ЖДЖЛ

Атырау облысы, Атырау қаласы Жалпы білім беретін № 6 орта мектептің 2 «Б» сынып оқушысы Мухангалиев Азамат Еркинович Жетекшісі: Ахмеджанова Гулжан Утеуовна бастауыш сынып мұғалімі Ата мен әже

Атырау  облысы, Атырау қаласы

Жалпы білім  беретін № 6 орта мектептің

2 «Б» сынып  оқушысы

Мухангалиев Азамат  Еркинович

Жетекшісі: Ахмеджанова Гулжан Утеуовна

бастауыш сынып мұғалімі

Ата мен әже

Эссе

Менің өмірімдегі ең қымбат адамдар әкем мен анам.Әкем мен анамның да ата-аналары бар.Олар маған ата мен әже болады.Менің атам одүниелік болды.Өмір бар жерде өлім де бар дегендей,адам мына өмірге қонақ,сондықтан бір-бірімізді сыйлап өтейік.Менің атам өте жақсы адам еді,ол мейірімді,балажан,мені жақсы көретін.Оның айтқан ақылды сөздері,маған деген мейірімі шексіз болды.Әжем де тығып қойған тәтті кәмпиттерін маған береді.Қарты бар үйдің қазынасы бар деп үлкендер текке айтпаған.Олар бар үйде береке,ынтымақ,бірлік,ақыл кеңес беріп отырады.Ата әженің тәрбиесін алған,ақылын тыңдаған адам ещқашан тура жолдан таймайды.Ақсақалды атаны,ақжаулықты әжені сыйламаған адам екі дүниенің де бақытынан құр қалады.Олар үлкейе келе кішкене бала сәби сияқты бола бастайды.Оларға да үлкейген шақтарында күтім керек,мейрім жылу керек,оны олар өз балаларынан,немере-шөберелерінен күтеді.Атаңа не қылсаң,алдына сол келеді деп те бекер айтпаса керек.Қазіргі заманда  ата-аналарын қарттар үйіне тапсырып,мансап,атақ,дүние қуып жүрген адамдар қаншама.Олардың жағдайы қандай өкінішті.Мен өз әке-анамнан көргенім өз ата-аналарына қамқорлық көрсетеді.Мен де өскен соң оларға бар жақсылықты жасаймын,оларды сыйлап,тек жұмсағын,тәттісін олардың алдына тосамын.Мені бала кезімде қалай мейіріміне алып,бағып қағып өсіріп,осы өмірдің бар жақсысын үйреткендей,ақылдарын айтып,адамгершілігі мол адам бол деп тәрбие бергендей,менде оларды қамқорыма аламын.Бірінші өмір берген Аллах тағалаға,тәрбиелеп өсірген ата-анама,аманатқа қиянат жасамай,осындайға жеткізгеніне сансыз шүкірмін.Ата-әжеинің жолын қуып біздер де ұрпақтан ұрпаққа өсіп,көбейіп,балалы-шағалы боламыз.Ата-әжемнен,әке-анамнан үйренгенімді өз балаларыма үйретемін.Тәрбие жанұядан басталады.Әр жанұяда бақытты балалық шақ болса,Қазақстанда отан сүйгіш,патриот қазақ азаматы көбейеді.Мен қазақ болып туылғаныма,ата-әженің ұрпағы болғаныма қуаныштымын.

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*