жасдарын значек

Тақырыбы: Улы гепатит Авторы: М.Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектептің 11 «А» сынып оқушысы Өтегенқызы Арайлым Ғылыми жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі Алимсакова Балкен Каримовна Ғылыми кеңесшісі: ҚР БҒМ ҒК «Адам және жануарлар физиологиясы институты» РМК аға ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының кандидаты,асс.профессор С.Н.Әбдірешов

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Алматы қаласының білім басқармасы

Бағыты: Таза табиғи орта «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру негізі

Секция: Биология

Тақырыбы: Улы гепатит

Авторы: М.Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектептің
11 «А» сынып оқушысы Өтегенқызы Арайлым

Ғылыми жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі
Алимсакова Балкен Каримовна
Ғылыми кеңесшісі: ҚР БҒМ ҒК «Адам және жануарлар
физиологиясы институты» РМК аға ғылыми
қызметкер, биология ғылымдарының
кандидаты,асс.профессор
С.Н.Әбдірешов

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларының болжамына сай (ДДҰ материалдары, Женева, 2003), ХХI ғасырда улы заттардың (неорганикалық және органикалық) әсерінен әлемде жүрек-тамыр жүйелерінің аурулары, бауыр, бүйрек және т.б. аурулар кең таралуда. ХХ ғасырдың өзінде антропогендік факторлардың әсерінен, еңбекке жарамсыздық пен мүгедектіктің туындауының жоғары жиіліктің болуы, әлеуметтік мәні бойынша әлемде алғашқы орындардың бірін алса, бұл көрсеткіштер ХХI ғасырда да жалғасын таппақ.
Қоршаған ортаны ластаушы химиялық заттардың ішінде адам денсаулығына үлкен қауіп төндіретіндер неорганикалық улы заттармен қатар өндірістік токсиканттар: ұшқыш органикалық қосылыстар: тетрахлорметан немесе төртхлорлы көміртек (CCl4), бензол, толуол, бензеперин және басқалар.

CCl4 – организмде бос радикалдардың түзілуіне алып келетін улылығы жоғары заттар. Ол липидтердің тотығуын активтендіреді, бауыр клеткаларын зақымдайды, ал ауыр жағдайларда гепотоциттердің некрозына және дистрофияға алып келеді [1].
Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижиелерінде [2, 3], кадмий иондарының лимфа ағысының жылжуы, лимфа тамырларының жиырылу белсенділігі мен иннетвациясына әсері анықталған. Кадмий иондарының лимфа ағысына, лимфадағы белок құрамына және ұлпалардың протеолитикалық белсенділігіне кері әсері туралы мәліметтер бар [4]. Лимфа жүйесінің транспорттық қызметі жеткілікті зерттелмеген, соның ішінде, организмнің органикалық улармен улануы кезіндегі лимфа түйіндерінің ролі зерттелмеген.

Лимфа жүйесі көп функционалды, ол су мен белоктардың ұлпалар қан арналарына тасымалдануына, алмасу және иммундық реакцияларға, ісік, шемен, лимфостаз сияқты патологиялық процестердің дамуына әкелетін қатерлі ісік клеткаларының метастазына қатысады.
Соңғы жылдары ортаның қолайсыз экологиялық факторлары әсер еткенде лимфа жүйесі организмнің компенсаторлы-қорғаныштық реакцияларына қатысатындығы анықталып отыр.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда қоршаған ортаның экологиялық жағдайының нашарлауымен байланысты соңғы 5 жылда қан аурулары 69%, қанайналым 52%, ас қорыту мүшелерінің аурулары екі есеге, онкологиялық және жүйке аурулары 42%-дан 52%-ға дейін артып отыр.
Дүниежүзілік денсаулық ұйымының (ДДҰ) мәліметтеріне сүйенсек, ХХІ ғасырда әлемде жүрек-қантармыр аурулары, қантты диабет, алмасу процестеріндегі бұзылыстары, т.б. арта түседі. Адамдарда зат алмасу процестерінің бұзылу себептері артық мөлшерде тамақтану, қозғалыстың аз болуы, алкоголь, шылым шегу, стресс, сонымен қоса су мен тағамдар құрамындағы өндірістік токсиканттар болып саналады.
Лимфа жүйесінің ұлпалар мен мүшелер дренажындағы, гормондар тасымалындағы, транскапиллярлық зат алмасуы, ас қорыту мүшелерінен белок пен май бөліктерінің қан арналарына тасымалдануы процестеріндегі рөлін ескере отырып, ұшқыш органикалық улы заттармен улану салдарынан улы гепатиттің дамуы мен лимфадинамикадағы қозғалыстарға лимфа жүйесінің қатысуын зерттеу өзекті мәселе деп есептейміз.
Зерттеу мақсаты – Төртхлорлы көмірсудың әсерінен болатын улы гепатит кезіндегі лимфа жүйесінің күйін зерттеу.

Міндеттері
1) Жануарларға төрт хлорлы көміртек енгізу арқылы улы гепатиттің үлгісін алу.
2) Улы гепатит кезіндегі қан плазмасы мен лимфаның биохимиялық көрсеткіштерін және лимфа түйіндерінің жиырылуы белсенділігін зерттеу.

1.1 Ағзаның висцеральды қызыметіне органикалық және неорганикалық улы заттардың әсері

Техникалық прогресспен байланысты заманауи әлемде атмосфераға әр түрлі токсиканттардың, соның ішінде ауыр металдардың шығарылуы көбеюде. Топырақта ауыр металдардың мөлшері көп болған кезде, олар азық түлікпен бірге адам және жануар ағзасына түседі. Бұл тірі ағзалар үшін үлкен қауіп тудырады. Ғаламшардың әр түрлі аймақтарында тұрғындар денсаулығының нашарлауы, генетикалық аппараттың бұзылуы, хромосома абберациялар санының көбеюі туралы көптеген мәліметтер бар.
Ағзаға ауыр металдардың түсуі бауыр, бүйрек клеткаларының функциялары мен құрылымының бұзылуына алып келетін ферменттер тежелуін тудырады, белок, липид, көмірсу алмасу бұзылады.
Ораникалық улы заттар төрт хлорлы көмірсутек немесе тетрахлорметан, бензол, толуол, ацетон, бензеперин және т.б. адам организміне кері әсері өте жоғары. Бұлар бір жағынан өнеркәсіпе кеңінен қолданылады. Тетрахлорментанға жалпы сипаттама. Төртхлоркөміртек (химиялық атауы: тетрахлорметан) — буланатын түссіз жанбайтын, хлороформның иісі сияқты тәтті иісті бар сұйықтық. Суда нашар ериді (0,5 г/л). Молекулалық салмағы 153,82. Тығыздығы 1,59. Қату температурасы -23ºС, балқу температурасы 76,7ºС. Қоршаған ортада тетрахлорметан көбінесе газ түрінде болады, ауада концентрациясы 10 мг/л деңгейінде болғанда адамдар оны сезе бастайды.
Тетрахлорметан — шығу тегі жасанды, табиғи жолмен түзілмейді. Бұрын төртхлорметан бүткіл дүние жүзінде тоңазытқыш қондырғыларында аэрозольды баллондарда пропеллент ретінде қолданылатын хлорфторкөміртек хладагенттерін (CFC) алу үшін, көп мөлшерде өндірілген. (Пропелленттер — инертті химиялық зат, оның көмегімен аэрозольды баллондарда артық қысым пайда болып, ол упаковкадан белсенді құрамның ығыстырылуын және оның атмосфераға таралуын қамтамасыз етеді). Өткен ғасырдың 70 жылдарда хладагенттер мен пропелленттердің Жердің озон қабатына кері әсер ететіні белгілі болғаннан кейін, бұл облыстарда тетрахлорметан қолданылуы азаюда [1].
АҚШ-тың токсинді заттар мен аураларды есептейтін Агенттіктің мәліметтері бойынша (US Agency for Toxic Substances and Disease Registry) ХХ ғасырдың 60-80 жылдары тетрахлорметан АҚШ-та химиялық тазалауда тазалаушы зат және тұрмыста дақ кетіргіш ретінде, сонымен қатар өрт сөндіргіштерде де кеңінен қолданылды. Бұдан басқа тетрахлорметан май, техникалық майлар, лак, шайыр, сабын, кабельдер мен жартылай өткізгіштер өндірісінде және полимерлер өндірісінде каталитикалық орта ретінде (әсіресе нейлон-7 синтезінде), органикалық заттардың хлорлау процессінде де қолданыс тапты. Алайда АҚШ-та 1986 жылдан кейін бұл мақсаттарда тетрахлорметанды қолдану шектелді немесе оны қолдануға толықтай тыйым (мысалы, пестицидтер ретінде) салынды.
Пайда болу жолдары. Тетрахлорметанның көзі болып адам әрекеті болып табылады. Тез ұшқыштығына байланысты, тетрахлорметан атмосфераға тікелей өндіріс және оны басқа өндіріс процесстерінде қолданған кезінде түседі. Ауада тетрахлорметан газ ретінде болады және басқа химиялық заттарға ыдырағанға дейін ұзақ жылдар сақталуға қабілетті. Тропосферада 8-10 км биіктікте полярлыда, 10-12 км қоңыржайда және 16-18 км тропикалық ендікте 35-50 жылға дейін сақталуға қабілетті. Тетрахлорметанның ыдырауы фотолиз арқасында (яғни күннің ультракүлгін сәулесін жұту нәтижесінде химиялық өзгеріске ұшырау) стратосферада жүреді. Бұл процесс өте баяу жүреді және тетрахлорметанның өндірісі азайтылғанына қарамастан, атмосферада әлі де көбеюі байқалуда, бұл Жердің озон қабатының бұзылуына алып келеді және ғаламшарда климаттың жылуына әсер ететін «парниковый эффектті» тудырады. Тетрахлорметанның ыдырауы кезінде пайда болған хлордың атомы озонның 104 молекуласын жояды.
Топырыққа тетрахлорметан химиялық өндіріс тасталу кезінде түсуі мүмкін. Негізінен тетрахлорметан буланып, топырақта тұрмайды, бірақ оның бөлігі жер асты суларына түсуі мүмкін. Жер үсті суларына да тетрахлорметан өзінің технологиялық циклында қолданатын тұрмыстық өндірістің тасталуы нәтижесінде түседі.
Судың сапасына әсері. Судың бетінде тетрахлорметан аз болады. Өзінің жоғары ұшқыштығы арқасында бірнеше күн, көп болса апта ішінде атмосфераға буланады. Алайда егер ол жер асты суларына түссе ұзақ жылдар бойы сақталады. Суда 25ºС температурада жартылай ыдырауы 7000 жылды құрайды.
Дүние жүзілік ауыз суында тетрахлорметан 0,5 мкг/л құрайды. Осы шамадан асып кетуі өндіріс объекттерінің қасында, сонымен қатар химиялық қалдықтар көмілген жерлерде байқалады. Бұл жағдайда суда тетрахлорметанның концентрациясы он немесе тіпті мың мкг/л-ға дейін жетеді.
Ағзаға түсу жолдары. Негізгі ағзаға түсу жолы тыныс алу болып табылады. Бұл химиялық заттың тағамдарда болуы шектеулі, және ДСҰ-ның бағалауы бойынша ағзаға тамақ және сумен түсуі өте төмен. Бұл мәліметтерді АҚШ-тың токсинді заттар мен аураларды есептейтін Агенттік (US Agency for Toxic Substances and Disease Registry) растайды. Соған сәйкес дүние жүзі бойынша адаммен тетрахлорметанды тәуліктік қолданылуы 0,1 мкг деңгейінде, ал сумен түсуі тек 0,01 мкг құрайды.
Тетрахлорды жұту кезінде ағзаға оның мөлшерінің 30-40% дейін түседі. Сумен қолданғанда бұл көрсеткіш 85-91% құрайды. Ағзада тетрахлорметанның негізгі бөлігі май ұлпаларында сақталады. Бірақ тетрахлорметанның көп бөлігі ағзадан тез шығарылады.
Жануарларға жасалынған тәжірибелер көрсеткендей, 34-75%-ы тыныс алу, 20-65%- үлкен дәретпен, ал біршама бөлігі тек несеп арқылы сыртқа шығарылады. Төрт хлорлы көмірсутекті организмен толық шығару үшін бірнеше апта кетеді. Тірі организмде төрт хлорлы көмірсутек еш өзгермейді, тек біршама мөлшері хлороформ, гексахлорэтан және көміртегінің қос тотығы тәрізді қоспалар түзуі мүмкін, әрі мұның өзі адам денсалығына кері әсерін тигізеді.
Денсаулыққа потенциалды қауіптілігі. Үлкен концентрацияда бір рет немесе бірнеше рет тетрахлорметанмен адамдарға әсер еткендегі денсаулығына әсері туралы зерттеулер, ұзақ уақыт бойы аз мөлшердегі әсері туралы нақты мәліметтері жоқ.
Тетрахлорметанды көп мөлшерде жұтып немесе сумен ішкенде, тіпті аз уақыт ішіндегі әсері көбінесе бауырға тиеді. Бұл кезде майдың интенсивті жиналуы мен бауыр көлемінің үлкеюі байқалады, ауыр жағдайларда — бауыр жұмысының бұзылуына алып келетін бауыр клеткаларының зақымдануы немесе бұзылуы.
Сонымен қатар аса сезімтал мүше бүйрек болып табылады. Тетрахлорметанмен әсер етуінің нәтижесінде зәр түзілу процессі бұзылып, ағзада су жиналып (әсіресе өкпеде), қанда токсинді заттардың концентрациясы жоғарылайды. Тетрахлорметанмен қатты уланған адамдарда бүйрек жұмысының бұзылуы олардың өліміне алып келеді. Егер тетрахлорметанмен әсер аз уақытты қамтыса, бауыр мен бүйрек зақымдануы қайтымды сипатта болып, олардың жұмысы уақыт өте келе қалпына келеді.
Тетрахлорметанмен үлкен концентрацияда аз уақыт ішіндегі әсері орталық жүйке жүйесінің бұзылуына алып келе алады. Бұл кезде интоксикацияның барлық белгілері байқалады: бастың ауыруы, айналуы, жүрек айнуы мен құсу, ұйқышылдық. Әдетте бұл белгілер зиян әсерді тоқтатқаннан соң кетеді, алайда ауыр жағдайларда кома немесе тіпті летальды нәтижеге алып келуі мүмкін.
Тетрахлорметанның адамның басқа ұлпалары мен мүшелеріне әсері бауыр, бүйрек, миға қарағанда онша маңызды емес. Кеміргіштерге жүргізілген тәжірибелер, ағзаға әр түрлі жолмен түсуі кезінде алдымен қысқа уақыт ішінде, 12-16 аптада, бауыр ісігін тудыра алатының көрсетті.
Бұл АҚШ-тың денсаулықты сақтау Департаментіне (The Department of Health and Human services), ракті зерттеу бойынша Агенттігіне (International Agency for Research on Cancer) және АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау бойынша Агенттігіне (Environmental Protection Agency) тетрахлорметанды адамға потенциалды канцерогенді заттар қатарына жатқызуға мүмкіндік берді. Тетрахлорметанның мутагенді және генотоксинді белсенділігі анықталмады.
ДСҰ-ның жүргізген зерттеулер нәтижесінде тетрахлорметанның тәуліктік қолдану көлемі анықталды. Бұл дене массасының 0,714 мкг/кг тең және осы мөлшерге сүйене суда болу дәрежесі бойынша ұсыныс жасалды — 2 мкг/л.
Біршама авторлар айтылған ағзаға әсерлерінің негізгі себебі, ауыр металдардың иондары тиолды улар рөлін атқара алатындығында деп санайды. Құрамында тиол бар қосылыстар болып кейбір ферменттер, күкірт бар аминқышқылдар, пептидтер, белоктар және де т.б. биологиялық мағызды қосылыстар саналады. Ауыр металдар әсерінен бұл заттардың инактивациясы ағзада метаболизм процесстерінің бұзылуы мен оның қалыпты қызымет етуінің бұзылуын тудырады.
Молекулалар және микробөліктер түрінде химиялық заттар ағзаға аэрозольдармен тыныс алу жолдары мен тері арқылы, сонымен қатар ішек-қарын жолымен азық арқылы түседі. Ішек-қарын жолының және тері эпителийімен химиялық заттардың түйісуі олардың қан мен лимфаға сіңірілуіне алып келеді. Сіңірілу элементтің мүшелерге таралуымен бірге жүреді. Кейін бөліп шығарушы жүйе арқылы элементтер ағза арқылы өту циклын аяқтап. қайтадан ортаға қайтарылады.
Химиялық әсермен қолайсыз факторлардың үйлесімдігі олардың әрекетің күшейтіп, пролонгирлейді. Алматы қаласының автотранспорттары жыл сайын атмосфераға 160 мың тоннаға дейін зиянды заттар шығарады, бұл өндіріс кәсіпорындарының қалдықтарынан 3,5 есе артық. Басқа қалалар топырағында кадмий, қорғасын, мырыш — ауыр металдарының мөлшері қалыптан 14-60 есе көп.
Элементтердің тасымалы алдымен молекулярлы бөліктің мөлшерімен, оның зарядымен және липидтер мен майларда ерігіштігімен анықталады. Тасымалдаушылар ретінде сирек емес әр түрлі белоктар болады.
Ауыспалы валентті ауыр металдар, соның ішінде қорғасын мен кадмий, липидтердің қышқылды тотығуын іске қосатыны көрсетілген. Осылай ересектер мен балалар ағзасына әр түрлі мүшелер мен жүйелердің созылмалы патологиясының, жоғары жиілікте аллергиялық аурулар, сонымен қатар онкопатологиялар қалыптасуында ауыр металдардың әсері көрсетілген [8].
Қорғасын, кадмий, сынап сияқты ауыр метелдардың оқшауланған немесе құрамдастырылған әрекеті кезінде эритроциттердің морфофизиологиялық өзгерісі, эритроциттер, лейкоциттер санының азюы, гемоглобин концентрациясының төмендеуі байқалды [9].
Интоксикацияға аса сезімтал болып клеткалар мен субклеткалы органеллалар мембранасы, маңызды қосылыстардың биосинтез жүйелері, мысалы, гистамин, гормондар. Биомембраналардың зақымдану механизмдерінің қазіргі таңда маңыздысы липидтер тотығуы болып табылады. Липидтердің тотығу процесстерінің бұзылуы химиялық қосылыстардың токсинділігі мен дәрілік препараттар механизмдерінің негізінде жатыр және клеткалар зақымдануының негізгі механизмдерінің бірі болып қарастырылады. Ағзаға у келіп түскен кезде оның клеткалық мембранамен токсикокинетика деңгейлерінде әрекеттесуі жүреді [10].
Кадмий шеткі жүйкелер мен микротамырлардың гематоэнцефалиттік өткізгіштігін өзгертеді. Мембраналарда абсорбирленіп, кадмий иондары эритроцитке өтіп, плазмада жайылады. Кейін кадмий плазмалы белоктарға қосылып, басқа ұлпаларға түседі. Эритроциттерде кадмийдің 70% сақталады [11].
Тексеру кезінде ауыр металдар тұздарының жоғары концентрациялы аймақтарында өмір сүретін әйел адамдарды репродуктивті және перинатальды патология дамуының жоғары қаупі бар топқа жатқызуға болады [12].
Ауыр металдармен индустриалды ластану аймақтарында өмір сүретін адамдарға кадмий иондарының төмен концентрацияда әсері зәрде бүйректің ерте зақымдану биомаркерлерінің (N-ацетил-β-D-глюкозаминидазы, аланин-амино-пептидазы) пайда болуын тудыратыны, сонымен қатар мойын жуандануында кадмий жиналуына алып келетіні анықталды, ал бұл адам ағзасының ерте қартаюына алып келетін маңызды фактор болып табылады []13.
Өндіріс токсиканттарымен атмосфералық ауаның ластанған аймақтарында өмір сүретін балаларды тексерген кезде тыныс алу мүшелерінің (респираторлы вирусты инфекциялар, бронхит, пневмония), сезім мүшелерінің (отит, конъюктивит) және тері ауруларының жоғарулауы көрсетілген [14].
Препуберантты және жыныстық жағынан жетілген егеуқұйрықтар еркектерінің репродуктивті мүшелеріне кадмий хлоридінің әсерін зерттеу кезінде тестикулалардың андрогенді қызыметіне айқын, дозаға тәуелді кадмий хлоридінің токсиндік эффекті болды. Репродуктивті функцияның бұзылуында патогенезі мен бедеуліктің дамуында бұл элементтің рөліне айғақ болатын, әр түрлі дәрежеде гормональды көрсеткіштердің ауытқуы анықталды [15].
Зертханалық егеуқұйрықтардың азықпен бірге 2,4 Д хлороорганикалық пестицидтің енгізуінен туындаған эндотоксикоз, аш ішектің шырышты қабығының лимфа капиллярларының көлемді қалыңдығының ұлғаюына алып келді. Аш ішектің лимфа капиллярларының эндотелициттерінің ультрақұрылымды ұйымдасуының дистрофикалық өзгерістері қан тамырларына қарағанда айқын болды [16].
Ауыр металл тұздарының әсері ЛАТ процесстерін күшейтіп, сүт бездерінің мембрана клеткаларына зақымдаушы әсер етеді, сонымен қатар лактацияның төмендеуін тудырады [17].
Қойларда қорғасын ацетатымен созылмалы интоксикация кезінде белоктар, глюкозалар мен холистерин концентрациясының өзгерісі байқалды, демек бауыр метаболизімімен бұзылғаны. Белок пен глюкозаға қарағанда холестерин эриттроциттерде жақсы адсорбицияланды. Осыған ұқсас өзгерістер егеуқұйрықтарға азықпен казмий хлоридің енгізгенде анемия мен тромбоцитоз белгілерінің шақырып туындады [18].
Кадмий мен қорғасын 10-6-10-4М концентрациясында көптеген ферменттер 50% инактивирлеенді. Кадмий иондарының белгілі антитотықтырғыш ферменттер белсенділігіне әсері және кадмий нейрональды клеткаларда гомеостаздың клетка ішілік сульфигидрильді бұзылуын тудыратыны туралы мәліметтер бар [19].
Егеуқұйрықтарға құрсақ ішіне in vitro кадмий ацетатын енгізу антитотықтырғыш ферменттердің белсенділігін тежеп, ЛАТ деңгейін көбейтіп, эритроциттердің зақымдануын тудырған [20].
Егеуқұйрықтарға кадмий 45 тәулік бойы әсер еткен кезде бауырда, бүйректе және уақыттың әр түрлі интевалында мидың әр түрлі аймақтарында глутатионпероксидаза мен каталаза белсенділігінің ингибирленуі байқалды [21].
Кадмий иондары бауыр қызыметін бұзылуын тудырады, және өтте өт пигменттері мен өт қышқылдарының мөлшерінің өзгеруіне ұшырап, сонымен қатар жануарларға тамыр ішіне кадмий тұздарын инъекциялау кезінде оның ұлпаларда тез таралуы мен жай бөлінуі байқалды [22].
Гистохимиялық микроскопиялық зерттеулерде, егеуқұйрықтарды кадмий иондарымен созылмалы интоксикациялағанда ішек лимфа ағынының қабырғасында, шеткі лимфа түйіндерінің ұлпаларында қан тамырларының адренергиялық жүйкеленуінің құрылымды өзгерістері болатыны көрсетілген. Кадмиймен уланған кезде тамырлар қабырғасында жүйке ұштарының деструкциясы, қоршаған ұлпаларға жүйке шиеленістерінен катехоламиндер диффузиясы байқалды [23].
Кадмий жүйке жүйесіне, репродуктивті функцияға, ағзаның дамуы мен өсуіне зақымдаушы әсер етеді, сонымен қатар есту аппаратының функционалды жүйесін бұзады [24].
Сумен кадмийдің 5 мг/кг алған егеуқұйрықтарда жүйелік гипертония, егеуқұйрық еркектерінде — тұқымдықтың некрозы байқалды. Сары тышқан (Clethrionomys glareolus) мен кәдімгі берозубкада (Sorex araneus) 9,2 мкг/г құрғақ массада кадмий дозасы олар үшін токсинді болды. Екі түрде де бүйрек массасы ұлғайды [25].
Кадмиймен интоксикация кезінде бүйрек пен бауыр массасының ұлғайды, креатинин, ортақ билибурин мөлшері өсіп, сонымен қатар адам және жануар ағзасының өмірлік маңызды микроэлементтермен — Cu, Zn, Fe бірігуінің жүргені байқалды. Кадмийдің бүйрек пен бауырға қатынасында токсинділігі супероксидті радикалдар генерациясымен байланысты. Кадмий сонымен қатар онкогенді қасиеттерге ие [26].
Әдебиет деректеріне сәйкес, бүйректе кадмий мөлшері 30-40 мг/кг болды. Алайда сау адамдар қанында кадмий мөлшері аз, ол тұрақты емес және 0,3-тен 0,7-ге дейін мг/кг құрайды. Күнделікті түсіп тұруы кезінде кадмийдің шекті мөлшері 1 мг/кг болып табылады [27].
Бройлер балапандарының ұлпалары мен мүшелерінде кадмий иондарының жиналуы байқалды. Көбінесе токсикант мөлшері қаны мен бауырында табылды [28].
Кадмий норадреналин мен ацетилхолинмен, Ca+2 енуінің төмендеуі арқылы тудырылатын тамырлар жиырылуын ингибирлейді, сонымен қатар эндотелий белсенделігін төмендетеді [29].
Экологиялық қысым аймағанда өмір сүретін босанған әйелдерді тексергенде, олардың емшек сүтінде кадмий мөлшері жоғары болғаны анықталды. Кадмий концентрациясы қанда темекі тартпайтын әйелдерде кадмий концетрациясы 3,9 нмоль/л, кезінде темекі тартқандарда — 4,4 моль/л, ал темекі тартып жүргендерде — 7,5 ммоль/л құрады [30].
Егеуқұйрықтар ағзасына ас қорыту жолы арқылы енген кадмий иондары екі жеті бойы эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің азаюын тудыратыны көрсетілген, сонымен қатар in vitro жағдайында лимфаның, қан плазмасының, ішек және бауыр қабырғасының протеологиялық белсенділігін төмендетіп, ПОЛ процесстерін күшейтеді, антиоксиданттар бұл активацияны тежейді. Тотығу метаболизімінің бұзылуы митохондриальды мембраның зақымдануымен және ұлпа тыныс алу процесстерінің бұзылуымен байланысты болуы мүмкін [31].
Кадмий хлоридің ауыз сумен 9 ай бойы егеуқұйрықтарға берілген тәжірибеде аорталы кедергісінің өсуі мен жүрек шығарылысының, сонымен қатар сол жақ қарынша жұмысы мен аортальды қан ағысы төмендеуі байқалды [32].
Өнеркәсіптік өндіріс жұмысшыларында кадмий тұздарымен байланысы жүрек-тамыр жүйесінің, бүйрек, бауыр және т.б. мүшелер қызыметының бұзылуына алып келді [33].
Полициклды ароматты көміртектерді енгізу бауыр клеткаларының лизосомальды аппартының функционалды активациясының өзгерісін тудырған, сонымен қатар экзо- және эндогенді шығу текті токсинді заттардың тотығуы тек бауырда ғана емес, лимфа түйіндерінде де жүре алатыны анықталды [34].
Ең қауіпті экзогендердің бірі болып тетрахлорметан болып саналады. Құрылыс объектілерінде май мен алкалоидтарды эстрагирлеу үшін май, лак, шайыр, битум, полимер, каучук еріткіші ретінде қолданылатын тетрахлорметанмен улануды, техникалық сұйықтықтамен интоксикацияның жиі түріне жатқызады. Отыз жылдай бұрын тетрахлорметанның бір молекуласы екі бос радикал беріп, липидтердің қышқылды тотығу процестерін іске қосатыны көрсетілді [35].
Тетрахлорметанды енгізу бауырдың антиоксидантты қорғанышын төмендетіп, аэробты гликолиз қызыметінің бұзуымен майлы инфильтрациясын тудырады [36].
Егеуқұйрықтарда токсинді гепатит кез гепатит кезінде қан плазмасы мен лимфада липидтер тотығуының жоғарылауы, лимфада α-токоферолдардың мөлшерінің азаюы, бауыр лимфа жүйесінің созылмалы зақымдануы байқалған. Токсинді гепатит кезінде селен мен глюкоуралактонның коррегирлеуші эффекті байқалған [37].
Тетрахлорметанның әсері зерттеуді, ол егеуқұйрықтар бауырында эндогенді этанолдың концентрациясының көбеюіне және қанында ацетальдегид деңгейінің көбею тенденциясына алып келді. Тетрахлорметанмен бауырдың зақымдануы альдегиддегидрогеназаның белсенділігінің төмендеуіне алып келды, бұл эндогенді көздерден түсетін ацетальдегид жиналуына, пируват пен треонин деградациясына алып келді. Бұл мүшенің басқа экзогенді факторларға (әсіресе алкогольды интоксикацияға) сезімтал етеді [38].
Егеуқұйрықтарға тетрахлорметанды 0,1 мл/ 100г құрсақ ішіне енгізгу, бір тәуліктен соң бауыр паренхимасының некрозын тудырған. 1-3 тәуліктен кейін 100-ден 300 ед/л дейін аспартатаминотрансферазаның көбеюі байқалды, ал қан сарысуында гепациттердің өлу маркері болып табылатын, фетопротеин концентрациясы көбейді [39].
Тетрахлорметанды ұй қояндарына енгізгенде туындаған ауыр токсинді гепатит кезінде аспартатаминотрансферазаның белсенділігінің жоғарылауы байқалды. Пиридоксальфосфатты енгізу АСТ белсенділігін қалыпқа келтірді [40].
Оқшауланған егеуқұйрықтар жүрегіне 0,31 мл/кг тетрахлорметан енгізу бос радикалдар түзілуімен байланысты, жүрек микросомаларында белоктар мен липидтердің жалпы мөлшері азайды [41].
Егеуқұйрықтарға тетрахлорметанның 25% майлы ерітіндісін енгізгеннен кейін 6 тәулік ішінде бауырда липидтердің қышқылды тотығының (ПОЛ) көбеюі мен селен концентрациясының төмендеуі байқалды. Егеуқұйрықтарға бір мезгізде тетрахлорметан мен селен препараттарын 10мкг/кг дозада енгізу жүрек микросомалары мен бауырда ПОЛ төмендеуіне алып келді [42].
Егеуқұйрықтарға тетрахлорметанды (100 мкг/кг) құрсақ ішіне енгізгеннен соң 24 сағат өткеннен кейін айқын гепатит дамыды. Қан тамырларының тегіс бұлшық етті және эндотелиальды клеткаларында азот оксиді синтезінің белсенділігінің төмендеуі байқалды [43].
Егеуқұйрықтарда тетрахлорметан тудырған токсинді гепатит кезінде бос радикалды тотығу интенсивтілігінің жоғарылауы, аконитатгидратазаның белсенділігі төмендеуі, катализдеуші қасиеттері өзгеруі байқалды. Тетрахлорметанмен уланған тышқандарға 7 тәулік бойы адамтамыр экстрактың немесе оның суммарлы сапонинің енгізді, ол АСТ деңгейін төмендетіп, гепатопротекторлы эффектке ие болған [44].
Егеуқұйрықтарға тетрахлорметанды енгізуден туындаған созылмалы токсинді гепатит кезінде шажырақай лимфа түйіндерінде паракортикальды аймақтын ұлғаюы байқалды, бұл авторлардың ойынша гуморальды тип бойынша иммунды жауаптың күшеюі дегенді білдіреді. Егеуқұйрықтардың 0,75 ЛД50 дозасында тетрахлорметанмен улануы 4 тәуліктен соң негізгі гуморальды және клеткалы иммунды рыакциялардың төмендеуін тудырды [45].
Егеуқұйрықтарға асқазан ішіне CCl4 (4 г/кг) енгізуден 24 сағат өткен соң бауыр митохондрийінен бөлініп алынған цитохромоксидаза белсенділігі, бақылаумен салыстырғанда екі есе төмен болған. Егеуқұйрықтарға асқазанына 30 тәуләк бойы, күніне 3 рет, 2мл/кг мөлшерде тетрахлорметанды енгізуден кейін гепатит дамыды. Преднизолонды асқазан арқылы енгізгенен кейін 2 аптадан соң бауырдың күйін жақсартып, тетрахлорметанның зақымдаушы әсеріне тұрақтылығына алып келді [46].
Тетрахлорметанның 50% майлы ерітіндісін үш мәрте енгізгеннен бір тәулік өткен соң, бауырда интактты жануарлармен салыстырғанда нуклеин қышқылдарының 16% және белоктрадың 18% төмендегені байқалды [47].
Егеуқұйрықтарды тетрахлорметанмен ұзақ улағананан кейін бауырдың дегенеративті өзгерістері, милы дененің көлемді тығыздығының және бауыр лимфа түйіндерінің қабықты аймақ тығыздығының азаюы байқалды [48].
Радиоиммунды әдіспен егеуқұйрықтарда тетрахлорметан әсерінен туындаған токсинді гепатит кезінде ренин, ангиотензин I и II, альдестероннің мөлшерінің, ангиотензин — конвертирлеуші фермент белсенділігінің төмендеуі байқалды [48].
Егеуқұйрықтарға тетрахлорметанды тері астына 4 тәулік бойы енгізуден пацда болған токсинді гепатит кезінде, төртінші тәулікте ЛАТ белсенді процесстері бар гепатит дамыды. Қанда альбумин іріткісінің деңгейі 13,8% түсті. Созылмалы токсинді гепатит кезінде соя сүтін қолдану бауыр гепатиоциттерінің құрылымына жағымды әсер етті [49].
Егеуқұйрықтарда зонд арқылы асқазанына 0,5 мл/100 г CCl4 және 1г/100г этанолды енгізу арқылы токсинді гепатид алынды, ал мексидол-антиоксидантың енгізгенде оның белгілері азайды [50].
Шолудан ағзаның ішкі ортасына токсиканттардың әсері туралы көрсетулер әлі де жеткіліксіз деп пайымдауға болады. Әдебиеттерде тетрахлорметанмен лимфа жүйесінің улануы кезіндегі функционалды күйі туралы мәліметтер өте аз. Лимфа жүйесінің зат тасымалдауда, зат алмасу өнімдері мен бөгде заттарды шығаруда, ағзаның иммунды реакцияларындағы үлкен рөлін ескере отырып, лимфодинамика күйін, соның ішінде тетрахлорметанмен және кадмий иондарымен улану кезіндегі лимфа түйіндерінің күйін зерттеу актуальды, сонымен қатар ағзаның висцеральды функциясына токсинді заттардың зақымдаушы әсерін төмендедетін немесе жоятын протекторлы препараттарды іздестіру маңызды болып саналады.
Әдебиетке шолудан көріп отырғанымыздай, организмнің тепе-теңдігін ұстап тұрудағы лимфа жүйесінің ролі мен нейрогуморальды реттелу туралы мәліметтер көптеп кездеседі. Бірақта әлі де болса, ғылыми әдебиеттерден лимфа ағысына, лимфа тамырлары мен түйіндеріне, жалпы лимфа жүйесіне улы органикалық және неорганикалық заттардың әсері, олардан туындайтын организмдегі өзгерістер кезіндегі әсері толық түрде зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтанда біздің жұмысымызда лимфа мен қан құрамына, биохимиялық және реологиялық көрсеткіштеріне орагикалық улы заттардың оның ішінде, тетрахлорметанның әсері қарастырылған.

2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Зерттеу жұмыстары ҚР БҒМ ҒК Адам және жануарлар физиологиясы институтының лимфа жүйесі физиологиясы лабораториясында жүргізілді.
Зерттеу нысаны: Егеуқұйрық лимфа және қан.
Зерттеу әдістері: Салмағы 220-250 г. болатын 35 лабораториялық ақ егеуқұйрықтарға (наркоз: эфир) зерттеулер жүргізілген. Улы гепатиттің моделін жасау үшін егеуқұйрықтарды екі топқа бөлдік. 1-ші топ (15 егеуқұйрық) – бақылау тобы, 2-ші топ (20 егеуқұйрық) – төртхлорды көмірсудың 50% майлы ерітіндісінен 0,3 мг/кг мөлшерін 3 күн бойы күніне бір реттен құрсақ ішіне енгізу арқылы улы гепатип үлгісі алынды, егеуқұйрықтар 30 күннен кейін тәжірибеге алынды .
Қан клеткаларының морфологиясын: эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттер мөлшерін анықтау Sismex KX-21 — гематологиялық анализаторында (Жапония) және қандағы оттегі мөлшері мен рН көрсеткіші және иондардың мөлшері OSMETECH OPTITM ССА – анализаторларында (АҚШ) анықталды. Қан мен лимфаның физико-химиялық көрсеткіштері анықталды: қан мен лимфа ұю уақыты Сухарев әдісімен, олардың тұтқырлығы ВК-4 вискозиметрінде, гематокритті жалпыға танымал әдіспен анықталды.
Жалпы белок мөлшері, мочевина және креатинин, аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (АСТ) мөлшерін – клиника-диагностикалық «Bio-Lachema-Test» көмегі арқылы анықталды [125].
Оқшауланған лимфа түйіндерінің жиырылу белсенділігін жалпы қабылданған әдіс бойынша камерадан, механотрон мен тіркеуші құралдан тұратын құрылғыны пайдаланып зерттелді [126]. Лимфа түйіндерін (мойын және шажырқай) бір шетінен камера түбіне, ал екінші жағынан 6МХ1С күш механотрон датчигіне фиксирлеген. Қоректендіруші ерітінді ретінде оқшауланған лимфа түйіндері NaCl — 133,0; NaHCO3 — 16,3; NaH2PO4 — 1,38; KCl — 5; CaCl2 — 2,5; MgCl2 — 0,1; глюкоза — 7,8 мМ/литр, pH — 7,4 +37º С температурада. Қоректік ерітіндіні газды қоспа 95% О2 және 5% СО2-мен оксидтендірген. Лимфа түйіндерінде пайда болған жиырылу белсенділігін түсіну үшін тітіргендіргіш ретінде физиологиялық белсенді заттар: 1×10-8М-1×10-3М. концентрауияда адреналин-гидрохлорид, ацетилхолин-хлорид және гистамин-дигидрохлорид қолданған.
Түйіндердің жиырылуын тіркеуді қағаз миллиампервольтметрлер Н339 және Н3012 көмегімен жүзеге асырылды.
Алынған нәтижелердің статистикалық өңделуі. Алынған нәтижелер ЭВМ-де вариациялық статистика әдісімен t-критерий Стьюдентті қолдану арқылы өңделді, нәтижелер сенімді р<0,01, р<0,05 аралығын сәйкес деп есептедік.

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛДАУ

3.1 Егеуқұйрықтардың улану кезіндегі лимфа ағысының және қан клеткаларының көрсеткіштерін зерттеу

Бұл бөлімде лимфа мен қан плазмасының реологиялық көрсеткіштері мен биохимиялық құрамына тетрахлорметанмен (CCl4) уландыру кезіндегі әсерін алынған мәліметтер келтірілген.
Лимфаның биохимиялық көрсеткіштеріне тетрахлорметанның әсерін зерттеу мақсатында егеуқұйрықтар аптасына үш рет құрсақ ішіне 100 г дене салмағына 0,3 мл-ден төрт хлорлы көмірсутектің майлы ертіндісі берілді.
Лимфа түйіндеріне 258 биохимиялық және 120 сызықтық өлшеулер, 68 физиологиялық бақылаулар жасалды.
Ішек лимфа тамырларындағы лимфа арнасының кішіреюі байқалды, бақылау тобында лимфа ағысы кезінде 0,34±0,002 мл/сағ. құраса, уландан соң алғашқы 10 күндігінде 0,29±0,004 мл/сағ. тең болды, ал 30 күннен кейін лимфа ағысы бақылау тобымен салыстырғанда 44,2%-ға төмендеген байқалады (сурет 1). Уланудан кейін лимфа жүйесінде тасымалдану қызметінің төмендегені байқалады.

Белгілеулер: ординат өсі бойынша: лимфа ағысы, мл/сағ., абцисса өсі бойынша – тәжірибе кезеңдері: 1 – қалыпты жағдай, 2 – уланудан 10 күннен кейін, 3 – уландырудың 30 күні.

Сурет 1 – Егеуқұйрықтарда уландырудан кейінгі кезіндегі лимфодинамика көрсеткіштері
Гематокритті көрсеткіштер мәліметтері бойынша қанның плазмалық бөлігі артып және гидремияның пайда болғанын көрсетеді. Гематокрит бойынша қан клеткаларының көлемі уланған егеуқұйрықтарда төмендеп, орташа есеппен 11–15% құрады (сурет 2).

Белгілеулер: ординат өсі бойынша – гематокриттің пайыздық көрсеткіші, абсцисса өсі бойынша: 1 – Бақылау тобы, 2 – CCl4 интоксикациядан кейін.

Сурет 2 – Егеуқұйрықты қалыпты жағдайда және CCl4 уландырғаннан соң гематокритті көрсеткіштің өзгеруі

Адам жануарлар организмінде рН көрсеткіштері маңызды зор. Тәжірибеден алған мәліметтер бойынша уландырудан кейін қанның рН көрсеткіші ацидоз бағытына өзгергендігін көсретеді. Қандағы рН көрсеткіші бақылау тобымен салыстырғанда алғашқы 10 күндікте 4,9%-ға, ал 30 күннен кейін 0,8%-ға (р<0,05) төмендегендігін (бақылау тобында рН 7,45) көрсетті (кесте 1, сурет 3). Бұл мәліметтер лимфа жүйесінің алмасу функциясының төмендегенін көрсетеді.
Кесте 1 – Улану кезіндегі қан мен лимфаның физико-химиялық көрсеткіші

Көрсеткіштер 1 топ 2 топ 3 топ
Лимфа ағысы, мл/сағ 0,32±0,004 0,25±0,004* 0,29±0,004
Қандағы рН 7,45±0,06 7,08±0,02** 7,39±0,03*
Қанның ұю уақыты, мин 3,5±0,4 2,8±0,3* 2,5±0,5*
Лимфаның ұю уақыты, мин 4,3±0,1 3,9±0,5* 3,1±0,4*
Қанның тұтқырлығы, СП 3,4±0,8 3,9±0,7* 4,7±0,7**
Лимфаның тұтқырлығы, СП 1,8±0,04 2,8±0,02* 3,1±0,08**
Ескерту: * — бақылау тобымен салыстырған жағдайда, р<0,05, ** — р<0,01

Белгілеулер: ординат өсі бойынша: қанның рН мөлшері, абцисса өсі бойынша: 1 – қалыпты жағдай, 2 – уландырудан 10 күннен кейін, 3 – уландырудан 30 күннен кейін.

Сурет 3 – Егеуқұйрықтар қанындағы рН көрсеткіштері
Жануарларды ұшпалы органикалық умен уландыру кезінде Сухарев әдісімен лимфа мен қанның ұюы бақылау тобымен салыстырғанда алғашқы 10 күндікте 2,8 және 3,9 минут болды, ал 30 күннен кейін бұл көрсеткіштер 2,5 және 3,1 минут болды өз кезегінде сәйкесінше ұю жылдамның 80-90%-ға артқандығын, яғни ұю уақытысының қысқарғандығын көрсетеді. Улану кезінде ұю жылдамдығының көрсеткіштерінің лимфа мен қанда өте қатты өзгерістерге ұшырауы, әсіресе қанда тромбогендік қасиеттерінің артатындығын көрсетеді (кесте 1).
Сонымен қатар, тәжірибе барысында лимфа мен қанның тұтқырлығында да өзгерістер байқалды (сурет 4).
Жануарлардың улану кезінде лимфа мен қанның реологиялық қасиеттерінің ауытқулары жүреді. Бақылау тобымен салыстырғанда лимфада тұтқырлығының кемитіндігі, ал қанда жоғарлайтындығы байқалады, ал ұю уақытысы лимфа мен қанда болса жылдамдайды.

Сурет 4 – Тәжірибе кезіндегі лимфа мен қан тұтқырлығының көрсеткіштері

Сондықтан да, егеуқұйрықтарды тетрахлорметанмен уландыру кезінде лимфо- және гемодинамика көрсеткіштері төмендейді және лимфа мен қанның реологиялық көрсеткіштері өзгерістерге ұшырайды. Ал өз кезегінде лимфа жүйесі, қан жүйесімен бірге тасымалдау қызметтерінің төмендегені байқалады.
Организмдегі әртүрлі өзгерістері кезінде қан клеткалары өздерінің қасиеттеріне сәйкес біршама қызметтер атқарады. Жануарларды тетрахлорметанмен уландыру кезінде эритроциттер санының 8,9%-ға төмендегені, ал 30 күннен кейін кейін бұл көрсеткіштің 20,5%-дан жоғары артқандығы байқалады (бақылау тобында 6,87±0,1 M/mm3). Қалыпты жағдайда лейкоциттер саны 7,79±0,2 m/mm3, уландырудан 10 күннен кейін 6,3±0,4 m/mm3 дейін төмендеді, бірақ 30 күннен кейін лейкоциттер санының 50,2%-ға артқандығы байқалады. Қандағы тромбоциттер мөлшері уландырудан кейін біршама жоғарлағандығын көрсетеді. Бақылау тобында 385±8,8 m/mm3 болса, уландырудан кейін бірінші 10 күндігінде 462±7,3 болса, ал 30 күннен кейін 714±6,1 m/mm3 болғандығын көрсетті (сурет 5, кесте 2). Бұл өз кезегінде тетрахлорметанмен улану кезінде жануарлар организмінде қан ұю үдерісінің артқандығын байқатады.

Кесте 2 – Егеуқұйрықтарды уландыру кезіндегі қан клеткаларының құрамы
Көрсеткіштер Бақылау тобы Уландыру
10 күн 30 күн
Лейкоциты, M/mm3 7,79±0,2 6,3±0,4 * 11,68± 0,7**
Эритроциты, M/mm3 6,87±0,1 7,2±0,3* 8,25± 0,5**
Гемоглобин, s/dl 13,2 ± 0,4 13,9 ± 0,7 15,5 ± 0,3
Тромбоциты, M/mm3 385±8,8 462±7,3 * 714±6,1**
Ескерту: * -бақылаумен салыстырмалы сенімділігі, р<0,05,* -р<0,01**

Жануарларды тетрахлорметанмен уландыру кезінде эритроциттер санының 8,9%-ға төмендегені, ал 30 күннен кейін кейін бұл көрсеткіштің 20,5%-дан жоғары артқандығы байқалады (бақылау тобында). Қалыпты жағдайда лейкоциттер саны m/mm3, уландырудан 10 күннен кейін m/mm3 дейін төмендеді, бірақ 30 күннен кейін лейкоциттер санының 50,2%-ға артқандығы байқалады. Қандағы тромбоциттер мөлшері уландырудан кейін біршама жоғарлағандығын көрсетеді. Бақылау тобында m/mm3 болса, уландырудан кейін бірінші 10 күндігінде болса, ал 30 күннен кейін m/mm3 болғандығын көрсетті (сурет 3, кесте 2). Бұл өз кезегінде тетрахлорметанмен улану кезінде жануарлар организмінде қан ұю үдерісінің артқандығын байқатады. Егеуқұйрықтар қанындағы гемоглобин мөлшері бақылау тобында 13,2, ал уланудан кейін 13,9 және 15,5 g/dl (сурет 6).

Белгілеулер: ординат өсі бойынша: қан клеткаларының мөлшері, қалыпты жағдай 100% алынған, 1 – бақылау тобы, 2 – уландырудан 10 күннен кейін, 3 – уландырудан 30 күннен кейін.

Сурет 5 – Егеуқұйрықтардың бақылау және уландырудан кейінгі қан клеткаларындағы көрсеткіштер

Уландырудан кейін егеуқұйрықтардың қан плазмасында мочевинаның концентрациясы 8,3 тен 5,2 ммоль/л -ге, ал лимфада 8,5 тен 5,4 ммоль/л-ге дейін төмендегені байқалады. Бұл өз кезегінде организмде зат алмасуының өзгергендігін байқатады.

Белгілеулер: ординат өсі бойынша: қан құрамындағы гемоглобин мөлшері, g/dl, абцисса өсі бойынша: 1 – қалыпты жағдай, 2 – 10 күннен кейін, 3 – 30 күннен кейін.

Сурет 6 – Егеуқұйрықтарды тетрахлорметанмен уландру кезіндегі гемоглобин мөлшері

Тәжірибе кезінде жалпы белок мөлшері лимфа мен қан плазмасында уланудан кейін төмендегені байқалады: қан плазмасында қалыпты жағдайда 67,0±0,13 г/л мөлшерін көрсетсе, уландырудың алғашқы 10 күнінде бұл көрсеткіш 63,41±0,09 г/л болды, ал 30 күннен кейін бұл көрсеткіштер бақылау тобымен салыстырғанда 20%-ға дейін төмендегені байқалады, яғни 54,02±0,11 г/л мөлшерін көрсетті (сурет 7).
Жануарлардың лимфасындағы жалпы белок мөлшері бақылау тобында 41,9±0,18 г/л болса, егеуқұйрықтарды уландырудан кейін бұл көрсеткіштер 27-41%-ға дейін төмендеді. Бастапқы 10 күнде 32,2 ±0,15 г/л, ал 30 күннен соң 24,9 ±0,12 г/л мөлшеріне дейін төмендегенін көрсетті (сурет 7). Бұл өз кезегінде организмдегі тасымалдау қызметінің төмендегіндігін байқатады. Тәжірбиелік жануарлардың қан плазмасындағы мочевина мен креатининнің мөлшерінің өскендігі тіркелді, бұл тетрахлорметан әсері кезіндегі жануарларда зат алмасу қызметінің бұзылғандығын айқындайды.

Сурет 7 – Егеуқұйрықтардың қан плазмасы мен лимфасының қалыпты жағдайдағы және тетрахлорментанмен уландырудан кейінгі жалпы белок мөлшерінің көрсеткіштері

Уландыру кезінде жалпы белок мөлшерімен қатар, қан мен лимфадағы мочевина, креатинин, билирубин мөлшерлерінің де өзгерістерге ұшыратындығы байқалды.
Аминотрансферазалар организмнің барлық клеткаларында кездеседі, трансаминазалар ішінде клиникалық мағынаға көбіне аланинаминотрансферезалар (АлАТ) мен аспартатаминотрансферазалардың (АсАТ) белсенділігінің анықталуы ие. АлАТ барлық паренхиматозды мүшелерде, ал АсАТ организмнің барлық ұлпаларында кездеседі. Біздің зерттеулерімізде лимфа мен қан плазмасында жалпы белок төмендеуімен қатар, қан плазмасында АлАТ пен АсАТ деңгейі 15-42% жоғарлағаны тіркелді (бастапқы көрсеткіш кезінде АлАТ -0,78, АсАТ — 0,64 мккат/л). Қандағы АлАТ пен АсАТ жоғарлауы бауыр, жүрек қан тамырлар жүйесінде біршама деструктивті (бұзылу) процестердің күшейгендігіне дәлел (сурет 8).
Егеуқұйрықтарда уланудан 30 күннен кейін мойын және шажырқай лимфа түйіндерінің көлемдері ұлғайған. Мысалы, бақылаудағы егеуқұйрықтардың мойын лимфа түйіндерінің ұзындығы орташа 2±0,1 мм болса, 2 топтағы егеуқұйрықтарда 5±0,1-6±0,1 мм, кейбіреулерінде 10±0,1-12±0,1 мм-ге жеткен. Шажырқай лилимфа түйіндерінің мөлшерлері де 2-2,5 есе үлкейген. Олар ісінген және түйін капсулаларының үстіңгі қан тамырлары кеңейген.
Сондықтан да, улану кезінде лимфодинамика көрсеткіштері төмендейді және лимфа мен қанның реологиялық көрсеткіштері өзгерістерге ұшырайды.

Сурет 8 – Егеуқұйрықтардың қалыпты жағдайдағы және уланудан кейінгі қан плазмасындағы аланинаминотрансфереза (АлАТ) және аспартатаминотрансфераза (АсАТ) көрсеткіштері

Лимфа мен қан плазмасындағы жалпы белок құрамының өзгеруі жануарларға енгізген тетрахлорметанның дозасына және оның организмде болуының ұзақтығына байланысты екенін анықталы, неғұрлым у организмде ұзақ болса, оның кері әсері соғұрлым күшті болады.
Егеуқұйрықтардың лимфа мен қан плазмасында жалпы белок құрамының төмендеуі бауырдағы белок синтезінің төмендеуіне байланысты деп болжауға болады, және осымен ішектің лимфа ағымындағы лимфа ағымы төмендеуі байланысты.
Ғылыми әдебиеттерге сәйкес, ССl4 гепатоциттердің структурасы мен функциясын бұзуына байланысты, төрт хлорлы көміртегімен уланған жануарлардың бауырында белок синтезі бұзылады және аммиактың мочевинаға айналу процесі төмендейді [127, 128, 129, 130].
Алынған мәліметтерден көргеніміздей, егеуқұйрықтарды органикалық у тетрахлорментанмен уландыру кезеңінде қанның реологиялық қасиетінің өзгеретіндігін, өз кезегінде лимфа мен қанның биохимиялық көрсеткіштеріне де кері әсерін тигізетіндігін, яғни жалпы организмге кері әсері бар екендігі анықталды.
4 Нәтижелерді талқылау

Лимфа, қан және ішкі ортаның сұйықтығы организмнің тепе-теңдігін құрайды. Организм клеткаларының қалыпты жағдайда тіршілік етуіне ішкі орта құрамының және физика-химиялық қасиетінің салыстырмалы жағдайда тұрақты болуына біркелкі жағдай жасайды. Бұл үдеріс көптеген мүшелердің қызметі арқылы іске асырылады
Қан және лимфа жүйесі ішкі және сыртқы ортаның өзгеруі кезінде ішкі ортаның тепе-теңдік жағдайын ұстап тұру үшін басты рөл атқарады. Адам мен жануарлардың эритроцитті қатарының клеткаларының сандық және сапалық құрамы қалыпты және патологиялық жағдайда айтарлықтай жоғары деңгейдегі тұрақтылығымен сипатталады, ол қозғалыс механизмдерінің тұрақты әрекетімен байланысты. Соңғы жылдары организмнің қандай да бір деңгейде, белгілі бір ерекшелігі бар әртүрлі ауруларға тән физиологиялық, құрылымдық-қызметтік, биохимиялық ерекшеліктері белсенді зерттелуде. Мақсаттарға сәйкес және бiз өз зерттеулерімізде лимфа мен қан жүйесiнiң функционалдық күйi зерттелді: жеке алғанда лимфа ағысы және лимфаның құрамы, биохимимиялық және реологиялық қасиеттері қарастырылды.
Зерттеу нәтижелері 3 бөлімінде толық баяндалған, егеуқұйрықтардың улану кезінде кеуде арнасынан лимфа ағысының баяулауы, жалпы белок көрсеткіштерінің төмендегені байқалады.
Организм қоректі заттарды тасымалдап, таратып зат алмасу кезінде пайда болған зиянды өнімдерді сыртқа шығарып отырады. Қанды жеке бір жүйе есебінде қарастырып, оның маңызы екендігін көз жеткізу үшін, біз өз жұмыстарымызда қан мен лимфа клеткаларын морфологиясын гематологиялық анализаторда зерттедік. Біздің тәжірбиелерімізде органикалық улардың әсер ету кезінде қанның гематологиялық көрсеткіштері: эритроциттер мен лейкоциттердің өзгерістері, әсіресе қандағы тромбоциттердің санының артуы, қан мен лимфаның ұю жылдамдығының артуы мен оның тұттқырлығыны жоғарлауын көрсетеді.
Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, уландырудан кейін лимфа түйіндерінің жиырылу реакциялары вазоактивті заттар әсеріне сезімталдығының төмендегені байқалады. Соңғы мәліметтерге сай, жұмсақ бұлшықет клеткалары тек лимфа түйіндерінің трабекуласында ғана емес [131, 132], шажырқайлы лимфа түйіндерінің капсуласында да бар [133]. Бұл клеткалар лимфа түйіндерінің маторды функциясын және лимфа тасымалдануында маңызды роль атқарады.
Мәселен, улану кезінде, эксперименталды индукция барысындағы мөлшері төртхлорлы көміртекпен уланған жануарлар бауырындағы липопероксидация өнімдерінің концентрацияларынан едәуір кем болған [134].
Тәжірибелерді жүргізу барысында бауырдағы патологиялық процестің тереңдігі мен белсенділігін сипаттайтын трансаминазалардың мөлшерлері және тимол сынамасы көрсеткіштері зерттелді. Бауыр қабыну үрдісінің қарқындылығын және бауыр ұлпасының зақымдалу дәрежесін көрсететін бос және жалпы билирубин мөлшері зерттелді.
Ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, CCl4 уландыру кезінде егеуқұйрықтарда эндотелиальды және біріңғай салалы бұлшықеттердің клеткаларында NO – синтазаның төмендеуі басталады [135]. Біздің тәжірбиемізде CCl4 пен уландырғанда азот оксиді синтезінің бұзылуынан біріңғай салалы бұлшықет түйіндерінің регуляциясы зақымдалды.
Аминотрансферазалар мен билирубиннің бауыр микросомалары мен қан сарысуындағы мөлшерлерін зерттеу нәтижесінде бойынша АсАТ, АлАТ, жалпы және бос билирубин концентрациялары гепатоциттерде жоғары болғатындығы басқада авторлардың мәліметтермен сәйкес келетіндігі белгілі болды [136, 137, 138, 139].
Зерттеу жұмыстарымызда, уландырудан кейін біз лимфа мен қанның тромбогенді үдерістердің жоғарлау қарқынымен жүретіндігін, яғни реологиялық қасиеттердің өзгерісін байқадық. Уланудан кейін лимфа ағысының төмендеуі, олардың тасымалдау қызметінің нашарлағандығын көрсетеді, сонымен бірге гематокрит көрсеткіштері бойынша, қан плазма көлемiнің артуы және эритроцит көлемдерінің төмендеуі гидремияның басталуымен сипатталады. Бұл көрсеткіштер лимфа жүйесінің зат алмасу қызметінің нашарлауымен сипатталады.
Біздің пікірімізше, органикалық заттармен улану кезінде организмде біршама өзгерістер жүретіндігі, өз кезегінде қан құрамындағы лейкоциттердің белсенділігінің артатындығын байқадық.
Алынған нәтижелер жануарлар организмінде болатын әртүрлі өзгерістер кезінде және организмнің тепе-теңдігінің сақталуы реттелуінде лимфа жүйесінің қатысуы дәлел болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Алынған нәтижелердің негізінде төмендегідей түйіндер жасалды:

1. Улану кезінде мүшелік лимфа мен қанның реологиялық қасиетінің бұзылуымен жүретіндігі, лимфа мен қан ұю жылдамдығының артуы және олардың тұтқырлығының жоғарлауымен көрінеді.
2. Қан мен лимфаның тромбогендік қасиетінің артуына байланысты, ацидоз құбылысы байқалады және биохимиялық көрсеткіштердің өзгеретіндігі байқалды.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

1 Оксенгендлер Г.И. Яды и организмы. — М.: Наука, — 1991, — 319 с.
2 Богомазов М.Я., Волкова Н.А. Особенности метаболизма кадмия при различных путях его поступления в организма // Гигиена и санитария. – 1984, -№ 5. — С. 41-42.
3 Толемисова А.М. Изучение комбинированного действия мышьяка и кадмия и протекторной роли сульфата в условиях эксперимента. Автореф… канд. мед. наук: 14.00.25. – Алматы, — 1999, — 24 с.
4 Булекбаева Л.Э. Участие лимфатической системы в адаптивных реакциях организма при действии хлорида кадмия // Тр. межд. конф. «Адаптация организма к природным и экосоциальным условиям среды». –Бишкек, — 1998, — С. 65.
5 Русньяк И., Фельди М., Сабо Д. Физиология и патология лимфообращения. — Будапешт, — 1957, — 856 с.
6 Бородин Ю.И. Проблемы лимфодетоксикации и лимфосанации // Труды ИК и ЛФ. — Новосибирск, — 2000, — Т.8. — С. 5-9.
7 Foldi M., Casley-Smith J.K. Limphangiology. — Stuttgart – New-York, — 1983, — 700 p.
8 Сафронов В. Г., Титов В.В., Хасанова Р. Ф. и др. Морфологические и биохимические показатели крови при отравлении белых крыс соединениями свинца, кадмия и ртути // Актуальные проблемы вет. науки: тез. докл. Моск. гос. акад. вет. мед. и биотехнология. — М., — 1999, — С. 73-74.
9 Сейдахметова З. Ж., Дюсембин Х.Д., Шыныбекова Ш.С. Содержание катехоламинов в крови лактирующих крыс при интоксикации солями тяжелых металлов // Известия МОН РК, НАН РК. сер. биол. и мед. — 2004, — №1, – С. 73-77.
10 Нурмухамбетова Б.Н. Лимфатический регион тонкий кишки в условиях нормальной жизнедеятельности при экзотоксикозе и эндоэкологической реаблитации: Автореф.. дисс.. докт.. мед… наук. – Алматы, – 1998. – 34 с.
11 Кроль М.Ю. Влияние серы и комплекса микроэлементов на кумуляцию тяжелых металлов в организме животных // Актуальные проблемы вет. науки: тез. докл. Москов. гос. акад. вет. мед. и биотехнология. – Москва, — 1999, — С. 81-83.
12 Schubert J. Chelating agents in biological system // Environ. Heth. — 1981, -Vol. 40, — P. 227-232.
13 Basage Н. Biochemical aspects of free radikals // Biochemistry and cells Biology. — 1990, — №7, — Vol. 68, – P. 989-998
14 . Сабирова З.Ф. Состояние здоровья детей в зависимости от экологии района проживания // Педиатрия, Россия, — 2001, — №2, – С. 110-111.
15 Linjen P., Staessen J., Fagard R., Amery A. Effect of cadmium on transmembrane Na+ and K+ transport systems in human erythrocytes // Br. J. Ind. Med., — 1991, — Vol. 48, — №6, — P. 392-398.
16 Нурмухамбетова Б.Н., Жаксылыкова А.К. Ультраструктурные изменения эндотелиоцитов обменных микрососудов регионарного лимфатического узла печени при хроническом отравлении хлористым кадмием // Матер. межд. научно — прак. конф. «Проблемы саногенного и патогенного эффектов экологического воздействия на вутреннюю среду организма» — Чолпон-Ата, — 2003, — Т. 1, – С. 73-75.
17 Shulka A., Shulka G.S., Srimal R.C. Cadmium-induced alterations in blood-brain barrier permeability and possible correlation with decreased microvessel antioxidant potential in rat // Human. Ехр. Тохiсо1. — 1996, — Vol. 15, — №5, — Р. 400-405.
18 Исакова Д.Т., Ташенов К.Т., Мурзамадиева А.Т. Влияние солей свинца на адсорбцию эритроцитами белка, глюкозы и холестерина // Изв. МОН РК, НАН РК. Серия биол. и мед. — 2001, — №1-2, – С. 38-42.
19 Sarkar S., Jadov P., Bhatnagar D. Lipid peroxidative damage on cadmium exposure and alterations in antioxidant system in rat erythrocytes: a study with relation to time // Biometals. – 1998, — Vо1. 11, — № 2. — Р. 153-157.
20 Noonan C. W., Sarasua S.M., Campagna D., Kathman S.J., Lybarger J. A., Muller Patricia W. Effects of exposure to low levels of environmental cadmium on renal biomarkers // Environ. Health Perspect. — 2002, — №2, – Vol. 10, –C. 151-155.
21 Койбасова Л.У. Механизмы действия ионов кадмия на сосудистый эндотелий и детоксицирующие свойства СУМС-1 // «Поиск» МОН РК. – 2000, — № 4-5, — С. 69-74.
22 Аюпова Р.С., Ташенов К.Т., Карынбаев Р.С., Макашев Е.К. Функциональное состояние печени при воздействии на организм солей тяжелых металов// Известия МОН РК, НАН РК. сер.биол. и мед. — 2001, — №4, – С. 17-22.
23 Ахметбаева Н.А., Омарова А.С. Влияние сорбентов (СУМС-1, Таган) на иннервационный аппарат лимфатических узлов при интоксикации хлоридом кадмия // Aktual Problems of Experimental and Clinical Physiology. International Scientific & Practical Conference devoted to the 10th fnniversary of the Republic of Kazakstan. – 2001, 3-5 Oktober. – P. 33-34.
24 Ozcaglar Hasan U., Agirdir B., Dinc O., Turhan M., Kilincarslan S., Oner G. Effects of cadmium on the hearing system // Acta oto-laryngol. – 2001, -121, — №3, – C. 393-397.
25 Lodenius M., Soltanpour-Gargari A., Tulisalo E., Heattonen H. Effects of asll application on cadmium concentration in small mamals // J. Environ. Qual. — 2002, — V. 31. — №1, – P. 188-192.
26 Novelli Ethel L.B. Vieira Eliane P., Rodrigues Ney L., Ribas Bartolome O. Rickassessment of cadmium toxicity on hepatic and renal tissues of rats // Environ. Res. A. – 1998, — №2, – V. 779, — P. 102-105.
27 Воскова Н.А., Гарибян Г.М., Карплюк И.А. Влияние содержание цинка в рационе на течение хронической кадмиевой интоксикации в эксперименте // Вопросы питания. – 1994, — №5, – С. 21-23.
28 Evans T.J., Casteel S.W., Turk J.T., Basta N.T. Subacute toxicokinetics and disposition of cadmium in orally exposed juvenile swine. 40 Annual Society of Toxicology Meeting, San Francisco, Calif., March 25-29, 2000 // ICP inf. Newslett. – 2001, — V. 27, — №2, – Р. 96.
29 Койбасова Л.У., Хантурин М.Р. Развитие эндотелий-зависимых реакций кровеносных сосудов в филогенезе позвоночных // В кн: Актуальные проблемы экспер. и клинич.физиологии. – Алматы, — 2001, — С. 188-190.
30 Кулкыбаев Г.А., Дюсембин Х.Д., Конкабаева А.Е. Содержание кадмия, свинца и меди в крови и грудном молоке родильниц, проживающих в зоне экологического напряжения (на примере г. Балхаша и Караганда) // Журнал Физиология человека. – 2002, — №3, — Т. 28, – С. 140-141.
31 Кольбай И. С., Мурзахметова М. К. Оценка эффективности защиты клеточных мембран биологически активными веществами при действии экстремальных факторов // Известия МОН РК, НАН РК. сер. биол. и мед. – 2001, — №4, — С. 62-67.
32 Yang C.F., Shen H.M., Zhuang Z.X. e. a. Cadmium–induced oxidative cellular damage in Hyman fetal lung fibroblastrs (MRC-5 cells) // Environ Health Perspect. – 1997, — №7, — V. 105, – P. 712-716.
33 Boscolo P., Carmignany M. Mechanismms of cardiovascular regulation in male rats Cadmium as a factor of hypertension // J.Chronic.Dis. rabbits chronicaly to cadmium // Brit. J. Industr. Med. — 986, — V. 43, -P. 605-610.
34 Пупышев А.Б., Гутина Е.М., Федина Р.Г., Мичурина С.В., Шурлыгина А.В., Вербицкая Л.В. Влияние бенз(а)пирена и режима постоянного освещения на состояние лизосомального аппарата печени крыс и билиарную экскрецию лизосомных ферментов // Бюллетень экспериментальной биологии и медицины, — 2000, — №1, — Т. 139, — С. 40-43.
35 Основы общей промышленной токсикологии / под. ред. А.А.Толоконцева и В.А.Филова. – Л.: — 1976, — 304 с.
36 Забродский П.Ф. Общая токсикология / под.ред. Б. А. Курляндского, В.А.Филова. — М., — 2002, – С. 352-384.
37 Zheng Q.-Shan, Zheng J.-Song, Gui Ch.-Qing, Wang X.-Wen, Yang Hui-Jie, Li Ai-Hua, Wang You-Xia, Sun Rui-Yuan. Количественный анализ комбинированного эффекта красного элементарного селена в малых количествах и глюкуролактона на развитие цирроза печени, индуциро-ванного у крыс CCl4 // Chin. Pharmocol. Bull. — 2002, — 18, — №1, — С. 99-102.
38 Пронько П.С. Сатановская В.И., Горенштейн Б.И., Кузмич А.Б., Пыжик Т.Н. Влияние пирувата, треонина и фосфоэтаноламина на обмен эндогенного ацетальдегида у крыс с токсическим порожением печени // Вопросы мед. химии. – 2002, — №3, — Т. 48, — С. 278-288.
39 Jwai M., Morikowa T., Muramatsu A., Tanaka G. et al. Biological significance of AFP expression in liver injury induced by CCl4 // Acta. Histochem. et Cytochem. – 2000, — 33, — №1. – P. 17-22.
40 Ковлер М.А., Павленко А.А., Курганов Б.И., Авакумов В.Л., Сяткин С.П. Нормализующее действие приидоксальфосфата на активность аспартатаминотрансферазы при остром токсическом гепатите // Тезисы 1-й Межднар. конф. «Клинические исследование лекрарственных средств». – М., -2001, — С. 130-131.
41 Melin A., Perromat A., Deleris G. The in vivo toxity carbon tetrachloride and carrageenan on heart mikrosomes. Analyses by Fourier transform infrared spectroscopy // Can. J. Physiol. and Pharmacol. – 2001. – 79, — № 9, – P. 799-804.
42 Андреешева Е.М., Попова Т.Н., Артюхов В.Г., Матасова Л.В. Особенности сбободнорадикального окисления и каталитические свойства аконитатгидратазы в печени крыс в норме и при токсическом гепатите // Бюллтень эксперим. биол. и медицины. — 2004, — Т. 137, — №4, — С. 399-402.
43 Nguen T.D., Villard P.H, Puyoou F. et. al. Panax vietnamenesis protects mice against carbon tetracloride – induced hepatotoxity lack of modificftion jf CYP2E1 gene expression // Abstr. Internat. Sympos. on Microcomes and Drug Oidations, Stresa. – Torino, — 2000, — P. 186.
44 Юрова Е.Г., Асташов В.В., Казаков О.В. Структура брыжеечных лимфатических узлов у крыс с хроническим токсическим гепатитом и в условиях его коррекции лазерным излучением и фитосорбционными комплексами // В кн.: Проблемы экспериментальной клинической и профилактической лимфологии. – Новосибриск, — 2002, — С. 389-391.
45 Забродский П.Ф., Германчук В.Т. Влияние тетрахлорметана на показатели иммунной системы // Бюллетень экспер. биологии и медицины – 2004, — №1, — С. 56-58.
46 Padma P., Setty O.H. Studies on cytochrome oxidase in carbon tetrachloride treated rats // Jndian J. Exp. Biol. – 1999.– V. 37, — № 11, — P. 1139-1141.
47 Венгеровский А.И., Коваленко М.Ю., Чучалин В.С., Сапрыкина Э.В. и др. Метаболические эффекты преднизолона при экспериментальном токсическом гепатите // Сибир. мед. журн. – 2000, — №2, — С. 12-14.
48 Клишина И.М. Влияние гомогената трутеновых личинок на уровень белка и нуклеиновых кислот в условиях токсической гепатопатии // Матер. 55 регион. конф. по фармации, фармокол. и подготовка кадров. – Пятигорск, -2000, — С. 195-196.
49 Ищенко И.Ю., Мичурина С.В. Воздействие сорбента «Энтеросгель» на тканевой микрорайон печени и регионарные лимфатические узлы при эксперментальном токсическом гепатите // В кн.: Проблемы лимфологии и интерстициального массопереноса. – Новосибирск, — 2004, — Т. 1, – С. 180-181.
50 Кантария У.В., Кулагин О.Л. Изменение активности антиоксидантных систем печени при токсические гепатите на фоне применения «Селена» // Сб. тр. 68 итог. науч. сессии КГМУ и отдел. Мед-биол. наук Центр-Черноморск. науч. учрежд.. РАМН Курск. – Курск, — Ч.2. – 2003, — С. 42-43.
51 Камышников В.С, Колб В.Г. Клиническая биохимия. – Москва. – 2000. — Т. І-ІІ. — 480 с.
52 Блаттнер Р., Классен Х., Денерт Х. Эксперименты на изолированных препаратах гладких мышц. – Москва. Мир, — 1983, — 206 с.
53 Liss G., Lewis J.H. Drug-induced liver injury: what was new in 2008 // Expert. Opin. Drug. Metab. Toxicol. – 2009. – Vol. 5, № 8. – P.843-60.
54 Колотилова М.Л. Механизмы энтерособционной детоксикации цеолитсодержащим трепелом морских свинок при отравлении 4-ххлористым углеродом: Автореф.. канд.. мед… наук. Чуваш. Гос. университет. – Чебоксары. – 2000. – 26 с.
55 Куценко С. А. Основы токсикологии: научно-методическое издание. СПб: ООО «Издательство Фолиант». – 2004. – 720 с.
56 Assis D.N., Navarro V.J. Human drug hepatotoxicity: a contemporary clinical perspective //Expert. Opin. Drug. Metab. Toxicol. – 2009. – Vol. 5, № 5. – P.463-73.
57 Бородин Ю.И. Лимфатический регион: структура и функция // Труды II съезда физиологов Сибири и Дальнего Востока. — Новосибирск. -1995. — Ч.1. -С.51.
58 Бородин Ю.И. Лимфология: некоторые теоретические и прикладные аспекты // Тр. науч. конф. «Проблемы экспериментальной и клинической лимфологии». — Новосибирск, 1994. — С. 15.
59 Петренко В.М. Микроархитектоника капсулы брыжеечного лимфатического узла у человека и мелкопитающих животных // Сб. науч. тр., посвященный 25-летию ГУНИИ медицинских проблем Сверд. СО РАМН, 60-летию Красноярск. Гос. Мед. академии. – Красноярск, — 2001, — С. 49-50.
60 Pagano G. Redox-modulated xenobiotic action and ROS formation: a mirror or a window? // Human & Experimental Toxicology. – 2002. – Vol. 21, № 2. – Р. 77-81.
61 Padma P., Setty O.H. Studies on cytochrome oxidase in carbon tetrachloride treated rats // Jndian J. Exp. Biol. – 1999.– V. 37, — № 11, — P. 1139-1141.
62 Zhang J., Zong Ch., Li D., Zhan R. Взаимосвязь между локальной ренин-ангиотензин-альдестероновой системой и фиброзом печени крыс // Word. Chin. J. Dig. – 2002, — V. 10, — № 4, — P. 397-400.
63 Гайворонская В.В. Изыскание средств, защищающих и восстанавливающих функцию печени при повреждающих воздействиях. Автореф… дис.. канд… мед…. наук. – СПб., — 1992, — 29 с.
64 Ханыченко Л.К., Бульон В.В., Заводская И.С., Сапронов Н.С., Гапонова Л.В. Гепатозащитные свойства белков сои и возможность их использования в диетотерапии хронического токсическог гепатита // Бюллтень эксперим. биол. и медицины, — 2000, — Т. 129, — №3, — С. 283-286.
65 Яворский А.Н., Жукоцкий А.Н. и др. Влияние антиоксиданта- мексидола на гепатоциты при токсическом гепатите // 5-й Росс. Конгресс «Человек и лекарства». – Москва, — 1998, — С. 125.

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*