20180117_105914

Менің елімнің болашағы-менің қолымда Берік Алтынай Айбекқызы №267 орта мектебінің 6 сынып оқушысы

Менің елімнің болашағы-менің қолымда
Қазақстанның қазіргі даму қадамы әлеуеті мен әлеуметі бейбіт өмірі мен береке-бірлігі кімді болса да таңғалдырмай қоймайды.Елбасы  ,,Елінің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет.Жердің де,елдің де иесі екеніңді ұмытпа»-дейді.Тәуелсіздік жылдарында біз жоғалтқанымызды түгендеп,мемлекетімізді қалыптастырдық.Өзге мемлекеттермен қарым-қатынас жасап келеміз.Мәдени мұраларымызды түгендедік,құндылықтарымызды қалпына келтірдік.Тілімізді мемлекеттік тілге айналдырдық.Қазақ мектебінің санын көбейттік.Қазақ елінің өркендеп,көркеюіне қазақ жерінде кіндік қаны тамған,қазақ елінің азаматы болып келетін әрбір ұлт өкілі еңбек етіп,қызмет көрсетуі керек.Елбасы Н.Ә.Назарбаев жастарға:бір мамандықпен шектелмей,жан-жақты болуы керек.Қай елде,қай жерде жүрсе де жұмыс жасаса да,өз ұлтының тарихын,құндылықтарын,ділін,тілін жетілдіріп,өзге ұлттарға насихаттап жүргені абзал.Қазақ қазақ болып қалуы тиіс.Өз намысын қорғай алмаған адам,Отанын да қорғай алмайды деген болатын.Менің елімнің болашағы-менің қолымда!  Қазақ елі мәңгілік ел болып қалуы үшін,тарихымызды,өнерімізді,салт-дәстүріміді,тілімізді,дінімізді ұрпақтап-ұрпаққа жалғастыруымыз керек.Бүгінгі жастар азат рухта тәрбиеленіп,өздерінің бай тарихын мақтан тұтып,ұлтын сүйетін патриоттық сезімде қалыптасса екен.Қазақта елім деп егілген,жұртым деп толғанатын,жерім деп қорғайтын жастар баршылық.Елбасы  ,,Нұрлы Жол-болашаққа бастар жол атты жолдауында Мәңгілік Ел идеясын елдің біріктіруші күші,ешқашан таусылмас қуат көзі» деп атап көрсетті.Жастар-тер төгіп еңбек етуі қажет.Ұлтының уайымы жанына батып,ұлт тағдырына алаң болатын, өз басын ғана емес,  қазағымның бірлігін ойлайтын жастарымыз ел болашаығн ойласа деймін.Біздің болашағымыз үшін тарихта талай-талай ауырпалықты бастан кешірсе де,ешкімге де басын имеген қазақ халқы,қазір әлем таныған,әлем елдерімен иық тірескен еңселі елге айналды.Еліміздің көгінде көк туымыз желбіреді,еңсемізді тіктеп,есімізді жинайтын кез келді. ,, Қазақстан-2030″  бағдарламасы жүзеге асса,ірі мемлекеттердің алдыңғы қатары болатынына сенеміз.Болашақ жастардың қолында деп ақын-жазушылар жырлағандай,ел алдындағы өзіңнің жауапты екеніңді сезінесің.
Арқауы ерен ерлік дастанының,
Қайраты елге әйгілі жастарының.
Желбіреп көк байрағы тұрған шақта,
Жұлдызы жарқырайды аспанының.
Еліміздің болашағы үшін жастарымыз білімді,саналы,жан-жақты ғылымды игеруі тиіс.Сонда ғана еліңді алға сүйрейсің.Елбасымыз білімді ұрпаққа сенеді.Еліміздің болашақ тағдыры жастардың қолында.Мемлекетімізді терезесі тең,керегесі кең ететін жастар! Қазақстан әлемінің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру үшін жастар ауызбірлікте,талмай ізденіп,білімін егемен еліміздің мерейін асыруға жұмсауға міндетті екенін ұмытпаса екен.Мен қазақпын деген әрбір қазақстан азаматы тәуелсіздікпен келген еліміздің қадірін білсе. Ел сенімін ақтап,болашаққа үлес қосып,жастар тәуелсіз елдің тірегі болайық! ,,Қазақстанның болашағы-біздің қолымызда»!

Берік Алтынай Айбекқызы №267 орта мектебінің 6 сынып оқушысы

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*