а

Жетекшісі Кудайбергенова А.Х. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі №18 ЖОББМ-КММ-сі Екібастұз қ, Жұмажан Меруерт Нұрбахытқызы 7 «а» сынып оқушысы «Жанымда жүр жақсы адам»

 «Жанымда жүр жақсы адам»

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөз­дің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуел­сіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнері­мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш.

Н.Ә.Назарбаев

І,ІІ дәрежелі «Ана медалі»

«Жақсы адам өзіне байлық жинамайды, өздері байлыққа айналады»-деген әдемі нақыл менің әжеме арналғандай. Әркез ертеңгі өмір үшін аянбай еңбек етіп, өз уақытын аямай, немере мен жиенінің қамын ойлаған, жылы шыраймен жанға шуақ шаша білетін ізгі жанның бірі Кужунтаева Шәмшия Мұхитқызы.

Шәмшия әжем 1940 жылы  18 шілдеде Омбы облысы, Черлак ауданы, Северный селосында дүниеге келген. Бар ғұмырын колхоз жұмысына  арнаған әжемнің  көктемі мен жазы, қыруар күзі  адал еңбекке арналған.
Әжемнің отбасындағы әжелік мейірімімен қатар өмірі мен адал еңбек жолындағы жетістіктері жайлы айта кетуді де жөн санадым. Шәмшия әжем Қожантай әулиетінде дүниеге келген. Әкесі Мұхит анасы Орынбасар 1931 жылғы ашаршылық кезеңінде

«Еңбек даңқы» 1981, «Еңбек Ері» 1990

Омбы қаласына жер ауып барған. Қиын қыстау кезеңді басынан кешкен әулиет колхоз жұмысына

адал еңбек еткен.  Ұлы нағашы атам колхоздың малын бақса, әжемнің үш ағасы  Жұмағали, Сәрсенбай мен Бейсенбай аталарым да бар ғұмырын адал еңбекке арнаған. Осындай қиын кезеңде әжем 6 жасында 1949 жылы анасынан айырылады. Анасынан айырылған әжеме мектепте оқудың өзі қиынға түсіп, тек 6 сыныпты бітіреді. Осылайша 13-14 жасынан бастап әжем өгей ананың қолында тәрбиеленеді.

1959 жылы  Састомар ауылына Құлмағанбет әулиетіне келін болып түскен әжем Әубәкір атаммен отбасын құрып төрт қыз, ұш ұл тәрбиелеп өсірген отбасы.  Бүгінде сегіз немере, екі шөбере сүйіп отыр.  Әжем жастайынан үлкеннің батасын көп алып өскен. .  «Мен келін болып түскен кезде ата-енем үлкен, кәрі адамдар болатын.  Отбасындағы барлық туыстың жағдайын жасадық,- дейді әжем.

І,ІІ дәрежелі «Ана медалі» 1978, 1982, 1983, 1986 жж

 

Өзінің қамқорлығын ауыл қарттарынан да аямаған әжем «Ауылдағы қолынан кем апайдың басын жуып, шашын  тарап беретінмін,  апайдың сол кездегі ризалығы әлі күнге есімде – деп  өз әңгімесін айтып отыратын әжемнің жақсылығы бүгінде алдынан

қайтып жатқандай.

1968 жылы атам мен әжем Ресейден Қазақстанға көшіп келеді. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген нақыл осы орайда есіме түседі. Екібастұз ауданы, Өлеңті совхозының Талдықамыс бөлімшесінде озат шопан болған атам мен әжем бар ғұмырын  осындай еңбек жолына арнаған. «Өлеңті» совхозының атақты шопандарының бірі болған, аты ауданға танымал. Бұл еңбектері Кеңес Үкіметінің алдында еленген ата әжемнің  1970-1990 жылдары Социолистік  жарыстың жеңімпазы, 1981 жылы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталған атам, 1983 жылы совхоз директоры Ораз Балташевпен бірге Алматы қаласында өткен озат шопандардың республикалық слетіне қатысқан. 1990 жылы «Еңбек Ері» медалі де қажырлы еңбегі үшін төсіне тағылды. Әжем Кеңес Үкіметінің жоғарғы кеңес президиумы жарлығымен І, ІІ дәрежелі «Ана Медалімен» 4 мәрте марапатталған болса, Тәуелсіздік алғаннан соң көпбалалы ана ретінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен «Алтын Алқа» иегері атанды.

Еліне 25 жыл еңбек сіңірген атам мен әжем осындай марапаттарға ие болды. Атам мен 3 жаста болғанда дүниеден өтті. Әттең, атам қазір жанымда болса, аталық  ақылы мен мейірін сағынамын.  Атамның осындай абыройлы еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болғанын мақтан тұтамын. «Жүйрікте де жүйрік бар, қазанаты бір бөлек, Жігітте де жігіт бар азаматы бір бөлек» — десе нағыз азаматтар менің атамдай жандар болар.

Социолистік жарыс жеңімпазы 1970-1990 жж

 

Ал бүгінде, мен осындай әжелік мейірімді көріп, бой түзеп келемін.       Ақ қыраудай шашыңды көрем, Басын иген ғасырды көрем, Бәрі сенің жемісің, бәрі сенің жеңісің, Ұрпағыңа бақыт кенісің! деген өлең шумақтары да әжеме арналғандай. Сіз білікті де білгір, сыйлы да беделді, өз аудан халқының арасында үлкен құрметпен беделге ие  жансыз. Өмірден мол тәжірибе жинақтап төңірегіңіздегілерге ақыл-кеңесіңізбен тәрбие беріп жүргендігіңізбен биік тұрасыз. Өзінің соңынан ерген

балалары мен туған туыстарына,  немере — шөберелеріне

ақыл-кеңесін беріп, тәжірибесімен бөлісіп тәрбиелей жүріп әжем 80 жасқа таяп қалғанын да байқамағандай.  Әлі де болса ширақ, көңілі сергек Шәмшия әжеме зейнет жасында абыроймен туған-туыс, балаларымен немере, шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуіне тілектеспін.  «Бейнет түбі зейнет»-дегендей, өміріңіздің айтулы белесі кезеңіндесіз. Денсаулығыңыз мықты, жүрегіңіз жарқын, ғұмыр жасыңыз ұзақ,  мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын! Ендігі ғұмырыңызды немере- шөбере тәрбиесіне арнап, туған-туыстың  ынтымағын жарастырып жарқырап жайнап жүре беріңіз демекпін.

 

Жетекшісі Кудайбергенова А.Х.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі №18 ЖОББМ-КММ-сі Екібастұз қ, 

Жұмажан Меруерт Нұрбахытқызы

7 «а» сынып оқушысы

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*