лололо

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ш.Уәлиханов атындағы № 26 орта мектебінің 9Асынып оқушысы Жазықбаева Жұлдызай

вавапаҚызылорда облысы

Қармақшы ауданы

 Ш.Уәлиханов атындағы № 26 орта

мектебінің география пәнінің мұғалімі

Наурызбаева Ақмарта

 лололоОқушысы:

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

 Ш.Уәлиханов атындағы № 26 орта

мектебінің  9Асынып оқушысы

Жазықбаева Жұлдызай

                              Жазықбаева Жұлдызайдың шығармасы

Туған өлкенің бейнесі

                                              Бабамның арғымағы дүбірлескен,

Бұл жерде үш астанам ғұмыр кешкен:

Бірі – Жанкент Оғыздың басы болған,

Жошының- Ақ Ордадан тасы қонған,

Үшінші – Қызылордам,асыл ордам!

 

Туған елін,кіндік қаны тамған жерін қай кезеңде де өмір сүрлеуінің тар жол тайғақ кешуінде есіне алмайтын,алыста жүрсе сағынбайтын бұл дүниеде пенде болмас. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең,сондықтан да туған жерді қасиет   тұту-қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. «Туған жер-тұғырың, туған тіл-қыдырың» деп бекер айтылмаған. Туған жер,туған тіл адамға қандай ыстық,қандай қымбат! Оның қасиетін,қадірін бір сөзбен,бір өлең шумағымен айтып жеткізу мүмкін емес.

«Дүбірлі дүлдүлдердің ізі қалған,

Жүлделі жүйріктердің жүзі жанған.

Ежелгі Сырдың елі,жырдың елі,

Киелі ,қасиетті Қызылордам.»деп жырлағандай қай кезеңде болмасын,қай заманда болмасын бұл қазаққа қадірлі топырақ.

Зобалаң заманда, қиын-қыстау кезеңде,жаугершілік,ашаршылдықта тарыдай шашылған қазақ баласы Сырдың бойын паналайды екен.Дертіне дауа табады,тамағын асырайды,өз-өзіне келеді.Көбейеді.Содан қайта тарайды. Ауыздан- ауызға тараған әпсана әңгіме осылай өріледі. Осыдан соң Алты Алашқа ана, бір қазаққа пана болған Сыр демеске лажың кем.Сондықтан Сыр өңірін үш астана тоғысқан киелі мекен деп бағалайды. Алғаш Оғыздарға  Жанкенттің астана болғанын кәріқұлақ қариялар осы күнге жеткізіп отыр. Ал ХIV ғасырда Сығанақ шаһары  Ақ Орданың астанасы атанды. Сонан соң өткен ғасырдың 25-жылы Ақмешітте бүкіл Қазақстан еңбекшілерінің  өкілдері бас қосты. Онда Қазақ АССР Кеңестерінің V съезі өтті. Осы құрылтайда бұрын «қырғыз» атанып келген біздің жұрт «қазақ деп өз түп-тамырын қайта тапты. Осылайша тарихтың жаңа беттері жазыла бастады. Қызылорда төрт жылдан астам уақыт бойы  қазақ жұртының бас қаласы болды.

Қызылорда облысы 1938 жылдың 15-қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысының құрамынан бөлініп шықты. Орталығы-Қызылорда қаласы.Солтүстігінде Қарағанды,батысында Ақтөбе,шығысында Оңтүстік Қазақстан,оңтүстік батысы мен оңтүстігінде Өзбекстанмен шектеледі. Қазіргі таңда облыста 705484 адам тұрады. Адам саны жөнінен елімізде 11 орынды иеленеді. Облыс халқының 95,6 пайызын қазақтар құрайды. Одан бөлек орыстар,кәрістер,өзбектер мен татарлар да бар. әр шаршы шақырымға 2,8 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстанда 12 орынды еншілейді.Жер аумағы еліміздің 8,3пайызын алып 4 -орынды құрайды.Қызылорда облысы-жер қойнауындағы қазбаларға бай өлке. Бұл аймақ түрлі түсті металл жөнінен 3-орын алса,отандық ас тұзының 60, мұнай мен газ конденсатының 21,4, мырыштың15,1,уранның 14 пайызы осы топырақта жатыр.

Өткенге салауат айту-бағзыдан бар дағдымыз. Сондықтан Сыр –Анаға құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың басты парызындай болып көрінеді бізге. Осы ретте Қызылордада,дәл дарияның жағасында «Сыр-Ана»стелласы бой көтерді. Парижде Эйфель мұнарасы,Рио-де-Жанейрода Иса пайғамбардың мүсіні, Америкада  «Бостандық»статуясы,Астанада «Бәйтерек» қандай болса, «Сыр-Ана» Ақмешітке сондай қымбат.Бұл Қызылорданың –жаңа рәмізі.

Жүректерді елжіреткен жыры бар,

Тыңдағанды тамсандырар сыры бар.

Қасиетті Сырдың елін-жыр елін,

Адал жандар,

Айтқызбай-ақ ұғынар.

Қазақтың қай жері де шежіреден кенде емес. Елбасы айтқандай                «Сыр-алаштың анасы». Сырдың алтын моншағы, айдынды да айбынды Аралдың тарихы мен тағылымы, ғасырлар өтсе де ,Қорқыт бабаның қобыз сарыны мен жүздеген ақын-жыраулардың мақамы үзілмеген,найзалы батырлар мен ғаламат ғұламалар,орақ тілді би-шешендердің отаны болған Сыр елі-өркениетке өріс ашқан.Елбасымыздың халыққа Жолдауында көрсетілгендей, бірлік пен тірліктің тінін ұштастырып,дағдарысқа дес бермеудің үлгісін көрсетіп келе жатқан Сыр өңірінде соны серпіліс бар. Облыста индустриялық бірнеше серпіліс жобалар жүзеге асырылумен қатар, халықаралық ірі жобалардың тамыр тартып отырғаны да ақиқат. Бүгінгі күні Сыр аймағының бет-бейнесі өзгеріп,өркениет көшіне ілесіп келе жатыр. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жыл санап нығайып, серпінді де сенімді жобалар негізінде әлеуметтік қуаты арта түсіп,халықтың тұрмыс-тіршіліктері де жақсара түсуде. Сыр аймағы соны серпіліспен қарыштай адымдап-ақ келеді. Облыстың бүкіл әлеуеті мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тұжырымдар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталады.

Сырыңды жыр тасқыны бастау алған,

Жиенбай,Балқы Базар,дүр Оңғардан.

Қос Жүсіп,Тұрмағамбет,Омар туған

О,менің айналайын,Қызылордам.

Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов: «Қаланың іргетасы «Қамысты қаладан» басталған. Ықылым заманаларға көз жіберсек, Жиделібайсын жері осы жер. Сырдың бойы турасында ұзақ айтуға болады. Бұл жерден қазақ  тарихында алатын орны бөлек батырлар мен билер өте көп шыққан»деп өз ойын айтқан.Мемлекеттік  сыйлықтың лауреаты жазушы Дүкенбай Досжанұлы:»Халықтың әл-қуаты жақсарғаны,оңалғаны көрініп тұр.200 томдық «Сырдария кітапханасы» сериясымен Сыр бойынан ақын, жыршы-жырауларының шығармалар жинағының шығарылуының өзі үлкен жетістік.Лайым тарихымыздың беттерінен жақсы күндеріміз,қол жеткізген жақсы жетістіктеріміз бен табыстарымыз көбірек орын алғай дегім келеді» деген екен.Бұл да Сыр елі үшін үлкен баға емес пе!

«Сыр елін-  бір-бір әлем, бұл ғалам дер,

Жау, дұшпан сауық-сайран құрмаған жер.

Шораяқтың Омары.Балқы Базар,

Нартай мен Нұртуғандар жырлаған жер» деп жырлағандай, туған өлкеміз көркейе берсін!

 

 

 

                                   

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*