опеке

Алматы облысы, Алакөл ауданы «Қабанбай батыр атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 3 «А» сынып оқушысы Бисұлтан Әділет Асхатұлының «Алмұрттың адам ағзасына пайдасы

Қазақстан  Республикасы

Білім  және  ғылым  министрлігі

Орындаған:  Бисұлтан Әділет Асхатұлы

Тақырыбы:  Алмұртың адам ағзасына пайдасы

Бағыты:  Таза  табиғи  орта  —  Қазақстан  —  2050  стратегиясын іске  асырудың  негізі

Жетекшісі:  Окасова Тулеш Хасеновна

Секциясы:  Бастауыш сынып

                 2016ж.

Алматы облысы, Алакөл ауданы

«Қабанбай батыр атындағы орта

мектебі мектеп жасына дейінгі шағын

орталығы бар» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

3 «А» сынып оқушысы

Бисұлтан Әділет Асхатұлының

«Алмұрттың адам ағзасына пайдасы»-

тақырыбында  жазған  жұмысына

 

Пікір

 

 

«Қабанбай батыр атындағы орта  мектебі мектеп жасына дейінгі шағын                                                      орталығы бар» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің 3 «А» сынып оқушысы

Бисұлтан Әділет «Алмұрттың адам ағзасына пайдасы» —  тақырыбы төңірегінде  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген.

Алмұрт  —  раушангүлдер  тұқымдасына  жататын  жемісті  өсімдік  екенін, табиғатта  бірнеше  түрі  болатынын,  алмұрттың  өте  пайдалы  жеміс екендігін жақсы зерттеген. Алмұрттың әртүрлі  дәрумендерге  толы,  адам  ағзасына  тигізер  пайдасы  зор  екендігін  анықтап,  жан-жақты  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген. Жұмыста автор ізденіс  иірімдерін  ширатып,  өмір  өрнегінде  тиімді  пайдалану  жолдарын  қолға  алу  керектігіне  баса  назар  аударған.

Бүгінде  емдік  қасиетке  бай  алмұрт  ағашын  зерттеудің  заман  талабына  сай  ерекшелігі  болғандықтан,      сынып оқушысы  «Алмұрттың адам ағзасына пайдасы» — тақырыбында жазған ғылыми жобасы аудандық ғылыми жобалар байқауына  ұсынуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетекші: Бастауыш сынып мұғалімі

Окасова Тулеш Хасеновна

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

 

 

 

1.Кіріспе

 

Алмұрт туралы жалпы түсінік

 

 

 

  1. Негізгі бөлім

 

1.Алмұрттың пайдасы

2.Алмұрттың құрамы

  1. Алмұрт жайлы қызықты деректер.

4.Алмұртты қыс мезгіліне сақтау амалдары

 

  1. Қорытынды бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация.

 

Бұл жұмыста автор алмұрттың адам денсаулығына пайдасы көп және ауруға қарсы тұратын дәрумендерге бай жеміс екендігін дәлелдеген. Көрнекі түрде алмұртты үй жағдайында және шаруашылықта пайдалану жолын көрсете білген. Жұмыс балаға жеміс – жидектердің пайдалы қасиеттерін танытуға бағытталған. Алмұрт өсімдігінің құрамында көптеген пайдалы заттардың барлығымен танысасың.

 

 

 

 

Аннотация.

 

В данной работе  автор доказал, что груша  является очень полезным для здоровья человека  фруктом, так как содержит большое количество витаминов и обладает антисептическими и бактерицидными свойствами. Также удалось доказать и наглядно продемонстрировать на опытах, что груша  незаменима в хозяйстве. Проект направлен на развитие у детей знаний о пользе фруктов и овощей. При проведении проекта дети узнают, какие витамины содержатся в груше.

 

 

 

 

Annotation.

 

In hired author proved that a pear was a very healthy man fruit, because contains plenty of vitamins and possesses antiseptic and bactericidal properties. It was also succeeded to prove and evidently show on experiments, that pear irreplaceable in an economy. A project is sent to development for the children of knowledge about the benefit of fruit and vegetables. Deliver emotional pleasure. During realization of project children know, what vitamins are contained in a pear.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу мақсаты: Алмұрт туралы мәліметтер жинақтап, зерттеу жүргізу. Ел экономикасын көтеруге өз үлесімді қосу.

 

 

 

Гипотеза: Бұл жұмыс кезінде мен іздену, зерттеу, бақылау, тұжырымдау әдістерімен жұмыс жүргіздім. Зерттеу бөлімі 3 бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлімде алмұрт туралы, негізгі бөлімде алмұрттың пайдасы, емдік қасиеттері, алмұртты қысқа сақтау, қорытынды бөлімде жеткен жетістігім мен ұсыныс-пікірлер қамтылды.

  1. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеті айқындалып, зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізілді.
  2. Барлық материалдар тақырыпқа сай жинақталып, қорытынды пікір жазылды.

 

 

 
Зерттеу әдістемесі: Жұмысты баяндау, интернет желісі материалдарын пайдалану, жинақтау, саралау әдістері басшылыққа алынды.

 

 

 
Зерттеу жаңалығы: Ғылым жетістіктерін пайдалана отырып, алмұрт өсіру және оны пайдалану.

 

 

 
Зерттеу нәтижесі: Алмұрт өсіруді қолға алу, емдік қасиетін пайдалану, асханада қолдану.

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Алмұрт

Алмалар тұқымдасына жататын жемісті өсімдіктердін бір туысы. Алмұрт көбінесе үлкен ағаш, кейде ұзын бұта болып өседі. Алмұрт – раушангүлдер тұқымдасына жататын жемісті өсімдік. Табиғатта 18 түрі бар. Сұрпына қарай биіктігі 2-3 метр аралығында болады. Өмір сүру ұзақтығы 50-80 жыл, кейбір түрлері 150-300 жылға дейін өмір сүреді. 8-10 жылдан кейін жеміс береді. Жапырақтары жұмыртқа пішінді немесе домалақ, ұштары үшкірлеу, ұзындығы 3-7 см. Алмұрттың гүлдеуі сәуір, мамыр айларында, жапырақтары шыға бастаған кезде басталады. Гүлдері ақ, хош иісті, жәндіктерді өзіне тартады. Бір алмұрт ағашынан 10 кг-нан 40 кг-ға дейін жеміс алуға болады. Жарық жерде жақсы өседі, көлеңкеге де шыдамды, бірақ көлеңкеде өссе, жемісті аз береді. Қысқа өте төзімді. 20 жылдан астам өмірінің ішінде бұған аяздың тигізген әсері байқалған емес.

Алмұрттың ағашы құрт-құмырсқаға да, паразит саңырауқұлақтарға да бой бермейтін төзімді келеді. Жемісінің өздігінен зақымданған жері тез жазылып кетеді. Жемісін қыркүйектің аяғында жинайды, сәуірге дейін сақтауға келеді.

Дүние жүзінде 18-ге жуық түрі белгілі. Олар ауа райы қоңыржай және субтропикалық аймақтарда өседі. Қазақстанда кәдімгі алмұрт немесе орман алмұрты, Регель алмұрты, құлжа алмұрты немесе кеш пісетін алмұрт деген түрлері бар. Алмұрт көп күтімді қажет етпейді, жылу сүйгіш, суыққа төзімді ағаш. Биіктігі 2-3 м болады. Бұтақ шоғырының аумағы жалпақ, пирамида тәрізді. Жапырағы жұмыртқа пішінді, түксіз, жылтыр. Гүлі ақ, қызғылт, сарғыш, кейде қызыл түсті, гүлтабақшасына шоғырланған. Жемісі — сары, жасыл не қызғылт түсті сопақша келеді. Салмағы  20-400 гр-дай. Алмұрт отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда жеміс бере бастайды, 50-100 жылдай өседі. Мәдени сорттарын ұластыру арқылы өсіреді. Қазақстанда 14 сорты будандастырылған, оның Орман аруы, Талғар аруы, хош иісті Алмұрт, деген сорттары кең тараған. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында өсіріледі. Өсімдік зиянкестеріне төзімді, көбіне ауруға шалдықпайды. Алмұрт – бағалы ағаш, гүлінен аралар бал жинайды. Жемісінің құрамында 80-84,3% су, 10-13% қант, глюкоза, фруктоза, сахароза, 0,1-0,6% қышқыл, илік және 0,4% азотты заттар, В, С витаминдері, каротин болады. Одан тосап, шарап т.б. сусындар дайындалады. Алмұрттың негізгі зиянкестері мен аурулары — бүрге шіркейі, Алмұрт биті, Алмұрт көк көбелегі, тазқотыр т.б.

 

 

 

1.Алмұрттың пайдасы

 

Алмұрттың пайдасы көп. Қан қысымын түсіреді, ағзаның радиацияға қарсы күшін арттырады. Алмұрттың қышқыл сорты сусамыр мен семіздікке, ал тәтті түрлері бүйректегі тасты түсіруге көмектеседі.
Денсаулықты жақсарту үшін күніне бір алмұрттан кем жемеу керек. Қаны аз адамдар күніне 400-600 грамм алмұрт жеуі абзал.
Бүйректе тас пайда болудың алдын алу үшін алмұрттың құрғақ қабығын ұнтақтап, бір стақан ыстық суға араластырып, үш рет бір ас қасықтан бір ай бойына тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. Бір апталық үзілістен кейін емді қайта бастауға болады.

Жөтелдің алдын алу үшін ұсақтап туралған құрғақ алмұртты қайнаған сумен араластырып, 5 минут отта ұстайды. Одан соң жарты сағат суытып қояды. Тұнбаға бір ас қасық бал қосып, жарты стақаннан күніне үш реттен тамақтан жарты сағат бұрын ішу керек.

Зат алмасуды жақсарту үшін төрт-бес алмұртты ұсақтап турап, бір литр су құйып, 10 минут қайнатады. Тұнбаны шай ретінде ішу керек.
Зат алмасудың бұзылуы негізінде буынның салқын тиіп ауруы кезінде алмұрттың екі ас қасық құрғақ қабығын жарты литр қайнаған суға салып, 5 минут қайнатады. Қоспаны 15-20 минут тұндырып, жылы күйінде күніне үш рет жарты стақаннан тамақтанардан 10-15 минут бұрын ішеді. Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуыққа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. Алмаға қарағанда алмұртта жасуық мөлшері көбірек, сол себепті тәнге баяу сіңеді.
Алмұрт тәтті болғанымен, оның құрамындағы қант мөлшері  алма, өрік сияқты жемістерге қарағанда аз. 

Алмұрт – суық тию, өкпе және қан тамыр аурулары кезінде таптырмайтын ем. Жүйке жүйесі және ас қорыту жұмысын жақсартады. Алмұрттың бірқатар сорттары йодқа бай. Сондықтан алмұртты йод тапшылығына душар болған жандар күнделікті пайдаланғаны жөн. Бүгінде емдік қасиетке бай алмұрт ағашының жапырақтары мен дәнін кейбір дәрілерге қосады. Кепкен алмұрт жемісімен қант диабеті, бауыр, бүйрек, өт, жүрек және инфекциялық ауруларын емдейді.

        Алмұртты көп мөлшерде аяғы ауыр келіншектер, емізетін аналар және балалардың пайдаланғаны жөн. Себебі, жеміс құрамындағы калий сүйек, тырнақ, шаш өсімін жақсартып, қан құрамындағы гемоглобин мөлшерін көбейтеді. Ал артық салмақтан арылғысы келетін жандар күніне 3 стакан алмұрт шырынын (не кепкен жемістерден қайнатылған компот) ішкені абзал.Алмұрттың нәрлілігін естен шығаруға болмайды. Ол ас қорыту жүйесін жақсартады, иммундық жүйені реттейді, салмақ түсіреді. Нәрлілік жүрек-қан тамырларының жүйесін жақсартады, қантты реттеп, денеден уытты заттарды шығарады. Оның шырындылығы (84 пайыз су) барлық жүйенің жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

 

  1. Алмұрттың құрамы

 

Диетологтар алмұрттың пайдалылығы жайында сирек айтады. Ал алмұртта антиоксидант, флавоноид мол екен. Бұл ретте оның құрамында май, холестерин жоқ, орташа нәрлі, деп жазады.

Бір алмұртта 101 калория, 27 грамм көмірсу, 1 грамм ақуыз бар. Ол күндік қажеттілікте С дәруменінің 12%-ын, К дәруменінің  10%-ын, калийдің 6%-ын     қамтамасыз етеді, сондай-ақ оның құрамынан кальций, темір, магний, рибофлавин, В6 дәрумені және фолотты табуға болады.

Оның құрамында А,В,С,Р,РР дәрумендері, органикалық қышқылдар, фитонцид, флавоноид, каротин кездеседіВ9 дәрумені (фолий қышқылы) ағзадағы қан айналымды жақсартып, иммунитетті күшейтеді. Ал А дәрумені, аскорбин қышқылы және кальций жүрек ауруларының алдын алып, сүйектердің қатаюына жол ашады.

Алмұрт шырының құрамында 80٪ тен жоғары су құрамы болады, су ішуді үнемі ұмыт қалдыратын қарттар, алмұрт шырынын ішсе су құрамын толықтауына болады.

Дәрумен және кальций, фосфор, темір сияқты көп түрлі ем-дәмдік құрамы бар. Қант құрамы 12%-14%, ең жоғары болғанда 16,5 % болады. Алмұрттың кенеулігі мол, құрамында органикалық қышқыл, ақуыз, минералдық зат және дәрумендер бар.

 

 

 

  1. Алмұрт жайлы қызықты деректер.

 

Алмұрт ағашы әуелі Ежелгі Қытай жеріндегі Кунь-Лунь тауында пайда болған. Қытай халқы алмұрт «ұзақ ғұмыр мен үлкен махаббаттың нышаны» деп есептеген. Алмұрт ағашының діңгегі қатты, тамырлары терең және ол жүз жыл жасайды. Мереке күндері олар бір-біріне піскен жеміс немесе алмұрт ағашының бұтақтарын сыйға тартқан. Сондай-ақ, ертеде алмұрт «нәзік жеміс» деп атаған. Себебі, ол пішіні жағынан әйел затының сыртқы келбетіне ұқсас келеді.

Ежелгі Грекияда алмұрт сый-құрмет белгісі болған. Гректер алмұрт жемісін «Құдайлар асы»деп атаған. Себебі, алмұрт ағашы биік әрі бұтақтарын кең жайған.

Алмұрт тек махаббат, нәзіктік, сыйластық белгісі ғана емес, денсаулық нышаны да болған. Ертеде алмұрт ағашының жапырақтарымен дене жарақаттарын таңған, ал жаңа жемістен жас босанған келіншектерге «күш жинасын» деп дәм таттырған. Уақыт өте келе алмұрт жемісін ғалымдар тереңірек зерттеп, оның құпиясын аша білген.

Алтын алмұрттың өсірілу тарихы ұзақ, алмұрттың пішініне қарай осылай аталған. Басты ерекшеліктеріне келсек, жемісі ірі, әдеттегі салмағы 175 грамм, ең үлкендері 400 грамм тартады. Қабығы жұқа, ұрығы ұсақ, шырыны мол. Хош иісті, кіршілдек, жеуге жағымды, ежелден  «тәңірінің өзі берген шәрбат» деген әдемі аты бар. Алмұрттың сырты жылтыр, еті кіршілдек, қант құрамы жоғары, қышқылтым әрі тәтті, «Жерге түссе күл парша, ауызға түссе балдай еріп кетеді» деген даңқы тағы бар.

Ингушетияда бір бағбан салмағы 1,5 кило алмұрт беретін ағаш өсірді. Сурхахи ауылының тұрғыны Аббасс Матиев бұл ағашты базардан жеті жыл бұрын сатып алған және оны ата-бабасының өсиеті бойынша өсірген.

“Алғашқы алты жылда ағаштың, тіпті, гүлдері де болмаған. Кейін гүл шыққан кезде, маған оларды жұлып тастап, жемісті өсірмеу керек деген еді. Ал сегізінші жылы үш алмұрт өсіп шықты. Біреуінің салмағы екі кило болды”, – дейді 67 жастағы әуесқой бағбан.

Ағашта орта есеппен 100 алмұрт өседі, әрқайсысының салмағы 800 грамнан кем емес.

Гиннестің рекордтар кітабында салмағы 1 кило 405 грамм болатын алмұрт жазылған. Сондықтан ингуш бағбанының тарихта қалуға мүмкіндігі бар.

 

Есіңізде болсын!

  • Піспеген алмұртты ешуақытта пайдаланбаңыз.
  • Қарт адамдарға қатты әрі қышқыл алмұрт сорттарын пайдалануға болмайды. Себебі, оны асқазан ұзақ қорытады (есесіне өзге ішкі ағза мүшелеріне зақым келеді).
  • Алмұрттан дәм татқан соң, су ішуге, ыстық тамақпен ауқаттануға болмайды. Сондықтан да алмұртты ауқаттан соң, пайдаланыңыз.
  • Алмұртты аш қарынға жеуге болмайды. Оны түскі ас мәзіріне қосқан жөн.

 

 

4. Алмұртты қыс мезгіліне сақтау амалдары

Бау-бақшаңыз алмұрт өніміне бітік болды делік, алмұрт жемісінің өзін ғана емес құрамындағы пайдалы қасиеттерімен бірге сақтау үшін не істеу керек? Шындығында бәрі оңай – тек кейбір ережелерді сақтасаңыз жеткілікті.

Жаңа піскен алмұртты қалай сақтау керек?

Алмұрттың барлық сұрпы ұзақ сақтауға келмейді. Жазда пісетін алмұртты ұзақ сақтай алмайсыз, ал күзгі алмұртты құрамындағы дәрумендері мен дәмімен бірге Жаңа жылға дейін ғана сақтай аласыз. Есесіне қысқы алмұрт хош иісі мен пайдалы қасиеттерімен көктемге дейін қуанта алады. Дәл сол үшін қыс мезгіліне әртүрлі сұрыптағы алмұртты таңдаған жөн.

 

Алмұртты сақтауға дайындық

Жаңа піскен алмұртты ұзақ уақытқа сақтардың алдында оларды мұқият сұрыптау қажет. Талдан сәл дүмбілез күйінде алынған, бетінде дағы жоқ, құстар шұқып тастамаған, құрт түспеген, құп-құрғақ, жалпы айтқанда толық бүтін жеміс қана ұзақ сақтауға жарамды. Қалған түсімді, оның ішінде жерге түскен алмұрт тарды өңдеп сақтауға – мысалы, тосап күйінде, компот немесе кептіріп сақтауға болады.

Сонымен, алмұрт сұрыпталды және ең жақсы үлгілері таңдалды. Енді оларды тағы бір іріктеп, 3 бөлікке – кішкентай, орташа және үлкен жемістерге бөліп шығу керек. Бұл не үшін қажет: бір ыдыста ірі жемістер мен ұсақтарын сақтауға болмайды, өйткені салмақтылары кішілерін басып тастайды.

 

Алмұртты сақтайтын ыдысты таңдаймыз

Алмұрт сақтайтын ыдыс сыртқы зақымнан қорғай алатын және ауа өткізетіндей болуы қажет. Бұған сәуле түсетіндей тетіктері бар ағаш жәшіктер немесе пластик, тор төрткілдештерден жасалған шәшіктер жарайды. Ең бастысы, ыдыс құрғақ және зең баспаған болуы қажет.

Сабанға салынған алмұрт да жақсы сақталады, сонымен қатар мыж қағазға орап (тым құрығанда – газетке), емен немесе үйеңкінің құрғақ жапырақтарын сеуіп сақтауға да болады. Бұған қоса ағаш жоңқасы, пеште қыздырылған құм, қарақұмық қауызы, мұқият кептірілген пішен алмұртқа жақсы қорған бола алады. Қағаздан басқасының амортизациялау түп негізі 2 см-ден кем болмауы тиіс.

 

Алмұртты қалай орналастыру керек?

Кейбір бағбандар алмұрттарды жәшікке салмас бұрын әр жеміске 2% хлорлы кальций ерітіндісін егу керек деп кеңес береді. Осылай өңделген және кептірілген алмұрт солу процесіне аз ұшырайды деп есептейді. Бірақ негізінде табиғаттың өзі алмұрттың күз бен қыс сұрыптарында ұзақ сақталуына жауап беретін арнайы қабат түзейді. Сондықтан сақтар алдында алмұртты жуу мен сүртуге болмайды, әйтпегенде табиғаттың қорғаныш қабатын бүлдіріп аласыз.

Қапталған алмұртты сақтауға жібермес бұрын, ыдысқа белгі салып қойыңыз, яғни кіші жемістер қайсында, орташасы қайсында және ірілері қайсында сақталғанын белгілеңіз. Және тұтынуды ұсақ жемістерден бастаңыз, өйткені олар ылғалдылығын тез жоғалтады. Кейін ең ірілеріне көшіңіз – олар солуға көбірек бейім. Және тек орташа үлгілері ғана көктемге дейін жақсы сақталады, егер, әрине оны дұрыс сақтасаңыз.

 

Алмұртты қайда сақтау керек?

Алмұрт сақтауға ең қолайлы жер – ауасы жаңарып тұратын жерқойма. Алмұрт сақталған жәшіктерді жерге емес, сөрелерге қою керек. Жанында картоп, сарымсақ пен пияз жәшіктері болмауын қадағалаңыз. Мұндай көкөністермен бірге сақталуы оның хош иісіне кері әсер етеді. Өнімдерді сақтайтын жерқойманың температурасы 0 мен 7 градус аралығында болуы қажет, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 70-80%.

Егер жерқоймаңыз болмаса, алмұртты қала пәтері жағдайында сақтап көруге болады. Ол үшін алмұртты жарты килограммнан целлофан пакеттерге салып, аузын байлап, ал жанынан тілік жасап қойыңыз – бұл желдеткіш тетік болады.

Пакеттерді ең салқын жерге, мысалы тоңазытқыштың төменгі бөлігіне немесе балкон есігінің түбіне (немесе әйнектелген жылытылмайтын балконға) қойыңыз. Ең бастысы оларға күн сәулесі түспеуі керек. Әрине, сақтаудың мұндай түрі азын-аулақ түсімге ғана жарайды.

Бұдан өзге, әйнектелген балконда алмұртты жәшікте, жоғарыда аталып өткен тәсілмен сақтауға болады – сабанға немесе қағазға орап. Екіншісін пайдаланған тіпті ыңғайлы, өйткені бір алмұрт шіри бастаса басқаларына жұқпайды.

Ал егер бірнеше килограмм алмұртты жаңа піскен күйінде сақтауға еш мүмкіндік болмаса, онда оны өңдеуге кірісіңіз. Алмұрттан тосап дайындау, компот жасау және кептіру тиімді. Сақталатын алмұрт ұрылмаған болуы керек. Пісе қоймаған алмұртты сақтау, дәмі болмай қалады. Ал тым ұзақ пісіп кеткен алмұрт ұзақ сақталынбайды. Алмұртты  ағаш жәшіктерге салып, әрқайсысын жеке жеке қағазға орап сақтау керек. Алмұрттарды тез қарап, арасынан бұзылғандарын теріп, отыру керек. Сорттап жылы жерге кіргізуге болмайды. Сақтаған жерде сорттаған дұрыс. Әр қағазды ашып, тексеріп отыру да оңай емес. Оны пакетке салып сақтауға да болады. Пакеттің сапалысын таңдап, әрқайсысына бес алтаудан артық салмайсыз. Оның бәрін ашып, әуре болмайсыз.

 

Қорытынды

 

Алмұрт — иісі жұпар, тәтті дәмі бар, пайдасы мол жеміс. Бұл жемістің пайдалылығы ертеден-ақ белгілі болған. Алмұрт жемісі адам ағзасына көп пайдалы. Көптеген ауруларға ем болады. Тағам ретінде де көп пайдаланады. Алмұрт жемісін өсіру көп пайда келтіреді. Туған өлкем айдынды Алакөл ауданы аймағында орналасқан Жоңғар Алатауы жерінде алмұрт жемісін өсіруге барлық жағдай бар екендігін зерделей келе, болашақта аудан, ауыл азаматтары алмұрт өсірумен айналысса, елімізге көп пайда келтіреді деп ойлаймын. Мен де өз үлесімді қосар едім.

 

Мен алмұртпын,алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

Қарап ұқсас сұрқыма,

Ұқсатты алма тұрқына.

Біздің жеміс деп мұны,

Мақтанар грек жұрты да.

Қуаң, мейлі, шөл мекен,

Ете берер ол мекен.

Шырыны мол жеміс бұл,

Жеп көр өзің, сенбесең.

Тіл үйірілген алмұртпын
Таңсығымын  бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды
Қараса егер  салғырт кім?

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы
  2. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.
  3. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз.Сов.энцикл.Бас ред.
  4. Құлжабаева Г.Ә.; «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені
  5. Жемістер: Дидактикалық материал. — Алматы, 2011.
  6. Жаңабаев Қ., Саудабаев Т., Сейітов И. «Өсімдік шаруашылығы өнімдері»
  7. Тимирязов К.А. «Егіншілік және өсімдіктер физиологиясы», Алматы:
  8. Оспанова Ө., Жамалбеков Е, «Құнарлы жер – құтты мекен»
  9. Мамышов М.М. «Топырақ және өсімдік экологиясы», Алматы: Агроуниверситет, 2009ж.

 

 

 

 

 

Мазмұны

1 Пікір

 

2  бет
2 Жоспар

 

3 бет
3 Аннотация

 

4 бет
4 Жұмыстың мақсаты

 

 

5 бет
5 Кіріспе

 

6 бет
6 Алмұрттың пайдасы

 

7 — 8 бет
7 Алмұрттың құрамы

 

9 бет
8 Алмұрт жайлы қызықты деректер

 

10 бет
9 Алмұртты қыс мезгіліне сақтау амалдары

 

11 – 12 беттер
11 Қорытынды

 

13 бет
12 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

14  бет
13 Жұмыстың күнделігі

 

16 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қабанбай батыр атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын

орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3 «А» сынып оқушысы

Бисұлтан Әділет Асхатұлының

ғылыми қоғамда  атқаратын жұмыс жоспары

 

 

қ/с

 

Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері

 

 

Жұмыс істеу дәрежесі

1 Оқушының зерттеу әрекеті, зерттеу тәртібін түсіндіру жолдары әр аптада
2 Таңдалған тақырып төңірегінде түсіндіру жұмыстары әр аптада
3 Ізденіс иіріміне ғылыми тұрғыда бағыт бағдар беру әр аптада
4 Жаңашылдық  ғылым мен техниканың жетістіктерін тиімді пайдалану жолдары әр аптада
5 Кітапханамен байланыс жұмыстары. Еріктілік принціпін тиімді пайдалану әр аптада
6 Айналысу принципін  жүзеге асыруға мүмкіндік жасау әр аптада
7 Тақырып бойынша ізденістерін ғылыми тұрғыда жүйелеу жолдарын қолға алу әр аптада
8 Өзара пікір алмасу дидактикалық шығармашылық әрекетін жандандыру(яғни  оқу материалдарын, оны оқушыларға беру мен меңгеруге байланысты әртүрлі амалдарды іріктеу және құрылымдау жөніндегі оқыту әрекетін қолға алу). әр аптада
9 Жеке бас ерекшеліктерін ескеру, жоспарлау. Өз бетімен демалуына мүмкіндік жасау, тәжірибені игеру. әр аптада
10 Көсемпаздық педагогиканы жандандыру, білім берудің тиімділігі, яғни идеялар мен жаңалықтар жасалынып тексеруден өткізуді жүзеге асыру. әр аптада
11 Интернетпен жұмыс Аптасына 2 рет

 

 

 

Жетекшісі:                                                          Окасова Тулеш Хасеновна

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*