IMG-20171109-WA0003 (1)

Бейбіт Нұрасыл 11 «А» сынып оқушысы Екібастұз қаласы №18 ЖОББМ-КММ

Рухани жаңғыру

 

Рухани жаңғыруға қадам басқан,

Қазағымның тарихы басталар тастан,

Сол тастағы таңбалар тарихы да.

Бізге бүгін сыр шертер, ғажап дастан.

 

Тарлан тарих арқауы үзілмеген,

Сол тарихтан бабамның ізін көрем.

Рухы мықты, ерлігі үлгі болған,

Бабалардың жолын мен жалғап өтем.

 

Мақсат айқын, бағытым да белгілі,

Маған мақтан туған жердің кеңдігі.

Даладай дархан, кең пейілді қазағым,

Ағалардың мәңгі үлгі ерлігі.

 

Елбасы айтқан жобаның алғы бағысың,

Рухани жаңғыру жария қылған намысың.

Жаңғыру деген шаттыққа қосу шаттықты.

Алдағы жылы елімді әлем танысын!

 

Ұлы ұлтымның перзенті болсам бүгінде,

Ұлы даламның  байлығы мақтан емес пе?

Елін ойлаған жан едім сірә, тегінде.

Рухани жаңғырып, жетемін талай белеске.

 

 

 

Бейбіт Нұрасыл

11 «А» сынып оқушысы

Екібастұз қаласы №18 ЖОББМ-КММ

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*