жасдарын значек

Сүйікті газетіме. Берік Алтынай Айбекқызы 23.06.2007ж. туылған Қызылорда қаласы №267 орта мектептің 6 сынып оқушысы

Сүйікті газетіме
5 жасқа толды бүгін «Тіл сақшысы»
Тілекші оған елімнің кіл жақсысы.
Бұл газетте келеді сыналумен,
Келетіндер тіліме кір жаққысы.

«Тіл сақшысын» сүйеді бар ағайын,
Оның орыны мен үшін дара дәйім.
Газеттің 5 жылдығы құтты болсын,
Сәдуақас Әбдіқадырұлы ағайым!

Өзге тілдер жатқанда бізді дендеп,
Сәдуақас Аға жансын Сіздің еңбек.
Қазақ тілдің көтеріп мәртебесін.
Өткізесіз жат сөзді сүзгіден көп.

Қызып тұр тілдің қазір нақ дауы шын,
Бұл газет сан өшірді жат дауысын.
Бұл газет үлкен жұмыс атқаруда,
Қазақ тілдің беделін сақтау үшін.

«Тіл сақшысын» ардақтап Сыр өңірі,
Мақала жазды адамдар жүрегі ірі.
«Тіл сақшысы»-ұлтымның мақтанышы,
Атап айтқан жөн болар,міне,мұны!

5 жылдығы газеттің болсын құтты,
Әр нөмірін асыға ел шын күтті.
Жасай берсін бұл газет мәңгілікке,
Насихаттап тілім мен еркіндікті!

Жас ақынның келеді жырын ұштап,
«Тіл сақшысы» әркезде биік ұшпақ.
Жете берсін шыңдарға «Тіл сақшысы»
«Рухани жаңғыру»-дың туын ұстап!!!

Берік Алтынай Айбекқызы

23.06.2007ж. туылған
Қызылорда қаласы
№267 орта мектептің
6 сынып оқушысы

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*