14749907430002b5310eea9a46f8c596aba94a06cdefe04fa4fbd0192c001e7af95d8152ff950b27092ce606e554286ead0e14465b94df2908eae695c6c0ea1ff18accc48c08f

Алғыс авторы: Берік Алтынай Қызылорда қаласы 267-орта мектептің 6 «а» сынып оқушысы

Алғыс
Сөз өнері мені баурап алды шын,
Ұлы Отанға-бар білімім,бар күшім!
«Нұр Отанға» арналады және де,
Менің сәби жүректегі алғысым.

Сөз өнер боп,қонды маған бақ құсы,
Балғын дарын келеді  өрге шапқысы
Келеді ылғи мені алға жетелеп,
Мария апай-мектебімнің басшысы!

«Нұр Отанды»қамқоршым деп атайын,
Сәби үнмен заманға тіл қатайын.
Үйретуде маған жазу қыр-сырын,
Ташимова Гүлмирадай апайым!

Қызылорда-қалам ғой ең сүйікті,
Маған әркез армандатқан биікті.
Сыр өңірім ақ маржаннан тау жасап,
Өсіруде мыңғырған мал-түлікті.

Басшысы елдің-Қырымбектей ағайым,
Сізді елдің данасына балайын.
Қанаттанып батаңызбен Сіз берген,
Сыр елінің ақын қызы болайын!

Маған қолдау көрсеткен соң Өзіңіз,
Кітап болып жарық көрді сөзіміз.
Сізге тілек: алға өрлеп ісіңіз
Көп болсыншы қуанышты кезіңіз!

Жайнап өсе берсін әркез «Нұр Отан»
Сізге шаттық сыйлай берсін мына таң.
«Нұр Отанның» бастауымен әрқашан,
Жайнай берсін біздің байтақ Ұлы Отан!!!

авторы: Берік Алтынай
Қызылорда қаласы
267-орта мектептің
6 «а» сынып оқушысы

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*