ccc

Қызылорда облысы №49орта мектеп Ғылыми жоба тақырыбы: Құтыру- қауіпті дерт 3“Ә”сынып оқушысы Оспанова Шұғыла Жұмыс жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Биманова Дариға Кенжебекқызы

Қазақстан  Республикасының ғылым және білім министрлігі

Қызылорда облысы  №49орта мектеп

 

 

 

Ғылыми жоба тақырыбы:

Құтыру- қауіпті дерт

Бағыты: Адам денсаулығы және қоршаған орта

    Дайындаған: 3“Ә”сынып оқушысы

                     Оспанова Шұғыла

Жұмыс жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі

                 Биманова Дариға Кенжебекқызы

 

 

 

 

 

 

Ақмая – 2017 жыл

 

Ғылыми жоба тақырыбы:    Құтыру- қауіпті дерт

Аннотация

Мен бұл тақырыпты таңдау арқылы соңғы кезде құтырма ауруы республика тұрғындары мен жануарлар арасында белең алып. Бұл өз кезегінде біздің облысымыздағы эпедимиологиялық ахуалдың нашарлауына әсерін тигізуде. Соған байланысты тұрғындар бұл ауру жайлы және одан сақтану жолдарын білу тиіс. Құтырма немесе судан қорқу – жұқпалы аурулардың ауыр түрі болып табылады, ол өз кезегінде жүйке жүйесінің жұмысын бүлдіреді және соңы ауру жұқтырушы үшін өліммен аяқталады.

Мақсаты: Құтыру туралы түсінік қалыптастыру

Құтыру ауруының таралуы жолдарын ұғындыру

Алдын алу шараларын қолдана білу

Вакцинасы, қарсы көрсеткіштерін есте сақтау

Міндеттер

  1. Әрбір адамды өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі – жүйелі құтыруға қарсы екпе комплексін өткізу екенін білу қажет.
  2. Құтыру індетін көптеп насихаттау
  3. Жинақталған мағлұматтарды зерттеу жұмысында қолдану.

Гипотеза: оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттырсақ, оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдейміз. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса — ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әрі оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі –ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске бейімделе талпынады.

Өзектілігі: Оқушының шығармашылық деңгейі – оның мәселені қою мен оны шешудің жолдарын табуынан көрінеді. Мұнда жаңа білімді меңгеру процесі шығармашылық ойдың қалыптасуымен және дамуымен бірге жүреді. Демек, шығармашылық ойдың нәтижесі — тек қана белгілі ұғымдарды қайталап, жаңғыртумен ғана емес, сонымен қатар жаңа білімді жасау, тапсырманы орындауда жаңа жолдарды ашу. Ал өз бетімен білім алуға ұмтылу танымдық іздемпаздықты қажет етеді. Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Оған қол жеткізетін тиімді ізденіс жұмыс түрінің бірі – оқушыларды ғылыми-зерттеуге баулу.

                                      Ғылыми зерттеу күнделігі

Зерттеу тақырыбы:   Құтыру- қауіпті дерт

Оқушының аты-жөні:  Оспанова Шұғыла

Мектеп,сынып:     №49 орта мектеп

3-сынып.

Жетекшісінің аты жөні:   Биманова Дариға Кенжебекқызы

Жұмыстың мазмұны Зерттеу әдісі Ескерту

 

1. Сынып сабағында бірнеше жұмыстың тақырыбы ұсынылды Тақырып таңдау  
2. «Құтыру-қауіпті дерт» тақырыбы бойынша материалдар іздеу жұмысына кірістім Материалдар іздеу  
3. «Құтыру-қауіпті дерт» тақырыбы бойынша жұмыстың жоспарын құру Жоспар құру  
4. Шиелі аудандық «Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан» тақырыбыма байланысты деректер іздестірдім Саяхат жасау  
5. Мен ғылыми жұмысқа  бірінші рет  қатысайын деп отырмын, сондықтан бұрын қатысқан оқушылардан кеңес алдым. Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу  
6. Жинаған мағлұматымды  қайтадан қарап, оқып шығып, апайыма көрсеттім.    
7. Бүгін кіріспе  бөлімді бастап жаздым    
8. Бүгін компьютерден ғаламторға шығып өзіме керекті  көптеген  мағұлмат жинадым.

 

 

Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу  
9. Жаңа мәліметтерді жоспар бойынша негізгі бөлімге  кірістірдім.

 

Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу  
10. Қорытынды бөлімді  компьютерге жаздым.

 

   
11. Пайдаланған әдебиеттерімді жинақтап, компьютерге жаздым    
12. Қағаздарымды шығарып мектепшілік ғылыми жобаларға дайындала бастадым.    
13. Бүгінгі мектепшілік ғылыми жобалар сайысына қатысып, «Құтыру-қауіпті дерт» тақырыбында  жұмысымды қорғап шықтым.  Аудандық сайыста да, жақсылап қорғап шығуыма тілектестіктерін  білдірді. Мұғалімдердің айтқан ұсыныс пікірлерін негізге ала отырып, жетекшіммен пікірлесіп жұмысымды қайта қарадым. Сайысқа қатысу  
14. Қосымша деректермен толықтыра отырып, жұмысты қайта жаздым.

 

 

Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу  
15. Жетекші апайым екеуміз бірге отырып  компьютер арқылы слайд құрдық. Слайд жасау  
16. Бүгін аудандық ғылыми жобалар сайысына жетекшім Дариға апаймен бірге дайындалдым    
17. Мен аудандық ғылыми жобалар сайысына осы «Құтыру-қауіпті дерт» тақырыбын зерттей келе, өз мақсатыма жетем деген ойдамын.    
18. Менің ұсыныстарым негізінде көркем фильм түсірілсе оның желісінің құрылымына менің жазған ғылыми жұмысым қолданылса.    
19. Аудандық ғылыми жобалар сайысына дайындық ретінде слайдтарымды түптеттім.    
20. Бүгін жетекшім екеуміз жұмысымызды бекітіп,дайындалдық.    
21. Жинаған мағұлматымды  қайтадан қарап, оқып шығып, апайыма көрсеттім.    
22. Шиелі аудандық «Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының» эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Манзура Сүйіндікова Шалабайқызымен сұхбат үстінде суретке түстім Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу  
23. Тапқан  мағұлматтарымды апайыма әкеліп, бірлесіп талдау жасай отырып, жоспар бойынша реттеп  бөлдік .

 

Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу  
24. Тапқан мағұлматтарымды кірістіретін жерлеріне кірістіріп жаздым.

 

 

Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу  
25. Жұмысымды қайта қарап шығып, айтатын сөздерімді дайындадым.

 

 

Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу  
26. Жетекші апайым екеуміз бірге отырып  компьютер арқылы слайд құрдық. Слайд жасау  
27. Бүгін аудандық ғылыми жобалар сайысына жетекшім  Дариға апаймен бірге дайындалдым. Бәрі сәтті болуын тілеймін. Дайындық  жұмыстары  

№ 49 орта мектебінің 3«Ә»  сыныбының оқушысы Оспанова               Шұғыланың«Құтыру-қауіпті дерт» атты ғылыми жобасына

Пікір

№49  орта мектебінің 3 «Ә» сынып оқушысы  Оспанова Шұғыла  «Құтыру-қауіпті дерт»  тақырыбында жазған   ғылыми жұмысын оқып шығып, оқушының өз шығармашылық жұмысын көп ізденіп  еңбектенгенін байқадым . Оқушы өз білімін шыңдау, сөздік қорын дамыту мақсатында жан-жақты іздене отырып жазған.                                                                     Оқушы  жұмысынан байқағаным Шиелі аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінен тоғыз айлық көрсеткішті нақтылап  байланыстырған.                                                     Болашақта Шұғыла бұл жұмысын тереңірек зерттеуге, ары қарай дамытуға мол мүмкіндігі бар.  Осы зерттеу жаңа ғылыми ізденістердің тууына себепкер болады деп сенемін. Шұғыланың еңбегі оқушылардың қызығушылықтарын тудырумен қатар, осы тақырыпты зерттеу жұмыстарымен айналысатын адамдарға көмегін тигізеді деген пікірдемін. Ғылыми кеңестің жоғары бағасына лайық деп санаймын.

Ғылыми жетекшісі:       Биманова Дариға Кенжебекқызы

                                  Зерттеу кезеңдері

  • Кіріспе.
  • Негізгі бөлім.
  1. Құтыру туралы түсінік
  2. Індеттік ерекшеліктері
  3. Төзімділігі
  4. Қоздырғышы
  5. Дерттенуі
  6. Құтырудың белгілері
  7. Өтуі мен симптомдары
  8. Диагностикасы
  9. Шиелі аудандық ҚДСБ (қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ) эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Манзура Сүйіндікова Шалабайқызымен сұхбаты
  10. Емі
  11. Алдын алу
  12. Ит тістеп алғанда не істеу керек?
  13. Қарсы көрсеткіштері
  14. Вакцинасы, қарсы көрсеткіштері
  • Қорытынды.
  • Пайдаланылған әдебиеттер.

Құтыру туралы түсінік

Құтыру өте ерте заманнан, адамзаттың мәдени тарихи қалыптаса бастаған кезден белгілі. Ол туралы мәліметтер Вавилонның б.з.д.2300 жылы жасалған заңдар жинағында кездеседі. Демокрит иттің құтырығын жан-жақты баяндаса, Аристотель  әртүрлі жануарларға құтырықтың ит қапқанға жұғатындығын жазды. І.Есенберлиннің «Алтын Орда» романында Әмір Темірдің Алтын Орданың болашақ ханы Тоқтамыстың құтырған ит талаған әйелі мен баласын өртетіп жібергені суреттелген. Құтырған ит сілекейінің жұғымталдығын алғаш рет тәжірибе жүзінде 1804 жылы Францияда Цинке дәлелдеді. Оның отандасы Лион ветеринария мектебінің профессоры В.Гальте үй қоянына құтырық жұқтырып, қойды ауырған жануардың сілекейімен иммундеуге тырысты. Бұл деректерді пайдаланған Л.Пастер үй қоянының миына бірнеше рет өткізу арқылы аурудың қоздырушысын әлсіретіп, өзінің дүниежүзіне әйгілі вакцинасын алды. Құтырық қоздырушысының вирус екендігін бұдан көп кейін 1903 жылы Ремленже мен Риффат-бей делелдеді. Румын ғалымы В.Бабеш және италяндық А.Негри кейіннен Бабеш-Негри денешігі деп аталып кеткен құтырыққа шалдыққан жануардың ми нейрондарының протоплазмасында болатын ерекше құрылымды ашты.

                                  Індеттің ерекшеліктері

Құтырықпен барлық жылы қанда үй және жабайы жануарлар, сонымен бірге адам да ауырады. Ит тектестер, сусар тектестер, жарқанат, кемірушілердің көптеген түрлері және үй мысығы аса бейім. Бұлардан адам мен төрт түлік малдың бейімділігі төмен, ал құстардың бейімділігі өте төмен. Жас жануарлар ересектерінен гөрі құтырық вирусына сезімтал келеді. Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына жатады, оның қоздырушысының табиғатта сақталатын қорламасы үй және жабайы ет қоректілер, ал кейбір өлкелерде — жарқанат. Қорламасына байланысты құтырық індетінің табиғи және қалалық түрлері болады. Инфекция қоздырушысының бастауы қалалық індет кезінде иесіз иттер мен мысықтар, ал табиғи індет кезінде жабайы ет қоректі жануарлар.

                                     Төзімділігі

Соңғы антигенге байланысты құтыру вирустары 4 сереворға бөлінеді. Індет кезінде кездесетін және лабороториялық құтыру вирустарының көпшілігі бірінші сереворға жатады. Басқа сереворлары әзірше тек Африкада бөлініп алынған.

  • Құтыру вирусы 60 градус кезінде 10 минут өткенде
  • 100 градустан бірден белсенділігін жоғалтады.
  •   Төменгі температураға  төзімді болады да, тоңазылтқыш қатырылған       мида айлап сақталады.
  • Шіри бастаған материалда 2-3 апта бойы тіршілігін жоймайды. Қолданып жүрген дезинфектанттардың кәдуілігі концентрациясы: 1-2% лизол ерітіндісі, 2-3% сілтілер, формалин және хлорамин вирусты тез арада белсенділігін айырады.

ҚоздырғышыNeuroryctes rabid – рабдовирус тұқымдастығына жататын вирус, оқ тәрізді пішінімен сипатталған. Нейротропты вирус. Вирустың аминоқышқылдарының құрылымы және кезектік орналасуы жыланның нейротоксиніне ұқсайды. Вирионның көлемі нм, құрамында РНҚ бар. Суық құтыру вирусын өлтірмейді, қатырғанда тіптен қасиетін жоймай айлар, жылдар бойы сақталады. Жоғары температураға сезімтал — 50° — 1 сағатта, 55° мин., 100°- 2 мин. Кептіруге, ультрафиолетке, күн сәулесіне төзімділігі аз. Сулема, лизол, карбон қышқылы, хлорамин вирусты жояды, ал этанолдың әсеріне төзімді. Вирус жылықанды жануарлар, құстар үшін патогеннді. Вирустың 2 түрі бар – далалық және фиксацияланған. Фиксацияланған вирус сілекей мен берілмейді, тіндік торшаларда, тауық эмбрионында көбейеді, вакцина алу үшін қолданады. Құтыру вирусының вируленттілігі әр түрлі – қасқыр мен иттің вирус вируленттілігі жоғары: жылқы, сиыр, қой, адам вирусының вируленттілігі – төмен.

                                                        Дерттенуі

Вирус денеге түскен соң аз уақыт енген жерінде сақталады да, жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен жұлынға, соңынан миға өтеді. Қоздырушының мидың сұр затында өсіп-өнуі іріңсіз шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп соғады. Мидан вирус қайтадан орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі. Онда жүйке торшалары бөлінген кезде вирус бездің түтігіне өтіп, сілекеймен араласады. Мидан қоздырушы сонымен қатар көздің тор қабаты мен мүйіз қабатына, бүйрек үсті безіне жетеді, бәлкім оларда да өсіп өнеді.

 

 

Құтырудың белгілері

Хайуандарда

Бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады, ашуланшақ болады;

Аузы көбіктенеді — ішіп-жей алмайды;

Жанына жолағанның бәрін қауып, тістеуі мүмкін.

Хайуан 5 күн 7 күннің аралығында өледі.

Адамдарда

Тістеген жер ауырып, ысиды;

Алқынып демалады, түрі жаңа ғана жылаған адам сияқты болады;

Ауырсынып және қиналып жұтынады, аузының сілекейі қоюланып, желімдесе береді;

Адамды үрей билейді, ашуланшақ келеді, құтырынып, аласұрады;

Өлім алдында талма ұстап, дене құрысып, сал болып қалады.

Өтуі мен симптомдары

Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан да арттыққа созылады, әдетте 2-3 апта аралығындай болады. Оның ұзақтығы құтырған жыртқыштың тісінен болған жарақаттың шамасы мен түскен орнына, вирустың мөлшері мен уыттылығында, таланған малдың төзімділігіне байланысты. Инкубациялық кезең жас төлде ересек малға қарағанда әдетте қысқарақ болады. Құтырық жіті өтетін ауру. Әр түрлі жануарларда оның клиникалық белгілері ұқсас болады, әсіресе иттің құтыруы жан-жақты зерттелген. Итте құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді. «Өршіген құтырықтың» 3 кезеңі болады:

  • біліне бастаған;
  • көтерліген;
  • Дел-сал.

Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады, бұл кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады. Ит көңілсіз немқұрайлы болып, қараңғы бұрышқа немесе үйшігіне тығылады, иесінің шақыруына ықылас білдірмейді. Кей жағдайда иесіне тым еркелеп, қолын бетін жалауға тырысады.Бұл кезде иттің сілекейінде вирус болтаныдықтан, өте сақ болған жөн.

Диагностикасы

1)Гистологиялық әдіс аммонов мүйізінде және Гимза, Манн, Туревич әдісімен боялған сілекей бездерінде Бабеш-Негри денешіктерін анықтауға негізделген.

2)Иммунофлюоресценция әдісі қайтыс болған адамдар мен жануарлардың миынан және сілекей бездерінен вирусты антигендерді анықтауға негізделген. Бұл әдіс басқа әдістермен салыстырғанда сезімтал және тез.

3)биологиялық әдіс құтырма вирусын мәйіттің миынан, сілекей безінен және сілекейінен бөліп алу арқылы анықталады.

Емі Құтырған жануарды емдемейді, тез арада өлтіреді, өйткені оның адамға ауру жұқтыру қаупі зор.

Шиелі аудандық ҚДСБ (қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ) эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Манзура Сүйіндікова Шалабайқызымен сұхбат үстінде

Айы Обл.қала тауы барлығы 0-5 жас 6-14 жас 15-17 жас 18-25жас 26-30 жас 31-35 жас 36-40 жас 41-45 жас 46 жастан жоғары
1 Шиелі 23 0 5 1 5 3 2 2 2 3
2 Шиелі 12 0 6 1 1 2 0 0 0 2
3 Шиелі 45 2 18 1 5 1 3 4 1 10
4 Шиелі 40 2 23 3 2 0 3 1 2 4
5 Шиелі 38 6 16 3 3 2 0 2 3 3
6 Шиелі 31 2 9 1 5 4 3 0 2 5
7 Шиелі 21 1 12 4 1 0 0 0 0 3
8 Шиелі 37 5 11 3 6 0 0 0 4 8
9 Шиелі 27 9 11 0 1 1 1 1 0 3
Барлығы 274 27 111 17 29 13 12 10 14 41

Антирабиялық жұмыс
Қаралғандардың жастары бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаралғандардың тістелген орындары бойынша

Айы Обл.қала тауы Барлығы Бас Мойын Бет Иық Білек Алақан Қол саусақтары Дене Аяқ Сілекейлену Бірнеше жарақат
1 Шиелі 23 0 0 0 0 2 3 3 2 10 0 3
2 Шиелі 12 0 0 0 0 2 0 1 0 9 0 0
3 Шиелі 45 0 0 0 3 8 2 5 5 17 0 5
4 Шиелі 40 0 0 2 0 5 1 5 6 15 0 6
5 Шиелі 38 2 0 1 1 4 1 2 12 15 0 0
6 Шиелі 31 1 0 0 1 4 3 1 4 16 0 1
7 Шиелі 21 0 0 0 0 2 2 2 2 13 0 0
8 Шиелі 37 0 0 1 1 5 1 1 1 26 0 1
9 Шиелі 27 3 0 1 1 3 2 1 2 13 0 1
Барлығы 274 6 0 5 7 35 15 21 34 134 0 17

Жойылған иттер мен мысықтар

Айы Обл.қала тауы  Иесіз   иттерді атуға жасақталған бригада ит мысық қасқыр түлкі Басқа жануарлар/ шағал Иесіз жануаларды аулауға және атуға әкімгершілік тарапынан бөлінген қаржы
1 Шиелі 1 77 0 0 0 0 2 млн966 мың
2 Шиелі 78 0 0 0 0
3 Шиелі 180 6 0 0 0
4 Шиелі 86 0 0 0 0
5 Шиелі 155 5 0 0 0
6 Шиелі 225 0 0 0 0
7 Шиелі 83 0 0 0 0
8 Шиелі 84 0 0 0 0
9 Шиелі 367 5 0 0 0
Барлығы 1 1184 16  0  0  0  2 млн966 мың

 

Қаралғандардың ауруханаға жатқандары және егу алғандар

Айы Обл.қала тауы Қаралып, ауруханаға жатқандары Егу тағайындалғаны Оның ішінде Егу алды Оның ішінде
Барлығы % Барлығы % Шартты курс % Шартсыз курс % Барлығы % антирабвакцина % Иммуно гл+а %
1 Шиелі 0 0 23 100 18 78,2 5 21,7 23 100 15 65,2 8 34,7
2 Шиелі 0 0 12 100 3 25 9 75 12 100 9 75 3 25
3 Шиелі 0 0 45 100 34 75,5 11 24,4 45 100 31 68 14 31,1
4 Шиелі 0 0 40 100 34 85 6 15 40 100 25 62,5 15 37,5
5 Шиелі 1 2,6 38 100 29 57,8 9 23,6 38 100 22 81,5 9 23,6
6 Шиелі 0 0 31 100 23 74,1 8 25,8 31 100 19 61,2 12 38,7
7 Шиелі 0 0 21 100 14 66,6 7 33,3 21 100 14 66,6 7 33,3
8 Шиелі 0 0 37 100 27 72,9 10 27 36 97,2 26 70,2 10 27
9 Шиелі 0 0,0 27 100 23 85,1 4 14,8 27 100 19 70,4 8 29,6
Барлығы 1 2,6 274 100 205 70,8 69 25,3 273 97,2 180 65,7 86 31,4

Қаралуға келген күндер кестесі

 

Алдын алу

  • Құтыру деп сезік туғызған кез келген хайуанды өлтіріп, көміп тастаңыз (немесе бір апта бойы үйшікте ұстаңыз);
  • Иттерді вакцина жасау жөніндегі шараларға қатысыңыз;
  • Ауырған сияқты көрінген немесе мінезінде өзгеріс болган кез келген хайуаннан балаларды аулақ ұстаңыз.

Ауырған сияқты көрінетін немесе мінезінде өзгеріс бар хайуандарға көңіл бөліп, барлық сақтық шараларын қолданыңыз. Тіпті ол ешкімді тістеп қаппағанда да оның сілекейі дененің кесілген немесе жырылған жеріне түссе құтыру туғызады.

Ит  тістеп алғанда не істеу керек?

Жедел түрде хирург дәрігеріне қаралу керек.
•Жарақаттаған жануардың иесінің аты жөні,туған жылы,мекен жайы, үй телефонын білуі керек.
•Қандай жағдайда да жарақаттаған жануарды өлтіруге болмайды,себебі жарақаттаған жануарды мал дәрігеріне көрсетіп 10 тәулік бойы бақылауы керек. Мал дәрігері сол жануардың ден саулығы туралы анықтама беруі шарт.
•Ит тістегеннен кейін спиртті ішімдік қабылдауға болмайды,мас адамға антирабикалық егу жасалмайды.

                                    Қарсы  көрсеткіштері

  • Қарсы көрсеткіштері II және III дәрежелі жүрек қан тамыр жеткіліксіздігі.
  • Туберкулездің айқын түрі,сусамыр,бауыр және бүйрек созылмалы аурулары.
  • Тиреотоксикоз және басқа да эндокринді бұзылыстар.
  • Антибиотиктерге күшті сезімталдықтың болуы.
  • Жүктілік.

                              Вакцинасы,қарсы көрсеткіштері

Құтыруға қарсы инактивацияланған дақылдық вакцина сириялық атжалманның бүйрегінен алынған клетка дақылдарында өсірілген құтыру вирусының вакциндік штамынан дайындалады.Вирус ультракүлгін сәуленің әсерімен инактивацияланады, мұздатып,лиофильдік әдіспен құрғатылады.Дайын препарат қызғылт ақ түсті таблетка,стерильді дистилденген суда еріткенде қызғылт түсті шамалы жылтырайтын сұйыққа айналады.Ерітілген вакцинада түйіршектелген бөлшектер болмауы тиіс.1 ампулада 3мл вакцина бар,тоңазтқышта (4°) құрғақ жағдайда сақтайды, пайдалану мерзімі-1,5 жыл.

Қанғыбас иттерді ұстайтындарға,құтыру вирусымен жұмыс жасайтын ғылыми зерттеу және диагностикалық лабораториялардың қызметкерлеріне сақтану мақсатында алдын ала егу жүргізіледі.Вакцинаны уақыт аралығын 10 күн сайын екі қайтара 3 мл- ден жыл сайын қайталап егеді.

Егу мақсатында егудің екі нұсқасы бар.Шартты курс бойынша сырт қарағанда дені сау хайуанаттар адамдардың кез келген жерін тістегенде 3-4 иньекция жасалынады.Дені сау хайуанаттар 10 күн бойы ветеринардың бақылауында болғанда,оларда ешқандай ауру белгілері байқалмауы керек.Шартсыз курс құтырған хайуанаттар тістегенде ,тырнағанда немесе денеге олардың сілекейі тигенде жүргізіледі.

Құтыруға қарсы егу мынандай жағдайларда атқарылады:

  • Нағыз құтырған,құтыруға күдікті немесе белгісіз хайуанаттар тістегенде,тырнағанда,тері мен кілегей қабаттарға сілекей жұққанда;
  • Құтырған немесе құтыруға күдікті хайуанаттардың сілекейімен немесе миымен ластанған заттармен жарақаттанғанда;
  • Тістегенде тісі киімді тесіп өтсе,жыртылса және де киімі тоқымадан әрі жұқа болғанда;
  • Тістеген, тырнаған немесе сілікей жұққан кезде хайуанаттар сау болғанымен,10 күн ішінде олар ауырса, өліп немесе жоғалып кетсе;
  • Қазақстанда санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың уақтылы жүргізілуіне байланысты

Жыл сайын адамдар арасында құтырумен сырқаттанудың  ішінара жағдайлары ғана кездеседі. 2012 жылдың өткен кезеңінде құтырумен 4 адам сырқаттанды. Барлық жағдайларда инфекция көзі қаңғыған  иттер болған.

Қазақстанның ветеринариялық қызметінің деректері бойынша жыл сайын үй жануарларының құтырумен сырқаттануының 350-ге дейін жағдайы тіркеледі. 2012 жылғы 1 шілдеге Қазақстанда ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлар арасындағы құтыру бойынша 79 қолайсыз пункт тіркелген, онда 105 мал ауырып, өлген.

Елімізде жануарлардың қабуы бойынша медициналық көмекке 75 мыңға жуық адам жүгінеді. 2012 жылдың 6 айында медициналық көмекке 35 411 адам жүгінген.

  • Қорытынды Адамдарды тістеген ит пен мысықтарды міндетті түрде иесіне немесе үйсіз күйсіз жүретін жануарларды аулайтын арнайы мекемге, 10 күн ішінде ветеринарлық мамандардың қадағалауына және оқшаулауға ветеринарлық емдеу ұйымына әкелінсін. Оқшаулау мерзімі аяқталғаннан кейін дендері сау жануарлар вакцинациядан кейін 30 күн ішінде қайтарылады. Ауруға душар болған жануарлар Қазақстан Республикасының Заңына сай жойылады. Жануарларды құтыру ауруына қарсы егілу жайлы арнайы құжаттарында белгіленеді. Ауру жануарлардың болған барлық жеріне дезинфекция жүргізіледі. Құтыру ауруы таралған жерден ауырмайтын жануарлардан алынған жүн ауылдан арнайы ыдысымен тығыз материалмен ветеринарлық куәлігінде жүн дезинфекцияға жататындығы жайлы көрсетуімен қайта өңдейтін кәсіпорынға жеткізіледі. Ауырмайтын жануарларды жабайы хайуанаттар тістесе, егілгеніне қарамастан өртеуге жіберіледі. Үй итін қысқа шынжырмен ұстау керек. Міндетті түрде ауыз қабы болу керек және бөтен ит пен мысықтарға жақындатпау керек, өйткені дала жануарлары өлім тудыратын ауруды таратады. Сондықтан, әр адамды ит пен мысық тістесе, міндетті түрде травматологқа көрінуі керек және толық емдік курсын алу керек. Әр адам салауатты өмір салты үшін өзінің өміріне, денсаулығына өзі қарау керек.

Ұсыныс

— Иттерді үнемі байлауда ұстап, қыдыртып шығарғанда бос жібермей, қысқа қарғыбаумен алып жүру, көпшілік жүретін жерлерден өткенде иттің  тұмсығына  тұмылдырық кигізіп алынса;

— Иттерді тек арнайы бөлінген жерлерде ғана қыдырту, балалар мекемелерінің маңында саябақтар мен демалыс орындарында, дүкендер мен асханаларға алып кірмесе;

— Жертөрелерде, аулаларда, қоқыс төгетін алаң төңірегінде қаңғыбас жануарлардың жиналуын болдырмауды үнемі қадағалап отыру, себебі адамдар үшін, әсіресе балаларға  олар қауіпті.Балалар мен жасөспірімдерге,  қаңғыбас жануарлады қолға ұстап олармен ойнауға  болмайтынын үнемі ұқтырып жүрсе;

— Үй жануарларының иелері, сүйікті  итіңізді, мысығыңызды  жыл сайын ектіріп, ветеринарлық дәрігердің бақылауына апарып тұруын қадағаласа.

  • Пайдаланылған әдебиеттер В.К.Таточенко,Н.А.Озерецков “Иммунопрофилактика” Москва,2007ж
  • Қазақ ұлттық энциклопедиясы 4 том
  • Григорьев В. Б. — Прионные болезни человека и животных. — Вопросы вирусологии, т.49(№ 5), с.4-12, 2004 (обзор)
  • Покровский В. И., Киселев О. И., Черкасский Б. Л. — Прионы и прионные болезни — РАМН, 2004, 384 стр., ISBN 5-7901-0038-4

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*