ғғ

Ғылыми жоба Тәуелсіздікті аңсаған Ұлы Отан соғысының ардагері жайлы мөлтек сыр. Орындаған:Әлмұхамбет Р.С. Ғылыми жетекшісі:Сатпекова Г.М.

 
 
Ғылыми жоба

  Тәуелсіздікті аңсаған Ұлы Отан соғысының ардагері жайлы мөлтек сыр.

 Орындаған:Әлмұхамбет Р.С.                                                           Ғылыми жетекшісі:Сатпекова Г.М.

 

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы

Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия

 

 

 

 

Тәуелсіздікті аңсаған  Ұлы Отан  соғысының ардагері жайлы мөлтек сыр

 

 

 

 

Әлмұхамбет Ралина

10   сынып

Жетекшісі:

Сатпекова Гульфира Маркеновна

 

 

 

 

 

 

 

Қалбатау ауылы

Тәуелсіздікті аңсаған  Ұлы Отан  соғысының ардагері жайлы мөлтек сыр.

Фашистік Германияның елімізге опасыздықпен шабуыл жасағанын  тарихтан білеміз. Отан соғысының алғашқы күндері Жарма  жеріне  суық  хабар әкеліп, халықтың ашу- ызасын тудырды. Өндіріс орындарында ауылдардағы  қарапайым адамдардың қатысуымен митингілер өтіп, онда олар жауға лағнет айтып, өздерінің бар күш-жігерін Отан қорғау жолына жұмсайтындықтарын білдірді.

Жаудан  өшін алуға  деген  патриоттық сезім ерекше деңгейге  көтерілген еді.

Фашисттік Германияның ашқан  соғысына қарсы қолына қару алып күресу үшін әскер қатарына  алуды сұраған өтініштер аудан еңбекшілерінің асқан патриоттық рухының патриоттық көрінісі болды.

Отан соғысына мыңдаған жармалықтар аттанған еді. Қандыбалақ қиямет соғысқа  жерлес ағаларымыз аттанып, қан майданда  нағыз ерлік  көрсете білді.

Соғысқа аттанған  ондаған, жүздеген боздақтардың   көбі туған жерін, елін, жанұясын, туған-туыстарын көре алмай қан майданда қаза тапты, бірақ еліне аман-есен келген  жауынгерлер де болды. Солардың бірі менің атамның туған бөлесі Насимолла Қалиев еді. Атам соғыс басталғанда бар-жоғы 18 жаста еді. Өзінің  туған ауылы Мариновкада(қазіргі Әди Шәріпов атындағы ауыл) қарапайым қара жұмыскер болатын. Таңның атысынан қас қарайғанға дейін колхоздың малын   күтумен айналысатын.  Ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген соң әке- шешесіне көмек  көрсету мақсатымен еңбекке араласып, оның ыстық- суығына  көне білген өрімдей жас жігіт еді.

Соғыс басталды деген суық хабарды естігенде Отанды қорғауға барамыз деген ауыл жастарына және жерлес жауынгер жазушы Әди Шарипов пен қатар әскери комиссариаттан бірақ шықты. Бұл  1942 жылдық қазан айы еді.Елімен, ата-анасымен қоштасқан Насимолла атамыз соғыстың 4 жылға созылатын және оның қиын кезеңдерге душар ететінін ойына да алмаған еді.

Жастардан жасақталған қысқа мерзімді дайындықты Ресейдің Новосибирск қаласында өткен соң Москваға аттанды. Одан 4 жыл бойы ерен ерлікпен және Отанға  деген сүйіспеншілікпен  Украина,   Белорусия, Чехословакияда болған ұрыстарға қатысты. Аман-есен немістің бекінісі мықты жасалған Берлин қаласына 40-50 шақырым қалғанда Насимолла ата  аяқ астынан жарақат алып, госпитальге жөнелтіледі. Тағдырдың жазғаны шығар, Берлинді алуға қатыса алмады. Оның себебін өзімнің атам бөлесімен екеуара болған әңгімесінен айтып берген еді.

Ол былай болған екен. Совет әскерлері Германия жеріне жақындаған сайын жауға деген өшпенділіктері   арта түскен. Берлин қаласына  тақаған сайын екі жақта өте көп адамдарынан айырылады.  Енді біраз күндерден кейін жаудың үні өшеді деп ентелеп келе жатқан Совет әскерлері Берлинге қол созым жер қалса да, жаудың қатал қорғанысына тап болады. Осыған қарамастан Совет жауынгерлері  табандылықпен, айлакерлікпен алға ұмтылады. Осы мезетте жау жағы қулыққа басып, Берлинге таяп қалған  әскерді тоқтату мақсатымен бірнеше шақырым жерге жер ошақ орнатып,  оның үстіндегі мосыға(аспа темір) шелек іліп, ішіне ет салып қойып, өздері шегініп кетеді. Алғы шепте жаудың жоқ екенін сезген Совет әскерлері  ентелеп келе жатып, асулы тұрған еттің иісіне елең етіп, тоқтай қалып, оны жемекші болады. Алдымен жеткендер ыстық тағамды алып жемекші болғанда, ошақтың жанына қойылған миналар жарылады. Алдыдағылар сол жерде-ақ о дүниелік боп кетеді,  ал арттан келіп жеткендерді жарақат алады.Солардың ішінде Насимолла атамның  оң жағындағы жақ сүйегіне минаның бір жарықшасы тиіп, есінен тандырады. Ауыр жарақат алып, атамыз бір тәуліктен соң есті жиғанда госпитальда жатқанын естиді.

«Қырық жыл қырғын болса да,ажалсыз өлмейді»- дегендей Насимолла атамыз дала госпиталінде емделіп шыққанда, яғни 1945 жылдың 7 мамыр күні еді. 2 күннен кейін Жеңіс күні келді. Қуанышта шек жоқ. Насимолла Қалиев атамыз Жеңіс күнін неміс басқыншыларының жерінде қарсы алды.Есін жиып, үлкен Жеңіспен елге оралды. Бұл 1945 жылдың соңғы күндері еді.

Туған еліне оралған соң бірден жұмысқа кірісіп кетті. Көзі ашық, көңілі ояу, жеті  сыныптың білімі бар қаһарман,патриот  Насимолла атаны партия комитеті колхоз басқармасының орынбасары етіп тағайындайды. Жау өшінде жүріп  шыныққан азамат жауапкершілігі зор  жұмысты мінсіз атқарады.  Өзінің туған аулында Заман ағымына қарай талай қызмет атқарды.Қай жерде еңбек етсе де, міндетке сергек қарады, халықтың тілін таба білді. Атамның аңсаған арманы —  Қазақстанымыздың Тәуелсіздігіне жету.

Уақыт өткен  сайын  заман да , өмір де өзгереді. Кешегі 7 сыныптық білім  заман  талабына сәйкес келмей, жоғарғы білім алған жастар орта буын  ағаларын  ығыстыра бастағанда , Насимолла  атамыз  басшы қызметін  тастап,  жастарға орын беруді жөн  санады , сол  себепті  кеше  ғана  бастық едім деп  кеудесін кермей ,   партия ұйымына  өтініш жазып, қой шаруашылығын  дамытуға баруға бел  буды. Жан жары  Майрамен  екеуі   бір  отар  қой алып, оны өсіре  білді. Жиған  тәжірибесін  ұжымда пайдаланып , әр жүз бас қойдан жылына 105 -110 қозыдан  алуға жетті. Бұл 1970 жылдар еді. Мұндай көрсеткішке  жету ол кезде  осы өңірдегі ғажап  жетістік еді. Бұл атамның еңбек майданындағы екінші жеңісі!

Өмірден  түйгенін іс жүзінде іске  асырған Насимолла  атамыз  жанұяның  жанашыры , қамқоршысы бола білген  адам.

Соғыс  ардагері 6 бала тәрбиелеп  өсірді. Барлығын  оқытты. Қазір  олар  жеке-жеке жанұя болып, тәуелсіз  еліміздің  өркендеп өсуіне , гүлденуіне сүбелі үлес қосуда.

Бүгінгі  күндері Ұлы Отан Соғысының  ардагері ортамызда  жоқ, бірақ оның ұрпақтары   өмір   сабақтастығын  жалғастыруда . Айта кететін бір  жағдай , Насимолла ата жасынан зерек болыпты . Шежіре айтуға шеберлі , саяси сауаты мол адам болды. Тарихи әңгімелерді , яғни, ата-бабаларымыздың ерліктері жайлы  айтқандарын ауыл болып , ынта қойып тыңдайтын.

Насимолла  атамыз  соғыс жылдарында  және де  одан кейін де  Совет елін  басқарған  И.В.Сталиннің  еңбегінің өте зор  екендігін айтып , ол кісі жайлы ерекше пікірде  болатын . Атамыз 2005 жылы 82 жасында қайтыс болды. Өзінің жатын  бөлмесіндегі қабырғада  И.В.  Сталиннің суреті үнемі ілініп тұратын. Осы кісі  болмаса , неміс халқының құлы болып  жүретін едік деп айтып отырады екен .

Бүгінгі  күндері  қай ауылда  болмасын Ұлы Отан соғысының   ардагерлері о дүниелік болып, олардың есімі тарихта қалды . «Ер есімі ел есінде» — дегендей , қатардағы қарапайым жауынгерлердің ,мысалы менің атамның есімі, олардың қан майданда көрсеткен ерлігі біз  сияқты жас ұрпақтың есінде мәңгілік  сақталады. Олардың рухына басымызды иіп , қажет  болса олардың ерлік істерін қазақ елінің жастары қайталайтынына  сенім бар.

Қалиев Насимолла атамыздың туған ауылында шағын  мектептің ғимаратында кіре беріс  залында « Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз» -деген  стенд бар . Міне, соның жоғарғы жағындағы  бірінші  қатарда кеудесі орден  мен медальға толған атамыздың  үлкен суреті ілініп,    өмірі жайлы деректер   берілген . Сол бір сұм  соғыстың аяқталғанына  биыл 70 жыл толады. Уақыт  өз дегенін алады,  соғыс  жылдары көмескленіп бара жатқандай , бірақ «ешкім де , Ешнәрсе де ұмытылмайды»-демекші осындай қаһарман жауынгер,патриот атамның мектептегі ілулі тұрған  суреті «Балаларым , бізді ұмытпай жүріңдер»  — деп, тұрғандай ойға қалдырады.  Менің атамның өмірі-  маған үлгі. Ел басына күн туғанда, өзінің елін,жерін қорғайтын ,тәуелсіздікті  нығайтатын  осындай батыл, ержүрек аталарымыздың ұрпағы әрқашан даяр!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Архив деректері
  2. Қазыналы Қалба Ә.Сатпеков  ,  2013 жылы

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*