lkljk

«Жанымда жүр жақсы адам» Кульмаганбетова Р.А. Тарих пәні мұғалімі №18 ЖОББМ-КММ-сі Екібастұз қ, Дамир Дамиль Даниэльұлы 5 «г» сынып оқушысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

«Жанымда жүр жақсы адам»

Кульмаганбетова Р.А.

Тарих пәні мұғалімі №18 ЖОББМ-КММ-сі Екібастұз қ, 

 Дамир Дамиль Даниэльұлы

5 «г» сынып оқушысы

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөз­дің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуел­сіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнері­мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш.

Н.Ә.Назарбаев

 

«Жақсы адам өзіне байлық жинамайды, өздері байлыққа айналады»-деген әдемі нақыл менің Тұрсын әжеме арналғандай. Әркез ертеңгі өмір үшін аянбай еңбек етіп, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаған жылы шыраймен жанға шуақ шаша білетін ізгі жанның бірі, ұлағатты ұстаз Тайкенова Тұрсын Бейсенбайқызы. Тұрсын әжем 1960 жылы 20 қыркүйекте Баянауыл ауданында дүниеге келген. Бар ғұмырын ұстаздыққа  арнаған әжемнің  көктемі мен жазы, қыруар күзі  жас ұрпақты тәрбиелеуге арналған. «Ұстазым менің ұстазым, өзіңмен өткен қыс, жазым» деген ыстық махаббат осындай ұлағатты ұстаздарға арналса керек.
Әжемнің отбасындағы әжелік мейірімімен қатар ұстаздық еңбек жолындағы жетістіктері жайлы айта кетуді де жөн санадым. Тайкенова Тұрсын Бейсенбайқызының педагогикалық жұмыс өтілі 37 жыл болса, Екібастұз қаласының №18 жалпы орта білім беретін мектеп- коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1998 жылдан бастап еңбек етуде. Өз білімін жетілдірумен үздіксіз шұғылданып облыстық білім жетілдіру курстарынан өтіп, сонымен қатар алған білімін жоғарғы біліктілікпен пайдалана білетін жан.

Өзінің еңбек жолында  бастауыш сынып мұғалімі ретінде жақсы қырынан көрсете білген құрметті жан. Дамыта оқыту технологиясы бойынша 2002 жылдан бері жұмыс істеп, оқушылардың шығармашылық қабілетін жан-жақты жетілдіруде. Мектептің әдістемелік қоры да жылма-жыл Тұрсын Бейсембайқызының әзірлеген әдістемелік жасалымдарымен толықтырылып отырады.Тұрсын Бейсенбайқызы — шығармашылықпен еңбек  етуінің нәтижесі оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіндегі көрсеткіштерінен де көрінеді. Оқушылары қала, облыс, республика көлемінде өтілетін мәнерлеп оқу, интеллектуалдық марафон, ОҒЖ, пән олимпиадаларынан жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарды  иеленген.

Ал қала, облыс көлемінде өтіліп тұратын ашық сабақтары мен семинарлары өзінің оң бағасын алуда. Тұрсын Бейсенбайқызының халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға әзірленген баяндамалары жинаққа еніп, сертификаттармен марапатталды. Нақтырақ тоқталар болсам  біліктілікті арттыру аясында «Білім мен ғылым саласында сапалы басқарудың қазіргі замаңғы көзкарастары», Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған «Үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері», «Кітап.Қоғам.Уақыт» республикалық ғылыми-практикалық конференцияларына  қатысып  материалы жинаққа еніп, өзі сертификат алды.

2013 жылы Қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Міне содан бері ұстаздық жолда  37 жыл еңбек сіңірген жоғарғы санатты ұстаз. Сіз білікті де білгір, сыйлы да беделді, өз мамандығын жете  меңгерген ұжым арасында үлкен құрметпен беделге ие  жансыз. Өмірден мол тәжірибе жинақтап төңірегіңіздегілерге ақыл-кеңесіңізбен тәрбие беріп жүргендігіңізбен биік тұрасыз. Өзінің соңынан ерген әріптестері ,  жас мамандарға ақыл-кеңесін беріп, іс-тәжірибесімен бөлісіп тәрбиелей жүріп әжем зейнет жасына да бір жыл қалғанын байқамағандай.  Әлі де болса ширақ, көңілі сергек Тұрсын әжеме зейнет жасына абыроймен жетуіне тілектеспін.  «Бейнет түбі зейнет»-дегендей, өміріңіздің айтулы белесі де алыс емес. Денсаулығыңыз мықты, жүрегіңіз жарқын, ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын деген ниетпен бақыттың баяндысын, әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын! Ендігі ғұмырыңызды немере- шөбере тәрбиесіне арнап, туған-туыстың  ынтымағын жарастырып жарқырап жайнап жүре беріңіз демекпін.

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*