жасдарын значек

Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Амангелді ауданы Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі мемлекеттік мекемесі Автордың аты-жөні: Егінбаева Айгерім Серікқызы 8-сынып оқушысы Жұмыстың тақырыбы: Темірден түйін түйген зергер.

 

                                 Л а у а з ы м  п а р а ғ ы

  1. Жұмыс орындаған мекеменің толық  аты, ғылыми  мекемесі:

 

                               Қазақстан  Республикасы

                                    Қостанай  облысы

                                    Амангелді  ауданы

               Құмкешу жалпы  білім  беретін  орта  мектебі

                                   мемлекеттік  мекемесі

 

  1. Автордың аты-жөні: Егінбаева Айгерім Серікқызы

                                                         8-сынып  оқушысы

 

  1. Жұмыстың тақырыбы: Темірден  түйін  түйген  зергер.

 

  1. Жұмыстың ғылыми бағыты:   Эстетикалық бағыты

 

  1. Жетекшінің аты-жөні: Сұлтанова  Сәндігүл  Ғалымқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Абстракт / Аннотация /

 

 З е р т т е у  ж ұ м ы с ы н ы ң  м а қ с а т ы:

 

Халқымыздың ұлттық  мұрасын қайта  жаңғырту,  киелі

 Құмкешу  топырағының  тумасы зергер Төлебаев  Жапардың  еңбектерін насихаттау. Кейінгі  ұрпаққа  үлгі  ету.

 

 

М і н д е т і :

 

  1. Ұлттық қолөнер  мұрасын  жан-жақты  зерттеу

 

 

  1. Қазақтың  ұлттық  мұрасын одан  әрі дамытуға  ат  салысу

 

 

  1. Темірден түйін  түйген  зергер- Жапар  ағамыздың еңбектерін  жинақтап кітабын  шығаруға үлес  қосу.

 

 

Болжам:Ұлттық  қолөнердің бір  саласы  зергерлік  өнерді өзіндік  ерекшеліктеріне сай халық  арасында  кең  таралып  халықаралық  сұранысқа  ие  болып өркендеуіне  тиісті  деп  ойлаймын.

 

 

Зерттеу  пәні:  Бейнелеу  өнері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Зерттеу  кезеңдері:

 

 

 

 

  1. Кіріспе.

Ұлттық  өнердің бір  тармағы- зергерлік

 

  1. Негізгі бөлім.

Зергер –Төлебаев Жапардың өмірі  мен  өнері

 

  1. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           К і р і с п е

 

                                                   Арқар менен Құлжаны

                                                  Мерген  үшін  жаратқан

                                                  Алтын менен  күмісті

                                                 Зергер  үшін  жаратқан

                                                                                  ( халық мақалы)

 

      Тарих беттеріне  назар  аударсақ , қай  халықтың  болмасын өзіндік  тұрмыс  ерекшелігі, әдебиеті  мен  мәдениеті  бар, сол  сияқты  біздің  қазақ  халқының  да  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  мұралары  мол. Өнер  көзі- халықта, қартаймас,  ортаймас қабілет  халықта. «Алтын  белдік-  бел  сәні, Асыл  жиһаз- ел  сәні »  осы  өнерге  байланысты  айтылған.

     Біз  халқымыздың  өнерін  жоғары  бағалаймыз. Әсіресе  оның  қолөнерін  мақтанышпен  айтамыз. Атадан  балаға  мирас  болып  қалған  өнер ,  қазіргі  таңда  жаңаша өрлеу,  өркендеу  жолында .

    Торғай  даласы орақ  ауызды,  тілді  ақындардың, халық  бостандығы  жолында  жан  қиған  батырлардың  ғана  Отаны  емес, он  саусағынан  өнер  тамған қас  шебердің де  өлкесі.Өнерімен  өрде  озған «Алтын  қолды ата-аналарымыздың еңбектері»- түрі әсемдік ,зергерлік  бұйымдары  мені  көр де шеберді  таны  дегендей көздің  жауын  алады.

     Тарихи  жазба  ескерткіштер  мен археологиялық  деректерге  қарағанда  Қазақстан  жерінде  қолөнер  кәсібі  бұдан  кейін екі  жарым  жыл  бұрын , әрбір  дәуірде  өшпес  із  қалдырып, талай тайпалардың  еңбегі  арқылы қалыптасып  мәдени  мұраға  айналған.

    Ерте  кездегі  авторлары  /Герадот, Страбон/ айтуы  бойынша   Қазақстан  топырағын  мекендеп, тіршілік  еткен  сақтар мен массағаттардың  барлық  заттары  әшекейленген.

    Герадот: «Олардың  барлық  заттары алтын  мен мыстан  жасалған жай металдан  істелген бөлшектер, бас  киім  мен  белдік  әшекейлері  түгелдей  алтыннан  істелген …» деп  жазады.

     Қазақ  халқы  ертеден өз  қолөнерін  мұра  тұтып  ,  дамыта  білген. Ұлттық  қолөнер —  тым  зор, әрі  мол  өнер. Осыған  орай шеберлер  өз  жолын  таңдай  білген. Шеберліктің  сан  алуан  саласын ұқыптылық пен,  жадында  сақтап,  мұра  етіп  қалдырған  шеберлердің еңбектері  қазіргі  таңда  теңдесі  жоқ  мұра  болып  мұражайларда  сақталуда.  Олардың  көбісі  кейінгі  ұрпақтар  өміріне  өнегелі  үлгі,  әсемділікке  баулитын  өнер  падишасына   айналды.

      Қазақстанның  ұлттық  қолөнері —  біздің  ұлтымыздың ,  мәдениетіміздің  құрамды  бөлігі. Оны  дамыта  отырып, жер-жерде халық  шеберлерінің  өнері істерімен  жас  ұрпаққа  насихаттау ,  беру  игілікті  іс  болмақ.

 

 

 

Негізгі  бөлім

 

       Қазақтың   зергерлік  өнері-  тамырын тереңінен  алатын  дәстүрлі  мәдениеттің  көрікті   және  көрнекті   саласы.   Зергер  болу   киелі  де   қасиетті өнер  саналған.  Оған  ең  алдымен   табиғаттан  дарыған   тума  талант  керек. Екіншіден,  ол- атадан  балаға  немесе ұстаздан  шәкіртке           ауысып  отыратын  тылсым  сыры  бар ,  халықтың  дәстүрлі  дүниетанымымен ,  тарихи  болмыс – бітімімен ,  салт-дәстүрімен байып  отыратын қасиетті  кәсіп.

      Зергерлік- өте  ерте  заманнан  келе  жатқан  өнер. Оны  барлық  халықтар жоғары  бағалап ең  қалаулы  өнер  етті.

     Зергерлік  өнерінің  Қазақстан  топырағында  соншалық  ерте  заманнан –ақ  болғандағы   туралы « Социалистік Қазақстан»  газеті

1965 жылы 28  наурызда былай  деп  жазды.   Қазір  Совет археологтары   белгілі  бір  тарихи  дәуірлерден   қалған  мәдени  және  көркемөнер   қазыналарын  тапты.  Солардың  бірі  Кеген  ауданындағы   «Ақтас»  қыстауынан  табылған  алтын  сырғалар. Археологтар оның  біздің   заманымыздан  бұрынғы  I-II ғасырда  Жетісу бойын  мекендеген  үйсін  елінің зергер-шеберлерінің қолынан  шыққан анықтады.

     Осы  деректерге  қарағанда Қазақстандық  шеберлер  зергерлік  өнерін ертеден –ақ білетіндігі  даусыз. Бірақ олар алтын-күмісті  өздері  қорытып,  өндіре  алмаған .

    Сондықтан  оларды  көрші  орыс  мемлекеттерінен  сатып,  айырбасқа  алып  отырған. Кесек  күміс пен  алтын  оңайлықпен  табылмағандықтан  ол   кездегі  қазақ  зергерлері  көбіне  алтын  күміс  ақшаларды қайта   сол  күйінде  соғып  пайдаланған.

    Қазақ  тілінде  алтын,  күміс ,  жез,  мыс   сияқты  түсті  металдардан  жіңішкелеп  суырылған  жіптерді «зер» деп  атайды  да  зерлі  таң, зерлі шапан,  зерлі  кимешек және  т.б  сөз  тіркестері өте  жиі  кездеседі.

    Ел  арасындағы халық шеберлері  түрлі  көркем,  нәзік  істерді  көбінесе қарапайым  әдіспен орындайды. Зергерге  аса  қажетті  қасиет-суретшілік,  дәлдік, еңбек  сүйгіштік .  Осыған  қарағанда  халық арасындағы –зергердің  көз  өткірі, қолы  ұсынақты, ойы  жүйрік «Ерінбейтіндігі  ерге  күміс  шабушыдай»  деген  сияқты мәтелдер  зергерлікті әрі  құрметтеу, әрі зергерге талап  қою негізінде туғанға ұқсайды.

      Қазақтың халықтық  зергерлік  өнері  ұлттық   мәдениет тарихынан ерекше  орын  алады. Зергерлік  өнер ежелгі  дәстүрдің сабақтастығы  мен  көрші  халықтар  мәдениетінің  өзара  ықпалы  арқылы қалыптасқан  үй  кәсібіне негізделген  ұлттық қолөнердің басқа  түріне  қарағанда  зергерлік өнердің  өзіндік ерекшелігі  бар. Зергерлердің  аса  көп  жасайтыны- әйелдердің  әшекей  бұйымдары.  Қазақ  әйелдері кеуделеріне  алқа,  құлақтарына  сырға, шаштарына  шолпы, білектеріне  білезік,  саусақтарына жүзік  таққан.

    Әшекейлердің   бұл  түрі тек  сән-салтанат  үшін  ғана  емес , әдет-ғұрып,  наным-сенімге  де тікелей  байланысты болғандықтан,  тағуға тырысқан.

    Әшекейлерді   қасиетті тұмар  ретінде ұстаудың  алғашқы  белгілері палеолит дәуірінен байқалады,

   Зергерлік  әшекейлердің   тұтас  тұрқы,  тұрпаты  да жекелеген  бөлшектер де, ою-өрнегі де  белгілі бір мағынаны білдіреді. Мысалы: әшекейлеуге  қондырылған асыл  тастарды  халық  тас немесе  көз  деп атаған ,  яғни көз киелі көз  тиюден  сақтайды  деген  ұғым, нанымнан  болған.

     Сонымен  бірге  асыл  тастардың  қасиетіне сенушілік  қазақ  халқының  тұрмыс  дәстүрінде  әлі  де  болсасақталған,  яғни «інжу»  көз  қарашығын шел  басудан,  көз  сүйелінен  сақтайды,  ал  маржан дуаның әсерін  сақтайды. «Сарғылт  дүр» тамақ  ұрасы мен  желісау ісігін  басады.

     «Қазақ  халқы  ежелден күмістің адамға  игі  әсер  ететін  қасиеті  бар  деп  білген ,  нәрестені  қырқынан  шығарып шомылдырғанда  суға  күміс  теңге  тастап; « Баланың  күні күмістей жарық болсын!»,-деп  жоралғы  жасаған.

    Сақина  мен  жүзіктің  де  киелілігі  мен  қасиеттілігіне  сену  шығыста  кең  тараған. Әдетте,  бұл халықтар  әйелдің  қолында  міндетті  түрде  не  жүзігі ,  не  сақинасы  болмаса оның  дайындаған  тағамын  арам  деп  білген.

      Қазақ  арасында  да «Тамақ  адал  болу  үшін  қолда  жүзік  болу керек»  деген  мәтел  бар.

     Сонымен  бірге  шаштеңге  мен  шолпының  да  өзіндік  қасиеті  бар. Халық  арасында:  «Адам  жанының бір  ұшығы шаш  арасын мекендейді» деген наным  сақталып келгендіктен ,  шолпыны  шашқа бәле-жаланы маңайлатпайды  деп  ырымдап  таққан.

      Әшекейлер арқылы  тұтынған  кісіге  жақсы  ырым мен  сәттілік тілеудің кейбір  түрлері  бұйымның  нұсқасы мен  өрнегі арқылы  да меңзелген. Ұрпақтың  көбею,  өсу  идеясы  түтікше  мен       бұрышты  бөлшектен  құралған  бойтұмар да бар.  Көбею,  өсу  символын  білдіретін  бұйымдардың қатарына  балық  бейнеленген сәнді  қапсырмалар  жатады.

      Құсмұрын өрнегі үлгісіндегі  жүзіктер өрістеу,  өркен  жаю  идеясын  білдіреді.

     Әшекейлердің  көптеген белгілеріне  қарай  әйелдердің  жас  мөлшері  деайқындалады. Жас  қыздардың  сырғалары  мен  жүзіктері  түрі  жағынан қарапайым  жасалады,  ал  бойжете  бастаған  сайын  қыздың  зерегерлік бұйымдарының  түрі  мен  тұрпаты әдемілікке  бастайды. Тұрмысқа шыққаннан   кейін  олардың әшекейлері  бірте-бірте  қарапайым  тартады.

      Қазіргі  таңда  зергерлік  бұйымдардағы  әшекейлердің  таным-сенімдік сипаты көмескіленіп,  бірыңғай сәндік  бағытқа өзгерді.

 

 

 

 

 

Зергерлер әр  түрлі  бұйымдар жасауда  түрлі  құрал-саймандар  пайдаланған.

Сомдау- темірдің белгілі бір жерін жуандатуды сомдау деп атайды. Ол  үшін темірдің  сомдайтын тұсын  жақсылап  көрікке  қыздырып  алып,  төстің  бетіне  тігінен  қойып,  балғамен  төбесінен  ұру  керек.

Қақтау-металды  төске  салып,балғамен  ұрып-таптау  арқылы  жұқарту. Отқа оқтын-оқтын  салып, көп  ұрғандықтан   темір  жұқара  созылып, қаңылтыр  қалпына  келеді. Отқа әр  салған  сайын  темірдің  қағы  ұшып  түсіп  отырады. Сол  сияқты  отқа  бір  нәрсені  қыздыруды  да  қақтау деп  атайды. «Қақтау»  сөзінің түп төркіні сонда жатса  керек.

Көрік-зергерлердің  түрлі металдарды балқытып, қыздырып, өңдеу  үшін  қолданатын ,  оттыққа  жел  беріп тұратын  құралы. «Көріктің», «қос көрік», «қол  көрік», «мес  көрік», «аяқ  көрік» деген  түрлері  бар. Көріктің  көлемі  неғұрлым  үлкен  болса , оның  көмейінен оттыққа  берілетін ауаның  қысымы да  соғұрлым жоғары  болады.

Іскеже-ағаштан немесе мүйізден жасалатын кішкене  тістеуік, атауыз. Онымен зергерлер ұсақ  зергерлік бұйымдарды  қысып тұрып  өңдейді.Аузына  қарсы  жағына  қатты  ағаштан жасалған  сына  қағу  арқылы әр  нәрсені  қысып  қоюға  болады.  Іскеженің бұранданың  көмегімен  қысатын  да  түрлері  болады.

Саусақ қалып- әр түрлі  диаметрдегі шығыршықтарды ,  сақина-жүзіктердің бауырын  иіп, шеңбер  кейпіне келтіре  түзетуге, өңдеуге,  әрлеп  жылтыратуға  арналған  зергерлік  құрал. Ол  болаттан  қиық  конус  тәрізді  соғылып,  бір  ұшы  сүйірлене  бітеді. Жан-жағы  тегіс  келеді.  Саусақ  қалыптың  ұзындығы  25-30см .  Жуан  жағы 25-30 см,  ал  сүйір  ұшы  5-8 мм дей.  Оған  жүзіктің  көзін төсеп  өңдейді.

Қайшы- жұқа метал л табақшаларды кесуге  арналған  құрал.  Зергерлердің  қайшысы  көлемі  кішілеу  әрі  жеңіл  ықшамды  болады.  Онымен қақталған металды  қияды.  Сол  сияқты  зергерлер  жүзі  майыса  біткен  қайшыны  да  қолданады.  Зергерлер  қайшының  ұшы  өз бетімен  ашылып тұрсын  деп  сабынның  арасына  жұқа  серіппе  орнатып  қояды.

       Түртпе- металдың  бетіне  үздіксіз  сызық  жүргізуге ,  түрлі  өрнек  салуға  арналған  құрал. Түртпенің  ұзындығы 8-10 см , жуанығы  қарындаштың  қалыңдығындай  болады. Ол  төрт  қырлы болып  соғылады  да , сабының  саусаққа  ілінетін  тұсы  бұралады.

Түртпемен  салынған  сызық  өрнекті  қазақ  шеберлері «Су  жүргізу»  деп  атайды, яғни «Су  жүргізу»- өрнектің  сұлбасын  қуалай  сызық  салу  деген  сөз.

 

      Нақыш  салғыш- металл  бетіне  түрлі  өрнектер  түсіруге ,  бедерлеуге, оймыштауға арналған  қол  құралы. Қызған  темірді  төске  төсеп, үстіне  нақыш  салғышты қатарлай ұрып,  түрлі  бедерлі  өрнектер салады. Нақыш  салғыштың  жүзінде  әр түрлі  ойық, бедерлі  өрнектер  болады. Нақыш  салғыштың  сабы ағаштан  жасалады. Жүздері  жұмыр, шаршы,  шар  тәрізді  үшбұрыш,  трапеция, т.с.с  пішінге келтіріліп жасалады.

Безеуіш- қатты  ағашпен сапталған  немесе  алақанға  ұстайтын  жағы  иіле ,  жұмырлана  біткен ,  жүзі  асыл,  біз  тәрізді  құрал. Оның  жүзі  қашау  тәрізді бір  жағына  қиғаш  қайырылады. Жүзін  өрнектелетін  металл  бетіне  көлбей  тіреп,  оң  мен  сол  қолдың  буынын  арғы  бетін  ығыстыра , металл  бетіне  біркелкі өрнек  түсіреді. Осындай  өрнекті  шеберлер «мыңғырақ», «безеуөрнек» деп, ал  безеуішті кейде ырғақ  деп  те  аталған. Зергерлер  кейде  безеуіштің  жүзінің  ортасын  егеп, екі  аша  сияқты  етік  те  жасайды.  Ондай  безеуішпен  салынған  өрнекті «тышқан із»  деп  те  атайды.

     Қалып- қазақ шеберлері  етік  тігу  үшін  теріден,  былғарыдан, металдан  түрлі  бұйымдар  жасау  үшін қалыпты  кеңінен  қолданған.  Сол сияқты  болаттан  соғылып, бедерленіп,  оймышталып  жасалған қалыпты шеберлер  түрлі зергерлік  бұйымдар, бедерлі  жапсырмалар, шеттіктер т.б жасау  үшін кезінде  кеңінен қолданған. Қалыпты  қолданып жұмыс  істеуді қалыптау  деп  атаған. Қалыптың  түрлері: сырға  қалып XVIII-XIX ғ Түркістан  аймағында өркендеген.

   Тұмарқалып- Шымкент  облысының Түркістан ауданы территориясында, шамамен XIXғ екінші  жартысында жасалған.

   Сағат  білезік қалып- қазіргі  Торғай облысы, Аманкелді  ауданының  жерінде  шамамен XX ғ бас  кезінде жасалған.

    Құсқанат  қалып- Торғай  облысы , Аманкелді  ауданында  жасалған. Авторы  белгісіз.

    Құсмұрын  қалып-XIX ғ екінші  жартысында  Ақмола  облысында  жасалған.

    Көпшікті  құсмұрын  қалып- Қорғалжың  ауданы . Шамамен XIX аяғында  жасалған.

    Тана түйме  қалып- Шымкент  облысы , Алғабас  ауданынан.  Әйелдердің, еркектердің  көйлек,  жейделеріне  тағатын  түйме,  осы  қалып  арқылы  көбіне  күмыстен  соғылған.

     Күрекше  қалып- Қорғалжын ауданынан  табылған. Бұл да XIX ғ  екінші  жартысында  жасалынған.

     Көпшікті мөрше  сақина  қалып-Қорғалжын  ауданы XIX ғ жасалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Киелі  Құмкешу  топырағында  зергерлік  өнерді  бүгінгі  күнге  жеткізіп  дамытқан  көптеген  өнер  адамдары ,  зергерлер  бар. Атап  айтатын  болсам,  Игісін  ұста.  Халық  Тобаяқ  деп  атап  кеткен. Атақты  Мұқанбетжан  ұстаның  әкесі. Асқан  шебер,  зергер  адам  болған,  Игісінұлы  Мұқанбетжан  әйелдерге  арналған  әшекей  бұйымдарды  қалыпқа  құйып  жасаған.

     Жұмабекұлы  Қалжан,  Меңдібаев  Ілияс,  Жұмағалиев  Әбдіхалық , Төлебаев  Сардар,  Төленов  Ғалымжан. Бұл  кісілердің қолынан  шыққан  зергерлік  бұйымдары бүгінгі күнге жетіп, атадан  балалға  мұра  болып  қалды. Осы аталардың жолын  қуып, зергерлік  бұйымдары  бүгінгі  күнге  жетіп, атадан  балаға  мұра болып  қалды. Осы  аталардың  жолын  қуып, зергерлік  өнерді бүгінгі  күнде  дәріптеп,  көптің  ықыласына  бөленіп  жүрген Төлебаев  Жапар Сардарұлын  мақтанышпен  айта  аламын. Жапардың  әкесі  Сардар елге  есімі кең  тараған  ұста  болған.

     Баласының  екіншісі кішкентай кезінде  әкесінің  қасында  отырып, балғасын  ұстап, төспен  жұмыс  істеген. Көптеген әшекей  заттардың жасалу  жолын үйренген.

   «Әке  көрген-оқ жанар»  деп  ата  бабам айтқандай,  қазірдің  өзінде  әке  жолын  қуып, әже  дәстүрін  жалғастырып  келеді. Балалары  да  өзіне  тартқан  шебер  әртүрлі  материалдардан заттар  жасап  шығарады.

    Жапар  аға  қашанда  шаршаған  емес. Жер-жерден  ағаға көптеген  тапсырыстар түсіп, оларды  нақышына келтіріп  жасап  ел  ықыласына   бөленіп  жүрген  аяулы  әке ,  қолынан  өнер  тамған зергер.

      Өзінің  бойындағы  тума өнерді  балаларына  үйретуден жалықпаған. Балалары  Нұрлан  мен Сырым  да әкесінің  қасында  отырып  үйреніп, өздері  де  сақина  соғумен  айналысады.

    Жапар  ағаның  еңбегін насихаттау  мақсатында   ауданымыздың  төл  басылымы «Аманкелді  арайы» газетіне «Ел іші-өнер  кеніші» деген  айдармен мақалам  жарық  көрді.

     Зергерлік  бұйымдарды жасау  өнері  ұқыптылықты  қажет етеді. Әсіресе, күмістен  соғылған  сәндік  бұйымдар көздің  жауын  алады. Жапар  аға  көбіне  халықтың тапсырысы  бойынша  әр  түрлі  сақиналар  соғады. Ағаның  құрал-саймандарымен  танысқанымда  қалыптың  көптеген  түрлерін  көрдім. Олар: құстұмсық  қалып, түйме  қалыптары, зымыран  қалып, ботатірсек, жапырақ  қалып, қоңыз  қалып, төртбұрышты қалып.

 

 

 

 

 

 

 

             Төлебаев Жапар Сардарұлының

                              визиткасы

 

 

 

 

       1963 жылы

17 қазанда туған

            Білімі:

Арнаулы орта

       Әкесі Сардардың ізін жалғастырушы
    Төлебаев Жапар  

        Сардарұлы

      Балалары Нұрлан

мен Сырым әке

жолын қууда

       Тапсырыспен зергерлік бұйымдар соғады
       1992 жылдан бастап зергерлікпен

айналысады

       Туған жерң Құмкешу ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Қалып

  түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағаның  айтуы  бойынша  сақина  соғу  кезеңдеріне  тоқталып  өтейін

 

  1. Кесу-қақтау. Бұлалғашқы кезеңі, яғни күмісті  отқа қыздырып

балғамен төске қойып  қақтаймыз. Қақтау  процесінде күмістің 

біркелкі,  тура,  түзу болып  шығуы  бағаның  біркелкілігі, шапқы 

іздерінің  жиілігі  қажет.

  1. Қалыпқа салу. Дайын  болған  күмісті  өзің  таңдаған қалыпқа

құямыз .Бұл  әдіс ертеден  бастап, біздің  заманымызға  жалғасып     

          келе  жатқан көне  түрі.

  1. Өрнек салу. Өрнек  салынатын  заттың үстінгі  бетіне  кескіш

аспаптың өткір жағымен  қашау арқылы  жүргізіледі. Жіңішке  

          сызықтар өткір  біздермен  жүргізіледі.

  1. Бауырын дайындау. Күмістіалып  қобыл  төске  ұрып  дайындау.
  2. Егеу жұмыс. Дайын  болған  бауыры мен  сақина  бетінің артық

көзге оғаш  көрініп тұрған жерлеріне егеу  жұмыс жүргізіледі.

  1. Дәнекерлеу. Бұл кезінде  дайын болған  бауыры  мен  сақина үстін

тоқ  пайкамен дәнекерлейміз. Дәнекелеу кезінде алдымен  металға

мүсәтірді /канифул/ жағып аламыз  да осының үстін  қалайы  арқылы

         сақинаның  бауыры  мен  үстіңгі  бетін  дәнекерлейміз.

  1. Тазалау кезеңі.  Жасалып болған сақинаны зімпара  қағазымен

тазалап  жалтыратамыз. Осындай әдіс-тәсілдерден  кейін  сақинаны      

        қолданысқа  шығаруға  болады.Зергер  Төлебаев  Жапар  ағаның      

       қолынан  шыққан  әшекей  бұйымдары   оның  ішінде сақинаның     

       көптеген  түрлері ауыл  ішінде, аудан көлемінде,  облысымызда  да     

       үлкен  сұранысқа  ие  болып, жоғары  бағаланып  келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Т е х н о л о г и я л ы қ   к а р т а

                                 Тақырыбы: Сақина соғу

 

 

 

     Жұмыс  кезеңі Құрал-жабдықтар әдістері
1   Балға, төс, материал, қайшы Жалпы бейнесін дайындау, өңдеу, қақтау
2 Біз, егеу, қайшы Сыртқы контурды түсіру, қалыпқа салу
3 Балға, шекіме,

біздер

Өрнегін түсіру
4 Төс , балға, шекіме Бауырын қабыл төске салып ұру
5 Егеу,спирт, дәнекерлегіш,

қалайы

Бауырын иіп қондыру
6 Зімпара қағазы, тазалағыш құрал Дайын болған бұйымды жалтырату

 

 

 

                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1
 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 3
 4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Жапар ағаның  қолынан шыққан  

    зергерлік бұйымдарың бір парасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

 

 

      Қазақ  халқы бұрын  ғылым  мен  білімге  қолы  жетпесе  де , сұлулық  пен 

 

әсемдікті  таңдай  да  талғай  білген.  Өз  тұрмысы  мен  мәдениетінде 

 

қолөнерді  мұра  тұтып  жетілдіре  білгендігі  осы  жұмыс барысында 

 

айқын  көрінеді.  Халық  қолөнерінен  туған  зергерлік  бұйымдар  тек 

 

мұражайлар  мен  көрме  залдарында  ғана  тұрмай ,  жаңа  заманға  сай 

 

заманауи  тұрғыда  жасалып  жүргендігінің  негізі, осы  Төлебаев 

 

Жапардың  қолынан  шыққан  бұйымдарының  халық  арасында  қолданыс 

 

тауып  жүргендігінен  айқын  байқалады. Осы  кісінің  еңбегі келешекте 

 

жалғасын  тауып,  халыққа  тарату  көзделіп  отыр.

 

       Сонымен  қоса  зергерлік  бұйымдардың  бұрын – соңды кездестірілмеген 

 

жаңа  үлгілері  мен  жасалу  технологиясы  басты  назарға  алынды.

 

Келешек  ұрпаққа кең  көлемде  жеткізіп, жергілікті  жерлердегі 

 

зергерлердің  қолынан  жасалған  әшекей  бұйымдарын  насихаттап, одан 

 

әрі  дамыту  кейінгі  ұрпақ  еншісіне  жүктеледі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Пайдаланылған  әдебиеттер:

 

 

 

  1. Қ. Әмірғазин «Қазақ  қолөнері»  Алматы 1996 жыл

 

  1. Ә. Тәжімұратов  «Шебердің  қолы  ортақ»  Алматы «Қазақстан» баспасы 1977  жыл

 

  1. Х. Арғынбаев «Қазақ  халқының  қолөнері»  Алматы «Өнер» 1987  жыл

 

  1. «Сен білесің бе?» энциклопедиясы Алматы «Аруна» баспасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*