жасдарын значек

Алматы қаласы Алатау ауданы № 166 лицей КММ Азнабакиев Мурат 9 «Б»-сынып оқушысы Ғылыми жобаның тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінің тәрбиелік мәні Жетекшісі: «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі Бектурсынова Гульмира Касымхановна

 Алматы қаласы

Алатау  ауданы

№ 166 лицей КММ

Азнабакиев Мурат

9 «Б»-сынып оқушысы

Ғылыми жобаның тақырыбы:

Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінің тәрбиелік мәні

Жетекшісі: «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі Бектурсынова Гульмира Касымхановна

                       Алматы-2017ж.

Мағжан Жұмабаев. «Мен жастарға сенемін»

Аннотация

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Абай салған даңғыл жолды жалғап, бүгінгі күнге анық қалуға жарайтын сөз қалдырған қазақ поэзиясының хас шебері, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың ақындық, азаматтық тұлғасы өз бағасын алды. Және «Мен жастарға сенемін» өлеңіндегі өміршең қуат пен сөнбес жалын жас ұрпаққа рухани күш беріп, қазіргі таңда өмірлік ұрандарына айналды деуге болады. Ақын өлеңінің осынау қазақ елінің жастарын рухани құндылықтарға, сарқылмас жан азығына жетелер болашақтың бағдаршамына айналғаны.

Мақсаты

Мағжанның жыры арқылы қазақ жастарының рух жігерін, қайраттылығын дәлелдеу.
Жастардың қазіргі замандағы бейнесін анықтап, оның осы замандағы атқаратын рөлін зерттей отырып, жастарымыздың қазіргі тәрбиелілігі жоғары деңгейде екенін дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:
— Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін”

                 өлеңінің тәрбиелігін талдау;
— Жастар туралы жазылған  Мағжан

              өлеңінің  ерекшелігін анықтау;
— Қазіргі жастардың бойындағы күш, жігер

                 қасиеттерді  сипаттау.
— Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазақтың аса дарынды ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың жастарға арналған өлеңдері де біршама. Ақынның «Мен жастарға сенемін» өлеңінде нағыз қазақ жастарының қандай болу керектігін, түр — тұлғасын айқын суреттегені байқалады.
Мағжан ақынның азаматтық үні, ұлттық болмысы, өз заманының өрелі де келелі мәселелерін көтерген өлеңі, ұлт руханиятына қосқан үлесі бүгінгі күн тұрғысынан  арнайы зерттеуді қажет етеді. Зерттеу жұмысы осы бір тың да күрделі тақырыпты ашуға бағытталған.

 

 

Проблемасы:

Жастардың бойындағы сенімсіздік. Бірте-бірте адами қасиеттерінің көрінбей, сирек кездесе бастағандығы. Өз еліне деген құрметтің жоғала бастауы.

 

Зерттеу жұмысының болжамы:

       «Мен жастарға сенемін» өлеңі атүсті оқып, жаба салатын, жай қабылдайтын дүние емес, бүкіл бір ұлтты бір арнаға ұйытып, халықты сүюге, ел үшін бар күш-жігерін жұмсайтын жас буындар тобын қалыптастыруға ықпал ететін тағылым көзі екенін көкейімізге түйіп, көңілімізге бекіту. Егер біз Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін ” атты өлеңін насихаттап, жастардың рух, жігерін көтеріп, әр тілге аударып қазақ ұл-қыздарының болмыс бітімін өзге елдерге де паш етіп, қазақ жастарының бойындағы қасиеттерін биік қоя отырып, қазақ жастарының өз еліне деген сүйіспеншілігіне , елінің үмітін ақтауға жетелеуге жол ашар едік.

Зерттеудің әдісі-тәсілдері:

     Берілген материалдарды жинақтап, топтап, бір-бірімен салыстыру арқылы өзіндік ой топшылау

 

Мазмұны
І Кіріспе
1.1.Мағжан — сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы.
ІІ Негізгі бөлім

2.1. Ұлттық рух пен патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі
2.2. Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін” өлеңінің
тәрбиелік мәнін талдау
2.3. Қазіргі жастардың бойындағы күш-жігер қасиеттерін
сипаттау,талдау.
ІІІ Қорытынды бөлім
3.1. Мағжан поэзиясы — қазақ ұлтының мұрасы.

 

І Кіріспе
Мағжан Жұмабаев — қазақтың аса дарынды ақиық ақыны.Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі қайталанбас жарық жұлдыз,қайталанбас құбылыс.
Қысқа ғұмырын ел тағдырына арнап, Алаш ұранын аспандатып, халық игілігі үшін қара басын қатерге тігіп, күллі адамзаттың мүддесін көздеген Мағжан Жұмабаев замана сырын ашып, болашаққа жол сілтеген ұлт ақыны. Өмір шындығын поэзия шындығына айналдырып, таланты мен көрегендігі тоғысқан Мағжан ақынның туындыларын толыққанды талдап, санамызға сіңіре алған жоқпыз. Сондықтан зерттеген сайын зерттеуді қажет етіп, терең ойға, сырлы сезімге, тұңғиық әлемге батырып жіберетін ақын өлеңдерін жүрек түкпіріне қонақтату – бүгінгі ұрпақ, біздің еншімізде.

        Aқынның aзaматтық тұлғacын оның шығармалapының aзаматтық үні ғанa тaныта aлады.  Осы тұрғыдан Мағжанның азаматтық үнін танытатын «Мен жастарға сенемін» өлеңі жас ұрпақтың жанына жігер, жүрегіне рух пен айбындылық, көңіліне сенім ұялатар ұлтжандылықтың ұраны дейміз. Мағжан поэзиясы енді ғасырлар бойы толассыз зерттеуге жетеді. Бұл жұмыс алаш ұлының айбынды рух атой салған «Мен жастарға сенемін» өлеңінің өзекті ойы мен  қазіргі таңда елді, ел тұтқасын ұстар өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі мән-маңызын зерттеп, бүгінгі күнмен үндестік тапқан ақынның азаматтық үнін зерделеуге арналды. Ақынның бір-бір зерттеуді қажет ететін осындай рухани дүниесі қаншама?! Бұл зерттеу де сол ұлт руханиятына қосылған теңіздің тамшысындай үлес деуге болады.

        «Мағжан Жұмабаев – біздің рухани өлкеміздегі қиырдан көзге түсетін, көрген көз сүйінетін биік шындарыздың бірі де бірегейі. Оны танып, оны қастерлеу – біздің елдік мәдениетіміздің анық көрсеткіші, сипаттамасы болмақ»,-деп  Ғафу Қайырбеков айтқандай, Мағжан ақынның азаматтық үні, ұлттық рух пен патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзіндей өлең деген құдірет арқылы ұлт руханиятына қосқан үлесі бүгінгі күн тұрғысынан  арнайы зерттеуді қажет етеді. Зерттеу жұмысы осы мәселені ашуға бағытталған.

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Ұлттық рух пен патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі 

Көздерінде от  ойнар,                                                                                                                                               Сөздерінде жалын бар.                                                                                                                                                  Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін! –деп жырлаған Мағжан Жұмабаев қатігез тағдыр тәлкегіне ұшырап, алдымен Ресей патшалығы, кейіннен Кеңес Одағы кезеңдерінде өмір сүрді. Халықтың мұң-зарын жырлап, туған халқының тайғанақтап жүрелеген тағдырына жаны ауырып, осы жан айқайын өлеңге қосты. Бірақ, орыстардың ұстанған қатал саясаты қазақ азаматтарын аямады. Талай азаматтар біздің халық болып қалыптасуымыздың жолында жандарын құрбан етті. Солардың ішінде 1938 жылы ату жазасына ұшыраған Мағжан Жұмабаев болған еді. Ел өмірін өз тағдырына айналдырып, Отанды сүюдің ірі үлгісін танытып, елін сүйген үлкен жүректі азамат халық руханиятына сезім мен сенім ұштасқан мәңгілік шұғыласын шашып кетті.

Жас ұрпақтың өз қоғамына пайдасы тиер жақсы мінездерді бойына жинаған азамат болып өсуіне бірден бір себепші құрал – әдебиет десек, әдебиетті жасаушы қауым – қаламгерлердің әр жазғаны жастарды жақсылыққа жетелеп, ізгі өмірге қанаттандырады. Мағжан ақын осы тұрғыдан алғанда, «Мен жастарға сенемін» өлеңі арқылы жастық жігерді жанып, халық жүрегіне үміт пен сенім шырақтарын жаға алды.

Арыстандай айбатты,                                                                                                                                             Жолбарыстай қайратты,                                                                                                                                           Қырандай күшті қанатты –                                                                                    

 Мен жастарға сенемін!-деп, өзі армандаған бостандық таңына қажырлы  жастардың қолы жететініне сенім білдірген сұңғыла ойдың хас шебері келешек жас буынға ел тізгінін бере отырып, олардың рухтарын жігерлендіре түседі. Бүкіл Алаш жұртына, өз ұлтына ұран салған ақын қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, қоғамдық өміріне өз қолтаңбасын қалдырған, сұлу сөзден, өткір ойдан шаһар салдырған өлең өлкесінің ірі өкілі. Осындай теңдесіз таланттың таңдайына татып, жырына арқау болып, сеніміне ие болған біздер бақыттымыз-ау, сірә!

Поэзия қай дәуірде де, қай заманда да адам көңіл-күйінің буырқанған,  босаңсыған, қайрат шақырған, қамыққан, қайтадан рухтанған, өмірлік мұраттарға ұмтылған сәттерінің бәрінің де көркем шежіресі, бейнелі суреті, мың құбылған әуені. «Мен жастарға сенемін» өлеңі де лапылдап тұрған жалын мен жігер, сезім мен сенім қатар өрілген ұлтжандылықтың ұраны іспетті. Өлеңнің бір шумағының өзінде ел тағдырына, халық болашағына қатысты, кешегі мен бүгінгі күнді сабақтастырып тұрар алтын көпірді қара сөзбен айтып жеткізе алмайтын қуатты сөз бас құрайтыны содан.

Көздерінде от ойнар,                                                                           

  Сөздерінде жалын бар.                                                                                            

 Жаннан қымбат оларға ар,                                                                          

   Мен жастарға сенемін!- деп жастарды тектілікке, адалдыққа, шыншылдыққа, ақиқат ауылына шақырады. «Жаным – арымның садағасы» демекші, намыскер де ержүрек қазақ елінің ұл-қыздарына атақ-абыройларына дақ түсірмеуі туралы өлең жолдарында айқын көрсетілген. Намыс – адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір, күшті, лап етпе сезім. «Ар – иманның жолдасы» дейді халық даналығы. Демек, адамның ар-намысы – абыройдың күзетшісі. Мағжанның айтқысы келгені де осы еді. Себебі, талай алаштың орны ерекше зиялылары осы ар-намыс үшін өмірден өтті  емес   пе?!

Жас қырандар – балапан,                                                                         

  Жайып қанат, ұмтылған.                                                                        

  Көздегені көк аспан,                                                                                       

 Мен жастарға сенемін!

Рас, өзінің хaлық алдындaғы биік мақcaт-мұpaтын дұрыс түсініп бaғалаған, сөз өнерінің құнын apдақтай сыйлaған, өмір шындығын, қaт-қабат құбылыстapын оның терең мaзмұнына үңіле отырып суреттей aлған aқын жыры әрқaшан қоғaмдық, aзаматтық мәселелерді қозғап, ел болашағына қатысты көзқарасын көтереді. Сонда ғана ақынның aзaматтық тұлғacын оның шығармалapының aзаматтық үні тaныта aлады. Мағжан ақынның өмірлік мұраты, азаматтық үні осындай халық мүддесінен туып, өсер елдің өскелең ұрпағына деген риясыз ықыласын, айнымас сенімін өрлікпен алға тартып және солай боларына еш күмән, күдік келтірмей көрегендікпен шабыттана жырлайды.
2.2.Мағжан Жұмабаетың «Мен жастарға сенемін »өлеңінің тәрбиелік мәнін талдау.
Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес,айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты» қалыпта көргісі келеді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш-жастар. Олай болса,өмір бойы «алаш» ұранын көтеріп кеткен Мағжан үшін жастардың тәрбиесінің, қайраттылығының орны бөлек. Өз өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті,таза жүрек пен ер мінезді,туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады. Шабыттана жырлайды. «Мен жастарға сенемін» деп асқақтай сөйлейді.
Бірақ біз жастар осы ақын ойын ақтап жүрміз ба?- деген сұрақ көкейде тұрады. Өлеңдегі қайраттылық, рух-жігер, табандылық, әділеттілік, бәрі-бәрі тәрбиеден бастау алады. Тәрбиелілікті көрсетеді. Әрине, ондай тәрбиені біз басты ата-анадан,ортамыздан және осы өлеңнен аламыз.

 

             Жастар жалын жүректі, өршіл намысты ,биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады
Н.Ә.Назарбаев

 

 

 

 

ІІІ қорытынды

           Мағжан поэзиясы — қазақ ұлтының мұрасы.Қазақ поэзия әлемінде айырықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақын — Мағжан Жұмабаев. Бұл зерттеу жұмысымда ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңіндегі патриоттық рух пен азаматтық үнін ұғынып, талдау жасадық. Ақын өлеңі жастардың жалынды бейнесін сомдап, келешегі кемел елдің көшбасшыларын өмір сахнасына шығарады.

    Сонымен поэзия руханиятымызды көркемдік кеңістікпен байытуымен қатар, тәрбиелік-тағылымдық жағын да толықтырып отырған әдебиет әлемінің үлкен бір қанаты десек, Мағжанның «Мен жастарға сенемін» атты азаматтық лирикасы ұлттық болмыс пен қайсар мінезге жетелеп, осы екеуін басты негізге ала отырып, туған жерге деген шексіз махаббат пен ұлтжандылыққа тәрбиелеуге қызмет етеді. Бүгінгі күн тұрғысынан елді, ұлт болашағы жастардың тәлім-тәрбиесі мен өнегелі өмір сүру жолдарын шешуге жауап береді.

Мағжан өлеңіндегі жастар тұлғасын қалыптастырмай дамыған қоғам құрылмайды. Жастар ақын өлеңінен, төл мәдениеттен нәр алып, жігері жалын, рухы мықты, өр мінезді, ар-намысы биік болып, ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген перзенттік сезімдері ұшталады. Сондықтан «Мен жастарға сенемін» өлеңі жастар тәрбиесі үшін бірден-бір өнеге мектебі деуге болады.

Қорыта келгенде, Мағжанның бұл өлеңі жастардың рухани деңгейін көтеріп, тәуелсіз елдің текті ұрпағын, жаңа күннің жігерлі кейіпкерлерін өмірге әкелуде таптырмас дүние. Сондықтан өткен күн мен бүгінгі өмірдегі сабақтастық салаланған, кең ауқымды келелі ойлар жеткіншектердің жүрегіне рухани-адамгершілік, азаматтық-моральдық  құндылықтарды құндақтауы – заман талабы екені сөзсіз.

 

 

Ұсыныс

Халқына азаттық тілеген, өмірін ел мүддесіне арнаған ақын Мағжан Жұмабаев өркениетіміздің маңдайалды біртуар тұлға. Жалпы адамзатқа рухани азық болар ақын мұрасын барша халыққа насихаттау үшін мынадай ұсыныстарым бар:              

  • Атаулы даталарда ғана емес Мағжан оқулары жыл сайын Абай, Шәкәрім, Махамбет оқулары сияқты өткізіліп тұрса құба-құп;
  • Мектеп және орта, жоғары оқу орындары бағдарламасына «Мағжантану» курстары енгізілсе нұр үстіне нұр болады;
  • Ақын үмітін ақтайтын жастарымыз көбейе берсін;
  • Мағжанның бұл өлеңіне әр түрлі интеллектуалды ойындар,сайыс-талдаулар түріндегі шаралар мектепте өткізіліп,мән-мағынасын жастар ұғына оқып жүретін болса екен деп ұсыныс етемін.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. «Аңыз адам» № 1 саны 2012ж
    2. Қазақ әдебиеті 8-сынып. «Мектеп» баспасы.2012ж
    3. Мағжан Жұмабаев «Сүй жан сәулем» Атамұра
    4. Егемен Қазақстан №43 2014ж
    5. Президент және Халық №50, 2013ж

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*