SAM_0730

Берік Алтынай Айбекқызы Тәуелсіздік-Елбасы-егіз ұғым №267 орта мектептің 6сынып оқушысы Қызылорда қаласы

Тәуелсіздік-Елбасы-егіз ұғым

1.Отанымның егемен кезі бүгін,
Отан бүгін қолында өз ұлының.
Ел сыйлайды Елбасын,себебі оның-
Тәуелсіздік-Елбасы-егіз ұғым!

2.Өнегеге айналған сөзі бүгін,
Жұмсаған ел қамы үшін өз ілімін,
Елбасы күні мынау құтты болсын,
Қаға берсін елімнің көгі күлім!

3.Елбасымыз танытып көрегендік,
Алып берді кезінде егемендік.
Еліне сіңірді ол қаншама еңбек,
Соның бәрін деп білім-ерен ерлік.

4.Қазақстан-Ұлы Отан егеменді,
Арнай берем сол елге көп өлеңді.
Шаңырағын биік қып сол Отанның,
Елбасымыз кеңейтті керегемді.

5.Нұр Отанды деп біліп берекеміз,
Бұл Отанды мықты әлі ел етеміз.
Құтты болсын Тәуелсіз елімдегі,
Елбасы күні деген мерекеміз!!!

Берік Алтынай Айбекқызы
№267 орта мектептің
6сынып оқушысы
Қызылорда қаласы

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*