Р.Қошқарбаев атындағы № 1 Қосшы орта мектебі Ғылыми жоба Тақырыбы:»Алаш жолы» Секция:Қазақстан тарихы Орындаған: 7″А» сынып оқушысы Тулепберген Аружан Тексерген:Батталова Рымкуль Токеновна Тарих пәнінің мұғалімі

Р.Қошқарбаев атындағы № 1 Қосшы орта мектебі
Ғылыми жоба
Тақырыбы:»Алаш жолы»
Секция:Қазақстан тарихы
Орындаған: 7″А» сынып оқушысы
Тулепберген Аружан
Тексерген:Батталова Рымкуль
Токеновна
Тарих пәнінің мұғалімі

Мазмұны
1) Кіріспе
2)Алаш ұраны
3)Қозғаластың бастау алуы
4)Жер мәселесі
Негізгі бөлім:
1)Алаш зиялылары мен қайраткерлері
2)Алаш қозғалысының тарихы
3)Пайдаланған әдебиеттер
4)Қорытынды
Кіріспе
Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы — тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлты- мыздың мәдени- рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз.
Өйткені ол Қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көте- рілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл козғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы — қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылык пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол түста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұл тартпас мысалы — тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы.
Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды Қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты — ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. XX ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі — тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек. Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы жене осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» — деп көрсеткен болатын.

Алаш ұраны
Алаш жетекшілерінің ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап алды. Туған халқының халін сезіп, біліп өскен өрелі жас буын өкілдері ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл жасады. Қозғалысқа қатысты қүжаттардан Алаш қайраткерлерінің оларды іске жұмылдырып, қажет жерінде тиісті тапсырмалар беріп отырғандығын байқауға болады. Алаш қозғалысына қатысқан 17-25 жас аралығындағы жастардың ішінен кейін көптеген мемлекет, қоғам кайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар шыққаны белгілі. М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Қ.Сәтпаев сияқты аса көрнекті есімдердің азаматтық, шығармашылық тұлғасы Алаш қозғалысы тұсында қалыптасканы белгілі.
Қозғаластың бастау алуы
Алаш қозғалысы — бір жылдың немесе екі-үш жылдың жемісі емес, өзінің бастау көздерін 1917 жылдан әлдеқайда бұрын алатын ішкі эволюциялык жолы бар дайындалған, пісіп-жетілген ұлы қозғалыс еді. Оны Алаш тарихын зерттеген зиялы қауым өкілдері айтып жүр. Алаш қозғалысының басталу кезеңі жөнінде әңгіме болғанда, көбінесе, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарқаралы құзырхаты айтылады. Біздің ойымызша да, Алаш қозғалысының өріс алуы осы тұстан басталады. Оның саяси-тарихи себептері ретінде, ең алдымен, осы тарихи кезеңде ұлт мәселесін көтере алатын, оны қалың бұқараға жеткізе алатын ұлттық зиялы қауымның қалыптаса бастағандығын айтамыз. Сондай-ақ оған Ресейдегі буржуазиялық төңкерісті, патша манифесін қосып айтуға болады. Ал жалпы Қазақтың басын қосу, сол үшін сиез ашу, белгілі бір ұйым құру мәселесіне келеек, онда бұл мәселеде қазақ өкілдері қатысқан 1905-1906 жылдардағы Бүкілресейлік бірінші-үшінші мұсылман сиездерін, 1906-1907 жылдары Реcейдің бірінші-екінші мемлекеттік думаларына Ә.Бөкейханның, А.Бірімжановтың, А.Қалменовтың, Б.Қаратаевтың, Мұхаметжан Тынышбаевтың, Б.Құлмановтың, Ш.Қосшығұлұлының т.б. қазақтардың сайланғандығын айтуға болады. Міне, осы топ жәш оған қосылған алдыңғы қатарлы қазақ оқығандары қауымдасып, ортақ мүдде төңірегіне шоғырланды. Осы арада 1905 жылдың желтоқсан айында Орал қаласында Ә.Бөкейхан, Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, Х.Досмұхамедұлы , М.Тынышбаевтардың қатысуымен болған бес облыс қазақтарының сиезін айтып өткен жөн. Әрине бұл сиез кейінірек өткен сиездер сияқты, іргелі мәселелер көтермесе де, қазақ зиялыларының топтаса алатын мүмкіндігін көрсете алған ең алғашкы басқосу болатын. Ал елдің басын қосып, халықтың мұң-мұқтажын айтуға тиісті және оны шешудің жолдарын айқындамақ сиез ашу мәселесі әсіресе 1913 жылдан бастап жүйелі түрде көтеріле бастағандығын байқаймыз. Тарихи деректерге сүйенсек, патша жандармериясының ақпарат хаттарында сиез өткізудің бастамашылары ретінде Жанша Сейдалин, Райымжан Марееков, Бақытжан Қаратаев, Барлыбек Сыртанов көрсетіледі. Осындай бірнеше құжатта сиезді ұйымдастырушы ретінде Жанша Сейдалиннің есімі жиі кездеседі. 1913 жылы «Айқап» журналында сиез шақыру жөнінде Ж.Сейдалин «Азып-тозып кетпееке не амал бар?» атты үндеу іспетті хатын жариялайды. Бұл хатта сиез шакыру мәселесінде Б.Қаратаевтан, Б.Құлмановтан, Ә.Бөкейханнан, А.Байтұрсынұлынан, Р.Марсековтен, М.Тынышбаевтан, С.Лагиннен, Х.Досмұхамедұлынан, Ә.Алдияровтан, М.Сералиннен, Жанайдаровтан, М.Дулатовтан, Б.Есмахановтан, З.Сейдалиннен, Б.Сыртановтан, Ж.Ақпаевтан хат күтетінін жазады.
Ж.Сейдалиннің бұл хатына Ә.Бөкейхан ашық хат түрінде жауап жазады. Ол хатын: ««Айқапқа» Жиһанша мырза хат жазып отыр. Қазақ баласы бас қосса, Қазақ жұмысы жақсы орынға барар еді дейді. Қазақ баласы бас қосып, шаруа, жұрт пайдасын сөйлеп, іс қылып тырбанса, бірте-бірте қазақ баласы ілгері басуға басқыш табылар еді деп біз де ойлаймыз» — деп бастап, сиездің қажеттілігін дәлелдей келе: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сертті сөздерімен хатын аяқтайды. Міне, осы жылдан бастап пікір жүзінде көтеріле бастаған жалпықазақ сиезін ашу мәселесі 1917 жылға дейін жалғасты. Өйткені патшалық Ресейдің отаршылдық қатал саясаты қазақ зиялыларының бұл мақсатын іске асырмай келді. Оны жүзеге асырудың сәті Ақпан төңкерісінен кейін ғана мүмкін болды. Орыс патшасы тағынан түскен төңкерістен кейін Қазақстанның әр түкпірінде қазақ азаматтық комитеттері құрыла бастады. Оның жұмыс істеуіне Уақытша үкімет комиссарларының оң ықпалы тиді. Мәселен, Ә.Бөкейханның Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары болуы, М.Тынышбаевтың Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болуы. Аталған жылдың сәуір-мамыр айларында Торғай, Жетісу, Орал, Омбы, Семей қалаларында облыстық қазақ сиездері өтті. Бұл облыстық сиездер ұлт-азаттық қозғалыстың қарқын алуына ықпал ете отырып, шілде айында өткен бірінші жалпықазақ сиезін дайындады. 1917 жылдың 21- 26 шілдесі аралығында өткен бұл сиез мемлекеттік құрылыс, саяси партия, Құрылтай жиналысына, Мұсылмандар кеңесіне депутаттар сайлау, партия бағдарламасын дайындау мәселелерін көтерді. Біздің ойымызша, сиездің басты маңыздылығы — хандық дәуірден кейін барша қазақтың бас көтерер көрнекті тұлғаларын біріктіріп, ірі елдік мәселелерді шешуде олардың бірлік жолынан табылатындығын дәлелдеген сенім шарасы болуында да еді.
Алаш құбылысы — сол тұстағы қазақ қоғамының барлық жағын қамтыған салалы, саралы құбылыс. Бұл құбылыс, бүгінгісін таразыға салған және болашаққа бағыт айқындаған, тәузлсіздікті ғана мұрат еткен қасиетті құбылыс. Алаш қозғалысы сол тұстағы қазақтың саясат, әдебиет, өнер қайраткерлерін, дінбасыларын, оқымыстыларын, бақуатты азаматтарын медицина, техника, ауыл шаруашылығы, экономика, заң, әскери салалардағы мамандарын топтастыра отырып, өздері өмір сүрген тарихи-қоғамдық болмысқа реформа жасауды мықтап қолға алған, жігері мен сенімі жеткілікті, бағдарламасы айқын, мақсаты зор қозғалыс болатын.
Жер мәселесі
Алаш қозғалысының көпжылдық тарихында және облыстық, жалпықазақ сиездерінде Алашорда үкіметінің жұмысында үнемі басты назарда болған мәселенің бірі — жер мәселесі. Оны Алаш көсемдері өте жақсы түсінген болатын. Айталық, сол дәуірде Ә.Бөкейхан: «Жер мәселесі — өмір сүру мәселесінің ең зоры» деген болатын. Бірінші жалпықазақ сиезінің қаулысында: «Қазақ халқы өзіне еншілі жерге орнығып болғанша Қазақ жері ешкімге берілмесін» делінсе, бұл «Алаш» партиясының бағдарламасында: «Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орнасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу» делініп бекітіле түсті. Ашашорда үкіметі автономия жариялай отырып, оның бірінші бабында: «Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарканд облыстарындағы һәм Әмудария бөлімдеріндегі Қазақ угздері, Закаспий облысындағы һәм Алтай губерниясындағы іргелес облыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қыргыз қаны, түрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға…» деп жер тұтастығын басты мәселе ретінде бекітті.
Алашорда үкіметінің 1918 жылы 24 маусымдағы «Алаш автономиясының жерінде жер пайдалану туралы Уақытша Ережесі» өзінің мазмұны мен пәрмені жағынан маңызды құжаттардың бірі болды. 11 баптан тұратын бұл Ережеде жерді пайдаланудың негізгі тәртібі көрсетілді. Алаш қозғалысының, Алашорда жетекшілерінің аса ірі тарихи еңбегі қазақ жерін сақтап қалуымен байланысты. Осы күнгі Қазақстан Республикасы жерінің тұтастығы мен сақталып қалуында Алаш қайраткерлерінің орасан зор еңбегі жатыр. Олардың кеңес үкіметінің басшыларымен келіссөздері, әсіресе А.Байтұрсынұлының осы бағыттағы қажырлы еңбегі кейін, Қазақ автономиялық советтік социалистік республикасын құру кезінде осы автономияның аумағын белгілеуде шешуші маңызга

Алаш зиялылары мен қайраткерлері
Қозғалыстың өрістеуіне ақын-жазушылардың қаламгерлік те, қайраткерлік те үлестері айрықша болды. Біздің ойымызша, Алаш қозғалысы дәуірі — ұлттық жазба әдебиетінің тарихындағы ерекше жылдар. Қазақтың жазба әдебиетінің өмірге келуінің бастапқы кезеңі Абай заманымен байланысты болғанымен, оның буыны бекіп, бұғанасы қатуы XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарына келеді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы жазба әдебиетке Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы , Нарманбет Орманбетұлы т.б. кейбір жекеленген әдебиет өкілдерінің шығармашылығы мысал бола алса, келесі ғасырдың басында жазба әдебиет өкілдерінің саны еселеп артты. Жазба әдебиеттің жарық көретін қалыптары — баспасөз, кітап басу ісінің дамуы жазба әдебиетті өркендете түсті. Ендігі жерде әдебиет оқырманға арнала бастады. «Айқап» журналы, «Қазақ» т.б. газеттер көркем ойды мыңдаған оқырманға жеткізушіге айналды. Үшіншіден, көркем проза, драма, әдеби сын үлгілері туып қалыптасты. Әдеби сынның қалыптасуы, оның шығармаға, әдеби мұраға, әдеби процеске баға беруі — жазба әдебиеттің есейе бастағандығының айғағы болды. Абай шығармаларының түңғыш жинағының жарық көруі — жазба әдебиеттің қал ыптасуына игі ықпал етсе, Міржақыптың «Оян, қазағы!», Ахаңның «Масасы» әдебиеттегі ұлтшылдық, елшілдік ұрандарды күшейтті. Сөйтіп бұл жаңашыл дәстүрді Жүсіпбек, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхтар, Бейімбет секілді жас дарындар соны көркемдік сапада, тың қырынан жалғастырып әкетті. Соның нәтижесінде, Алаштың қалам кайраткерлері қазақтың түңғыш романдары мен драмалық шығармаларын, алғашқы әдеби-сын мақалаларын дүниеге келтірді. Қазақтың сөз өнерін жанрлық жағынан да, идеялық-көркемдік жағынан да байытып, жазба әдебиетін қалыптастырды. Шамасы он-он бес жылдың ішінде Алаш қаламгерлерінің ерен қабілеті, ұлтына деген ерекше махаббаты, туған жұртының бүгінгісіне көңілі толмаған күдігі мен азат болашағына сшгш үміті кейінгілерге үлгі боларлық әдеби туындыларды өмірге әкелді. Алаш ұранды әдебиеттің беті мен екпіні, бағыты мен мазмұны Ахаң бастаған қазақ ақын- жазушыларының ұсталып кеткен кезеңіне дейін, яғни 1920 жылдардың соңына дейін жалғасты. Сол екпін, сол бет, сол бағыт қашанда ұлтына перзенттік сүйіспеншілігі мен адалдығын сақтаған қаламгерлердің шығармашылығында баяу болса да қан тамырындай бұлқ-бұлқ соғып жатты. Алаштық саралы жолдан ауытқыған советтік әдебиет әсіре қызылдың тез оңатынын сезбестен, адамға емес, саясатқа қолбалалық, құлдық сапарын айғай-шумен, беттен алумен бастап, бір кісінің ғұмырындай ғана өмір кешті. Әуелден таза, әуелден көркем, әуелден адамға, ұлтқа деген жанашырлық пен ізгілікке, шуак пен мейірімге толы «Алаш әдебиеті» аталатын алып бәйтерек қайта жаңғырып, ізгілік тұқымдарын шаша баетады. Ендігі жерде қазақ баласы жасағанынша жасайтын оның байтак та баянды мәңгілік өнегелі сапары басталды.
Қандай ұлттың болмасын мәдени деңгейін көрсететін факторлардың бірі — театр өнерімен байланысты екендігі мәлім. Бұл жолда да Алаш зиялылары «тұңғыш» деген атаққа ие. Айталық, Б.Серкебаев, М.Әуезов, Ж.Аймауытов қазақтың алғашқы драмалық шығармаларын жазса, М.Әуезовтің ««Еңлік-Кебегі» тұңғыш театрлық қойылым болғаны белгілі. Ал, Қ.Кемеңгерұлы ның «Алтын сақина» пьесасымен мемлекеттік ұлт театры түңғыш шымылдығын ашқан болатын. Жалпы өз заманында Алаш өкілдері ұлт мәдениетін, өнерін танытуға, насихаттауға қатысты бірқатар тағылымды шаралар атқарды.
Алаш қайраткерлерінің тіл саласындағы тағылымын биік бір асқарға теңесе болғандай. Сол асудың төңірегінде Алаш зиялыларының қазақ тілін дамытудағы еңбектерін ерекше бөле-жара айтуға болады. Алаш зиялыларының дербес мемлекеттілікке ұмтылыстарында қазақ тілінің мәртебесі туралы да ойлармен мұндалап тұрды. Оны олардың сол тұста жазған мақалаларынан және А.Байтұрсынұлының, С.Сәдуақасұлының Оқу комиссариатында басшылық еткен кезіндегі іс-қимылдарынан аңғаруға болады. Тіл — ұлт руханиятының негізгі өзегі екендігі де Алаш зиялыларының қоғамдық ойларынан және көркем шығармашылығынан көрініп жатты. Тілдің қоғамдағы орны мен рөлі жөніндегі қисынды пікірлер Ахаң бастаған алашшылдардың мақалаларынан көрініп жатты. Сондай-ақ, туған тіл тақырыбы ұлтты ұйыстырушы, халықтың төл болмысын айқындаушы фактор ретінде қазақ поэзиясында, әсіресе, М.Жұмабаев, С.Торайғыров өлеңдерінде ерекше леппен жырлана бастады.
Абай заманында өмірге келіп, өркен жая бастаған жазба әдебиеттің нағыз бағбаншылары Алаш ұранды әдебиет өкілдері болды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ғ.Қараш, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, Қ.Кемеңгерұлы, Б.Күлеев т.б. Алаш қозғалысының белді, белсшді мүшелері Қазақтың жазба әдебиетін тақырыптық-идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан байытты, кеңітті. Яғни, негізінш ауызша айтылып, тыңдалып жүрген көркем сөз үлгілері хатқа түсіп, жазу түрінде газет, кітап беттеріне көше баетады. Бұл әдебиеттің өмір сүру, таралу типін ғана өзгертіп қоймай, ең бастысы, жазудың мәдениетін арттырды. Көркем ойды жеткізудің тілдегі стилистикалық мүмкіндіктерін еселеді. Соған орай жаңа көркем түрлер пайда болды, тың сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалды. Жазба әдебиет үлгілері дайындықпен, қажетті материалдар жинаумен, ұзақ толғанумен жазылатын дүниелер болғандықтан, мұнда ұлт тілінің барлық байлығы мен бейнелілігін сарқа пайдалануға зор мүмкіншіліктер туды. Туған тілінің осы мүмкіншіліктерін тумысынан талантты, ұлтына ұлы махаббаттары табиғи Алаш ұландары үтымды пайдалана алды. Сөйтіп қандай да бір қасаңдыктан ада, адами құндылыктарды ту еткен, халқының халіне, ұлтының ұйысуына зерек ой, адал ниетпен көмкерілген көркем туындылар дүниеге келді. Бұл «Алаш әдебиеті» деп аталатын жаңа әдеби дәуірдің бастапқы кезеңдерінде ұраншылдык, наеихатшылдық басым болғанымен, шамамен жас дарындар Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Әуезовтердің шығармалары жазыла, жарық көре бастаған тұстан бері карай көркемдігі кемел дүниелер бой көрсете баетады. Осы эволюциялық жол — Алаш әдебиетінің тез өсіп, жедел жылдамдықтармен ілгерілегенін көрсетеді. Оның мысалы, «Оян, қазақ!» пен «Батыр Баян», «Қорғансыздың күні», «Ақбілек» аралықта.
Алаш қозғалысының тарихы мен ұлттық идеялары
Алаш қозғалысы қазақтың тарих ғылымын дүниеге әкелді. Өткенді аршу, бағзы өмірдің даму түстарын санадан өткізу сияқты еңбектер — ұлттың есейе бастағандығының белгісі. Өткенге көз салу, оны бүгінмен, болашақпен байланыстыру — оқуы мен мәдениеті өскен елдің белгісі. Міне осындай ұлттық рухани жаңғырудың басында Алаш қайраткерлері тұрды. Бұған Шәкәрімнің, Ә.Бөкейханның, М.Тынышбаевтың, Х.Досмүхамедұлының, Қ.Кемеңгерұлының, С.Асфендияровтың жазғандары куә. Халқымыздың өткен тарихына үңілгенде олар ең алдымен Абылай, Шоқан, Абайдың есімдерін ұлықтады. Ал өз заманының тұлғаларын бағалауға келеек, мәдениет көзімен Карағанда Әлиханды Семей жұртшылығының қарсы алуы, Ахаңның елу жылдығын зиялы қауым болып арнайы атап өтуі — Алаш қайраткерлерінің жаңа өркениеттік жолға бет алгандыгын көрсетеді. Осының барлығы Алаш қозғалысы дәуірінің — қазақтың өткенін бағалаудың, өз заманын зерделеудің ұлт тарихындағы алғашқы кезеңі болды деп түжырым жасауға мүмкіндік береді.
Ұлт тағдырына қатысты кез-келген өміршең идеяның із-түзсіз жоғалып кетпейтіні сияқты алаштық идея да ұлтжанды азаматтардың ойында жүрді. М.Шоқайдың эммиграцияда жүргендегі еңбектері, М.Әуезовтің шығармашылығы, тарихшы Е.Бекмахановтың зерттеулері, І.Есенберлиннің, М.Мақатаевтың, Ж.Нәжімеденовтің, Қ.Мырзалиевтің, О.Сүлейменовтің, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауинның, Қ.Жұмаділовтің т.б. ақын-жазушылардың көркем туындылары, Қытайдағы, Еуропадағы Қазақ диаспорасының санасындағы ұлттық идеялар, Желтоқсан көтерілісі сияқты көрнекті мысалдар Алаш идеясының, азаттық идеясының тәуелсіздікке дейін үзілмей келе жатқандығын аңғартады.
Алаш қозғалысының тарихы — отандық ғылым үшін қазақпен бірге жасайтын мәңгілік тарих. Ұлтының мәңгілігін ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау – есі бар ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз. Бұл бағытта осы уақытқа дейін бірқатар үлкенді-кішілі ізденістер жасалды. Әсіресе К.Нүрпейісовтің, Ғ.Ахмедовтің, Р.Нұрғалидың, М.Қойгелдиевтің, Т.Омарбековтің, Ү.Субханбердинаның, Т.Жұртбайдың, М.Әбдешевтің, М.Құл-Мұхамедтің, Ө.Әбдиманұлының, Ғ.Әнестің, Д.Қамзабекұлының, М.Төж-Мұраттың, А.Ісмақованың, Ә.Қараның, Д.Аманжолованың, А.Махаеваның, Д.Сүлейменованың, К.Ілиясованың, Қ.Сақтың т.б. еңбектері — алаштануға қосылған қомақты үлес. Алаш тарихы, әлбетте, сан тарапты зерттеулерді қажет етеді десек те, біздің ойымызша, қазіргі кезеңде Алаш қозғалысының мәнін, идеяларын халық санасына сіңіру — қазақ қоғамы үшін аса көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені Алаш козғалысының идеялары — ұлтымыз үшін ең қасиетті, ең қымбатты қүндылық — тәуелсіздігімізді нығайтумен сабақтасып жатыр.
Ата-бабаларымыздың қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестері, істері, ұрандары — бүгінгі ұрпаққа үлгі һәм аманат. Қазіргі қол жеткен еркін шағымызды баянды ету үшін біз азаттық жолы арман болған ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз қажет. Ал бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайық еңбек ету, өткенге құрмет көрсету. Ал құрметтің көкесі — Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру. Алаш идеясы — ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды десек, онда сол орасан мақсатты орындау үшін қазақтың тілі мен мәдениеті, өнері мен әдебиеті, тарихы мен салт-дәстүрі, айналып келгенде, қазақты ел ететін, мемлекет ететін рухани олжасы Қазақстанда айрықша орынға ие болу керек. Сонда ғана ұлттығымызды әлемге әйгілейтін, жасампаздығымызды жаһанға жариялайтын тұрпатымыз бен тұлғамыз айқын көрінбек. Тағылымды істі аманат ретінде қабылдау — алаш баласының әуелгі қасиеті, дәстүрлі жоралгысы десек, Алаштың жолы, Алаш кайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту сапары — бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік ұстындардың бірегейі болатынын естен шығармағанымыз абзал
Осы ұлттық мұраттан шыға отырып, Алаш қозғалысының басты болмысын көрсетуге жәрдемі тиер деген мақсатпен анықтамалықты құрастыруды жөн санадық. Анықтамалық Алаш қозғалысына, Алаш партиясына, Алашорда үкіметіне қатысты басты деректерді қамтиды. Анықтамалықта алғаш рет Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндары жинақталып берілді. Алаш қозғалысына қатысты деп табылған алты жүзге жуық тұлғаның тізімі жасалды. Олардың Алаш қозғалысына қатыстылығы деректермен дәйектеліп берілді. Қозғалыс тарихына байланысты құжаттарды, сол кезеңдегі баспасөз беттеріндегі материалдарды, қазіргі тарихшы ғалымдардың зерттеулеріндегі, энңиклопедиялық басылымдардағы ақпараттарды сараптай отырып, қозғалысқа тікелей қатысы бар тұлғаларды ғана іріктеп алдық. Әрине ұлттың басын қосқан сол бір тарихи кезенде Алаш идеясын қазақтың басым көпшілігі қолдағаны анық. Бірақ олардың барлығын тізімге енгізе беру, әрине, мүмкін емес. Бұл тізім бұдан ұзағырақ болуы әбден мүмкін, бірақ тізімге ойдан бірде-бір адам қоспадық. Алаш қозғалысының толық шынайы тізімін жасау еш мүмкін емес сияқты. Өйткені облыстарда, уездерде, болыстарда, Алаш әскерінде болған адамдардың толық тізімі еш жерде сақталмаған. Жаратқанның жазуымен Алашқа айрықша еңбек сіңірген тұлғалардың есімдері ғана бүгінге жетсе керек. Тізімге енгізген алаштықтардың барлығының өмірбаян деректерін табу мүмкін болмағандықтан жүзден аетам тұлғаның өмірбаяндарын бердік. Анықтамалықпен танысқан азаматтар ішінеп кейбір алаштықтардың өмірбаянын білетін адамдардың шығатыны сөзсіз. Біздің анықтамалық шығарудағы мақсатымыздың бір парасы — көпшілік арасынан оеындай дерегі бар адамдарға қозғау салу, сөйтіп Алаш тарихын толықтыра түсу. Кітаптың «Алаштаным» бөлімінде қозғалысқа қатысты деректер мен оқиғалар, ұйымдар мен баспасөз құралдарының атаулары, Алаш қозғалысын зерттегш ғалымдардың өмірбаяны қамтылды. Анықтамалықтың келесі бөлімі «Алаш жылнамасы» деп аталынып, оған 1905-1930 жылдар аралығындағы Алаш қозғалысына қатысты деректер енгізілді. Кітап соңында берілген қосымшада Алаш қозғалысының болмысын байқатуға тиісті әртүрлі аса маңызды құжаттар топтастырылды.
Қорытынды
Ә.Бөкейханов басқарған қазақ зиялылары 1905 жылы кадеттер үлгісіндегі қазақтың ұлттық саяси партиясын құруға әрекет жасағанда оның ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанды буржуазиялық қатынастарға бейімдеуге жетекшілік жасайтын ұлттық-либералдық типтегі ұйым құруды ойластырды. Ал Ә.Бөкейханов пен оның серіктестерінің 1905-1917 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы шілдеде ұлттық-демократиялық мақсат-мүдделерді көздейтін Алаш саяси партиясын құруға алып келеді. «Алаш» шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегеніне, іс жүзінде саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту «кезеңін» бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғанына қарамастан, қоғамдық-саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық мақсатты – қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі. Осы негізгі мақсаттарды және олардан туындайтын басқа да әлеуметтік-саяси міндеттерді шешуді Алаш басшылығы эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздеді.Өздерінің алдына ел тағдырына байланысты, елдегі билік жүйесіне байланысты мақсат қойды, елдікке ұмтылды. Бірақ, бұл мақсаттарына жете алмай, алаш зиялылары, интелегенциялары сол жолда құрбан болды. Алаш партиясының әр мүшесі қудаланып, атылды. Тек саусақпен санарлық бөлігі ғана қашып құтылды.Әйтсе де, «Алаш» партиясы және оның айбарлы қайраткерлері ел тарихынан үлкен орын алып, халықтың жүрегіне елдікке деген сенім мен үміт ұялатты.Сол аумалы-төкпелі қара түнек кезеңде сәуледей жарқырап шыққан Алаш партиясының тағдыры осылай аяқталады.«Алаш» партиясы қазақ халқымызда тұңғыш ұлттық-демократиялық партия болып табылады. «Алаш» партиясының құрылғанына 2007 жылы 90 жыл толды. Және де бүгінгі таңда ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы үлкен тарихи сынның алдында тұр. Ол – аталарымыз аңсаған осы тәуелсіздігімізді баянды ету, мемлекеттігімізді әлемнің дамыған елдерімен теңестіру, қырғын-сүргінді, қорлық-зомбылықты басынан аз кешпеген халықты бақытты ету, бүгінгі елде жүріп жатқан реформалардың нәтижесін, рахатын сезіндіру.

Пайдаланылған әдебиеттер
1)«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008жыл.
2)Ғаламтор сайт kk.wikipedia.org.
3)Тарихи тұлғалар Алматы, 2011жыл.Б.Тоғысбаев,С.Сужикова.
4)Қазақ эпосы Алматы,1982жыл.М.О.Әуезов.
5)Шың Aлматы,2013жыл. А.Тусюбжанов, С.Мақсұтов, А.Нұрбаев.
6)Алаш ақиқаты Алматы, 2010жыл.Қ.Нұрпейісов.
7)Алаш қозғалысы Алматы,2008жыл. М.Қойгелдиев.

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*