауға көтермек (сурет 2).

 

 

 

 

Сурет 2

 

Шамамен, бір күнде түсетін табыс көрсеткішін есептесек, орташа 32 000 000 теңгені құрайды. (сурет 3).

Бір күнде баратын адам саны Бір жақты жол,

1500 тг

Барып – қайту,

3000 тг

7 000 адам 10 500 000тг 21 000 000тг

Сурет 3

Бұл кереметтей жерде тек сырғанап қана қоймай түрлі ойындар ұйымдастырады соларға қатысуға болады.

Егер MICE-туризм туризм түрлерінің ішіндегі ең мол қаражат түсетін болса, таудағы демалыс түрінің де қалыс қалмайтындығын көре аламыз.

Шымбұлаққа саяхатымнан соң «Қордай Шамщырағы» аудандық газетке мақала жаздым 24 ақпан күні жарыққа шықты (сурет 3).

 

Сурет 3

 

1.2.Шымбұлақ – тау-шаңғы туризмінің орталығы

Шымбұлақ тау-шаңғы курорты 1954 жылы ашылған. Шымбұлақ тау-шаңғы курорты- Алматы қаласынан 25 км жерде,Кіші Алматы шатқалының көркем жерлерінің бірінде,теңіз бетінен 2270 км биіктікте орналасқан.Бұл жерді ең алғаш олимпиадаға қатысушыларға,яғни спортшыларға арналған.«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты Қазақстанның шаңғы спортының орталығы болып табылады. Өткен ғасырдың  50-жылдарынан бастап Шымбұлақ» Кеңес Одағы елдеріндегі шаңғышылардың базасы болып келген, оның баурайында КСРО және Қазақстан Республикасының чемпионаттары өткізіліп тұрған. 2011 жылдың ақпанында Шымбұлақта VII қысқы Азия ойындары аясында шаңғышылардың ерлер мен әйелдер арасында өтетін жылдамдыққа түсу, супергигант, слалом бойынша жарыстар болып өтті. 2013 жылы наурыз айында ресейлік «Forbes» журналы Шымбұлақты визасыз режимдегі ресейліктер жиі баратын ондыққа енгізген болатын. 2014 жылдың жаз айында тау туризмі жақсы дамыған Франция елімен тәжірибе алмасу және тау-шаңғы спортын дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын. 2017 жылы Шымбұлақта Дүниежүзілік Қысқы Универсиада өтеді. «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына  РесейдіңШаңғы спорт Федерациясының сертификаты берілген.Еліміздің тау шаңғысына үлес қосқан бұл базада ұзындығы 3100 метрлік 2 аспалы жолспортшыларды 3200 метр биіктікке көтерілді.Тау биігінде орналасқандықтан «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының аумағында апатты жағдайлар орын алып тұрады. Соның бірі, 1973 жылы болған Шымбұлақтағы сел апаты. 2011 жылы он жетінші мамыр күні кешкі саға сегіз жарымда ұзақтығы он бес минутқа созылған дауыл болған. Соның әсерінен көптеген ағаштар құлаған. Тілге тиек ететін негізгі мәселе, «Шымбұлақ» сөзінің мағынасы. «Шым» сөзінің этимологиясына тоқталмастан бұрын, не себепті бұлақ деп аталды десек, таудағы емдік қасиеті бар бұлақтардың молдығы.тауда құрамында күкірт элементі (S) бар минералды сулар бар. Қыстың суық күндерінде 22˚С жоғары температурада ағады. Әуел баста биікте орналасуына байланысты «Шыңбұлақ» деп аталған аймақ, орыс тілінің етек жаюына, шет ел туристерінің бұрмалап алуына байланысты «Шыңбұлағымыз» «Шымбұлақ» болып шыға келді. Қазіргі таңда халық санасына сіңіп қалған «Шымбұлақтың» шығу тегіне мән беріп жатқан халық санаулы. Қазақ сөзінің мағынасы бұрмаланып, «Шымбұлақ» сөзінің «Шым» түбірі еш түсінік бермейді.

Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек биыл туристердің келуі едәуір артқан. Шетелдерден келген туристер 1,5 есе артса, өзіміздің отандандастарымыздың саны 2 есеге өсіп отыр. (Сурет 3). Бұл қуантарлық көрсеткіштер.Жылдық кіріс көлемі шамамен 10 миллиард теңгені құрайды. Бұл курорттың басқа тау-шаңғы курорттардан артықшылығы барлық табиғи қары, ағаштары 100% табиғи.

 

 

Сурет 4.

Шет ел туристерінен сұхбат алу барысында бірнеше түйткілді мәселелер ашылды. Нидерландыдан келген Patrick атты туристен арнайы сұхбат алу барысында тау етегінен тау шыңына дейінгі 800 метр биіктіктегі шаңғы алаңының таршылығы, әрі мейрамхана, қонақүйлер халықарлық стандартқа сай еместігі (сурет 5,6):

Шет ел туристерінен сұхбат

  • Сіз не себепті «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортын таңдадыңыз?
  • Қазақстанның табиғаты өте керемет, оның ішінде Шымбұлақтың алар орны ерекше. Аймақта барлық жағдайлар қарастырылған. Жылда Альпі тауларына баратын едім. Осы жылы жұмыстағы әріптестерімнің кеңесі бойынша Шымбұлаққа келдім. Әрі оған еш өкінбеймін. Себебі, қар – табиғи, бағалар қымбат емес,әрі сапалы.
  • Шымбұлақта қиындық туғызған жерлер бар ма?
  • Эээ (ойланып…) шаңғы алаңы тарлау, біраз кеңейтсе жақсы болатын еді. Және мейрамаханаларда ас мәзірі ағылшын тілінде болса..,
  • Бағалар қымбат емес пе?
  • Жоқ, қымбат емес, Еуропаға қарағанда әлдеқайа арзан.
  • Сұхбатыңызға рақмет! Күніңіз сәтті өтсін!
  • Рақмет, сау болыңыздар!

Сонымен қоса, Америка Құрама Штаты, Чикаго штатынан келген Michael атты турист те жоғарыда аталған мәселелерді айтты. Шымбұлақ жайлы қайдан естідіңіз дегенде, интернеттен көргендігі жайлы айтты.

Шет ел туристерінен, қала тұрғындарынан өзге Қазақстанның мұнайлы батыс өлкесінен келушілер қатары көп. Батыстағы экологиялық жағдайдың нашарлығынан, ауасы өкпені тазартатын Шымбұлақ таптырмас мекен. Сонымен қатар, қала ластығы бойынша дүние жүзінде  __ Алматы қаласының тұрғындары үшін де Шымбұлақ жанға дауа, киелі мекенге айналған.

Сурет 5

Сурет 6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Шымбұлақ аумағында қалыптасқан туризм кластері

Шымбұлақ тау-шаңғы курортының аумағында қалыптсқан турзм кластеріне баға берместен бұрын, туризм кластеріне анықтама берейік.

Кластер – кейбір аумақтарға шоғырланған өзара байланысты компаниялар тобы: бір-бірін толықтырушы әрі жекелеген компаниялардың сондай-ақ жалпы кластердің бәсекелік артықшылығын күшейтетін жабдық жеткізушілердің, толықтырушылардың және арнау- лы қызметтердің, инфрақұрылымының, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың тобы. Топ бола тұра кластер мүшелерінің әрбірі бизнес жүргізуде немесе  өз қызметін атқаруда дербестігін сақтайды.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсанда жасаған «Қазақстан-2050» стратегиясы атты халыққа жолдауы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» республика алдына 2050 жылға қарай әлемнің отыз дамыған елі қатарынан табылуды мақсат етіп қойды. «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудың басты  құралы кластер болуға тиіс екенін баса айтамыз, өйткені сонда ғана бизнес, ғылым және мемлекеттің өзара әрекеттесуі жолымен синергетикалық нәтиже пайда болып, «үш шиыршық» моделі жұмыс істей бастайды. Осыны ескерген мемлекет басшысы мынадай міндеттер қойды: кластерлік даму модельдерін белгілеу; перспективалы ұлттық кластер қалыптастыру бойынша «жол картасын» жасау; перспективалы ұлттық кластер қалыптастыру Концепциясын жасау. Жаһандану заманында Қазақстанда перспективалы ұлттық кластер қалыптастырып, дамыту бәсекеге қабілеттілікті арттыруда, тікелей шетелдік инвестиция тартуда және сыртқы экономикалық интеграцияны жандандыруда тиімді механизм қызметін атқарады. Отандық кластерлердің қосымша құн жасау жаһандық тізбегіне қосылуы кәсіпорындарың халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің биіктеуі арқылы ұлттық технологиялық базаның айтарлықтай деңгейге көтерілуіне, экономикалық өсу қарқыны мен сапасының жоғарылауына жол ашады. Елімізде кластерлік даму болса, ол экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің және мемлекеттік — жеке серіктестік механизмдеріне қарқын берудің бір шарты болып табылады. Бүгінгі Қазақстан үшін перспективалы ұлттық кластерлер Концепциясын (бұдан былай – Концепция) жасаудың маңыздылығында күмән жоқ. Елде кластерлік дамуға қолайлы жағдай туып тұр: компаниялар- өндірушілер, жеткізушілер, ғылым-білім кешені ұйымдарының арасында үйлесім бар; мемлекеттік билік органдарының қызығушылығы бар. Бүгінде арнайы экономикалық аймақ (АЭА) мәртебесі берілген жерлерде кластерлік дамуға тіпті де тамаша жағдай бар екенін айта кету керек. Сол себепті ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін АЭА базасында кластерлік дамудың басым бағыттарын ескере отырып инновация мен үйлестіру есебінен қамтамасыз ету керек. Концепцияның стратегиялық түпкі ойы  — бәсекеге қабілетті өнімдер шығарудың негіздері ретінде ғылыми- техникалық әлеуетті тиімді пайдалану арқылы ұлттық экономикадағы инновациялықтың деңгейін көтеру. Халықаралық тәжірбие талдауы анықтағандай ұлттық экономиканың кластерленуі стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде тиімді, оны қолдану бәсекелік артықшылықтарды айқындап, күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ экономиканың жаһандану үрдісінің бір  белгісі, мұның нәтижесінде өндірістік-техникалық тораптардың пайда болуына керек алғышарттар қалып- тасады. Ендеше экономиканы кластерлеудің маңызы халықаралық және аймақаралық серіктестікті күшейтетін қаржылай және зияткерлік ресурстың үйлесуіне жағдай жасаумен көрінеді. Кластерлік дамудың мақсаты – перспективалы ұлттық кластерді құрайтын отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ғылым мен бизнестің, жеткізушінің, жабдықтаушының, арнаулы өндірістік және сервистік қызметтің, ғылыми-зерттеушілік және білім беру ұйымдарының бірлесуі есебінен жоғары қарқынды экономикалық өсуін, ұлттық экономиканың әртарапта- нуын және жетілуін қамтамасыз ету.

Осынау мақсатқа жету үшін міндеттер мынадай орындалуға тиіс:  экономикалық прагматизм жағдайында кластер кәсіпорындары бәсекеге қабілеттігін арттыру, кластер кәсіпорындарының экспорттық мүмкіндіктерін дамыту, өндірістік үрдістерді мен операцияларды жетілдіру, кластер кәсіпорындары өнімі мен қызметінің сапасын арттыру,  жаңа өнім мен қызмет түрін ойлап табу; өзара тиімді әрекеттестікті ұйымдастыру, кластер өкілінің ішкі және сыртқы байланысын дамыту (халықаралық байланысын, жеткізушілер жүйесі деңгейіндегі байланысын, ғылыми-зерттеу және сынақ-құрастырымдық жұмыстардың бірлесуі, жаңа еңбектер мен білім бағдарламаларын саудаға шығару, т.б.); кластер қалыптастыру мен дамытудың нормативті құқықтық негізін жетілдіру; кластерлердің тиімді дамуына жағдайлар және тетіктер жасау, оның ішінде кластер өкілінің бәсекелік артықшылығының өсуін қамтамасыз ететін дамыту стратегиясын жасау;  кластердің дамуын тиімді әдістемелік, ақпараттық- кеңесшілік және біліми қолдауды қамтамасыз ету [1].

Кластерлік дамудан күтілетін нәтижелер:

Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыру және дамыту. Концепциясын жүзеге асыру мына нәрселер- мен қамтамасыз етіледі:  перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыру және дамытудың «жол карталарын» жасау (жүзеге асырудың жоспар-кестелері), соның арқасында кластерді сәндеу мен кластерлік жобаларды іске асу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылады; жалпы және перспективалы ұлттық кластерге қатысушы ұйымдарда еңбек өнімділігі өседі; жаңа кәсіпорындар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері ашылады, оның ішінде перспективалы  ұлттық кластерге жаңа қатысушылар да бар; отандық тауарлардың ішкі және сыртқы саудадағы бәсекеге қабілеттілігі көтеріледі және инновациялық белсенділігі бар ұйымдардың саны мен ғылыми негізді  әрі жоғары технологиялық өнімдер үлесі артады;  ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттар- ына сәйкес ұлттық экономиканы модернизациялау, нақтыласақ, перспективалы ұлттық кластерге қатысушы инновациялық әлеуеті бар кәсіпорындардың өсуі, ұлттық экономиканың жаңа сегментін бесінші және алтыншы технологиялық сатыдағы жоғары технологиялық ғылыми негізді кәсіпорындар мен өндірістер құру; жаңа жұмыс орындарын ашу, барларының ішінде өнімділігі жоғарыларын және перспективалы ұлттық кластерге қатысушы ұйымдардағыларын модернизациялау; барлық білім беру және біліктілікті көтеру формаларына ортақ инновациялық технологияларға және дистанциялық диагностикаға жұмысшыларды, техникалық және инженерлік мамандарды оқытуды ұйымдастырумен;кластердегі кез-келген меншік түріндегі кәсіпорындардың негізгі капиталына инвестиция ауқымын ұлғайтумен. Осылайша инновациялық  кластерлерді құру нәтижесінде келесі мақсаттарға қолымыз жетеді: 1) аймақтың не саланың экономикасын модернизациялау және технологиялық дамыту тетіктері жасалынады; 2) сектордың, саланың, кешенді жобаның бәсекеге қабілеттілігі  жоғарылайды; 3) ғылым-білім кешені кооперациясы мен қатысушылардың өзара байланысы тетіктері  қалыптасады; 4) өзара пайдалы ынтымақтастық ұйымдастырылады және сенімсіздік азаяды; 5) аймақтың инфрақұрылымы дамуға  бет түзейді; 6) бюджет табысы артады; 7) тұрғындардың табысы артып, халықты еңбекпен қамту деңгейі өседі.

Артықшылықтарды жүзеге асыру мүмкіндіктері: өңірдің қолайлы географиялық жағдайы, мұнай-газ орындарына жуық орын тебуі,  кластердің орналасуы Кластердің негізгі субьектілерінің бір жерге шоғырлануы Дамыған инфрақұрылым Мұнай-газ салаларының өндірістік объектілерін материалдық техникалық және адам ресурстарымен қамтамасыз ету арнайы маманданған өндірістік компаниялардың бар болуы ішкі ресурстарды тиімді пайдалану мен сыртқы ресурстарды оңтайландырудың мүмкіндіктері арнайы білім беру мекемелері мен зерттеу ұйымдарының бар болуы өзіндік білім және ғылым, инновациялық әлеуетті пайдалану мүмкіндігі, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен инновациялық бастамаларға Республиканың даму институттары тарапынан қаржылық қолдауға ие болу осал жақтары олармен күресу шаралары Республика кәсіпорындарындағы негізгі қорлардың жоғары тозу деңгейі және өндірістік қуаттарды қайта жабдықтандыруға немесе жаңғыртуға  шығындардың көптігі Республикадағы инвестициялық және инновациялық  іс-шараларды мемлекеттік қолдаудың оңтайлы өңірлік жүйесін қалыптастыру, әрі жүзеге асыру.

Артықшылықтарды жүзеге асыру мүмкіндіктері Инновацияны қабылдауға өндіріс орындарының бейімсіздігі  Республикадағы инновациялық іс-шараларды мемлекеттік қолдаудың оңтайлы өңірлік жүйесін құру Қымбат құрал-жабдықтарға қол жеткізуге қаржылық кедергілер Республикадағы инновациялық іс-шараларды мемлекеттік қолдаудың оңтайлы өңірлік жүйесін құру кластердің белсенді де әлеуетті қатысушыларын, яғни басымдық танытып отырған субьектілерді әдістемелік және ақпараттық қолдау жүйесін құру, қажетті ма- мандарды тарта отырып, кластерлік саясат бойынша семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру Шаруашылық жүргізуші субъектілерге (өнеркәсіптік кәсіпорындар, шағын және орта бизнес, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттары) кластер шеңберінде бизнесті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары мен артықшылықтары туралы ақпараттың жетіспеуі кластерге ықтимал қатысушылардың жүйелі ақпараттарының және оларға әдістемелік қолдаудың жоқтығы, олардың мамандарында кластерлік саясат мәселелеріне келгенде біліктіліктің жетіспеушілігі кластердің белсенді де әлеуетті қатысушыларын, яғни басымдық танытып отырған субьектілерді әдістемелік және ақпараттық қолдау жүйесін құру, қажетті мамандармен тарта отырып, кластерлік саясат бойынша семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру.

Артықшылықтарды жүзеге асыру мүмкіндіктері Бәсекеге қабілетті өнім түрлерін жасау, ғылыми зерттеу жүргізу және өндіріске жаңалық енгізу барысында өнеркәсіптік кәсіпорындар, ЖОО мен ғылыми  мекемелер арасындағы тығыз байланыстың жоқтығы Ғылыми зерттеулер мен жаңалықтардың мұнай-газ сектор-ының қажеттілігіне бағытталуы, өндірісте инновациялық идеялар мен жаңалықтарды, жоғары технология-ларды қолдануға жүйелі ауысу, бірлескен іс-шараларды, ғылыми зерттеулерді, білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасындағы кластерлік саясаттың негізгі механизмі мен бағыттарын айқындайтын базалық құқықтық-ережелік актілердің жоқтығы Қазақстан Республикасындағы кластерлік саясатқа қатысты құқықтық-ережелік актілер пакетін жасау және қабылдау.

Туристік кластер. Қазақстанның шетелдік фирмалар үшін инвестициялық тартымды артықшылықтары  көп. Бүгінде «Алтын Емел», «Іле Алатауы», «Шарын каньондары» ұлттық табиғи парктерінің ресурстарын тарту арқылы туризмнің анағұрлым тартымды бағыттарын және Ұлы Жібек жолы бойынша мәдени-танымдық туризмді және Байқоңыр қаласындағы туризмді («Ғарыштық айлақ»), т.б. дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Туристік кластерді құрудың мақсаты – синергетикалық әсер есебінен туристік нарықта аумақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде: кластерге кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру; инновацияларды ынталандыру және жаңа туристік бағыттарды дамыту. Туристік кластерді құру іс жүзінде аумақтың тұрпатын айқындайды және өңірдің оң имиджін қалыптастыруға әсерін тигізеді, бұл жалпы алғанда жоғары ықпалдастырылған туристік ұсыныстар мен бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді құрады. Қазақстанда бес туристік кластерін құру мүмкіндігі бар: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан. Астана кластері – бұл Астана қаласын, Ақмола облысын, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігін, Павлодар облысының батыс бөлігін және Қарағанды облысының солтүстік-шығыс бөлігін қамтитын кластер. Алматы кластері — бұл Алматы қаласы мен Алматы облысының бір бөлігін қамтитын кластер. Алматы қаласы кластердің орталығы болады. Алматы халықаралық тау шаңғысы туризмі және іскерлік туризмнің орталығы болады және «Қаладағы және таудағы ойын-сауық» кластері ретінде сипаталады.

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында қалыптасқан туризм кластеріне келсек, ең басты жолы жақсы 2011 жылғы Азияда ойындарына орай жасалған.Медеуден Шымбұлаққа көтерілу оңай.Себебі, 4,5 шақырымдық аспалы жолда салынған. Бұл аспалы жол әлем бойыеша 3 орын иеленеді.  Түнеу Shymbulak Resort Hotel деп аталатын 3 жұлдызды қонақ.үй келушілерді қарсы алуда. Бұл қонақ үйде 20 000 тг басталып 100 000 тг дейінгі аралықта бір тәулік түней аласыз.(Сурет 6.)Тамақтану да тыс қалмаған.Assortiмейрамханасы,Shale мейрамханасы,Barn bar кафесі,Marone Rosso кафесі,Poule тоқаш кафесі келушілердің көңілін табуда.(Сурет 7-8.).2000 көлікке арналған жерасты көлік тұрағы жасалған. Сноуборд,шаңғыда тәжірібесі жоқтарға арналған мектеп ашылған. Тағы инструкордан сабақ ала аласыз. Көп деген экстремалды ойын түрлеріде дамып келеді. Олар: Фрирайд (FreeRide),Хели-ски (Heliskiing),Скитур (Skitour),жаяу серуендеу, т.б.  Кіші балларға арналған парктер бар. Ол балларға арналған ойын – сауықпаркі.

 

Сурет 7

 

Сурет 8

 

Сурет 9

 

 

       2.1 Туризм кластері – туризм дамуының катализаторы

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, туризмді маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттардың бірі ретінде дамыту бөлігінде бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын көтеру үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген болатын.

Тұжырымдама негізінде туристік нарықты дамытудың ұзақ мерзімді үрдістері, туризм түрлері, туристерді қабылдауға әзірлік және туристік тартымдылық деңгейі бойынша бөле отырып, негізгі туристік кластерлер, өнімдер мен объектілер айқындалды. Аталған тұжырымдама инфрақұрылым құру және жетілдіру, туристік бағыт ретінде оның тартымдылығын жоғарылату үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру үшін оның имиджін қалыптастыру жолымен туризм индустриясын тұрақты дамытуға бағытталған.

Тұжырымдама шеңберінде әзірленген Қазақстан Республикасының туризмін, Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағын, Алматы қаласы маңындағы тау шаңғысы аймағын, Кендірлі демалыс аймағын дамытудың жүйелі жоспарларына, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер–жоспарына сәйкес ұлттық деңгейде іске асыруға ұсынылатын ірі жобалар тізбесі қалыптасты.

Аталмыш жоба бойынша инвестиция жұмылдыруға жоспарланып отырған сома 30 млрд АҚШ долларын құрайды. Бағдарламада «Таушаңғы туризімінің болашағы»  қарастырылған.Алматы және Шығыс-Қазақстан облыстарында таушаңғы базасын салу. Алматы облысында – 5 (Шымбұлақ, Алматау, Табаған, ЦСКА); Шығыс-Қазақстанда – 2 (Изумруд Алтай, Алтай Альпілері). Алматы облысы, Талғар ауданындағы Әскери шатқалда әлемдік стандартқа сай келетін «Ақбұлақ» таушаңғы базасы салынған. Ішкі және сыртқы туризмді дамытудың басты алғышарты барлық санаттағы туристерге арналған авиа, теміржол, автомобиль және су көлігіне қолжетімділік болатындығы жоспарланыпты. Жол жүру құнының қымбаттылығы да ішкі туризмнің дамуын тежеп тұрған тағы да бір проблема болып тұр.

Қазақстанның туризмге ерекше көңіл бөліп, оны дамытудың алғышарттары бар. Біріншіден, бұл тарихи және мәдени негіздердің болуы.  Мысалы, бұл жақында 1500 жылдық тойын тойлап өткен бүкіл түркі тілдес елдердің рухани астанасы Түркістан мен  осындағы Қожа Ахмет Яссауи кешені. Бұл қаланы Түркияның әр 6-адамы көргуге құштар екен. Бұдан басқа 2000 жылдық тойын тойлап өткен Тараз және оның маңындағы тарихи- архитектуралық ескерткіштер, Алматыдағы көрікті табиғат пен іскерлік орта, сол сияқты әр аймақтардағы: Көкшетаудағы Бурабай мен Оқжетпес, Зеренді, Қарқаралыдағы Шайтанкөл, Павлодардағы Баянауыл сияқты көркіне көз тоймайтын демалыс және тарихи орындар көп. Еуразияда орналасқан Қазақстан табиғатының әлемдегі барлық дерлік бедерлеріне бай – бұл дала мен таулар, ормандар мен көлдер, сондай-ақ табиғаттын бірегей ескерткіштері, қорықтар мен қаумалдар.Бұдан басқа еліміздің тиімді геосаяси жағдайы, саяси тұрақтылық, көпұлттылық пен бай мәдени мұра, халықтың қонақжайлығы, сонымен климаттық зоналардың түрлілігі – осының бәрін мемлекеттің туризмді дамытудың маңызды алғышарттарына жатқызуға болады.

Жоғары халықаралық бәсекелестік дәуірінде туристік сұраныс қарқынды өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты ішкі және сыртқы келуші үшін анағұрлым тиімді туристік «тәжірибе» жүйесін құру мақсатында барлық туристік кәсіпорындар тарапынан Қазақстан Республикасының туристік өнімін қалыптастыруға және ілгерілетуге жаңа қағидаттар мен тәсілдер әзірлеу қажет. Туристік өнімнің бірегейлігі мен сапасына қарамастан, жоғары дамыған инфрақұрылымның (көлік инфрақұрылымы, телекоммуникациялық, байланыс арналары, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.) болмауы саяхаттан қанағаттану деңгейін төмендетеді, соның салдарынан туристік келу санының қысқаруына және аумақтың ішкі және әлемдік туристік нарықтарда бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендетуіне әкелетінін назарға алу керек. Осыған байланысты әртүрлі аумақтық деңгейлерде (ел, облыс, аудан, қала) туризмді ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу қажет. Осындай әдістердің бірі кластерліктәсіл болып табылады. Қазіргі уақытта отандық туризм үшін тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кластерлерді қалыптастыру міндеті неғұрлым өзекті.

Еліміздің жеке секторларында туризм кластерімен бірге жеті сала кластері көрсетілген:

  • туристік сала;
  • құрылыс материалдарын өндіруші сала;
  • тоқыма өнеркәсібі;
  • тамақ өнеркәсібі;
  • көліктік- логистикалық қызметтер;
  • металлургия өндірісі
  • мұнай-газ машина құрылысы.

Осы кезеңде әр кластер үшін оның қызметі барысында қақтығысатын мәселелер мен бизнестің алдына қойылатын мақсаттар анықталды және осы анықталған мәселелерді шешу мен қойылған мақсаттарға жету үшін арнайы қызмет топтары құрылды. Бұл, біріншіден, кластер ішінде өзара әрекеттесу жүйесін құруға, екіншіден, қызмет нысаны әртүрлі ұйымдарда кластерді жалпылама көруді жетілдіруге, үшіншіден, бағдарламаның барлық қатысушылары үшін ортақ мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді.

Кластер ұғымының негізін қалаушы Майкл Портердің өзінің сұхбаттарының бірінде Қазақстанның көптеген басқа елдерімен салыстырғанда сәттілікке қол жеткізуге мүмкіндіктерінің көбірек екендігі жөнінде айтып кеткен, бұл біз үшін үлкен баға балып табылады.

Егер кластерлер елдің бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған жалпыұлттық келісімнің үлгісі болатын жеке және мемлекеттік сектордың алдыңғы қатарлы ұйымдарымен бірігіп дамытылатын болса, онда үлкен жетістіктерге жетуге болатыны әрине сөзсіз.

Дәстүрлі түрде кластерлік теориялар мен тұжырымдамалар негізінен өндіріс саласына қолданылған. Бүгінгі күнде де осы басымдық қызмет көрсету секторының, сонымен қатар туризмнің өсуі мен оның маңыздылығының артуына қарамастан әлі де бар. Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ), туризм жөнінен мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сонымен мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей әсер ететін қызмет ретінде түсініледі, сонымен қатар оның болашақта өз қызметінің мүмкіндіктерін кеңейтуін жалғастыратын бірнеше индустрияның бірі болатындығы жөнінде болжам бар [4]. Қазірдің өзінде көптеген елдер мен аймақтар үшін бұл сала табыс пен жұмысбастылықтың маңызды құралы болып табылады.

Қазіргі уақытта туризм әлемдік шаруашылықтағы неғұрлым қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі және ең табысты бизнестердің бірі болып табылады. Әлемде туризмнің алдыңғы позицияларды иеленуі экономиканың жаһандану үрдістері мен адамдардың басқа халықтардың жетістіктері мен өркениеттеріне қызығушылықтарының өсуімен шартталады.

ДТҰ және туризм мен саяхаттардың дүниежүзілік кеңесінің бағалаулары бойынша туризм өнеркәсібіндегі бір жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын бес-тоғыз жұмыс орны сәйкес келеді. Туризм тікелей немесе жанама түрде  экономикадағы 32 саланың  дамуына әсерін тигізеді және мемлекеттің инфрақұрылымының дамуына жағдай жасайды.Туризм аймақтық және ұлттық дамуда маңызды құрал, табыс пен жұмысбастылықтың көзі болып табылады, сонда да бұл сала әлем экономикасындағы ең аз зерттелген өнеркәсіп түрі.

Туризмге кластерлік тұрғыдан қарау тек қана қызмет көрсету секторының жалпы алғанда ұзақ мерзімді перспективасы болғандықтан ғана емес, оған ерекше сипаттар тән болуынан қызықты.

Туризм кластерлерінің шекаралары өте шашыраңқы, сондықтан оның аумағын анықтап өлшеу өте қиын. Ол өзіне үйден тыс жерде саяхат жасай отырып керек болатын өнімдер мен қызметтердің кең қатарын қамтитын басқа өндірістер сегменттерін қосады. Мейрамханалар, қонақ-үйлер, авижолдар, саяхаттар бюросы, дүкендер, т.б. секторларды біріктіретін туризмнен басқа осындай көпжақты өнеркәсіп түрі жоқ деуге болады.

 

2.2.   Шымбұлақ аумағында қалыптасқан туризм кластерінің жай-күйі     

Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыру және дамыту Концепциясын жүзеге асыру мына нәрселермен қамтамасыз етіледі:  перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыру және дамытудың «жол карталарын» жасау (жүзеге асырудың жоспар-кестелері), соның арқасында кластерді сәндеу мен кластерлік жобаларды іске асу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылады; жалпы және перспективалы ұлттық кластерге қатысушы ұйымдарда еңбек өнімділігі өседі; жаңа кәсіпорындар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері ашылады, оның ішінде перспективалы  ұлттық кластерге жаңа қатысушылар да бар; отандық тауарлардың ішкі және сыртқы саудадағы бәсекеге қабілеттілігі көтеріледі және инновациялық белсенділігі бар ұйымдардың саны мен ғылыми негізді  әрі жоғары технологиялық өнімдер үлесі артады;  ғылыми-техникалық қызметтің басым  бағыттарына сәйкес ұлттық экономиканы модернизациялау, нақтыласақ, перспективалы ұлттық кластерге қатысушы инновациялық әлеуеті бар кәсіпорындардың өсуі, ұлттық экономиканың жаңа сегментін  бесінші және алтыншы технологиялық сатыдағы жоғары технологиялық ғылыми негізді кәсіпорындар мен өндірістер құру; жаңа жұмыс орындарын ашу, барларының ішінде өнімділігі жоғарыларын және перспективалы ұлттық кластерге қатысушы ұйымдардағыларын модернизациялау; барлық білім беру және біліктілікті көтеру формаларына ортақ инновациялық технологияларға және дистанциялық диагностикаға жұмысшыларды, техникалық және инженерлік мамандарды оқытуды ұйымдастырумен;

кластердегі кез-келген меншік түріндегі кәсіпорындардың негізгі капиталына инвестиция ауқымын ұлғайтумен. Осылайша инновациялық  кластерлерді құру нәтижесінде келесі мақсаттарға қолымыз жетеді: 1) аймақтың не саланың экономикасын модернизациялау және технологиялық дамыту тетіктері жасалынады; 2) сектордың, саланың, кешенді жобаның бәсекеге қабілеттілігі  жоғарылайды; 3) ғылым-білім кешені кооперациясы мен қатысушылардың өзара байланысы тетіктері  қалыптасады; 4) өзара пайдалы ынтымақтастық ұйымдастырылады және сенімсіздік азаяды; 5) аймақтың инфрақұрылымы дамуға  бет түзейді; 6) бюджет табысы артады; 7) тұрғындардың табысы артып, халықты еңбекпен қамту деңгейі өседі.

Артықшылықтарды жүзеге асыру мүмкіндіктері  өңірдің қолайлы географиялық жағдайы, мұнай-газ орындарына жуық орын тебуі,  кластердің орналасуы  кластердің негізгі субьектілерінің бір жерге шоғырлануы дамыған инфрақұрылым мұнай-газ салаларының өндірістік объектілерін материалдық — техникалық және адам ресурстарымен қамтамасыз ету арнайы маманданған өндірістік компаниялардың бар болуы ішкі ресурстарды тиімді пайдалану мен сыртқы ресурстар- ды оңтайландырудың мүмкіндіктері арнайы білім беру мекемелері мен зерттеу ұйымдарының бар болуы өзіндік білім және ғылым, инновациялық әлеуетті пайдалану мүмкіндігі, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен инновациялық бастамаларға Республиканың даму институттары тарапынан қаржылық қолдауға ие болу осал жақтары олармен күресу шаралары Республика кәсіпорындарындағы негізгі қорлардың жоғары тозу деңгейі және өндірістік қуаттарды қайта жабдықтандыруға немесе жаңғыртуға  шығындардың көптігі Республикадағы инвестициялық және инновациялық  іс-шараларды мемлекеттік қолдаудың оңтайлы өңірлік жүйесін қалыптастыру, әрі жүзеге асыру.

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында қалыптасқан туризм кластеріне келсек, ең басты жолы жақсы 2011 жылғы Азияда ойындарына орай жасалған.Медеуден Шымбұлаққа көтерілу оңай.Себебі, 4,5 шақырымдық аспалы жолда салынған. Бұл аспалы жол әлем бойыеша 3 орын иеленеді.  Түнеу Shymbulak Resort Hotel деп аталатын 3 жұлдызды қонақ.үй келушілерді қарсы алуда. Бұл қонақ үйде 20 000 тг басталып 100 000 тг дейінгі аралықта бір тәулік түней аласыз.(Сурет 6.)Тамақтану да тыс қалмаған.Assortiмейрамханасы,Shale мейрамханасы,Barn bar кафесі,Marone Rosso кафесі,Poule тоқаш кафесі келушілердің көңілін табуда.(Сурет 7-8.).2000 көлікке арналған жерасты көлік тұрағы жасалған. Сноуборд, шаңғыда тәжірібесі жоқтарға арналған мектеп ашылған. Тағы инструкордан сабақ ала аласыз. Көп деген экстремалды ойын түрлеріде дамып келеді. Олар: Фрирайд (FreeRide),Хели-ски (Heliskiing),Скитур (Skitour),жаяу серуендеу, т.б.  Кіші балларға арналған парктер бар. Ол балларға арналған ойын – сауық  паркі.

«Шымбұлақ» аумағында жалпы туризм кластері жақсы дамыған десе болады.Мейрамханалар, қонақ-үйлер, авижолдар, саяхаттар бюросы, дүкендер, т.б. секторларды біріктіретін туризмнен басқа осындай көпжақты өнеркәсіп түрі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Әлемдік экономиканың қазіргі даму жағдайында туризм саласы жетекші және серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Кіріс жағынан бұл сала әлемде мұнай өндіру өнеркәсібі мен машина жасаудан кейін үшінші орынды иеленді.

Қазіргі күні Қазақстан экономикасындағы басымдықты бағыттардың бірі кластерлік жүйені, оның ішінде маңызы өсіп келе жатқан туризм кластерін дамыту және соның арқасында еліміздің бәсекеге қабілеттілік деңгейін біршама жоғарлату болып табылады.

Осыған орай ғылыми жұмыста Қазақстан Республикасының туризм саласының жай күйін анықтап, туризм кластері теориялық, әдістемелік тұрғыдан зерттелген, еліміздегі туризм кластері жобасының іске асуы мен жалпы сала жағдайына талдау жүргізілді. Соның нәтижесінде өзекті мәселелер айқындалып,  туризм кластерін дамыту жөнінде ұсыныстар келтірілген және даму перспективалары анықталған. Зерттеу объектісі Алматы кластерінің құрамындағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты.   Жасалған зерттеулер мен мәліметтерді талдау нәтижесінде келесідей қорытындылар мен ұсыныстарды келтіреміз:

1) «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының аумағындағы ойын-сауық орталықтарындағы кейбір нысандарда үш тілді қызмет көрсетуді жүзеге асыру ;

2) аумақта инфрақұрылым кешенін дамыту мен кеңейту, оның халықаралық стандарттарға сәйкес болуы үшін жұмыстар жүргізу;

3) туризм бойынша мамандықтар тізімін арттыру;

4) тілдерді үйретуге көп көңіл бөлу;

5) аталған нысанға шет ел туристері көптеп келетіндіктен қазақи болмысты көрсетуге бағытталған орындарды салу;

6) «Шымбұлақ» сөзін «Шыңбұлақ» деп өз атын иелендіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының аумағындағы туризм саласының жай-күйі

 

 

тақырыбы бойынша ғылыми жоба жазған

А. М. Абдрайымов жүргізген

 

 

 

Бақылау күнделігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазан – 2015 ж, ақпан – 2016 ж

 

 

 

 

Р/с Мерзімі Жүргізілген жұмыстар Нәтижесі
1 Қазан Тақырып таңдау, мақсаты, міндеті, бағыты, өзектілігін жоспарлау Қазақстандағы және әлемдік туризм жайлы, туризм кластері жайлы  мағлұмат жинап, анализ және синтез жүргізілді.
2 Қараша Қазақстандағы туризм саласының даму тенденциясын бақылау Қазақстандағы туризм саласының күшті және осал тұстары анықталды
3 Желтоқсан Кластер түсінігін зерттеу, Қазақстандағы туризм кластерінің жағдайы туралы ақпарат жинау Қазақстандағы туризм кластерінің даму ерекшеліктері зерттелді
4 Қаңтар Зерттелетін нысан – «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына экскурсия Туристерден сұхбаталу, мамандармен тілдесу.
5 Ақпан Зерттеудің алғашқы нұсқасын құру 1.     Жобаның алғашқы нұсқасы құрылып, әдебиеттермен жұмыс жасалды. Жұмыс «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы» негізінде және Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің мәліметтері негізінде және Матаева Б.Т., Спанкулова Л.С, Афанасьев М., Мясникова Л., Райхан Н кітап авторларының ақпараты негізінде жазылды.
6 Наурыз Зерттеуді қорытындылау Мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасының туризм жағдайы, туристік кластері жайлы қорытынды жазылып, ұсыныстар келтірілді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейск қалашығы,

Б. Момышұлы атындағы №43 орта мектептің 9-сынып оқушысы А. М. Абдрайымовтың «Шымбұлақ тау-шаңғы курортының аумағындағы туризм кластерінің жай-күйі»

тақырыбында жазылған ғылыми жобасына берілген

 

 

ПІКІР

Ғылыми жоба құрылымы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде автор жұмыстың қазіргі таңдағы өзектілігіне тоқтала отырып, осы мәселені шешуде алдына мақсатттар мен міндеттерді дұрыс қоя білді.

Жұмысты орындау барысында логикалық, экономикалық-статистикалық, анализ және синтез әдістерін, абстактілі, индукция әдістерінпайдаланды.

Жоба тақырыбы қазіргі таңда елімізде маңызды мәселелердің қатарында. Жұмысты орындау барысында оқушы ізденісін, жұмысқа деген қызығушылыған, бойындағы патриоттық сезімін жақсы деп бағалаймын. Мектеп кітапханасы, Гвардейский қалашығындағы «Офицерлер үйі» кітапханасынан, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында жұмыс жасады, зерттеу күнделігін жазып отырды.

Жұмыстың мазмұны ашылған, жобада болжау, ұсыныс бар. Кемшілігі, практикалық бөлімі жоқ.

Ғылыми жұмысы өз денгейіндегі жазылған зерттеудің өзектілігін негізге ала отырып, өз алдына қойған мақсат міндеттерін орындаған. Жұмысты сәтті қорытындылай отырып, нақты ұсыныстар келтірілген.

           

 

 

Ғылыми жетекшісі:                                                Тлеужанова Р. С.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

  1. «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 192 қаулысы
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ж, VIII том
  3. Матаева Б.Т. Қазақстан Республикасында туристік қызмет индустриясын дамыту мәселелері// АльПари. — 2003. — №1. –140-142б.
  4. kazstat.kz ақпараттық сайты.
  5. Спанкулова Л.С..Проблемы развития кластерной экономики промышленности на региональном уровне// АльПари. — 2004. — №2-3. -с.91-95.
  6. Афанасьев М., Мясникова Л.. Мировая конкуренция и кластеризация экономики // Вопросы экономики.- -№4.- c.79-82.
  7. Райхан Н. Туризм — қаржының бір көзі// Ақиқат. -2005. — №6.- 41- 43 б.
  8. Ұлттық энциклопедия// ІХ том Алматы-2007
  9. Атамекен географиялық энциклопедиясы// Алматы-2011
  10. http://kazakhstan.travel/kz.
  11. wikipedia.org/
  12. http://massaget.kz/
  13. http://visitkazakhstan.kz/
  14. travel/kz
  15. http://kk.sport.gov.kz/

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*