123

Үшқоңыр ауылындағы орта мектебінің 4 «А»сынып оқушысы Байдаулет Нұрайдың «Тасбақа-төзімді жануар» атты ғылыми жобасы

                                             Мазмұны

Аннотация____________________________________________  1

  1. Кіріспе бөлім

І. 1. Ғылыми   зерттеу жұмысының мақсаты мен  міндеттері___  2

  1. Зерттеу бөлімі
  1. Жорғалаушылар отрядына жалпы сипаттама_____________ 3
  1. Жалпы тасбақа туралы мағлұмат_______________________ 4 — 6
  1. Тасбақа – оның түрлері____________________________   7 — 11
  1. Тасбақаның қасиеті_________________________________    12
  1. Қызылқұлақ тасбақасы_______________________________  13
  1. Ұзақ ғұмыр жасаған тасбақалар ________________________ 14
  1. «Менің қызылқұлақ тасбақам» суреттер ______________15-16

 lll.Қорытынды бөлім

 Қорытынды  __________________________________________  17

Пікір________________________________________________   18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі__________________________ 19

                                                       Аннотация

Бұл ғылыми жобада     айтылатын түйін.  Халқымыз  барлық жануарлар түрін көзбен көріп, оларды бағалай білген, табиғаттың  ерекше   бір алуан   түрлілігі   — тасбақа   оның түрлері   туралы жан- жақты ой қарастырылған.

Ғылыми жобада тасбақаның    әлемдік таралуы, оның түрлері  және пайдасы мен зияны айтылған.

Ғылыми жұмыс үш бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеудің мақсаты:

—    Зерттеу    бөлімінде    тасбақаның    әлемдік   таралу    сыры қарастырылады.

— Қорытынды бөлімінде өзіндік ойтолғаныс айтылған.

Аннотация

 

Наш   народ,   увидев   своими   глазами   многообразные   виды животных, оценив их, исследовав, раскрыл особый вид в природе- это черепахи  ее  виды.  В  этой  научной работе  раскрыто  всемирное распростронение черапахи,ее виды и жизнедеятельность. О ее пользе и вреде.

Научная работа состоит из трех частей.

  1. 1. В вводной части говорится о целех исследования
  2. 2. Исследование — черепах и ее виды
  3. Свое мнение в заключительной части

Annotation

This researching work is about well-known reptile which called tortoise and their kinds. The kinds of reptiles are enormous. We research ‘ the differences and typicality of these kind of nature

The history of developing   of tortoise and their usefulness for human.

The structure of researching work   is divided into three parts . There are introduction, theoretical and practical parts. The concision is n     include  about some analysis.

І.Кіріспе

  1. Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері

Зерттеу  тақырыбы «Тасбақа — төзімді жануар»

Зерттеу өзектілігі

Мен теледидардан жануарлардың әлемінің сан алуандығы  туралы көптеген деректі фильмдер  көріп,оларға деген қызығушылығым оянып,осы тақырыпты таңдауыма бірден-бір себеп болып отыр.Бірде анаммен  зоодүкенге кіріп шолу жасадым.Міне сол күннен бастап менің тасбақа-оның түрлері туралы,тасбақаның даму тарихын зерттеуді өзіме мақсат еттім.

Зерттеу мақсаты

Табиғатта сирек кездесетін жануарлардың бір түрі тасбақаның қыр-сыры мен жеке танысып оны жан-жақты терең ұғыну.

Зерттеу жұмысының міндеттері

  —    Жорғалаушылар түрінің сан алуандығын,ерекшелігі туралы білу

  • Тасбақалар отряды туралы толық мағлұмат алу
  • Тасбақа – оның түрлері
  • Тасбақаның қасиеті
  • Қызылқұлақ тасбақасы

Зерттеу әдісі

Тақырып бойынша түрлі әдебиет көздеріндегі ақпататтарды анализдеу, синтездеу, жүйелеу, зерттеуді салыстырмалы түрде сараптап,тұжырымдау…

Зерттеу обьектісі   Қызылқұлақ  тасбақа

Зерттеу көздері   Энциклопедия, интернет, кітаптар.

Зерттеу жұмысының құрылымыБұл ғылыми жоба үш тараудан тұрады.

Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымша материалдардан тұрады.

Зерттеу кезеңдері:

 2014-2015 жылдары    таңдаған тақырып бойынша бар деректермен танысу.

2016-2017 жылдары    жинақталған мәліметтерді бір жүйеге келтіру

 2018-2019 жылдары    жан –жақты ғылыми жобаны  дамыту

                                     ІІ. Зерттеу бөлімі

  1. Жорғалаушылар отрядына жалпы сипаттама

Жорғалаушылар (пресмыкающиеся) нағыз құрлықта мекен етеді.Олардың 8000-ға жуық түрлері бар.Жорғалаушыларға кесірткелер, тасбақалар, жыландар, крокодилдер  т.б жатады.Суда тіршілік ететін түрлері де  бар. Жорғалаушылардың дене тұрқы, пішіні әр түрлі. Құрлықта, суда, ағаш басында, топырақ астында тіршілік етеді.Оларды зерттейтін зоология ғылымының саласын  герпетология деп  атайды.

Жорғалаушылардың  денесі — бас, мойын, тұлға, құйрық  және  бессаусақты  аяқтардан  тұрады. Жыландарда, кейбір  кесірткелерде  аяқтары  болмайды. Жорғалаушылардың  терісінің  сырты  мүйізді  қабыршақтармен,

қалқаншалармен,сауытпен қапталған. Мұндай мүйізді түзелістер теріні құрғап кетуден сақтайды, әрі қорғаныш қызметін атқарады. Өсу кезінде терісі үнемі түлеп түсіп отырады. Жорғалаушылардың қаңқасы бес бөлімнен тұрады: бассүйек, омыртқа жотасы,  иық белдеуі, алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары және кеуде қуысы.Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары бар.  Күрделі  қозғалыс  жасайтындықтарынан  аяқтарындағы,

жақсүйектеріндегі, мойнында және кеуде қуысындығы бұлшық  еттері  жақсы дамыған.  Олардың ас қорыту жүйесі қосмекенділерге ұқсас.

Жорғалаушылар — өкпесімен ғана тыныс алады.Өкпелері көптеген кіші ұяшықтардан тұрады. Жүректерінің  құрылысыда қосмекендіктермен ұқсас, үш қуысты болады. Жорғалаушылардыңда денесіне аралас қан тарайды, дегенмен артерия қаны көбірек.

Жорғалаушылардың сезім мүшелері – көз, құлақ және танау. Көздері қозғалмалы  қабақты.  Есту мүшесі –ішкі және ортаңғы құлақ. Иіс сезу мүшесі- танау қуысында орналасқан.

 

 

 

 

 

 

  1. Жалпы тасбақа туралы мағлұмат

Тасбақалар(лат.Testudines) – бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Қазір тіршілік ететін Тасбақалардың 250-ге жуық түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Тасбақалардың – денесі мүйізді сауытпен қапталған.Арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрондеп атайды. Сауытының ұз. 12 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Тасбақалардың өзгелерден ерекшелігі ұзақ  уақыт қоректенбей,су ішпей жүре алатындығында.Арқасындағы мықты сауыты тасбақаны ірі аңдардың шапқыншылығынан,температуралық толқулардан сақтайды. Екі сауыт арасынан Тасбақалардың басы, мойны, аяқтары шығып тұрады, қауіп төнгенде бұларды сауыт ішіне жиып алады.

Көру, иіс сезу органдары жақсы дамыған, нашар естиді. Жақтарында тістері болмайды, иегінде тұмсық тәрізді мүйізді өткір қабыршақтары бар.Тасбақаның негізгі қорегі өсімдіктер, су жәндіктері,ұсақ балықтар мен шаянтәрізділермен де қоректенеді.Оның әр аяғында төрт саусақтан болады.Жылына 3-4 айдай белсенді тіршілік етеді де басқа уақытта ұйқыға кетеді.

Тасбақа арқасына жабыстырылған тасынан мойнын алға созу арқылы дем алады және өкпесіне ауа толтырады.Қызығы, ол жүрген кезде жақсы тыныс алатын көрінеді.Жасына,көлеміне қарай тасбақалар әр түрлі келеді.Тасбақалар табиғи жағдайда 150 жылдай тіршілік етеді.Тасбақалар

10 жасқа келгенде жұмыртқа салады.

Жұмыртқалары аппақ әрі қалың қабыршақты келеді. Соңғы кезде саны азайып бара жатқандықтан зерттеуді қажет етеді.Қазіргі тасбақалардың  салмағы мен мөлшері, көлемі өзгеріп отырады.Қазіргі тасбақалардың ірісі болып табылатын көн тәрізді тасбақалар.Тасбақаның қабыршағы 2м, салмағы 900 кг.Ең майда түрі- шұбар немесе теңбілді,номаквалендтік  тасбақа ұзындығы 10 см –ден аспайды.Қабыршағына қарап қазіргі заман тасбақаларын басқа жануарлардан қатесіз ажыратуға болады.Жаңа туылған тасбақалардың қабыршағы жұмсақ болады,бірақ өсе келе қатаяды. Ұрғашы су тасбақаларының құйрығы ұзын болады,ал құрлық тасбақаларының жамбас тепкісі бөлініп тұрады.Екі түрі де көздің шатырма қабығымен  бір –бірінен ажыратылады.Королиндік еркек тасбақаларының көзі  қызыл, ал ұрғашыларының көзі сары болады.

Тамақ іздегенде олар бірінші оның түсіне қарайды.Содан кейін барып иісі мен дәміне қарайды.Құрлық жердегі тасбақалар қызыл түске көңіл бөледі.Олар  қызыл жеміс- жидектерді жақсы көреді.Оларға жасыл түстер де ұнайды, бірақ олар ашық жасыл түстен гөрі қанық жасыл түсті қалайды.

Көбісі оларды керең деп ойлайды,бірақ қазір белгілі болғаны олар жаман естімейді,төмен дыбыстарды 3000 герц жақсы қабылдайды.                        Барлық тасбақалар жұмыртқаларын құмыраға ұқсас шұңқырға жинайды,артқы аяқтарымен қазады,оны топырақпен жауып қояды.Жұмыртқалар саны әр қалай 1-200-ге дейін болады. Инкубациялық кезең 2-3  айға созылады.Тасбақаның  барлық түрлері жұмыртқалағаннан соң оған қызығушылықтары жоғалып,ешқандай қамқорлық көрсетпейді.Бір ғана ғылымға белгілі қоңыр түсті тасбақалар жұмыртқаларына арнайы ұя соғып оны балалары шыққанға дейін қорғайды.     

Тамақтану мен өмір сүру дағдысы: тасбақалар жеке басты өмір сүреді,өздеріне лайықтыларды қыстау кезінде іздейді.Тасбақалар теңіз және жер бетіндегілер болып бөлінеді.Жер бетіндегілер құрлық жер мен тұщы сулы құрлық жер тасбақалары өсімдіктермен қоректенеді,ал тұщы сулылар көбінесе Жыртқыштармен, түрлі ұлулармен, бунақаяқтылармен қоректенеді.

Теңіз тасбақаларының ішінде жыртқыштары өсімдіктермен қоректенеді.Көп тұщы сулы тасбақалар жас кезінде  жәндіктермен қоректеніп өмір сүреді,өсе келе өсімдік жейтін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Тасбақа – оның түрлері

Қазіргі заман жануарлар дүниесінде тасбақалар  5 жасаққа бөлінеді.

Ұзақ өмірсүретін тасбақалар

  • Адвайта
  • Гариетта
  • Гуи малила
  • Кики

Жасырынмойынды тасбақалар отряд тармағы.

Бұл отряд тармағына сулы ортада және жер бетінде тіршілік ететін тасбақа түрлері жатады. Басын сауыт ішінде жинап алғанда мойнын латынның S әрпі тәрізді тік жазықтықта бүгеді. Сондықтан мойын омыртқаларының екі бүйірлеріндегі көлденең өсінділер жойылған.

Бүйірмойынды тасбақалар отряд тармағы.

Басын сауыт ішіне жинап алғанда мойнын бір жақ бүйіріне қарай бүгеді де, басы оң жақ немесе сол жақ қолтық астына енеді. Сондықтан мойын омыртқаларының екі жақ бүйірлерінде орналасқан көлденең өсінділер мен мойынды қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер жақсы жетілген.

Тропикті ендіктің тұщы суларында тіршілік ететін бір түрі аррау деп аталатын ірі тасбақа. Дене тұрқы 80 см. Жергілікті халықтар құмға салынған жұмыртқаларын көп мөлшерде жинайды.

Теңіз тасбақалары отряд тармағы.

Бұл отряд тармағына жататын өкілдердің аяқтары ескекке айналған. Басқа тасбақаларға қарағанда сауыты нашар дамыған. Ол кейбір түрлерінде жеке-жеке сүйекті тақташалардан тұрады. Омыртқалары мен қабырғалар олармен бірікпейді.

Өкілі дене тұрқы 1 метрден артығырақ, салмағы 450 килограмға жететін жасыл тасбақа. Тропикалық және субтропикалық ендіктердің теңіздерінде кездеседі, еті тағам ретінде пайдаланылады.

Жұмсақтерілі тасбақалар отряд тармағы.

Сүйекті сауыты нашар дамыған, арқа қалқанының ортаңғы бөлігі ғана сүйекті тақташадан түзіліп шеткі бөлігі шеміршекпен көмкерілген. Сүйекті сауыты сыртынан жұмсақ терімен қапталған. Басының ұшында қозғалмалы ұзын етті тұмсығы бар. Саусақтарының арасында жүзу жарғақтары бар. Жұмсақ терілі тасбақалар тұщы суларда тіршілік етеді. Африкада, Оңтүстік Азияда және Солтүстік Америкада тараған. Қытайда, Қиыр Шығыс Уссури өзені мен Ханка қөлдерінде тараған өкілі – трионикс. Қорегі балықтар, былқалдақ денелілер, шаянтәрізділер. Өте тез жүзеді, су астында ұзық уақыт қалады, ол кезде жұтқыншағында торланған қантамырлары арқылы тыныс алады.

 

Оңтүстік Корей елінде 4 көзді тасбақа бар.Олар сирек кездесетіндіктен «Қызыл кітапқа» енгізілген. Тасбақа өзінің ақылдығымен, барлық қиындыққа төзе біледі.Ол  баяу қалпымен арқасындағы  тасын ауыр жүк демей,өзінің жаудан қорғанар баспанасы екенін біліп, оны әрқашан көтеріп жүреді.Сондықтан шығар тасбақаны мультфильмдерде де оларды ақылшы,мықты жауынгер кейіпкері

ретінде ұсынады.Мысалы: «Буратина», «Тасбақа мен кішкентай арыстан баласы», «Ниндзя тасбақалары» …

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанда кездесетін тасбақалар

Батпақ тасбақасы тұщы су тасбақалары түқымдасынажатады.Ол Қазақстанда Жайық өзенінің  аңғарында, Арал өңіріндегі, Ырғыз,Торғай өзендерінің жағалауларындағы батпақты жерлерде таралған.Сауытының түсі жасыл көк, бір тегіс, сарғыш дақтары, сызықтары болады, ұзындығы 25 см. Басында, мойнында, аяғында да ұсақ сары дақтары бар.  Құйрығының  ұзындығы  сауытының жартысындай болады. Суда жақсы жүзеді әрі сүңги алады, қауіп төнген кезде су түбіндегі лайға тығылады, кейде құрлыққа да шығады.

Батпақ тасбақасы су, құрлық жәндіктерімен, кейде өсімдіктермен де қоректенеді. Ол 6 -8 жасында  жылына 2-3 рет су түбіне шағын шұңқыр қазып, жұмыртқасын (5-10) сонда салады. 2-3 айдан соң ұрпағы жұмыртқадан шығып, батпақ арасында қыстайды, келесі жылы көктемде жер бетіне шығады. Батпақ тасбақасы кейбір елдердетағамретіндепайдаланылады.Зиянды жәндіктермен қоректеніп пайда келтіреді.

 

Дала тасбақасы — тасбақалар отрядына жататын бауырымен жорғалаушы. Қалқанының жоғары жағы жасыл сарғыш, бауыры сарғыш келеді. Басы, аяғы және құйрығы жасыл қоңыр, Тұрқы 30 см-дей, мүйіз сауытпен қапталған. Салмағы 2,5кг-дай.Аяқтарында4башайдан

болады. Қазақстанның оңтүстігінде шөл және шөлейтті аймақтарда кездеседі. Өзі қазып алатын інінің тереңдігі 2 м-дей, кейде кірпі, қосаяқ, сарышұнақтардьщ індерін де пайдаланады. Жылына

3-4 айдай ояу, қалған уақытта ұйқыда болады. Наурызайларындаұйқысынаноянып, сәуір-маусым арасында 1-4 жұмыртқадан салады. Өте баяу өседі. 65 — 100 күнде жүмыртқаны жарып шыққан тасбақалар келесі жылдың сәуір айында ғана інінен шығады. Көп жылдық шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Кәсіптік маңызы бар, Батыс Еуропа елдерінде тағам ретінде пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

4.Тасбақаның  қасиеті

Тасбақа символы нені білдіреді? Тасбақа – ұзақ өмір сүру символы ақылдылық және тапжылмай алға жүруді білдіреді.Әр елде тасбақаны қасиеттеп әр-түрлі етіп бағалайды.Мысылы:

Жануарлар әлемінде өте ертеден тіршілік етіп келе жатқандықтан  Қытайлар үшін тасбақа — бүкіл әлем символы.Олар тасбақаның ағашты шірітпейтін бір ғажайып күші бар екеніне сенеді.Қытайда тасбақадан дәрі-дәрмектер жасап,оның қалқаншасынан бал ашады екен.

Азия елдерінде тасбақаның етін,жұмыртқасын тағамға пайдаланатын себебі иммунитетті көтереді деп сенеді.Тасбақа майын сабын дайындауға ,неше түрлі косметикалық заттарды дайындауға пайдаланады.

Ал Үндістер тасбақаның миын күш-қуат беретін эликсир ретінде пайдаланған.Тасбақаның үлкен көлемде болғандығын Индияда соғыс кезінде қалқан,кейбірін күрке ретінде пайдаланғандығынан білуге болады.

Ал біздің қазақ елінде тасбақаның ауызына шөп тістеп алып бара жатқанын көрген адам байлыққа кенеледі деп сенген.Түс жоруға байланысты егер түсінде тасбақаны көрсе, сол адамның өмірі түбегейлі өзгереді деген тұжырым бар деп сенген.

Комбоджаның тұрғындары жануарлардың әсіресе тасбақа, сиыр мен жыланның емдік қасиеттеріне қатты сенеді екен. Комбоджо  тұрғындары су тасбақасын емдік шара үшін қолданады екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қызылқұлақ тасбақасы

 

Мен осы ғылыми жобама Қызылқұлақ тасбақасын зерттеуге алдым, зерттеу нәтижесінде осы тасбақа түрі туралы көп жаңалықтар білдім.

Қызылқұлақ тасбақасы(sliders) – бұл тұқымдастың экологиялық әр түрлі жағдайларға тез бейімделетіндіктен аквариум ұстаушылар арасында кең тараған.Ең маңызды ерекшеліктері көзінің шетінде ашық қызыл түсті сызықша және сауытының  әр тақтайшасында қара дақтары бар.

Қызылқұлақ тасбақасы туылғанда 3 см жуық болады.Олар ашық түсті,өте әдемі болады.1.5 жылда олар 7,5 см өседі,содан кейін өсуін тежейді.1 жылда 1-1.5 см өсіп отырады, жасы келгенде 28 см-ге дейін болады.Сауыттарының түсі қанық жасыл түсті немесе жасыл түсті болады.Әр қалқаншасының арасында ашық сары түсті сызықшалары басына дейін жетеді.Өскен сайын тасбақаның қалқанындағы жасыл түстер жойылып,қарайып реңін жоғалтады.

Өмір сүру ортасы: Қызылқұлақ тасбақасы  жәй ағынды суларда,өте төмен температурада өмір сүретіндіктен көп елдерде США,Солтүстік Америка,Азияда,Жапон аралдарында,Израильде көптеп кездеседі. Қызылқұлақ тасбақасы  өсімдігі мол жерлерде өмір сүруді ұнатады.Олар қішкентай кездерінде омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді,жасы келе өсімдіктермен қоректенеді.

Қызылқұлақ тасбақасы мамыр айымен шілденің басында 5-18-ге дейін жұмыртқа салады. 2 айдан кейін тасбақалар жарып шығады.

Қызылқұлақ тасбақасын зеттеуде олардыңаз қоректенетінін төзімді,сабырлы жануар екенінін білдім. Зерттеу барысында мен өз тасбақаларымды өлшедім.Олардың ұзындықтары 12-12.5 см болды,осы өлшеуіш арқылы тасбақалар шамамен 2 жаста деген тұжырымға келдім.Суын ауыстырған сайын байқағаным,су жақсы болған кезде су астында жақтарын жиі ашады.Себебін білгім келіп интернет парақтарынан сұрағыма жауап іздедім, жауабы жұтқыншақтағы қылшықтарын жуып өту үшін ашады екен.Су тасбақасы болғанымен,олар су астында емес аквариумның ішіне қойылған тастың үстіне шығып ұйықтайды. Зоодүкеннен алған қоректі беріп жүрдім.Әр түрлі шөптер беріп көрген едім жемеді.

 

 

 

 

 

Ұзақ  ғұмыр  жасаған  тасбақалар

130 жыл өмір сүрген англиялық тасбақа жақында туған күнін өткізді. Бұл ұзақ өмір жұлдызы 2-дүниежүзілік шайқастың зеңбірек оғынан да аман өткен. Бұдан бұрынғы біраз қожайындарын ақтық сапарға шығарып салған.

Бұл тасбақаның есімі — Томас. 1882 жылы туылған. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде оның қожайынының үйі зеңбірек оғынан күл-талқаны шыққан. Қирандының арасынан байқап қалған әлдекімдер оны құтқарып алған. Тек 1978 жылы оның денсаулығын тексеруге алып барған. Сонда ғана оның 96 жасқа келген ұрғашы тасбақа екендігі анықталған екен. Осыдан бұрынғы қожайындары әртүрлі себептермен үздіксіз өзгеріп отырған. Қазір ол 54 жасар ерлі-зайыптылардың қарауында екен. Хайуанаттар қорғау орталығының дәрігерлерінің айтуынша, «Томастың» қимыл-қозғалысы әлі де сергек, ешқандай да кәрілік белгілері байқалмаған көрінеді.

Ең соңғы алып тасбақа көз жұмды

Биыл Галапагос ұлттық паркі әкімшілігінің мәлімдеуінше, әлемдегі ең соңғы галапагостық алып тасбақа қайтыс болған. 100 жастағы атақты тасбақаның есімі  Жалғыз Джордж болатын.

Негізі галапогостық тасбақалар 200 жылға жуық өмір сүреді алады. Жалғыз Джордж 1972 жылы Пинта галапагостық аралдарының бірінен табылған болатын. 20 жылға жуық уақыт аралығында зерттеушілердің Джорджан ұрпақ алып қалу жолындағы қадамдары сәтсіз болып келген. Әрине, уақытында өзіне сай және түріне жататын 100 жастағы тасбақа да табылған. Соған қарамастан әр жолғы ұрпақ алып қалу жолындағы бастамалар сәтсіз аяқталған.

Жалғыз жанды Джордж Галапагос ұлттық паркінің нышан-айғағына айналған.  Джорджбен танысу үшін Голливудтың жұлдыздары саналатын Брэд Питт пен Анджелин Джоли және  ағылшын ханзадасы Чарльз, әлем саясаткерлері арнайы келіп-кетіп тұратын болған.

 

 

 

Қызылқұлақ тасбақамды таныстырудамын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Менің қызылқұлақ тасбақам

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Өз ғылыми жобамды терең зерттей алмағанымен, осы шамалы уақытта зерттей келе қоршаған ортамыз табиғатқа жататын бауырымен жорғалаушы отрядының түрі – тасбақа туралы өзіме көптеген жаңалықтар аштым.

Қызылқұлақ  тасбақасын  зерттеуге  алғаннан  кейін, қызылқұлақ  тасбақасының күтімі  туралы ақпараттар  іздедім. Алматы  қаласына  барғанымда, зообаққа  бардым.  Онда тасбақалардың көптеген  түрлерін  көрдім. Қызылқұлақ  тасбақалары  өте  көп  екенін  байқап, терраиум  қызметкерінен  тасбақаларды  бағып – күту жолдарын  сұрадым.

Үй  жағдайында    тасбақаны  бағу  үшін,  аквариумы  үлкен, кең болуы  керек  екен. Аквариумның  50% —  су,  50% — жер  болуы  және  үнемі  қызыл түсті  жарық  жанып  тұруы  қажет, сонда суы  бір температурады жылып   тұрады  екен. Үй жағдайында  өзіміздің  Қазақстанда  кездесетін 2 дала тасбақасын зерттеуге  алдым, әртүрлі шөп түрлерін, жемістер беріп тұрдым. Тасбақалар  мен   берген  қоректерді жемейтінін  бақадым. Атам  тасбақалар шөлді  аймақтарда өмір сүретін  болғандықтан,  құмда  өсетін  шөптердің  тамырымен  қоректенетінін айтты. Шөп  тамырлары  сулы  болғандықтан, олар  су  ішпей  жүре  алады  екен. Қорытындылай  келе  тасбақаны  үй  жағдайында  күтіп  ұстау  мүмкін  емес  екенін  түсіндім.

Зерттеу  нәтижесінде  тасбақалар  туралы  көптеген  мағлұматтар  білдім. Олар  туралы  қызықты  ақпараттарды  жинадым, сараптай  келе тасбақаның төзімді жануар  екенініне  күмәнім  қалмады.

Табиғатта  тасбақалардың  азайуының  бірден – бір  себеп  адамдардың олардың  өмір  сүру  аймақтарын құртуы  болып  табылады.Екінші  себебі  жыртқыштар  және  құстар. Бір тасбақа  мысалы 100 жұмыртқа  салса, жұмыртқадан  шыққан  кішкентай  тасбақалардың  5-6 ғана тірі  қалады. Үлкен  тасбақаларда  жыртқыш  құстарға  қорек  болады, олар тасбақаны  тұмсығымен  тістеп  алып, биіктен  тасты жерге  тастайды екен. Сол  кезде тасбақаның  сауыты екіге  бөлініп  кетіп, қызыл етін  құс  жейді  екен. Табиғатта  тасбақаның да  құстарға  шабуыл  жасап, етімен  қоректенетінін ғаламтор желісінен  көрдім.

Ұрпақтан-ұрпаққа жету жолдарында тасбақаның саны жоюлуда.Оған бірден-бір себеп адамзат болып отыр. Табиғат анамызды қадірлеп,оны жамандықтан сақтай білейік,жануарларды қорғау дәстүрін жоғалтып алмай жалғастыратын болайық. Мен болашақта тасбақаның басқа түрлерін әрі қарай зерттеймін.Олардың жойылып кетпеуіне жаңалықтар қосамын.

 

 

 

Үшқоңыр  ауылындағы

орта мектебінің

4 «А»сынып  оқушысы

Байдаулет Нұрайдың

«Тасбақа-төзімді жануар»

атты ғылыми жобасына

 

 

Пікір

 

Байдаулет Нұрайдың  ғылыми жобасы тасбақалар туралы жазылған.

«Тасбақа – төзімді жануар» атты ғылыми-зерттеу жұмысы түбегейлі толық дәрежеде жазылған демесекте жан-жақты, жүйелі ізденіп қамтылған. Оқушы өз жұмысын жүргізу мақсатында көп ізденгендігі,сол іздену жолында тасбақаның өзіндік ерекшелігімен, қасиеттері, түрлері және сырларымен танысқандығы байқалып тұр.

Нұрай  басқа балалардай емес ізденімпаз, өз бетімен жұмыс жасайтын оқушы. Ата-анасымен бірігіп зерттеп жүрген қызылқұлақ тасбақасын сыныпқа әкелді.Тасбақаның оқушыларға деген әсерін зерттеп көрдік. Нәтижесі жаман болған жоқ, балалар сабақтан қуана үйлеріне тарасты.Тек Нұрай ғана емес, оқушыларда табиғат туралы біліп қана қоймай,оның жомарттығын танып,қорғауға,аялауға,қамқорлық жасауды түсінді.

Нұрайдың қорытынды бөлімінде бұл тақырыпты терең зерттей алмағанын, алайда келешекте үздіксіз ізденіс үстінде болатынын айта кеткен.

Бұл – ұстаз  үшін үлкен қуанарлық жәйт.

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі   Кушегенова  БатилаСоветкалиевна

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  • Қазақстан энциклопедиясы
  • Шалқар энциклопедиясы
  • Биология оқулығы /7 сынып/2003 жыл «Атамұра»баспасы
  • Интернет желісінен алынған материалдар пайдаланылды

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*