opiilk

Тақырыбы: “Кішкентай батарейканың үлкен зияны” Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аулынаның Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебі

Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау аулынаның Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебі

opiilk

 Ғылыми жоба

Тақырыбы:  “Кішкентай батарейканың үлкен зияны”

Дайындаған: 4 “б” сынып оқушысы  Мақымов Саясат.

Жетекшісі: Самиева Балкенже Онгарбековна

Мазмұны:

1.Кіріспе бөлімі

* Батарейканың шығу тарыхы

2.Зерттеу бөлімі

*Батарейканың түрлері

* Батарейканың құрамын зерттеу

* Батарейканың  зияны туралы тәжірибе жасау.

3.Қорытынды

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Тақырыптың өзектілігі:

Біз дүкеннен жиі батарейкалар сатып аламыз. Бірде мен, батарейканың сыртындағы  сызып тасталынған қоқыс жәшігінің  белгісін көрдім. Мен бұл белгінің, батарейканың қоқысқа тастауға болмайды екендігін түсіндім. Сонда менің ойыма “НЕЛІКТЕН?” деген сұрақ келді.

Зерттеу мақсаты:

  • Тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау;
  • Пайдаланылған батарейкалардың зиян екендігін анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу жүргізу;
  • Сыныптастар мен таныстарымның арасында сауалнама жүргізу;
  • Батарейкалардың пайдалану ережесі туралы хабардар ету;
  • Зерттеу нәтижелерін жинақтап, қорытынды жасау және пайдаланылған батарейкалардың қолдану ережесі туралы сыныптастар мен таныстарымды хабардар ету.

Міндеттері:

1.Батарейкалар туралы, оның түрлері туралы танысу;

2.Батарейкалардың қоршаған ортаға зияны бар екеніне көз жеткізу;

3.Тәжірибе арқылы қоршаған ортаға зияны бар екеніне дәлелдеп көрсету;

ГИПОТЕЗА

Пайдаланылған батарейкалардың көпшілігі қоқысқа лақтырылып, қоршаған ортаға үлкен зиянын тигізу мүмкін.

Кіріспе

Қазіргі технология дамыған заманда, электр қуатын талап ететін әртүрлі гаджеттер бар. Оның біреулері тікелей тоқ көзіне қосылса, басқа түрлері тек батарея арқылы жұмыс жасайды. Қайта зарядталатын батареяларды есепке алсақ та, ерте ме, кеш пе барлығы істен шығады. Істен шыққан батареямен не істейсіз? Осы сұраққа көпшілік қоқысқа тастаймыз деп жауап береді. Ал батареяның сыртында қоқысқа тастауға болмайды деген арнайы белгі бар екенін барлығымыз көрсек те, аса мән бермейміз.

Бір кішкентай батареясы 20 шаршы метр жерді немесе 400 литр суды уландыратынын ескерсек, бұл белгінің болуы орынды. Ормандағы 20 шаршы метр жер екі ағаш, екі көртышқан, бір кірпінің немесе бірнеше мың жауынқұртының мекені. Сіздің қоқысқа тастаған батарейкаңыз өзіңізге кері әсерін тигізбейді десеңіз қателесесіз. Өйткені қоқыс тастайтын жерге түскен батарейканың сыртқы қабаты ыдырап, ішіндегі барлық улы заттар жерді, жер асты суларын, сол маңды мекен ететін өсімдік, жануарларды уландырады. Ол судың айналып келіп, сіздің ішетін күнделікті тостағаныңыздан шықпауына кепіл жоқ. Не уланған балық, не уланған сумен суарылған жеміс, көкөністің дастарханыңызда тұруы әбден мүмкін. Ал, егерде батарейка қоқыс өртейтін зауытқа түссе, оның ішіндегі барлық улы зат өртеніп, атмосфераға шығады. Ал атмосфера барлығымызға ортақ ауа мекені. Улы газдармен демалу, адамзаттың иммунитетін төмендетіп, онкологиялық ауруларға шалдыққыш қылып, денсаулығыңыздың нашар болуына әсерін тигізеді.

БАТАРЕЙКАНЫҢ ТАРИХЫ         

Луиджи Гальвани 26 қыркүйек 1791 жылы бақаның аяғы мен денесіне екі әртүрлі тоқ өткізгіш сымдарды тигізу арқылы бақаның аяғының көтерілгенін және сымдардың тоқ өткізетіндігін байқады.

Алессандро Вольта 20 наурыз 1800 жылы алғашқы батарейканы жасап шығарды.

Батарейка неліктен зиян?

Себебі оның құрамында әртүрлі адам ағзасына, денсаулығына зиян келтіретін ауыр металлдар бар. Олар қорғасын, марганец, кадмий, никель, сынап және т.б..

Қорғасын. Бүйректе жиналады. Ол мидың, нерв жүйелерінің ауруына алып келеді.
Кадмий. Бауырда, сүйектерде, бүйректе жиналады. Канцероген болып табылады, яғни рак ауруларын туғызады.

Сынап. Миға, нерв жүйесіне, бауырға, бүйрекке әсер етеді. Көру, есту, қимылдау қабілетінің нашарлауына, тыныс алу жүйесінің ауруына алып келеді. Металды сынап – у. Адам ағзасына әсері бойынша қауіпті заттар ішіндегі 1-ші классқа жатады. Ағзаға түскен сынап, қорытылмай, адам ағзасында жиналады.

Америка Құрама Штаттарындағы қоршаған ортаны қорғау ұйымының есептеуі бойынша, барлық қоқыстың 0,25% ғана батарейкалар болса, осы 0,25% барлық қоқыстың қоршаған ортаға деген зиянының 50% құрайды.

Осыдан басқа сұрақ туындайды: істен шыққан батарейкаларды қайда тапсыру керек?
Негізі батарейкаларды арнайы зауыттарда кәдеге жарату керек. Өкінішке орай, соңынан шыққан шикізат құны, утилизация процесін ақтамайды. Сондықтан ондай зауыттардың саны жер шары бойынша санаулы ақ. Және ондай шаралар мемлекеттің әрдайым қолдап отырғанын талап етеді. Дегенмен кей мемлекеттер утилизация жасамаса да, қоршаған ортаға деген зиянын минималды көрсеткіште ұстау үшін арнайы қоймаларда сақтайды.

Еуропа мемлекеттерінде батарейка қабылдау нүктелері өте көп. Оқу орындарында, әрбір жұмыс мекемелерінде, сауда орталықтарында және басқа да жерлерде бар. Соның өзінде бір жылда шамамен сатылған 160 000 батарейканың 55%-ы ғана жиналады екен.

Қазақстанда батарейка қабылдау нүктелері әлі кең өріс алмады. Алматы қаласы бойынша бірнеше мекеме қабылдайды. Қазір батарейлерді жұмыс орным, «Гүлстан» мекемесіне тапсыруға болады.

ТӘЖІРИБЕ

Үш ыдысқа бірдей мөлшерде су құямын .

Біріншісіне кішкентай батарейканы, екіншісіне крона батарейканы саламын. Ал үшіншісіне енштеңе  салмаймын.

 

Барлық банкаларға өсімдікті салып қоямын. Өсімдіктерге батарейканың зияны бар екенін қадағалаймын.

Бақылауымның екінші күні

Батарейка салынбаған банкада өсімдік жақсы сезінуде. Жапырақтары жылтыр, қатты.

Кішкентай батарейка салынған банкада су лайланғанын және өсімдік жапырақтарының жұмсап кеткенін байқадым .

Крона батарейка санлынған банкада су лайланды, даттанып жатқанын және өсімдік жапырақарының түсіп жатқанын байқадым.

Бақылауымның үшінші күні

Кішкентай батарейка салынған банкада су  қатты лайланғанын және өсімдік жапырақтарының жұмсап, қарайып кеткенін байқадым .

Батарейка салынбаған банкада өсімдік тамыр жіберді. Жапырақтары жылтыр, қатты.

Крона батарейка санлынған банкада су қатты лайланды,  өсімдік мүлдем қурап кеткенін байқадым.

Мектептегі хабарландыру
АКЦИЯ

«Кішкентай батарейканың үлкен зияны» тақырыбындағы жобамда кішкентай батарейканың қоршаған ортаға қаншалықты зиян тигетінін көріп отырдық. Сол батарейкалардың зиянын тоқтату үшін қолданған батарейкаларды арнайы жәшіктерге жинап, кәдеге жарату пунктеріне тапсыру  және  кішкентай батарейканың қоршаған ортаға  зияны туралы үгіт насихат жүргізу қажет.

Сынып ішіндегі  көрініс
Акция

Қуаты таусылған батарейкаларды қалай білуге болады?

Үйде қолданып жүрген батарейкаларың қуатын қашан және қалай  таусылып қалатынын білмейміз. Тек оларды сағат, теледидарңы пульты, ойыншық машиналар т.б. Салғанда ғана білеміз. Сол себептен мектебіміздегі химия пәнінің мұғалімімен бірлесе отырып осы батарейкалардың қуатын арнайы электр өткізгішті сынайтын құралмен тексеріп қарағанбыз.  Өзіммен 3 кішкентай, 2 крона батарейкасын алып бардым. Ол үшін  арнайы ыдысқа су құйдық. Алдымен суға қант салдық және  крона батарейкаларға сымдарын (-,+) тигізгенде мүлдем құралдың жарығы жанбады. Сол кезде  қант тоқ өткізбейтіні байқалды. Келеси ыдысқа суға тұзды аралыстырп  және крона батарейкаларын сымға (-,+) тигізгенде шам жанды. Сол кезде тұзды су тоқ өткізгізеді екен. Осылайша кішкентай батарейкалардың қуатын тексердім. Бірақ олардың қауаты таусылғанын байқадым.

 

Электр өткізгішті сынайтын құрал арқылы пайдаланылған немесе жаңа батарейкалардың қуатын қарау.

Қорытынды

Батарейкалардың қоршаған ортаға зиянын жасалған тәжірибемнен байқауға болады.  Батарейканың қоршаған ортаға деген зиян мөлшерін азайту үшін, келесі ұсыныстарды ұсынғым келеді:
− Тек батарейкадан емес, тоқ көзінен, баламалы қуат көздерін, қайта зарядталатын техникалар алу;
− Қайта зарядтауға болатын батарейлер сатып алу;
− Батарейлерді жиі өткізетін мүмкіндік болмаса, үйдің ішінде адам аз болатын бөлмеде беті жабылатын пластик қорапта жинап, кейін толғанда апарып өткізу;
− Батарейкалардың зияндылығы туралы үгіт-насихат жасау.

Ұсыныс

Пайдаланылған батарейкалар үшін арнайы қоқыс жәшігі қажет. Қоқыс жәшігін әр үйдің, мектептердің, дүкендердің және мекемелердің жанына орналастырса…

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*