Ақмола облысы, Целиноград уаданы №1 Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы орта мектебі Тақырып: Кемпірқосақ – табиғаттың әдемі құбылысы Матығанов Жалғас 3 сынып оқушысы Жетекшісі: Инербаева Марал Жылқайдаровна – бастауыш пәні

Ақмола облысы, Целиноград уаданы №1 Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы орта мектебі
Тақырып: Кемпірқосақ – табиғаттың әдемі құбылысы
Матығанов Жалғас 3 сынып оқушысы
Жетекшісі: Инербаева Марал Жылқайдаровна – бастауыш пәні мұғалімі
Пән: Дүниетану
Кемпірқосақ – табиғаттың әдемі құбылысы
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе …………………………………………………………………………………………3
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Кемпірқосақ – табиғаттың ғажап құбылысы……………………………5
2. 2 Кемпірқосақ қалай пайда болады?……………………………………………7
2. 3 Ғалымдардың кемпірқосақты зерттеуі ……………………………………10
2. 4 Кемпірқосақ – ауыз әдебиетінде…………………………………………………11
3. Тәжірибе бөлімі
3. 1 Кемпірқосақты қолдан жасау …………………………………………………..16
ІІІ. Қорытынды……………………………………………………………………………….19
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………….20

І Кіріспе

О, табиғат сен не деген көркем едің,
Мөлдіреп тұнып тұр ғой суың сенің.
Тау тастарың, өзен суың бәрі көркем,
Барша адамды таң қалдырар көркің сенің.
Табиғат — әлемнің, адамның ажырамас бөлігі. Табиғатсыз бұл әлемді елестету мүмкін емес. Табиғат — ол бізді қоршаған орта. Біздің денсаулығымыз, тыныс алатын ауамыз, ішіп — жейтін тағамымыз барлығы осы табиғатпен тығыз байланысты. Осы айтылған заттардың барлығын біз табиғаттан аламыз. Табиғат құбылмалы болып келеді. Сондай табиғаттың ғажап құбылысы – кемпірқосақ.
Табиғаттың тылсым сырларын айтып жеткізу мүмкін емес, ол жанды дүние секілді. Кей сәттерде, көңілің жабырқаған кезінде немесе қуанған сәттеріңде бар сырыңды осы әсем табиғатпен бөліскің келеді. Өз мұңыңды айтсаң, табиғат саған ерекше сезіммен жауап беретін секілді. Сыбдырлаған бұлақ дауысы, ағаштардың жайқалып жатқаны, жаңбырдың сіркіреуі, құстардың сайрағаны барлығы сенің ішкі жан дүниеңмен сырласып жатқандай көрінеді. Табиғатсыз бұл өмірді елестету мүмкін емес. Адам — табиғаттың бір бөлшегі болса, табиғат — әлемнің ажырамас бөлігі. Әлемде болып жатқан түрлі құбылыстар, барлығы табиғаттың заңдылығы. Табиғат — өмірдің, адамның, тіршіліктің сәні десек те болады. Жәй ғана құр сөзбен табиғаттың тылсым сырларын айтып жеткізу мүмкін емес. Табиғаттың осындай сырға толған құбылыстарының бірі – кемпірқосақ.
Бәлкім, жер бетінде кемпірқосаққа сүйсінбеген адам жоқ шығар. Барлық адамзаттың назарын аударатын тамаша табиғи құбылыс. Кемпірқосақ қалай пайда болды? Қашан және қалай оны көруге болады? Бұл құбылыстың ақиқаты қандай? Кемпірқосақты зерттеуге бола ма, жасанды кемпірқосақты қалай алуға болады? Бұған жауаптардың бәрін осы жұмыстан алуға болады. Жай ғана жағдайда кемпірқосақты алу тәсілдері көрсетілген. Сол себепті осы жұмыста барлығы толықтай көрсетілген.
Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады.
Қалай болмасын табиғаттың тылсым тартуын күллі адамзат ұнатады. Әрдайым аспанда күн ашықта жаңбыр жаусын!
Зерттеудің мақсаты: Табиғаттың тылсым сыры — кемпірқосақтың түстерінің реттілігіне қарай зерттеу. Табиғатта кемпірқосақтың пайда болу құпиясын анықтау. Тұрмыстық жағдайда кемпірқосақты алу экспериментін жаса.
Зерттеу барысында:
1. Кемпірқосақтың сан алуан қыр-сыры ашылды;
2. Оның адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;
3. Кемпірқосақтың пайда болуы туралы, оны зерттеген ғалымдардың пікіріне талдау жасалынды;
4. Ауыз әдебиетіндегі кемпірқосақ туралы аңыз-әңгімелерге сипаттама берілді.

Негізгі бөлім

2. 1 Кемпірқосақ – табиғаттың ғажап құбылысы

Қапырық ыстықтан кейiн, бұлт қоюланып нөсерлетiп жаңбыр жауады. Жаңбыр басылған соң бұлт сейiлiп көкжиектен батып бара жатқан күн көрiнедi. Дәл осы кезде тарап бара жатқан қара бұлт арасынан, жерге қарай иiлген алып доға тәрiздi кемпiрқосақ пайда болады. Оның бір-бiрiмен жарыса астасқан жетi жолағы: қызыл, ақшыл сары, сары, жасыл, ақшыл көк, көк, күлгiн жетi түске малынған.
Аспан күмбезiнде мұндай ғаламат қалай пайда болған?
Ал бұған себепшi былайша сары болып көрiнгенiмен шындығында жетi түстен тұратын жарық сәуле кәдiмгi күн жарығы екен. Аспаннан күн сәулесi түскенде біз оны аппақ жарық ретiнде көремiз. Ендi оның жолына жаңбыр тамшылары кезiктi. Жаңбыр тамшыларынан өткенде оның алуан түстi сәулесi әр алуан түстi бiрнеше сәулеге бөлiнедi cонда аспанда кемпiрқосақ пайда болады. Доғаша келген кемпiрқосақтың сыртқы жолағы әдетте қызыл болады ал оның iшкi жиектерiне қарай басқа түстердiң, ең соңында көк және күлгiн түстердiң көрiнедi.
Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады. Кемпірқосақтың айқындығы жаңбыр тамшыларының үлкен-кішілігіне байланысты өзгеріп отырады. Тамшы үлкен болса кемпірқосақ айқын, жарық болып көрінеді. Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші кемпірқосақ қабаттаса көрінеді, оны қос кемпірқосақ деп атайды. Қос кемпірқосақ күн сәулесінің су тамшысына белгілі бұрыш жасай, екі рет шағылысуынан түзіледі. Сонымен бірге ай сәулесінен пайда болатын кемпірқосақты ай кемпірқосағы деп атайды. Әр адам жастайынан кемпірқосақ түстерін біледі, бірақ бұл әдемі құбылыс қалай түседі? Кемпірқосақ пайда болуы үшін екі шарт орындалуы қажет. Күн азғана сүйір бұрышпен сәуле түсіріп жаңбыр суынан, тұманнан, су бүркемесінен таңғы шықтан шағылуы тиіс. Жарық ауаға қарағанда су арқылы баяу өтеді. Сондықтан жарық толқындары ауадан суға өту кезіндегі жылдамдығын өзгертіп, нәтижесінде сынады. Бұл құбылыс «рефракция» деген атпен белгілі. Күннің ақ сәулесі жаңбыр тамшысына енген бойда сынады.

Күн сәулесі тамшының ішінде шағылып шығар кезде қайта сынады. Осы процес барасында ақ жарықты құрайтын спектр түстері түрлі түске бөлінеді. Бұл толқын ұзындығына байланысты. Кейбір түстер басқаларға қарағанда көбірек сынады. Спектрдің әр түрлі түстерін жасау үшін күн сәулесі су тамшысынан 40 пен 42 градус аралығында бұрышпен сынып шығуы қажет. Жарықтың кейбір тамшысынан нақты бір бұрышпен сынып шығу салдарынан біз кемпірқосақты доға ретінде көреміз. Кемпірқосаққа жету мүмкін емес, өйткені оған жақындаған сайын бұл елестер басқа тамшылар жиынынан өтіп алыстай береді, яғни ешкім ешқашанда бұл ғажапқа қол жеткізе алмайды. Қос кемпірқосақ күн сәулесі тамшыға бір бұрыш жасай түсіп, оның ішінде екі рет шағылысуы нәтижесінде пайда болады
2. 2 Кемпірқосақ қалай пайда болады?

Қапырық ыстықтан кейiн, бұлт қоюланып нөсерлертiп жаңбыр жауады. Жаңбыр басылған соң бұлт сейiлiп көкжиектен батып бара жатқан күн көрiнедi. Дәл осы кезде тарап бара жатқан қара бұлт арасынан, жерге қарай иiлген алып доға тәрiздi кемпiрқосақ пайда болады. Оның бір-бiрiмен жарыса астасқан жетi жолағы: қызыл, ақшыл сары, сары, жасыл, ақшыл көк, көк, күлгiн жетi түске малынған. Аспан күмбезiнде мұндай ғаламат қалай пайда болған? Ал бұған себепшi былайша сары болып көрiнгенiмен шындығында жетi түстен тұратын жарық сәуле кәдiмгi күн жарығы екен. Аспаннан күн сәулесi түскенде біз оны аппақ жарық ретiнде көремiз. Ендi оның жолына жаңбыр тамшылары кезiктi. Ал тамшылар формасы жағынан призма деп аталатын геометриялық фигураға жуықтау болады. Күн сәулесi шыны призмадан немесе жаңбыр тамшыларынан өткенде оның алуан түстi сәулесi әр алуан түстi бiрнеше сәулеге бөлiнедi cонда призманың арғы жағындағы қабырғада алуан түстi шұғыла, ал аспанда кемпiрқосақ пайда болады. Доғаша келген кемпiрқосақтың сыртқы жолағы әдетте қызыл болады ал оның iшкi жиектерiне қарай басқа түстердiң, ең соңында көк және күлгiн түстердiң құбылмалы спектiрi көрiнедi.
Кемпірқосақ және ондағы түстердің орналасу реті
Кемпірқосақ туралы аңыздар

Кемпірқосақ жаңбыр жауғаннан кейін көрінетін таңғажайып сұлу табиғат құбылысы. Ежелгі түркілер оны жаман нышан ретінде қабылдаған.
Кемпірқосақ – Көк пен Жердің арасына тартылған көпір, өлгендердің жандары соның бойымен басқа әлемге көтеріледі. Бұл сөз кемпірдің қосағы – дегенді білдіреді.
«Аңыздар мен миф әлемінен үзінді» бөлімінен алған жазбаларда: “Батыс славяндарында жалмауыз кемпір кемпірқосақты ұрлап тығып қойса, жерде қуаңшылық болады деген сенім қалған көрінеді. Немесе, кемпірқосақ – аспан мен жердің арасындағы көпір, көп уақыт кемпірқосақ көрінбесе халықтың ашығуына әкеп соғатын құрғақшылық болуы мүмкін деген ойлар өрбіген. Сербтер, македондықтар, болгарлар мен батыс украиндықтар «кімде-кім жынысын өзгерткісі келсе, жауын жауып тұрған кезде кемпірқосақ «су ішіп» тұрған жерден барып су ішсе, еркек әйелге, әйел еркекке айналады» деген аңызға сенген. Кемпірқосақтың бұл қасиеті пайымдаулар бойынша магиялық түрде болашақ сәбидің жынысын білуге қолданылған сияқты. Мысалы, ылғи қыз бала дүниеге әкелген әйел адам дәл солай кемпірқосақ «дәм татқан» жерден барып су ішсе, ұл бала әкелуі мүмкін”. Тізе берсе, осынау бір аспан құбылысы туралы деректер көп екен.

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*