скачанные файлы (53)

ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылы «Абай атындығы көпсалалы мектеп-гимназия» Автордың аты-жөні: Асқарова Алтынай Асқарқызы 10-сынып Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Ассамблея – татулық темірқазығы Ғылыми жетекшінің аты-жөні: Берсугирова Алмагуль Джумагазизовна

ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылы

«Абай атындығы көпсалалы мектеп-гимназия»

Автордың аты-жөні:      Асқарова Алтынай Асқарқызы 10-сынып

Ғылыми жұмыстың тақырыбы:  Ассамблея – татулық темірқазығы

Ғылыми жетекшінің аты-жөні: Берсугирова Алмагуль Джумагазизовна

2015 жыл

Мазмұны

  1. Кіріспе

Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы – біздің ұзақ мерзімді тұрақтылығымыздың тарихы.

  1. Негізгі бөлім
  2. Ел бірлігі: бір ел – бір тағдыр
  3. Халық бірлігі – мемлекеттің негізі
  4. Бейбітшілік болса, ел дамиды
  • Қорытынды

Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Ассамблея – татулық темірқазығы

 

Қазақстан халықтарының достығы – біздің еліміздің баға жетпес игілігі.

Н.Ә.Назарбаев

 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Қазақстан халқы Ассамблеясы — ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея — мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры — бірлікте, Табыстың сыры — тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар — сол шаңыраққа шаншылған уықтар.  Ортақ ордамыз — Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру — елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз — ортақ, тілегіміз — бір, мақсатымыз — жалғыз. Ол — жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан!»

Біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы — Қазақстан халқының ортақ тарихы. Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді. «Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады», деген дана бабаларымыз. Сондықтан да атқаратын игілікті істеріміз халқымыздың болашағын бірлігіміз бен берік етсін.

Әлем жұртшылығы Қазақстанды жүзден астам ұлт өзара келісіммен бейбіт ғұмыр кешіп жатқан ел ретінде біледі. Қазақстан Республикасың Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтып келе жатқан ұлттық бірлік біздің баға жетпес байлығымыз және стратегиялық таңдауымыз болып қала бермек.

Қазақтың дархан даласы ежелден-ақ тарихтың теперішін көрген әртүрлі халықтар өкілдерін бауырына басып келді. Олардың көпшілігі бұл жерге тым ертеден-ақ қоныстанды. Басқалары қайғылы саяси қуғын-сүргін жылдары пана тауып, еінші отанына ие болды. Содан кейін «ұлы құрылыстар» мен тың жерлерді игеру заманы басталды, тағы да Қазақстанға қажырлы да қайратты, білгір де еңбекқор адамдар толқыны ағылды. Бірлескен еңбекте, күнделікті тіршілік пен мерекелерде жаңа полиэтникалық ортақ қауым – бірегей Қазақстан халқы қалыптасты.

Ұлы даланың халқы діні мен түрі бөлек әртүрлі халықтардың  бір жер, бір өлкеде өз тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін сақтап-дамыта отырып, жанындағы ұлыстардың рухани жетістіктерін кемсітпей, өзара келісіммен бейбіт өмір сүре алатындығын дәлелдеп шықты.

Тәуелсіздік алған жиырма жылда Қазақ елі ғасырлардағы тең жолдан өтті. Ең бастысы-әрбір қазақстандықтың өз елі, Отаны- Қазақстанға деген отаншылдық сезімі нық болды. Ұлты мен ұлысына қарамай әр бір қазақстандық осынау құт мекенінің абыройы мен беделін көтеріп, тәуелсіздікті нығайта түсуді өзінің басты парызы санайды.

30-40 жылдары тағдырдың талқысымен кең-байтақ даламызға қоңыстаған бірнеше ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Сол бір ауыр кездерде жатсынбай құшағын ашқан қазақ халқының бауырмашылдығын олар әсте де естерінен шығармайды.

Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы – біз мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Біле білсек, толеранттылық – үлкен құндылық. Мұны тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жылдағы маңызды жетістігіміз десек артық айтқандық болмас еді. Қазақстандағы полиэтникалық қоғамда негізінен екі мәдениеттің үстемдік құрып отырғаны белгілі. Біріншісі, сөз жоқ қазақ мәдениеті. Бұдан кейінгі орында орыс мәдениеті тұр. Дәл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты тірлікке дүниежүзінің көптеген елдері қол жеткізе алмауда. Керек десеңіз, Қазақстан –Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел.
Н.Назарбаев «Елдегі қоғамдық келісімді әрі қарай нығайту, қазақстан халықтарының ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін арттыру мақсатында 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы ретінде жариялауды қаулы етті».

 

 

 

Негізгі бөлім

Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Кез келген мемлекет үшін қоғамдық келісімнің маңыздылығы ерекше. Халық үшін бейбіт заманда мамыражай өмір сүруден артық ешқандай бақыт жоқ. Сондықтан елімізде татулық пен тұрақтылыққа Тәуелсіздік алған жылдан бастап ерекше мән беріліп келеді. Қазақстанда өмір сүріп жатқан этнос өкілдерінің мүддесі Елбасымыздың тікелей қадағалауында. Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу үшін, ел тұрғындары бай, әл-ауқаты жоғары өмір сүру деңгейіне жету үшін халықтың ынтымағы, бірлігі мен татулығының негізгі рөл атқаратынын ерекше атауға болады.

Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар, 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Ұлттық-мәдени орталықтарда жыл сайын Наурыз, Құрбан айт, Масленница мен Рождество сияқты, т.б. ұлттық және діни мерекелерді тойлау дәстүрге айналды. Бұл мейрамдардың жастарды көркем және қолданбалы өнер, фольклорлық мәдениет қазыналарына бауыр бастыру,  олардың халықтың салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігін ояту ісінде баға жетпес тәрбие құралы екені сөзсіз. Бұл жұмыстар республика орта оқу орындарының оқу бағдарламаларында одан әрі бекітіле түседі. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға тәрбие берудің жаңа тұжырымдамасына сәйкес арнаулы қосымша пәндер мен «Өнер және этика», «Әр халықтың салт-дәстүрлері», «Ұлттық мәдениет тарихы» факультативтері енгізілді.

Республикада Қазақстан халықтарының фестивальдары, тілдер фестивальдары, жексембілік мектептер шәкірттерінің мемлекеттік және ана тілін білу деңгейін анықтайтын бақылау-байқаулары, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық конференциялар мен семинарлар, этномәдениет дамуының көкейтесті мәселелеріне арналған «дөңгелек столдар» жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Ассамблеяның халықаралық байланыстары бірқалыпты дамып келеді. Ұлттық-мәдени орталықтардың тарихи отандарымен байланысты ұлғайып, нығая түсті.

Этностардың мәдени өмірі күннен-күнге байып, ұлттық-мәдени орталықтардың ұтымды ұсыныстары мемлекеттік құрылымдар тарапынан барлық жерде қолдау көріп отыр.

Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді — соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.

Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие.

Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр.

Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өтті.

Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді.

2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.

Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.

Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.

Ассамблеяның негізгі міндеттері:

  1. этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
  2. халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
  3. қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
  4. азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
  5. Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
  6. Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті – Ассамблеяны  құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.

Ассамблея Сессиясы – Ассамблея мүшелерінің жиналысы Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Кезекті Сессияны шақыру туралы өкім кезекті Сессияның өткізілетін күні, орны жене күн тәртібі көрсетіліп, ол басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесінің бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады жене оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі.

Ассамблея тарихында 18 сессия өткізіліп, онда қоғам өмірінің маңызды мәселелері мен мемлекет дамуының негізгі бағыттар талқыланды. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылатын Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс органы оның Хатшылығы дербес құрылымдық бөлім ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіреді. Ассамблеяның және облыстар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының құрамы — этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің және олардың қоғамдағы беделі ескеріле отырып Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан қалыптастырылады. Қазіргі уақытта Ассамблеясының құрамында 394 мүше бар. Ассамблеяға мүшелікке кандидатуралар облыстардың этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің ұсыныстары негізінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары сессияларының шешімі бойынша, сондай-ақ республикалық, өңірлік этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі бойынша ұсынылады. Ассамблея қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін Ғылыми-сарапшылық кеңес құрылып, қызмет атқаруда. Ғылыми-сарапшылық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіреді. Этносаралық мәселені жариялаудың ерекшелігі ескеріле отырып Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Журналистер мен сарапшылар клубы құрылған. Клуб жұмысының басты бағыты журналистер мен сарапшылар үшін этносаралық тақырыпты жариялаудың лайықты дәстүрін қалыптастыру, сондай-ақ Ассамблея мен БАҚ арасындағы байланысты тереңдету болып табылады. Барлық аймақтарда Достық үйлері өз жұмысын тиімді атқарып келеді, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласында – Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Мұнда жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары, әлемдік дәстүрлі діндер съездері, өзге де маңызды іс-шаралар өтеді.

Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі.

Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын — этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды.

Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында — Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ғылыми-сарапшылық кеңес, журналистер мен сарапшылар клубы құрылған. Ассамблеяның тағы бір ерекшелігі, этностық топ өкілдерінің мүдделерін жоғары заң шығару органы — ел Парламентінде білдіру болып табылады. Осыған орай 2007 жылы еліміз Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлауға құқылы. Ассамблея сайлаған Мәжілістің 9 депутаты, елдегі барлық этностардың мүддесін білдіреді. Ассамблеядан сайланған депутаттар заң шығарушылық процесіне белсенді қатысып, заң шығарушылық, бастамашылық құқығын жиі пайдалануда.

Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды рөл атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.

Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.

Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Ассамблеяға қатысты құзыреті:

  1. Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;
  2. Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды;
  3. Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  4. Ассамблея Сессиясын шақырады;
  5. Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.
  6. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі.

Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші рөлге ие бірден-бір ұйым. Жиырма жылдық тарихында аталған құрылым қоғамдағы тұрақтылықты сақтаушы құралға айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Үстіміздегі жылы елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық тойы республикалық деңгейде мерекеленеді. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты халыққа арнаған Жолдауында «Ассамблея құрылуының 20 жылдығын атап өту арқылы біз қазақстандықтардың рухани күш қуатын арттыруымыз және толеранттылығын еселеуіміз керек. Сондықтан да, біз Қазақстан халқын ең үздік және мәңгілік құндылықтар — ел игілігі жолында ынта мен жігерді, еңбекқорлықты және мақсаткерлікті арттыруға шақырамыз. Этносаралық келісім — ол өміршеңдік оттегісі» деп ерекше атап өтті. Ассамблеяның негізгі бағыты барлық этностық топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыру болып табылатындығын атап өткен Елбасы Ассамблеяның өміршеңдігінің ең басты ерекшелігі — ол этностық топтардың қызметін бақылаумен айналысатын қарапайым ұйымға ғана емес, сонымен қатар еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың мүдделерін бір арнаға тоғыстырушы, барлық азаматтардың этностық, діни ерекшеліктеріне қарамастан құқығы мен бостандығын сақтаушы толыққанды саяси институтқа айналғандығын айтты.

Мемлекет басшысы көп ұлтты Қазақстанда 100-ден астам ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір сессиясында атап өтеді. Өткен жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында да Қазақстан Мәңгілік Ел атану үшін мемлекетте бейбітшілік пен келісім бекем болуын басты назарға ұсынды. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» деп аталған сессияда рухани келісімнің айрықша жеті жоғары мәдени қағидатын айтып өтті. Онда діни тұрақтылық, ортақ жауапкершілік, мемлекеттік тілді өзге ұлттардың меңгеруі, конфессияаралық толеранттылық пен ішкі тұтастық, барлық ұлттың өмір сүру сапасын арттыру, әр ұлт пен ұлыстың мәдениеті мен өнерін дамыту және этномәдени бірлестіктердің жұмысына серпін беру қағидаттарына кеңінен тоқталды. Ассамблея халық егемендігін шоғырландырушы саясат үстілік органға айналды. Ассамблеяның депутаттық тобының құрамына бүкіл парламенттік партияның өкілдері болып табылатын 25 мәжілістің кіруі үлгі тұтарлық жағдай. Ассамблея мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді. Тек өткен жылы ғана Ассамблея 10 мың іс-шара ұйымдастырып, оларға 3,5 миллионнан астам адам қатысты. Көптеген өңірлерде Достық үйлері құрылып, жұмыс істеуде. Ассамблеяны 2020 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Жүргізілген сауалнама нәтижесінде қазақстандықтардың 97,5 пайызы Ассамблея біздің бүкіл халықтық мүдделерімізді бейнелейді деп айтқан. Бұл жақсы мойындау. Қазақстандық бейбітшілік руханият пен келісім мәдениетінің 7 арқаулық қағидаттары осындай. Бұл енді біздер өз ұрпақтарымызға ұлт байлығы ретінде беретін ортақ мәдени мұрамыз,- деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Елбасы бейбітшілік пен келісімді нығайту — 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың басты критерийі екендігін тілге тиек етіп, бес мызғымас шындықты атап өтті. Әлемдік саяси ахуалды сарапқа салып, этносаралық тұрақтылықты сақтап қалудың жолдарын көрсетті. Ассамблеяның бай халықаралық байланыстары бар. Мен барлығыңызды G-GLOBAL идеясын ілгерілету үшін өздеріңіздің халықаралық байланыстарыңызды пайдалануға шақырамын. Сондай-ақ, Ассамблеяда еліміздегі Астанада өтетін ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік көрмесі мен Алматыда өтетін Универсиада-2017 сияқты аса ірі халықаралық шараларға дайындыққа қатысу бойынша өзінің нақты Іс-қимыл жоспары болуы тиіс. Осы шараларда біз әлемге мәдениетімізді,  халқының полиэтностық толеранттылығын, бейбітшілік пен келісім жағдайындағы табыстарымызды көрсетуге тиіспіз,- деп Ұлт Көшбасшысы барлық қазақстандықтарды бірлікте жұмыс жасауға шақырды.

Ассамблея дүниеге келген 20 жылдан бері атқарған қызметі мен жүріп өткен сара жолы қазақстандық этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісінің әлемдік қауымдастық алдында беделді ұйымға айналып, ел қоғамының құрамдас бөлігіне айналғанын көрсетті. Қазіргі таңда бүкіл әлемді шарпыған ғаламдық дағдарыс Қазақстанға да өз салқынын тигізіп отыр. Мемлекетте қоғамдық-саяси тұрақтылық болмай, экономикалық салада жетістік болмайды деген қағиданы тарих әлдеқашан дәлелдеген. Сондықтан Қазақстан халқының бірлігін бұдан әрі жетілдіру міндеті мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналып отыр. Қазақстанның экономикалық дамуы, этносаралық қатынастардың әлемдік қауымдастық тарапынан мойындалуы, ең алдымен, қазақ ұлтының еншісінде деп ойлаймын.

Халық бірлігі — мемлекеттілік негізі. Қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана біз алдымызға болашағы күшті, өркендеп, дамыған Қазақстан елі туралы ұлы мақсаттар қоя аламыз. Ел өміріндегі мәні мен маңызы орасан зор осынау саяси оқиға қарсаңында біз көп ұлтты Қазақстан халқын бір атаның балаларындай еліміздің өркениетті дамуы жолындағы игілікті іске жұмылдырып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырып, елімізде тұрақтылықты сақтау мен оның дамуына аса зор үлес қосып келеді. Ең бастысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі нәтижесінде елімізде этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциялық һәм азаматтық құқықтары мен еркіндігін толық қолдана алатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Сөйтіп, Қазақстанның көпэтностық кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік берік орнады. Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қойған басты мақсаты және түбегейлі міндеті – этносаралық қатынас саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Осы мақсатта халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтар бойынша қоғамдық келісімді қолдап, дамыту, қоғамдағы экстремизм мен радикализмнің көріністеріне тойтарыс бере отырып, азаматтардың құқықтық бостандықтарына қысым жасауға жол бермеу, азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру да осы ұйымның төл парызы. Ынтымақ ұйытқысына айналған ұйым бұл мақсаттарды жоғары деңгейде орындап келеді.

Еліміз тарихынан ойып тұрып айрықша орын алатын оқиғаның бірі Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз еліміз дамуының ұзақ мерзімдік «Қазақстан — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын маңызы орасан зор құжатты халық назарына ұсынып, алда атқарылатын ауқымды да асқаралы міндеттерді белгілеуі болды. Міне, сондықтан да Қазақстан халқы Ассамблеясы осы құжаттың мәдениет, бейбітшілік, руханият және келісім мәселелерін талқылауға арналуы тегіннен-тегін емес. Себебі, Елбасы айтқандай, Тәуелсіз Қазақ елінде бәрі бар. Тек қана көпұлтты ұлттар мен ұлыстардың арасында өзара түсіністік, тату-тәтті береке-бірлік пен ынтымақ және рухани құндылықтарға деген адалдық ауадай қажет.

Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. «Бірлік бар жерде — тірлік бар», «Береке басы — бірлікте», «Ырыс алды — ынтымақ» деген сияқты көптеген мақал-мәтелдер соның айғағы. Болашақтың бірліксіз болмайтынын болжай білген бабаларымыз бала тәрбиесінде де осы қағиданы басты бағыт етіп ұстаған. Ол атадан балаға мұра болып, әлі де жалғасын тауып келеді. Бірлік пен татулық тәлімінің қазіргі көпұлтты Қазақстан жағдайында маңызы ерекше. Мемлекет құраушы, елдің, жердің иесі ретінде қазақ халқы өзге ұлттар мен ұлыстарға оның асқан үлгісін көрсетіп келеді десек артық емес. Тарихымызға үңілсек, оған анық көз жеткізе аламыз. Қиын-қыстау кезеңге тап болған өзге ұлт өкілдеріне қашанда қамқор болып, ағалық мейірімін аямаған. Алаш елі тағдырдың жазуымен жер аударылып келген түрлі ұлыстарға төрінен орын беріп, бір үзім нанын бөліскені белгілі. Сол үшін көптеген ұлыстардың өткен және бүгінгі буыны қазақ халқына шексіз риза. Қазақ жерінде қазір 140-тан аса ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүріп жатыр. Оларға Қазақстан азаматтары ретінде тең құқық берілген. Олар білім алу, емделу, жоғары лауазымды қызмет атқару мүмкіндіктеріне ие. Елімізде мекен еткен ұлт пен ұлыстарға өз мәдениетін дамытып, салт-дәстүрлерін сақтауға лайықты жағдайлар жасалған. Олардың әрқайсысының ұлттық мәдени орталықтары тұрақты жұмыс істейді. Мәдени орталықтар әр халық өкілдерінің өз ұлттық дәстүрлерін сақтауға зор ықпал жасап келеді. Сонымен бірге, көпұлтты Қазақстанның мәдени жағынан әртарапта дамуына үлес қосып келеді.

Ғасырлар тоғысында еркіндікті аңсаған ата-баба арманы жүзеге асып — егемендікке ие болдық. Қазақ жерінде арайлап атқан елдіктің ақ таңы, ең алдымен, осынау дархан даланы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, алғыр ақылмен, берік тақыммен қорғап, сақтап қалған ата-бабаларымыздың ұлы күрестерінің заңды да нақты нәтижесі.Қазақ елі қазіргі таңда қабырғасы қатайған, пікіріне халықаралық қауымдастық өкілдері құлақ асатын беделді елге айналды.

20 жылдық тарихы бар ұйым елдің саяси жүйесінің маңызды бір бөлігіне айналып, ол Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен этностардың мүдделерін, құқықтарын бір арнаға түйістірді. Әрбір ұлттың тегіне, дініне, көзқарасына қарамастан, барлық азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етті. Түптеп келгенде, Ассамблея еліміздегі халықтардың тұрмыстық деңгейдегі ұлтшылдықтың пайда болуына жол бермейтін, бір-біріне төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуді дәріптейтін ең маңызды ұйымның бірі болып саналады. Осының нәтижесінде әрбір қазақстандық кең ауқымды ойланып, достық пен өзара түсіністікті бағалауға жетелеу жолында жемісті еңбек етуде. Осыған байланысты бұл ұйым мемлекетімізді мекендейтін этнос өкілдерін бірлікке шақырып, елдегі демократияның қалыптасуына да тікелей атсалысуда. Ел Президентінің бастамасы бойынша құрылған мемлекеттік, ұлттық саясатты дамыту мен жетілдірудің ерекше маңызды құралы болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде елді біріктіруде, этностар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді, татулықты нығайтуда аса маңызды қызмет атқарады.

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстанда әртүрлі ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Шаңырақсыз үй болмайтыны сияқты, Шығыс Қазақстан облысының халқы да ортақ баспанаға – облыстық Достық үйіне ие болды.

Қазақстандағы тұңғыш Достық үйі бұдан жиырма жыл бұрын – 1922 жылы ашылды. Оны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

Достық үйі ашылған кезде оның шаңырағының астына барлығы тоғыз этномәдени бірлестік жиналған еді, ал қазір олардың саны 22-ге жетті, Шығыс Қазақстан облысында барлығы 80-нен астам этномәдени бірлестік жұмыс істейді, оның ішінде «Ынтымақ» және «Бірлік» деп аталатын жастардың екі қоғамдық бірлестігі бар.

Достық үйі Шығыс Қазақстанның түрі басқа болса да жүрегі нұр, тілі басқа болса да тілегі бір мыңдаған жандарын табыстырды. Өткен 20 жыл ішінде мұнда жүздеген керемет мерекелер, концерттер, кездесулер мен конференциялар өтті. Бүгінгі күні Достық үйінде жиырмадан астам этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Солардың әрқайсысының өзіндік, ерекше көркем өнерпаздар ұжымдары бар, оларды Шығыс Қазақстан облысында ғана емес, одан тыс жерлерде де асыға күтеді.

Достық үйінде тілдерді дамытуға, этникалық мәдениет пен салт-дәстүрлерді сақтауға жете назар аударылған.

«Бір шаңырақ астында» атты халықтар достығы фестивальдері Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында басталады да жыл соңында, Тәуелсіздік күні аяқталады.

Өзімнің туған жерім Жарма ауданы туралы айта кететін болсам, халық саны 43147 адам болғанымен, өзге ұлт өкілдерімен тату-тәтті өмір сүруде.

Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақтардың көршілері орыстар, немістер, шешендер, татарлар  болғанымен бір-біріне білмегендерін үйретіп, қолдау көрсетіп отырған. Апамның бір сөзінде: «Кімнің үйінде қандай тамақ бар, бір-бірімен бөлісіп ішіп, нанның қадірін, киімнің қадірін сол кезден біліп өстік». Балаларында бір-бірінен бөлмей өсіріп, жақсы тәрбие берген. Ауыл щаруашылығында бір-бірінен бау-бақшаға қандай күтім жасап, өсіруге болатынын үйренген. Салт-дәстүрлерін құрметтеп, тамақтың бірнеше түрін жасаған.

Ассамблеяның 20 жылдығына орай аудан орталығындағы мәдениет үйінде, мектептерде мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

Жарма халқы үшін басқа ұлттармен және ұлыстармен бейбіт тату көршілік қарым-қатынаста болу – ынтымағымызды одан әрі нығайту болып табылады.

Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында барлық қиындықтарды жеңетін бірден-бір күш – бұл біздің бірлігіміз деп атап көрсетті. «Саусақ бірікпесе, ине ілікпейді» деген халық даналығы бар.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өтпелі кезеңде қоғамдық институт – Қазақстан халқының Ассамблеясын құру жөніндегі шешімнің дер кезінде және  көрегендікпен қабылданғанын өмірдің өзі дәлелдеп берді. Бүгінгі күні бұл қоғамдық құрылым көптеген шетелдік қоғамдық-саяси ұйымдарға, оның ішінде ЕҚЫҰ-на да  жақсы танымал. Ассамблея республиканың ұлтаралық келісімді нығайту жөніндегі  көпқырлы жұмысының компасы, бастамашысы, ұйымдастырушысы  және үйлестірушісі болды және бола   бермек.

Бұл көпқырлы жұмыстың алдыңғы шебі, басты әрекет етуші күш Достық үйлері.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы және Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, Өскеменде әр ұлттың сұлуларының қатысуымен «Ассамблея аруы» байқауы өткізілді. Көктемнің алғашқы мейрамы — аналар күніне арналған іс-шарада көп балалы аналарға мерекелік сыйлықтар табыс етіліп, ақ тілектер айтылды.

Елбасы Н.Назарбаев Халықаралық әйелдер күніне орай бүкіл қазақстандық арулар мен аналарға арнап айтқан құттықтау сөзінде: «Біздегі әйелдер жұмыста, шығармашылықта, спортта, ғылымда табыстарға жетуде. Сонымен қатар отбасының да сақтаушысы болып қалып отыр. Қазақстандық әйелдердің қайталанбас осы ерекшелігі – қоғамымыздың сондай мықты тірегі әрі біздің этносаралық және дінаралық келісім үлгісі сияқты танымал брендіміз»,- деп ерекше атап өткен болатын. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербейді. Елдегі этносаралық достықтың да ұйытқысы — ана. Ендеше осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі ғана емес, татулықтың, бауырмалдықтың айқын көрінісі.

Н.Ә.Назарбаев айтқандай, біздің еліміздің ең басты жетістігі – ортақ Отанымыздағы ұлтаралық келісім, бейбітшілік және тұрақтылық дейтін болсақ, бұл уақыт шындығы. Бұған осынау беймаза әлемдегі қол жеткен елеулі табысымыз деп қарауымыз керек.

Ал бұл табыста Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлі мен үлесі өте зор.

Уақыт — бәріне төреші. Өткен кезең біздің халықтар Ассамблеясының қазіргі замандағы сирек кездесетін этностық келісім құралы екендігіне Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі жұрттың көздерін жеткізді деп ойлаймын.

Біздің ұлттық келісім – бүкіл осынау жылдардың бойында азаматтық қоғам институттарының қолдауы жағдайындағы мемлекеттің тынымсыз жүргізген жұмысының нәтижесі.

Облыстар деңгейінде халықтардың өңірлік ассамблеялары жұмыс істейді. Қазір Қазақстанда үш жүз елуден астам республикалық және жергілікті ұлттық-мәдени орталықтар әрекет етеді.

Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ел Президентінің жалпы мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі: еуразиялық интеграцияны дамыту, қоғамды демократияландыру және жаңа азаиаттық теңдікті қалыптастыру идеяларын қолдап келеді. Үкімет ұйымдары мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының бірлесіп атқарған қыруар жұмыстарының нәтижесінде республикадағы этносаралық қатынастар, тұтас қарастырғанда тұрақты да қолайлы даму сипатын алып отыр. Тұрғындардың барлық этникалық топтары этникалық қарым-қатынастардың  көпұлтты ұжымда жұмыс атқару, басқа ұлт өкілдерімен достық сыйластықта болу, халықаралық ынтымақ сияқты формаларына жоғары ымыраластық пен ықыластарын танытып келеді.

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде көпұлтты қазақстандықтардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырған татулық темірқазығына айналып отыр. Туған елі — Қазақстанды әлемдегі өркениетті елдер қатарына қосуды жоспарлаған Елбасының басты арман-мұраты да міне, осы!

Біз баршамызға аян мына бір шындықты ешқашан естен шығармауымыз керек. Жаратушы – жалғыз, дүние – ортақ, аспан асты – кең, ендеше, біз бір атаның баласы, бір ананың перзенті ретінде бір-бірімізбен береке-бірлік пен ынтымақта өмір сүруіміз керек.

Н. Назарбаев айтқандай, ең бастысы тату-тәтті, ынтымағы жарасқан көпұлтты халқымыз бар. Ел дегенде, жер дегенде білегін сыбанып, іске дайын тұрған азаматтарымыз бар. Сан ғасырлар бойы талай теперіштікөрсе де, жайсаң жанын, әсем әнін, күмбір күйін, әдемі әдет-ғұрпын, таза тілін сақтаған ұлтымыз бар. Міне, біздің басты байлығымыз – осы!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми сайты
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы: Қазақстан Республикасының Заңы //Егемен Қазақстан 21.10.2008ж
  • Қазақстан Ассамблеясының даму кезеңдері: кеше бүгін Ана тілі 29.10. -04.11.2009ж
  • Егемен Қазақстан газеті
  • Абдрахманов С. Ұлы ұйымының ұмтылысы: ҚР Президент Назарбаев БҰҰ бас Ассамблеясында 62-ші сессиясында сөз сөйледі.//Дала мен қала28.09.2009
  • Көркемсуретті Қазақстан тарихы 4 том «Қазақ энциклопедиясы» Алматы 2007ж
  • Т. Ахметжанова Көпұлтты құшағына сыйғызған қазақ елі: Форум. //Заң газеті.03.05.2009ж
  • Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 10 жыл «Елорда» баспасы, 2005ж
  • Әрқашан бірге, әрдайым алда болайық: Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында Президентің сөйлеген сөзі. //Солтүстік Қазақстан 27.10.2006ж
  • Әлемнің ең биік мінберінен айтылған сөз: ҚР Президенті Н.Назарбаев БҰҰ бас Ассамблеясының 62- сессиясында сөз сөйледі. //Дала мен қала.-2007.-26 қыркүйек.
  • ХХІ ғасыр – Қазақстанның жұлдызды ғасыры Астана 2010ж
  • Бірлігі жарасқан біздің үй Өскемен «AsTprime» баспасы, 2012ж

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*