556

Ағымдағы жылдың 27 Қазан күні Қарағанды облысы Приозерск қаласының «Балақай» бөбекжайының Ересек «Балдәурен» тобында «Қош келдің Алтын Күз» атты ертеңгілік өткізілді.  Өткізіліп отырған іс шараның басты мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Ертеңгілігімізде тақпақ, би билеп, көрініс құрып, ойындар ойнатылып, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ертеңгілікке Күз ханшайымы, Түлкі кейіпкерлері кіріп, балаларды таңғалдырып, ойындар ойнатты. Балаларға Күз мезгілі жайлы толық мағлұматтар беріп, мерекелік көңіл күй сыйлай алдық деген сенімдеміз.

Дайындаған: Тәрбиеші: Исиркова Г.И.

555

557

556

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*