роапа

«Жамбыл Жабаев атындағы №15 Қарсақбай ЖОББ мектебі базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ-сі Дайындаған: Қыдырәлі Нұртас Жетекшісі: Биология пәні мұғалімі-Тілекей Марал Ерланқызы Жоба тақырыбы: Кока-кола сусынының зияны.

«Жамбыл Жабаев атындағы №15 Қарсақбай ЖОББ мектебі базасындағы

Тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ-сі

Дайындаған: Қыдырәлі Нұртас

Жетекшісі: Биология пәні мұғалімі-Тілекей Марал Ерланқызы

 Жоба тақырыбы: Кока-кола сусынының зияны.

 Зерттеу жұмысының мақсаты: Газдалған сусындардың адам денсаулығына зияндығы жайлы іздену, зерттеу.

 

Зерттеу жүйесі: 

Ақпарат көздерін жинақтау, шығу тарихын зерттеу,қорытынды шығару.

 

Зерттеу бағыты: денсаулық

 

Зерттеу әдістері: іздену, зерттеу, баяндау, жүйелеу, салыстыру, ой қорыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Кока –кола сергітетін   алькогольсіз     сусын,  көптеген     елдерде кеңінен     тараған.      The    Coca-CoIa   Company    компаниясының

өнімі;     2006- 2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік сусын болып саналады.

Бірақ осы уақытта  бұның   бәрін   теріске   шығарып  жатырмыз,өйткені

бұл   зат организмге түсе отырып, қатерлі ісікке алып  келетін формальдегид-канцерогенге  айналатын метил спиртін  бөледі.

Өнім   адамға  қосымша  қуат  береді  деу- қате  пікір. Кока-коланы сатуға тыйым салу керек деп сенімді  түрде айта аламыз.

Өйткені  күшті  газдалған бұл  сусынның құрамында қанттың көп екені

анықталған. Қазір , яғни бұлардың зияны анық дәлелденген уақытта ғана аталған өнімнің отаны Американың кей шттатарында оларды сатуға тыйым салынып жатыр екен.Мен де өз пікірімді, үлесімді қосып,ойыммен бөліскім

келеді.Мен де өз зерттеуім және  тәжірбием арқылы , осы сусынның   пайдасы мен зиянын  анықтаймын да , пікірімді  жазып , нәтиже   шығарамын деген ойдамын.

 

ӘДЕБИЕТТЕРГЕ  ШОЛУ

Кока-кола сусыны.  Шығу тарихы.

«Кока-кола» сусынын  1886  жылдың  8  мамыр  айында  (Джоржия штаты, АҚШ)  Атлантада  ойлап  тапқан.

Авторы –Америка   Әскери  конфедерациясының  офицері болған, фармацевт  Джон  Стит  Пембертон (Кока-коланы  бір  фермер  ойлап  тауып, рецепін  Джон  Ститке 250 долларға  сатқан, ол жайлы Джон Стит өзінің сұхбаттарының бірінде айтыпты деген аңыз бар)

Сусынның  атауын  көркем  жазуды  меңгерген  Пембертонның есепшісі Фрэнк  Робисон, осы  уақытқа  дейін  сусынның  логотипі болып  табылатын «КОКА-КОЛА»  деген  сөзді  әдемі  бейнелі әріптермен жазып, ойлап тапқан.

Кока-коланың  негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш  бөлігі   (осыжапырақтардан  1859  жылы  Альберт  Ниман   ерекше   компонентін   бөліп  алып,   кокаин  деп  атаған)   және   кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Бастапқыда   сусынды күнделікті   орташа   есеппен    тоғыз   адам   сатып алатын  болған.Алайда кока-коланың кірісі біртіндеп өсе бастады.

1890 жылдардың    соңына    қарай    кокаинге    деген   қоғамның    пікірі теріс айналып,1903 жылы газеттерде кока-коланы ішкен қаланың лас шеткері түпкірлеріндегі негрлер ақ нәсілділерге қарсы шабуыл жасағандығын айтып,кока-колаға кінә тағады.Алғашқыда   банка   түрінде    сатылған. 1894 жылдан бастап шөлмектерде,ал 1955 жылдан бастап қалбыр ыдыста сатылатын болды.

 

Кока-кола  КСРО-да

1979 жылы «Кока-кола» компаниясының сусындары алғаш Мәскеудегі Олимпиада ойындарына дайындығы барысында пайда болады.Кока-кола 1999 және 2010 жылдары «Жыл Өнімі» ұлттық сыйлығының лауреаты болады. «Кока-кола» компаниясы өкілдерінің айтуынша, сусынның негізгі құпиясы кошениль құртынан алынатын азық-түлік қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант,кока  ағашының жаңғағы,фосфор қышқылы,кофеин, карамель, көмірқышқылы қосылады деп көрсетілген.

Енді өндірушілер сусынның түсін өзгертетін бояу ретінде қолданылатын кошениль құртының еш зияны жоқ деп елді сендіруге тырысуда. Дегенмен «кока-коланың» адам ағзасына келтірер залалы күннен- күнге дәлелденіп отыр.

 

Әлемдегі      спорт    қозғалысын   қолдаушы

1960 жылы Токио қаласында өткен олимпиадада «Кока-кола» Токио және Жапониядағы  тегін қала карталары,қаланың көрнекті жерлері мен көше көрсеткіштерін басып шығаруды мойнына алады.

1992 жылдан бастап «Кока-кола» компаниясы олимпиада алауының эстафетасын ұйымдастырушы және демеушілерінің бірі болып табылды.1978  жылдан     бастап     футболдан      әлем   чемпионатының ресми демеушісі. 2010 жылы футболдан әлем чемпионатына Претория қаласында әлем бойынша 250 жасөспірімдерді жинап ,балаларға арналған лагерь ұйымдастырылды.                         

 

 

Сусынның     құрамы 

Сусынның әр нұсқасының құрамы әртүрлі болып келеді.Ол әсіресе диеталық нұсқасында аз мөлшерде кездесетін көміртекке байланысты. Мұнда «классикалық» нұсқадағы проста Кока-кола нұсқасы берілген.

Сусынның     компонеттері:

Қант

Көміртек   диоксиді   ( Е 290)

Бояғыштар : қант коллері ( 150) , кармазин ( азорубин)  ( Е 122) Ортофосфор     қышқылы   (  Е 338)

Кофеин

Табиғи  хош иістендіргіштер

 

Тағам  құндылығы:

Энергетикалық      құндылығы—42    ккал

Ақуыздар     —0

Майлар    —-0

Көмірсулар—10 мг

Натрий  —-«11,0 мг

Калий  —-1,0 мг

Кальций   —4,0 мг

Магний —-1, 0 мг

Фосфор —  шамамен    17

Кола – тропиктік Африкада өсетін ағаш түрі;кейбір түрлерінің жемістері медицинада  ,ликер және кока-кола сусынын жасауда қолданылады.

 

 

  1. Зерттеу       материалдарымен     әдістері

Қызықты     айғақтар 

  1.  2011 жылы «Национал географик» телеарнасы Кока-кола сусынының зауытын,оның жұмыс істеуі мен дайындау құпияларын көрсетті.

2 . 1989 жылы Кока-кола Мәскеудегі Пушкин алаңына өзінің сауда маркасын енгізген ең алғашқы шетел компанияларының бірі болып табылады.

3.Джон Стит Пембортон деген фармацевт адамға қуат беретін шәрбат ойлап тауып,оған адамды сергітетін кока жапырағын қосқан. Бұл өсімдік көпшілікке «кокаин» деген атпен таныс.Сол уақытта кок жапырағына тыйым салынбаған екен.Уақыт өтекеле шәрбат саудаға шығарылады. Есірткіден басқа оның құрамында спирт те болған, бірақ көпшіліктің өтініші бойынша спирт құрамына алынып тасталып,оның орнына Оңтүстік африкалық «кола» жаңғағының дәмі қосылды. Бірақ сусын тым тәтті болын кетті,оған су қосуға тура келді.Ал оның сыртындағы жазуды есепші Фрэнк Робинсон ойлап тапты.1886 жылы Кока-Кола газдалып сатыла бастады. Пембортонның жаңа кәсібі бірден алға баспады. Ақша аз түсе бастаған соң , ғалым шәрбат формуласын Аза Кендлер деген кісіге 2000 долларға сатып жіберді. Америка Құрама Штаттарына келген кезде қалтасында 1 доллар 75 центі ғана болған. Ол идеяны  жандандырып «Coca- Cola Company» компаниясының негізін қалайды.Соңғы статистикаға жүгінсек, Американың ұлттық сусынына айналған Кока-Коланы әлем бойынша бір минуттың ішінде 8000 адам тұтынады делінген. Оның әзірлеу құпиясы жазылған қағаз жеті қабат жердің астында сақтаулы.

Денсаулыққа    әсері

Дәрігерлердің пайымдауы бойынша Кока-кола әсіресе балалардың баc сүйегіне, ойлау қабілеттеріне орасан зор зиян келтіреді.Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасына кальций, темір секілді ең маңызды элеменнттерді жойып есесіне құрамындағы есірткі зат  өміріңізді екі есеге қысқартады.«Кока-кола» және «Пепси» сусындарын дайындау кезінде пайдаланылатын карамельдердің құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады»-деп жазады газет. Кока-коланы сатуға тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламыз. Өйткені күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені анықталған.Дәрігер мамандар мен ғалымдар сараптамасына назар аударсақ, ішектің созылмалы ауруымен , асқазан ,өт жолдарының және несеп жолдарыауратындарға тұтынбауға кеңес береді.Адам денесіндегі гармондардың түзілуіне кері әсерін тигізіп, жиі қолданғандық шамадан тыс семіруге әкеледі.Жас адамдардың ағзасына әсері күшті.Қан қысымын көтеріп, жүйке жүйесінің ауытқушылығын және ойлау қабілеттерін отырғызып тастайтын да қасиеті бар екен.Орал қаласының ғалымдары Кока-коланы сынақтан өткізген болатын.Тіс үлгісінің қалыбына 5 литр сокты құйып, тәулік бойына қалдырып кеткен , нәтижесінде тіс орнына ақ ұнтақты ғана көреді.

Сусынның құрамында қан айналымын баяулатып , аққан ауруына әкелетін жасанды бояғыштары бар.

 

Пайдалы    жақтары:

Ауруды    уақытша   тоқтататын (обезбалевающее) қасиеті бар.Осы сусынның химиялық  құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар.

Көктем , жаз  айларында жәндік,  шыбын  шағып алғанда ашып немесе ауырып  тұрған жеріңізге кока-коланы құйсаңыз, жеңілденіп қаласыз.

Кока-кола тотты жақсы кетіреді,үйдегі қолданыстан шығып қалған металл

заттарды  бірнеше  сағат сусынға салып  қойып, ысқылап  жусаңыз сол зат

тазарып  шағады.Сусын  құрамындағы  лимон  қышқылы  терезені немесе

автокөліктің   саймандарын  жуу  кезінде жақсы нәтиже  алуға  болады.

Кока-кола  сусынын тамақ  дайындауға да қолдануға болады.

Ол  тек қана дақты кетірмейді,иісті де жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдерді жусаңыз нәтижесі жақсы болады.

Осындай айғақтардан кейін мен де өз тәжірбиелерімді істеп, өз ойымды, пікірімді сыныптас достарыма айтып, іс жүзінде көрсетін , олармен бөлісіп отырдым.

Менің тәжірбиелерім

Мен осы ғылыми жұмыспен айналысқаннан  бері бірнеше тәжірбиелер жасап  көрдім. Осы тәжірбиелер нәтижесін сыныптас достарыма көрсеткім келді,   мына суретте мен достарыма «Кока-кола» сусыны қаншалықты денсаулыққа зиян екенін баяндап, түсіндіріп тұрмын.

Содан соң тырнағымды қол орамалыммен сүрттім,міне қызық лак кетті.

Осындай нәтижені көрген құрбыларым таң қалды , сусын денсаулыққа зиян екен десіп , өз ойларымен бөлісіп жатты. Келесі тәжірбием де сыныптастарымды таң қалдырды.Бір ыдысқа кока-кола құйдым да, оған сүт қостым , көп күттірмей сүтім іріп кетті.Бұл да менің ойлап жасаған тәжірбиемнің бірі.

 

Кока –Коланы сусын ретінде тұтынбау

Осындай дәлелді айғақтардан кейін бұл сусынның денсаулыққа кері әсері бар деп ойладым, оған менің тәжірбиелерім дәлел бола алады.Кока –Коланың былығын еліміздің тұрғындарының  80 пайызы көруде.Себебі , сусынның құрамында қан айналымын баяулататын және аққан ауруына әкелетін жасанды бояғыштар жетерлік.

Сусынды ішсек – денсаулыққа өте зиянды екенін білдік.Елімізде денсаулық сақтау Министірлігі жалпы газдалған сусынды мөлшерден көп ішсе, кері әсері де артығымен болады делінген.Оның көзге көрінетін дәлелі,балаларды толықтырады.Өйткені газдалған сусындарға балалардың бәрі де құмар, күнде мектептен шыққан соң жолшыбай дүкенге кіріп,бір-бір газдалған сусын алады.Бірде бір бала айран немесе сүт алып ішпейді,менің ойым егер кем дегенде он баладай сүт өнімін күнделікті алса, басқалары да 2-3 күннен кейін ала бастар еді деп.

Күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені әбден анықталған .Адамның сүйектері әлсіреп , сусамыр дертіне шалдықтыратыны да белгілі болған.Осындай айғақтардан кейін бұл сусынды мүлдем тұтынбау  керек дер едім.

Осы Кока-коланың сырын ұғып, білаз мағұлтат алдым .Оның адам денсаулығына әкелетін әсерін де білдік,бірақ бұл сусын барлық дүкендердің сөрелерінде толып тұрады, оны көрген біздер ,әрине алып ішкіміз келіп тұрады.Өйткені,сөредегі заттарды үлкендер сатады ғой…

Қорытынды 

Түркияда оның жасалу жолын білгеннен — ақ коланың әкелуіне мүлде тыйым салынды. Бұл сусынды АҚШ — тың солтүстік штаттарында жол полициясы авариядан кейінгі асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады екен. Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен ерітіп жібере алады. Егер бұл сусынға бір тілім етті салып жіберсе, 2 күннен кейін ол тіпті жоқ болып кетеді. Егер кола адам тырнағын, шикі етті, киімдегі, тіпті асфальттағы дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы білеміз, керемет мықты химикат — қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше ол адам ағзасына енгеннен кейін не қылмақ?!
«Кока-кола» (ағылш. Coca-Cola) ─ сергітетін алкогольсіз сусын, көптеген елдерде кеңінен тараған; The Coca-Cola Company компаниясының өнімі; 2006-2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік бренд болып саналады.

Қорыта келе, біз денсаулығымыз жайында көбірек ойлауымыз керек. Тұқымымыздың азып, тоз- тоз болып кетпеуі үшін де, Абылай ханныңтүсіне кірген бақа- шаяндарға айналмауымыз үшін де деніміз сау, мықты болуы шарт. Рухани тәрбиенің орны бөлек. Ал денсаулығына тікелей әсер ететін жай дұрыс тамақтануы, жеміс жидекке үйір болуы, дәріге емес, дәруменге, онда да жасандысына емес, табиғиларына жақын жүруі.
Бірінші байлық денсаулық деген. Бір ғасырлық тарихы бар сусынды жиі тұтынбағанымыз жөн сияқты.

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*