SAM_0730

Желтоқсан. Берік Алтынай №267 орта мектептің 6сынып оқушысы Қызылорда қаласы жетекшісі:Ташимова Гүлмира

Желтоқсан
1.Желтоқсанда жастарым,
Ағыздың қара қаныңды.
Намысың үшін суырып,
Құрбан еттің жаныңды.
2.Желтоқсан-қастерлі күн,
Ата-баба арманы
Отаны үшін отқа түсіп,
Жанын беріп,қан төккен.
3.Ерлік жасап құрбан болған,
Азаттықты аңсаған,
Тәуелсіздік таңы атты,
Ұмытпаймыз ешқашан!
4.Сол бір қанды желтоқсанда,
Қазағымның намысы үшін.
Бозторғай жанын құрбан етіп,
Алаңға шықты жастарым.
5.Желтоқсанның жаңғырығы
Жүрегімді тілгіледі.
Батыр Қайрат,Ләззаттардың
Қаны бекер төгілмепті.
6.Көк байрағым көк төбеде,
Желбіреп тұр қазағым!
Аз емес қой, бұл өмірде,
Көрген ащы азабың?!
7.Желтоқсанның батырлары,
Әдемі өмір сыйлады
Енді,міне Қазақстан!
Мемлекеттің іргетасын.
Берік етіп қалап алып
Болашаққа қадам басты.
8.Желтоқсанның жаңғырығы,
Мәңгілікке санамызда.
Рухы үшін боздақтардың,
Басымызды иеміз!
Берік Алтынай

№267 орта мектептің
6сынып оқушысы
Қызылорда қаласы
жетекшісі:Ташимова Гүлмира

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*