жасдарын значек

Алыбай Нұртуған «Металды шапқымен кесу» Қызылорда политехникалық колледжінің ІІ курс студенті Мамандығы: «Қазандық және шаі дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу слесарі» Металдарды шапқымен кесу МЕТАЛЛ КЕСУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖАРАМСЫЗ БОЛУЫ. ЖҰМЫС ОРНЫН ҮЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

Алыбай Нұртуған «Металды шапқымен кесу» Қызылорда политехникалық колледжінің ІІ курс студенті Мамандығы: «Қазандық және шаі дайындау цехтарының жабдықтарын  жөндеу слесарі»

 Металдарды шапқымен кесу

МЕТАЛЛ КЕСУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖАРАМСЫЗ БОЛУЫ. ЖҰМЫС ОРНЫН ҮЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

Табақша материалдарды өңдеу. Табакдаа іматериалдарды қысқышқа қысып, оның жақтауларының бойымен кеседі. Ол үшін өңдейтін бұйымның белгі сызықтарын қысқыш жақтауларының ернеуімен бірдей етіп бекітеді де, шапқыны жақтау бойымен жылжыта шапқылайды   (38-сурет, а). Материал   қалыңдау   болса, слесарь шапқыны өзіне қарай 35—45°қа бұра ұстайды (38-сурет, б). Соны мен шапқы жүзі кесетін жерге қиғаш түсіп, жоңқа аздап ширатылып отырады. Жалпақ металды қысқышта бөліп кесу үшін (38-сурет, в) шапқыны қысқыш осінің бойымен (дайындамаға перпендикуляр) ұстайды да, қатты соққылап кеседі, содан кейін дайындамаға бөліктейді.

Жазық беттерді шапқымен кесіп өңдеу. Кішілеу детальдарды қысқышқа белгі сызықтар оның жақтауларынан 5—10 мм жоғары тұратындай етіп қысып қойып шапқылайды. Үлкен детальдарды верстак үстінде немесе өзінің қондырылып қойылған жерінде кеседі.

ҚАЙРАУ

 

Шапқы мен крейцмейсель қарапайым қайрау станоктарына орнатылған корундты ажарлайтын   шарықпен   қайралады. Қайрау   үшін   (36-сурет, а)   станокты жүргізіп, ажарлайтын шарықты айналдырып қояды да, шапқыны тіректің үстіне салып ақырын ғана басып ұстайды. Аспап жүзі бір тегіс қайралу үшін, оны біресе оңға, біресе солға жылжытып, астыүстін аударыстырып отыру керек. Негізгі қайрауды бітірген соң аспаптың жүзін қол қайрақпен түзейді. ,     Қайрау кезінде шапкы жүзінің керекті бұрышының сакталуын қадағалау керек; кесетін  жиек түзу немесе сәл ғана  дөнестеу болғаны жөн; жүздің екі жаны оське қарай  біртегіс көлбеу жазықтык, болу керек.

ГОСТ 7211—54 бойынша шапқы мен крейцмейсельдің ең дұрыс қайрау бұрыштары.

Қатты материалдар үшін (шындалған болат, шойын) —70° Қаттылығы орташа материалдар үшін (болат) —60° Жұмсақ материалдар үшін (мыс, жез) —45° және одан аз.

Қайрау кезінде аспапты ажарлатқыш шарықпен қатты басып өте қыздырмау керек, олай етсе құралдың кесетін бөлігі қаттылығын жояды. Шамадан тыс қызбас үшін құралдың қайралып тұрған ұшын мезгіл-мезгіл суға малу керек.

Қайрау кезінде шапқының үшкірлену бұрышын үлгінің көмегімен бақылап тұрған жөн

Шапқы — көлденең қималы сопақша стержень. Шапқының кесетін, соғатын және ұстайтын орта бөлігі болады.

Кесетінбөлігі сына тәрізді болып жасалады. Оның екі қырын егеп қайрағаннан кейін, ол екі жақтың қиылысқан жерінде кесетін жиегі (жүзі) пайда болады.

Шапқының негізгі өлшеміне кесетін бөлігінің жалпақтығы жа­тады. Стандартталған  өлшемі мыналар:   5, 10, 15, 20 және 25 мм.

Шапқының соғатынбөлігі — сабының жоғары қарай жіңішкере беретін төбесі домалақтана біткен тұсы. Былай жасалған форма балғаның соққысы әрқашан шапқының орта тұсына келуін қамтамасыз етеді және шапқының тебесі соққыдан аз тойтарылады (жазық) төбелі шапқының басы көп тойтарылып саңырауқүлаққа ұқсап кетеді.

 

Шапқыны У7 және У8 маркалы болаттардан дайындайды.

Крейцмейсель         (34сурет, б)—бұл жіңішке шапқы, ол детальдарға ойық, жырашық қашап салу үшін қолданылады. Крейсмейсель де стандартталған. Оның жүзінің жалпақтығы: 2, 5, 8, 10, 12 және 15 мм болады.

Профилі күрделі жырашықтарды жартылай шеңбер, төртбұрыш және т. б. жасау үшін крейцмейсельдердің арнаулы формалары қолданылады, олардың жүзі кесетін жиегі бар дөңгелектеу не бұрыш жасай орналасқан болады және т. б. Оларды көбінесе ж ы рашықтар (канавочниктар) деп атайды (34-сурет, в).

Слесарьлық балғалар екі типпен дайындалады:

А типтісі — деңгелек табанды (35-сурет, а)және

Б типтісі — квадрат табанды  (35-сурет, б).

Балғаның негізгі сипаттамасы — салмағы болып есептеледі. ГОСТ 2310—54А типті балға үшін алты нөмір, Б типті балға үшін 8 нөмір тағайындалған.

Салмағы 50—200 г балғалар белгі салу және аспап жұмыстарын жасау үшін; 40—500 г балғалар шапқымен металл қесуге; 600— 1000 г балғалар жендеу жұмыстарына қолданылады.

Балғалар У7, У8, 50, 40Х маркалы болаттардан жасалады. Олардыц соққылайтын басы мен жүзі шыңдалады және қайралады.

Балғаның саптайтын тесігі сопақ дөңгелек формалы болады да, екі жақтағы шығар ауыздарына қарай кеңейтіліп жасалады, бұл балға сабынын. мықты орнауын қамтамасыз етеді. Балға тесігінің ортасы әрқашан оның ауырлық орталығынан жоғары орналаса

 

ГОСТ 2309—54 бойынша балға  саптары құрғақ, қатты

ағаштар тұқымдастарына жататын шетеннен, қызыл талдан, граб

тан, үйеңкіден, ақ қайыңнан жасалады. Олардың сырты жақсы өңделіп тегістелген, кендір майымен майланған болу керек. Can қолдан шыға бермес үшін, кейінгі ұшына қарай жуандау жасалуы шарт. Оның сопақша дөңгелек формалы көлденең қимасының ең жуан және ең жіңішке жерлерінің диаметрінің бірбіріне қатынасы 1,5 : 1 болу керек. Балға сапқа ағаш не кедір-бұдырланған металл сыналардың көмегімен бекітіледі. Олардың қалыңдығы 2—6 мм болу керек.

Салмағына байланысты балға саптарының ұзындығы мынадай болу керек (ммесебімен):

Жеңіл балғалар (400 гға   дейін)   үшіи        200, 250, 300

Орташа балғалар (500—600 г)үшін            320, 360

Ауыр   балғалар   (800—1000 г)үшін         360, 400, 500

 

Шапқымен кескен кездё кесу аспабы металды бөліктерге бөледі немесе жоңқалайды.

Кесу процесіне қолайлы жағдай туғызу үшін кескіш аспаптардың кесетін белігін сына тәрізді пішінді етіп жасайды. Сондықтан, соққан кезде олар кесетін материалға сынаша қадала кіріп, оны бөліктерге беледі.

Сынаныңқалайжұмысістейтінін қарастырайық (32-сурет, а).Егер сынаға біршама күшпен Рәсер етсек, оның бүйір беттеріне тік бағытталған металдың молекулалық бөлшектерін ажырататын нормаль кұштер N пайда болады.

Сынанын. үшкірлену бұрышы р үлкейген сайын нормаль кұштер азаяды да, кесу қиындай түседі. Демек, кесуді оңайлату үшін сынаның бұрышын кішілеу жасау керек.

Бірақ сынаның бұрышын тым кішірейтіп жіберсек, онын, кесетін жүзінің беріктігі азаяды. Сондықтан жұмсақ материалдарды кесетін құралдардың үшкірлену бұрышы аз, жүзі жалпақ болып жасалады. Ал қатты материалдарды кесу үшін көп күшке төтеп беретін куатты қалың жүзді құралдар керек, демек олардың жүзінің үшкірлену ұшталған бұрышы үлкен болып жасалады.

Металды шауып бөлікке бөлген кезде, сынаны соғып кіргізгендегі сияқты, оның екі жақ жанында да үйкелу күші пайда болады. Ол үйкелу күші сынаның кіруіне едәуір кедергі келтіреді.

Металды жоңқалап бөлікке бөлген кезде құралдың жүзін өңдейтін бетке көлбете, үйкелу күші оның бір жақ жанына ғана әсер ететіндей ғып ұстайды (32-сурет, б).

Құрал үшінің өңделетін бетке қараған жағын артқы қыры деп атайды да, жоңқаланатын шетке қараған жағын алдыңғы қыры дейді. Ол екеуінің қиылысқан тұсында кесетін жиегі (кесетін жүзі)

болады.

Құралдың артқы қырымен өңделген беттің арасындағы а бұрышын артқы бұрыш деп атайды. Ол аспаптың артқы қыры мен өңделетін беттің арасында үйкелу кедергісі болмас үшін керек.

Құралдың алдыңғы және артқы қырларының арасындағы бұрышын үшкірлвну бұрышы дейді.

Өңделетін бетке жүргізілген перпендикуляр сызықпен құралдың алдыңғы жанының арасындағы ү бұрышын алдыңғы бұрыш деп атайды.

Бұлардың қосындысы 90° тең болу керек:

а + р + ү = 90°.

Осы жағдайда ү бұрышы формулаға плюс белгісімен кіріп түр. Мұндай алдыңғы бұрыштарды оңбұрыштар дейді.

Кесу аспабының алдыңғы бұрышы үлкен болса, үшкірлену бұрышы аз болады, сонымен кесу үшін көп күш жұмсалмайды, сондықтан аспаптың кесу бөлігінің беріктігі кемиді. Бұл айтылғандарДан шапқымен металл кескен кезде негізгі роль атқаратын келбеу бұрышының алдыңғы қыры мен өңделген бет арасындағы о бұрышын кесу бұрышы деп атайды. Ол үшкірлену бұрышы мен артқы оұрыштың қосындысына тең болады.

б = а + р.

Артқы бұрыш кесу жұмысына әсерін тигізбейді және белгілі бір аспаппен жұмыс істеген кезде оның шамасы тұрақты болып, кесу бұрышы негізінен үшкірлену бұрышына байланысты болады. Кесу бұрышы аз болғанда кесу үшін соғұрлым аз күш жүмсалады, бірақ құралдың беріктігі кемиді. Сондықтан қатты материалдарды кесу үшін кесу бұрышы үлкен болады да, жұмсақ материалдар үшін аз болады (қатты материалдарды кесетін шапқының кесу бұрышы 70°, жұмсақ материалдардікі — 50°).

Аспаптың кесетін бөлігі осал болмас үшін артқы бұрыштың шамасы мүмкіндігінше аз болу керек.

Ол шапқы үшін 5° шамасында. Шын мәнісінде оны ешкім де өлшемейді, жұмыс кезінде өзіненөзі пайда болады. Егер шапқыны бүдан үлкен бұрышпен ұстап соқсақ, ол өңделетін бетке қадалып жүрмейді, ал бүдан аз бұрышпен ұстасақ, ліапқы қашамай құр сырғанай береді.

Сыналап кескен кезде оның жүзі мен алдыңғы жаны металл қабатын итеріп қысады, қысым күші материалдың беріктігінен артылғанда оның беліктері ығысады (жарылады). Соның нәтижесінде жоңқаның элементтері пайда болады. Осы элементтер жоңқа құрайды.

Жоңқалар біртұтс, жарылған және опырылған болып бөлінеді.

Біртұтас жоңқа (33-сурет, а)созылғыш материалдарды (жұмсақ болатты, мысты, алюминийді) өңдегенде пайда болып, онын, түрі үздіксіз бұралған спираль лента тәрізді болады. Ж aр ы лғ а н жоңқаның (33-сурет, б)аспаптың кесетін жүзіне қараған жағы біртүтас жылтыр бет болады да, қарамақарсы жағы өзара осал біріккен элементтердің кедір-бұдыр беттерінен тұрады. Мұндай жоңқа қатты материалдарды (болатты) жонғанда пайда болады. Опырылғанжонқа (33-сурет, в)әр түрлі қабыршақ формалы бірбірімен байланыссыз элементтерден тұрады, ол сынғыш морт металдарды (шойын, қола) кескенде шығады.
 

Шапқымен кесу деп металдарды бөліктерге бөлу үшін немесе олардың артық қабаттарын шауып тастау үшін қолданылатын операцияны айтады. Бұлар алдын ала, тұрпайы операцияларға және шапқымен кескеннен кейін тағы да өңдеуді керек ететінге жатады.

Шапқымен кесу дәлдігі 0,5—1 мм шамасында болады.

Шапқымен кесу кезінде кесетін аспаптар қашау және крейцмейсель, ал ұратын құрал — балға.

Шапқының көмегімен жұмыстардың мынадай түрлерін орындауға болады: металды бөліктерге бөлу; металдың қабаттарын шауып тастау; металдың қүйғанда шығыңқы болып қалған жерлерін maybinтабақша металдан дайындама кесіп алу; әр түрлі тесіктер жасау; деталь сыртына ойық, кертпе жасау және т. б.

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*