SAM_0730

Үш бәйтерек,бес арыс Берік Алтынай Айбекқызы Қызылорда қаласы №267 орта мектептің 6 сынып оқушысы

  Үш бәйтерек,бес арыс
1.Үңілдірсе тарихқа ой тереңі,
Есте сақтар қазақтың байтақ елі.
Ілияс,Сәкен және Бейімбет қой,
Қазағымның алып үш бәйтерегі

2.Елі үшін күндіз-түні толғанатын,
Бес арыс-Шәкәрім мен Мағжан ақын.
Жүсіпбек пен Міржақып және Ахмет,
Адамдар болған екен елге жақын.

3.Сұлтанмахмұт елінің күні еді ғой,
Дөнентаев халқының үні еді ғой.
Мұстафа Шоқай аңсап еркіндікті,
Елі үшін жанын қиған ұл еді ғой.

4.Сол бір шақта қиналған көпке елеңдеп,
Бәрі ер еді елі үшін еткен еңбек.
Қазақ елін шақырған ынтымаққа,
Бәрінде де күш берер,отты өлең көп.

5.Тәуелсіздік бәріне болып арман,
Ел тағдырын бәрі де қолына алған.
Ел-жұртын сүйгені үшін кінәлі боп,
Мерт болған бәрі дінсіз тағылардан.

6.Тәуелсіздік таңы атып енді бүгін,
Күні туды қазақтың елдігінің
Қазақстан-тәуелсіз елде туған,
Бақытты Отанымның мен гүлімін.

7.Тәуелсіздік келген жоқ оңай бізге,
Сеземіз тарихқа оны қарай бізде.
Өтті ғой Желтоқсанда дауылдатып,
Түсіріп бір көлеңке талай жүзге.

8.Біз-бабалар жолының жалғасымыз,
Елдің бойда намысы бар жасымыз.
Тұр ғой тәуелсіздік алған жылдар,
Барлық істің алдында Елбасымыз.

9.Еліміз азат таңды атырды енді,
Ұлы істер шын жайнатып жатыр белді.
Елбасы болашаққа бағдар беріп,
Рухани жаңғыруға шақырды елді.

10.Қайта оянып бес арыс,үш бәйтерек,
Соқты олардан санаға шын қайта леп.
Бізге бүгін бәрі де:Абай,Жамбыл,
Тұманбай,Қадыр,Қасым,Сырбай керек.

11.Ұлттық салт-дәстүрлерге тиіп төр де,
Бейбіт күн болсын әркез сүйікті елде.
Оятып санамызды баба рухы,
Көк байрақ желбіресін биіктерде!!!

Берік Алтынай Айбекқызы Қызылорда қаласы №267 орта мектептің 6 сынып оқушысы

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*