images

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылы «Абай атындағы көпсалалы мектеп — гимназия» Ғылыми — жоба тақырыбы: Қазақстандағы демографиялық ахуал Орындаған:Қасен Рабиға Ғылыми жетекшісі: Берсугирова Алмагуль Джумагазиновна

                                  Шығыс Қазақстан облысы

                                            Жарма ауданы

                                          Қалбатау ауылы

                   «Абай атындағы көпсалалы мектеп — гимназия»

                       Ғылыми — жоба тақырыбы:

                 Қазақстандағы демографиялық ахуал

Орындаған:Қасен Рабиға

Ғылыми жетекшісі: Берсугирова Алмагуль Джумагазиновна

                                        2015-2016 оқу жылы

  Мазмұны

                                           Жоспар

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

а) 1.Әлемде қазақ диаспорасының пайда болып қалыптасу.

ә) 2.Мемлекет тарапынан демографиялық ахуалға жасалып отырған жағдайлар.

б)Қазақстан халқының денсаулығының сапасы

3.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

                

 

 

                                Қазақстандағы демографиялық ахуал

«Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың кепілі.Ол ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлу, ұлт денсаулығы, халыққа сапалы медициналық көмек көрсету, саламатты өмір салтын жүргізу және отандық медицина ғылымын дамыту»

Н.Ә.Назарбаев

  Менің ғылыми еңбекпен шұғылданғандағы мақсатым, Отаным – Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын болуына титтей де болса өз үлесімді қосу.

                                             Кіріспе  

  Еліміз болашақта әлемдік қауымдастықтағы өркениетті елдердің қатарынан қалмай нық және мығым тұруы үшін халқымыздың саны өсуі керек.Қазіргі жаһандық үдерістер жүріп жатқан өркениетті әлемдік қауымдастықта еліміз өз орнын иеленіп, өзге елдермен терезесін теңестіре бастады.Еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бергі ғасырға татырлық үлкен табыстарға қол жеткізіп, іргелі елдердің көшіне ілесе алды.Біздің мемлекетіміздің әлі де нығайтуына қатысты бір аса маңызды мәселелердің бірі – ол демографиялық ахуал. Сонымен қатар қазақ халқының диаспорасы менің ғылыми – жобамда  үлкен рөл атқарады.Себебі, қазақ халқының қазіргі демографиялық ахуалына ауқымды өз әсерін тигізген мәселелердің бірі болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі. Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық ЮНФПА қоры 2001 жылы 1 тамызда өткізген «орта мерзімді ел бағдарламасы» бойынша Қазақстан 1990 жылы бері қарай 1 миллион 827 мың адамды құраған. Қазіргі демографиялық күрделі жағдайда еліміздің болашағы мен ұлттық қауіпсіздігімізге әсер ететін қауіпті жоққа шығара алмаймыз.Көші-қон үрдісіне байланысты объективті және туудың азайып, өлімнің көбеюі сияқты субъективті себептер негізінде халық санының азаюына әкеп соқтырып тұр.

Қазақстан жас ел саналғанымен, оның халқының қартайып бара жатқан да байқалады.БҰҰ демографтарының жүктемесі бойынша, Қазақстан халқы «егделенген» жұрт есебінде, Қазақстанда 60 жастан асқандар 10,5% құрайды.Елімізде 65 жастан асқандар халықтың 4%-ын құраса, «жас», 4-7%-ын құраса — «егделікке жақындаған», 7%-дан асса «егделенген этнос» болып есептеледі.

Қазақстан Үкіметі Республикасының 2001-2005 жылдарға арналған демографиялық даму Бағдарламасы Қазақстан халқының санын 2030 жылы 20 миллионға жеткізу көзделген.Бұл межеге жету үшін елдегі ішкі адам ресурстарымен қатар, шетелдердегі 5 млн — нан астам қандастарымызды өз Отанына көшіріп алу арқылы да шешуге болар еді.Бүгіндері демографиялық саясат саласында қалыптасып отырған мәселелерді маңызды мәселе.Сондықтан оның ауқымды және халықтың қоныстануы жоғары кәсіби деңгейде жан-жақты талданып, әрі оның нәтижелері объективті тұрғыда ашылып көрсетілуде.Туындаған мәселелерді шешу қоғамдағы тұрақтылық пен Қазақстан Республикасының болашағын қамтамасыз етуге бағытталған демографиялық саясаттың табысты жүруіне тығыз байланысты.

Тақырыптың зерттелу деңгейі немесе тарихнамасы:

Кез келген мемлекеттің ұлттық егемендікке жеткеннен кейін, түгендейтін құндылықтары болады.Солардың ішіндегі ең маңыздысы адам тағдырына байланысты сала болып табылады.Тағдырдың тәлкегімен, тарихтың әр түрлі күйзелісті кезеңдермен астасып жататын бұл мәселе қазақтың диаспорасы үшін әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру тұрғысынан маңыздылығы зор.

КСРО тұсында ұлт саясаты бұрмаланып, ұлттардың әлеуметтік дамуы мен дәстүрлі мәдениеті, тілі, діні, ділі әр ұлттың жеке дара тарихы көзге ілінбегендіктен Қазақстанда бұл мәселеге тек Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ғана терең назар аудара бастады.Тәуелсіздікке қол жеткелі қазақ диаспорасы ғылыми мәселе ретінде 1991 жылдан бастап философия институтында «Қазақ диаспорасы бүгіні мен ертеңі» атты ғылыми бағдарлама шеңберінде жүйелі түрде зерттеле бастады. Қазақстан мен көршілес Ресей аумақтарында (Астрахань, Орынбор, Қорған Омбы облыстары), Өзбекстанда (Сырдария, Шыршық, Қызылқұм, Мырза шөл аудандары) және Қытайдан (ШУАР — дағы Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа аудандары) өмір сүріп жатқан қазақтарды «диаспора» терминімен бөлектеуге болмайды, өйткені олар өздерінің тарихи аумақтарында тұрып жатыр. Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын шет елдердегі Қазақ диаспорасының ерекше көңіл бөле бастады.Кезінде қазақ жерінен әр түрлі себептермен көшіп кеткен қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады.

   Зерттеудің дерек көздері: Зерттеу барысында Егемен Қазақстан газет және қазақ халқының көші-қон туралы тақырыптағы көптеген еліміздің зиялы қауымдарының пікірлері мен жазған ой толғауларына талдау жасалынды.Сонымен қатар Қазақстанымыздың медицина саласының демографиялық ахуалға тигізіп отырған үлесі қарастырылды. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдаған жолдауы да менің ғылыми жобамда біршама айтылып кетеді.Өз ойымды қағаз бетін түсірдім.Қосымша әдеби кітаптар мен журналдар қарастырылды.

Жұмыстың міндеті:

       1)Тәуелсіз қазақстанның демографиялық ахуалына талдау жасау және тығырықтан шығу жолдарын көрсету;

2)Шет елдердегі қазақ диаспорасының пайда болуына, бүгіні мен болашағына талдау жасау;

 

 

 

 

Негізгі бөлім

а) Әлемде қазақ диаспорасының пайда болып қалыптасу.

Патша және Кеңес үкіметтерінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты.

  Қазіргі кезде бес миллион қазақтың шетелдерде тұруы Патша мен Кеңес өкіметінің ұзақ жылдар бойы жүйелі түрде жүргізген стратегиялық ұлт саясатының кесірі. Нәтижесінде, қазақ халқының белгілі бір бөлігі кіндік кесіп, қаны тамған туған жерін тастап тоз-тоз болып, Махамбеттің «сені көлден айырған лашын құстың екпіні, мені елден айырған Жәңгір ханның тепкісі» дегендей, Кеңес үкіметінің екпіні мен тепкісінен жат — жұрт елдерде  тұруға мәжбүр болып, диаспораға айналды.

Диаспора — грек тілінен аударғанда шашырап тарау ұғымын береді.Қазіргі заманғы  саяси ғылымда «диаспора» өзге елде өмір сүретін этникалық аздық топтарына қолданылды.«Диаспора» өзінің тарихи Отанынан тыс басқа ортада тұратын, этникалық шығу тегі бірдей адамдардың біртұтас, тұрақты тобы және аталған қауымның дамуы мен қызмет етуі үшін қажетті әлеуметтік институттары бар адамдардың тобы болып табылады.

Қытай Халық Республикасындағы қазақ диаспорасы.
Қазіргі кезде түрлі мәліметтер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 млн.980 мың адамды құрайды және біздің отандастарымыздың шет елдегі ең көп санды колониясы болып табылады.Қазақтар негізінен мына 3 округте тұрып жатыр:Іле – қазақ автономиялық облысында (Алтай — Іле, Тарбағатай округтері), ШУАР — дағы Мори — қазақ, Бар көл – қазақ уездері, Ганьсу провинциясындағы Ақсай — қазақ автономиялық уезінде, сонымен бірге аздаған мөлшерде Пекин қаласында.ҚР президенті Н.Назарбаевтың және ҚР сыртқы істер министрлігінің белсенді сыртқы саяси бағытының нәтижесінде Қытай жағының ресми позициясында біздің саясатымызды белгілі мөлшерде түсіну жайы байқала бастады.Бұл жерде ҚХР ресми делегациясының 2003 жылы Түркістан қаласында өткен қазақтардың екінші дүниежүзілік құрылтайына қатысқандығын атап өтуге болады.Елшіліктің көмегімен отандастарға Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірі жайлы объективті ақпарат жеткізіледі, оларды қызықтыратын көші-қон, демографиялық процестерді реттейтін нормативтік актілер түсіндіріледі.

       Өзбекстан Республикасындағы қазақ диаспорасы.

Өзбекстан Республикасы статистика орталығының ресми мәліметтері қазақтардың санын бір миллион деп өте төмендетіп көрсетіледі. Мұндағы қазақ диаспорасы жағынан Қытайдағы қазақ диаспорасынан кейінгі екінші орында. Дегенмен, қазақтардың нақты саны шамамен 1 млн.660 мың адамды құрайды деп сеніммен айтуға болады.Мұның өзі шет елдегі қазақ диаспорасының 1\3 бөлігін құрайды.Қазақтардың неғұрлым көбірек ұжымдасып тұратын жерлері Қарақалпақстан, Ташкент қаласы, Навой,Жизақ, Сырдария және Бұқара облыстары болып табылады.Өзбекстандағы қазақ диаспорасының ұлт есебінде өсіп өркендеуіне мүмкіндіктер бар деп айта алмаймыз.Себебі, ел латын әріпіне көшкен, қазақ мектептерінде бұрынғыша – кириллица.Қазақша оқыған балалар латынды меңгермегендіктен жоғарғы оқу орындарына түсе алмайды.Өзбекстанның білім беру министрлігі қазақ мектептеріне арналған оқулықтар шығаруды ұйымдастырды, алайда оқулықтардың жетіспеуінен және өзбек мектептерінің латын әліпбиіне көшуінен қазақ мектептері қысқарып жатыр.Көрші Өзбекстанда тұратын қазақтардың мәселелері аз емес, бұл ана тілінде білім алумен байланысты мәселелер болып табылады.

Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы

Байырғы қонысымыз – алып Ресейдегі қазақтардың жағдайына келер болсақ бұл елде соңғы халық санағы 1989 жылы болғандықтан қазақтар санын біз жоғарыда бір миллионнан астам деген болжамды көрсеттік. Отандастарымыз Ресейдің түрлі мекендерінде шоғырланып тұруда, тіпті кей ауылдарында қазақтардың үлестік құрамы 98%-ға жетеді.Әдеттегідей ондай жердегі орта және бастауыш мектептерде ана тілін оқуға барынша мүмкіндіктер қарастырылған.Бұл тұста қандастарымыз үшін білім беру саласындағы басты мәселе мектептердегі ана тіліндегі оқулықтардың жетіспеушілігі.Әзірше бұл тек Қорған, Челябі, Астрахань және Орынбор облыстарында асырылған.Ресей қазақтарының көші-қоны алдыңғы жылдардың орташа статистикалық көрсеткіштерінің шегінде сақталуда. Толық емес мәліметтер бойынша қазіргі кезде Ресей Федерациясында 1 млн.310 мың этникалық қазақтар тұрып жатыр.Олардың 70% селолық жерлерде ғұмыр кешуде. Жоғарыда айтылып өткендей, біздің отандастарымыздың көпшілігі Ресей Федерациясының шектесетін 12 субъектісінде, атап айтқанда Алтай өлкесі мен Алтай Республикасында, Самара, Саратов, Волгаград, Новосібір және Тюмень облыстарында тұрады.

Түркіменстандағы қазақ диаспорасы.

1995 жылғы халық санағының мәліметтері бойынша Түркіменстанда 86987 қазақ тұрады.Олар : Дашогуз, (33мың) сонымен бірге Мары және Іле бап уәлаяттарында (облыстарында) тіршілік етуде.Мұндағы қазақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысады, тамақ және мұнай өңдеу салаларында, әлеуметтік салада жұмыс істейді.Біздің елшіліктің мәліметтері

бойынша 2003 жылы мұнда 110 мыңнан астам қазақ тұрған.Қазақстан Республикасы тарапынан  Түркіменстандағы қазақ мектептеріне оқулықтар мен оқу құралдары елшілік арқылы жіберіліп тұрады.Көшіп келетін қазақтар үшін сол елдің азаматтығынан шығу мәселесі өте күрделі. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі тарапынан бұл мәселеге қатысты жұмыстар қолға алынып жатыр.

Бүгінде қазақ диаспорасы үш түрлі – кириллица, латын, араб әліпбиін пайдалануда.Аты қазақ мектебі болғанымен, әр елдегі оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар бір-біріне ұқсамайды.Сондықтан да, бір елдегі қазақтардың жазуын түсінбейтін жағдай қалыптасты.Тіпті, қазақ тілінің грамматикасы да, қазақ әдебиетінің тарихы д түрлі-түрлі оқытылуда.Соған орай, бүгінгі таңда шетелдегі қазақ мектептерін бітіріп келген жастар Қазақстанның оқу орындарына түсе алмайтын болып отыр.

 

 

Ирандағы қазақ диаспорасы

Қазіргі уақытта қазақ диаспорасы әртүрлі мәліметтер бойынша Гор – ген, Бендер — Түркмен және Гүлстан провинциясының Гом бад қалаларында тұратын 10-нан 15 мыңға дейінгі адамды құрайды.Ирандағы диаспора негізінен өткен ғасырдың 20-30 жылдары,КСРО-да ұжымдастыру, мал мен астық қорын тәркілеу процесі басталған кезде қалыптасқан.Олардың көпшілігі – Маңғыстау облысы аумағынан келгендер.Ирандағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің жәрдемімен 59 отбасы арнайы авиарейспен тарихи отандарына көшіп келді.

Пәкістан мен Ауғанстандағы қазақ диаспорасы

Пәкістан Ислам Республикасындағы қазақ диаспорасы 1600 адамды құрайды.Пәкістандағы қазақ ұлты негізінен басқыншы Кеңес армиясынан қашқан ауған елінің қазақтарынан тұрады.Пәкістаннан келген репатрианттар өмір сүруге қажетті қаражатсыз қалғандықтан, елшілік олардың тіршілік етуіне көмектесудің барлық мүмкіндіктер жасады.1998 жылы Қазақстанға Ауғанстаннан келген босқындардың көп бөлігі жіберілді.1999-2000 жылдары тағы 573 қазақ оралды.Ауғанстанда 21000 қазақ бар.Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясының ақпаратына сәйкес 374 адам тарихи отанына оралуға тілек білдірген.Ауған қазақтарының тарихы, этнографиясы, тіл мен діні, жалпы тыныс-тіршілігі жүйелі түрде зерттелмей келеді.

АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріндегі қазақ диаспорасы

АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріндегі қазақ диаспорасы оқуға бару нәтижесінде  және «еңбек» көші-қоны толқынында қалыптасқан.Қолайлы әлеуметтік – экономикалық өмір жағдайы мен сіңісті ділі оларды Еуропада ұстап тұр.Басқа елдерде қазақ ұлтының өкілдері саны аздығынан жергілікті халыққа сіңіп кеткен.Тұманды Альбион жағалауындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің саны аз болуы 1960-1990 жылдардағы британдық көші-қон саясатының құқықтық  шараларының салдары болды.Ұлыбританияда қазақтар негізінен Лондон мен Редингте тұрады.Бұл олардың кәсіби бағдарымен қызмет аясына байланысты Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасының өкілдері моно ұлтты некені қалайды және оларға тұрып жатқан еліне өз отбасын көшіріп алып келу тән.Сондықтан оларға этникалық түптамырын жоғалтпау және балаларын қазақ тілі мен қазақ халқының мәдениетіне жақындастыру маңызды.Ол үшін 1992 жылы Ұлыбританиядағы қазақтар қоғам құруға шешім қабылдады, өйткені 1985 жылы бұл Түркия мен ҚХР қазақтары оқу және жұмыс істеу үшін көшіп келе бастады.Бұл қоғамның мақсаты Ұлыбританияда тұратын қазақтардың арасында бір-бірімен байланыс орнату, сондай-ақ этникалық Отаны – Қазақстанмен жан-жақты байланыс нығайту болды.Мұндай қадамдардың бірі 1995 жылғы маусымда Қазақстан Президенті Н.Ә,.Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары кезінде жасалды.Қазақ диаспорасының өкілдерін Президент қабылдап олармен әңгіме барысында олар өз мәселелерін талқылады.Қазақ қоғамы берген мәлімет бойынша Лондонда Түркиядан шыққан қазақ диаспорасының 65 өкілі тұрады.Бұған ҚХР Қазақстаннан және басқа елдерден келгісі қазақтар кірмеген, олар қазақ диаспорасының санын 100-120 отбасы көбейтті.

 

ә) Мемлекет тарапынан демографиялық ахуалға жасалып отырған жағдайлар.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің « Қазақстан — 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып өтті.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев әлем халқының демографиялық ахуалына қатысты мынадай мысалдар келтірді: «Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік күн өткен сайын күшейе түсуде.Жалпы әлемдік тренд – адамзаттық қартаюы.Енді 40 жылдан кейін алпыс жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі.Туудың азаюы және адамзатың қартаюы көптеген елдерге еңбек нарығындағы мәселелерге, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жауапкершілігіне сөзсіз әкеледі.Шиеленісе түскен демографиялық теңгерімсіздік жаңа көші-қон толқындарын туғызып, күллі әлемде әлеуметтік шиеленісті күшейте түсті.Біз жас ұлтпыз.Еліміздегі орташа жас – 35.Бұл біздің адамдық әлеуетімізді сақтауға, әлемде өзіміздің дұрыс орнығуымызға зор мүмкіндік береді.Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар.» Яғни, елдімізді сақтауымыз үшін қазақ халқының саны өсуі керек.Оған мемлекет тарапынан жағдайлар жасалуы қажет.Мемлекетіміздің тәуелсіздігі баянда болуы үшін демографиялық саясаттың механизмдерін жетілдіруіміз керек.Кеңес Одағының ыдырауы мен жаңа құрылған тәуелсіз мемлекеттердің нарықтық қатынасқа ауысқан өтпелі кезеңі күрделі демографиялық толқындарын туғызды.Бұл жағдайды егемен еліміз – Қазақстан Республикасы да бастан кешіруге мәжбүр болды.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің есігі оралмандар үшін қай кезде де ашық екенін атап өтті.Дегенмен, адамдардың аталған категориясы үшін еліміздің азаматтығын алу рәсімдерін жеңілдету бойынша шаралар қабылданған болатын.Тәуелсіздік жылдарында тарихи Отанына шамамен бір миллион отандасымыз оралды.Осыған байланысты Қазақстан Президенті өзінің миграциялық саясатында шектеусіз қабылдаудан «нүктелі» іріктеуге көшіп, белгілі бір мамандығы бар және ел дамуына өзінің үлесін қосқысы келетін адамдарға басымдық беретін Германияның тәжірибесін мысалға келтірді.Осы орайда, мемлекет басшысы еліміз оралмандарға қатысты қандай да бір шектеулер қоймайтынын атап көрсетті.

  • Біз келгісі келетін барлық отандастарымызды қуана қарсы аламыз.Еліміз халқының санын 20 миллионға жеткізуге ұмтылып отыр.Республикада ішкі демографиялық өсім байқалса, оған оралмандар да өз үлестерін қосуда.Әсіресе, елге тез бейімделетін, білім мен мамандық алып, қоғамның бөлінбейтін бөлшегіне айналатын жастарды ерекше атап өткен жөн. Мемлекетіміздің тарихында қай кезде де болғанындай, қазақстандықтардың келіп жатқан отандастарымызға қолдау көрсеткені маңызды, — деді Қазақстан Президенті.

Жалпы, демографиялық мәселе біздің ел үшін қазіргі таңдағы маңыздыларының бірі.Кеңес Одағы орнаған тұста қазақ халқының демографиялық потенциялы өте жоғары болатын.Сол кезеңде қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан ең көбі болды.Қазіргі күнді алатын болсақ, көршілес Өзбекстанның халық саны 30 миллионға жетіп отыр, ал Қазақстанда 17 миллионға жуықтап қалды.

Көрсетілген мысалдардың ішінде бізге бақылаусыз бала туудың арту қаупі деп ойлаймын.Керісінше, болашақта қазіргі дамыған елдердің жағдайына келуіміз мүмкін.Яғни, экономиканың жұмыс істеуі үшін сырттан мигранттар шақыруға мәжбүр боламыз.Оның алдын алу үшін Қазақстанға жоғарыда көрсетілген мәселелерді ескере отырып тиімді демографиялық саясатты іске асыру маңызды болып отыр.Сондықтан қазіргі таңда елде орын отырған жағымды демографиялық көрсеткіштерді сақтап қалуға және одан әрі жақсартуға барлық шараларды жасау қажет.

В 1994 году «пиковым » коэффиценты интенсивности внешней миграции:по прибывшим – 4, 21; по  выбывшим – 28,83 ; миграционный убыль – 24, 52 на 1000 человек населения эмиграция превысила иммиграцию почти в 7 раз.В 1995 году отмечалось превышение в 4,4 раза, в 1996 году – 4,3;  в 1997 – 7,9 раз. Убыль населения актуальна не только своей масштабностью или очевидной этнической избирательностью, а и оттоком из страны специалистов важных сфер народного хозяйства – промышленных рабочих, учителей, врачей, среднего управленческого звена.Кроме того, анализ выезжавших из республики эмигрантов по образовательному уровню показал, что около половины из них (46%) составляет лица с высшим, незаконченным высшим и срденим образованием.Массовый отток интеллектуального, творческого потнециала наносит значительный экономический и моральный ущерб Казахстану, тем более, что уезжают в основном люди трудоспособного возраста от 20 до 49 лет.Отьезд ученых, спецалистов ИТР квалифицированных рабочих наносит колоссальный экономический ущерб стране.В Послании Президента к народу Казахстана «Казахстан 2030. Процветание, безопастность и улучшение благосостояния всех казахстанцев»  особо отмечено : « В ранг ведущих приоритетов в национальной безопастности должна быть выдвинута сильная демографическая и миграционная политика.Если наши государственные органы по-прежнему будут относиться к этому безучастно, то мы на пороге ХХІ века войдем вслед за Россией в ситуацию «демографического креста», когда численность населения снижается уже не только из-за процессов внешней миграции, но и естественным образом.Эта тенденция должна быть немедленно приостановлена.»

б)Қазақстан халқының денсаулығының сапасы

«Министрліктер мен мекемелер және жергілікті атқарушы органдардың тығыз байланыстардың арқасында ғана «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын сәтті жүзеге асыруға болады». «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының сәтімен жүзеге асуы қазақстандықтардың денсаулықтары нығайып келеді дегенді білдіреді.Жалпы осы бағдарлама аясында азаматтардың денсаулықтарын нығайту ісіне елімізде алғаш рет мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдарының, сондай-ақ қоғам өкілдерінің күші біріктіріліп отыр.Соңғы жылдары Мемлекет басшысы Қазақстан халқының денсаулығына барынша жіті көңіл бөліп отыр.Соның нәтижесінде денсаулық сақтау шарасы еліміздің стартегиялық және бағдарламалық құжаттарда кеңінен көрініс тапты.Осының нәтижесі болар, елде бала туу көрсеткіші 25 пайызға өсіп, өлім 11 пайызға азайды.Өмір сүру көрсеткіші 2 жылға артты.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев, члены Республиканского общественного штаба, коллектив Холдинга, а также сотрудники АОО «Назарбаев университет. В своих выступлениях участники встречи отметили что в предвыборной программе Н. А. Назарбаева в полной мере характеризуется положительное развитие медицины в Казахстане сегодня: «За прошедшее десятилетие расходы на образование и здравоохранение выросли почти в 10 раз. За десять лет мы построили около 450 объектов здравоохранения. Во всех регионах страны создаются современные медицинские центры, открываются больницы поликлиники, оснащенные новейшим медицинским оборудованием.»

2015 жылы 1 ақпанға еліміздегі халық саны 17 439,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 646, 3 мың(55,3%), ауылдықтар -7 793, 0 мың адамды (44,7%) құрады.2014 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 252, 3 мың адамға немесе 1,5% өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015 жылы қаңтарда туылғандар саны 33,4 (33,7) мың адамды құрап, 2014 жылғы қаңтарға қарағанда 0,9%  кеміді.Туудың жалпы коэффиценті 1000 адамға 22, 44 (22,96) туылғандарды құрады.Еліміз қазірде туу деңгейі қарқынды өсіп келе жатқан мемлекет.Жылдың бірінші жарты жылдығын былтырғы жылдың мерзімімен салыстырғанда биыл 9 мың балаға көп туылған.Сондай медицина базасында екі жылдан бері технологиялар бойынша республикалық координациялық орталық жұмыс істеп келеді.Мемлекет медицинасының ең басты мақсаты – елімізге шет мемлекеттерден перинаталды және бала күтімі бойынша нәтижелі технологияларды алып келіп, медицина саласындағы қызметкерлерге үйрету арқылы Қазақстан халқының денсаулығының сапасын арттыру.Осындай үлкен табысты әрі ұтымды мақсат арқылы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауына медицина саласы да өз үлестерін қосып келеді.

Қорытынды

Жалпы, ғылыми жобамды қорытындылай келетін болсам.Демография мен демократия сөзінің мағынасын аша кетсем, демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу», «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді.Күнделікті өмірімізде осы екі ұғымының мән-мағынасын бір-бірімен жиі қабысып ұштас келеді.Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан халқының демографиялық дамуы қазіргі кезде негізінде оң қалыптасуда.Көші-қонның сыртқа бағытталған толқыны баяулап оң айырым қалыптасты.Табиғи өсім де бұрынғы деңгейіне жетті.Ұлттық құрылымда қазақтардың басымдығына қол жетті.Ендігі демографиялық көрсеткіштерді қазақ ұлтын өз дамуы қамтамасыз етеді.Сонымен бірге мемлекетіміздің демографиялық және әлеуметтік салада ғылым мен тәжірибеге негізделген саясат жүргізуін талап етіп отырған мәселелер де баршылық. Қазірде осы демографиялық ахуалды көтеру жағдайында халқымыз бен елбасымыз арасында көптеген байланыстар орнады.Елбасымыз үкіметке халқымыздың денсаулығын жақсарту жағында және қандастарымызды көшіруге көп деген міндеттемелер жүктеп жатыр.Соның нәтижесінде, жыл өткен сайын елімізде өлу көрсеткіші азайып, туу көрсеткіші біршама көбейіп қалды.Алайда мәселелер түбегейлі шешілді деп те айта алмаймыз.Әлі де шет елдерде қандастарымыз қалды, тағы бір айта кететін жәйт еліміздегі жетім балалардың көбін шет елдіктер асырап алуға келіп жатыр.Бұл біз үшін ең үлкен мәселенің бірі.

 Бұл мәселелерге өзімнің төмендегі ұсыныстарымды ұсынған болар едім:

1.Көші – қон үрдісінің ұзақ мерзімге арналған бағдарламасын жасап бекіту , орындау.

2.Еліміздегі жетім балаларды өзіміздің отандастарымыз асырап алуы үшін мемлекет тарапынан бір бағдарлама ашылып немесе қалталы азаматтардың көмегіне жүгініп қайырымдылық қорын ашса деп ойлаймын.

3.Қазақстан Республикасының шетелде тұратын отандастарды қолдау жөнінде «Қазақ диаспорасы туралы» заң қабылданса жақсы болар еді.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік:Әлеуметтану және саясаттану бойынша\Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е.Арын

2.Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы жобасына баспас сөз «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы»

3.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан — 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясат бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы //

  1. Егемен Қазақстан, 15 желтоқсан, 2012-1-5-бб

5.Нұрымбетова К.Қ. Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері мен болашағы: тарихи талдау (1991-2008 жж.). Тарих ғыл. канд. дәр. алу үшін дайындалған дисс. Авторефераты. Алматы, 2010. – 17-б.  4. Айталы А. Ұлтшылдық пен ұлтсыздық //Егемен Қазақстан, 27 маусым, 2012. – 3-б

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*