жасдарын значек

Тақырыбы: «Қазақ хандарының генеалогиясы» Авторы: Базархан Перизат Қанатқызы №137 жалпы білім беретін мектептің 9 «Ә» сынып оқушысы

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Бағыты:     Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективті туристік бағыттары

Секция:      Қазақстан тарихы

Тақырыбы:             «Қазақ хандарының генеалогиясы»

Авторы:         Базархан Перизат Қанатқызы

№137 жалпы білім беретін  мектептің

9 «Ә» сынып оқушысы

 

Ғылыми  жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі

Садық Айнұр Тілегенқызы

 

 

 

 

Ғылыми кеңесшісі: «Тарих ғылымдарының

докторы, археология және мұражайтану» кафедрасының

профессоры:     М.У.Шалекенов

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы

2015 жыл

 

Алматы қаласы М.Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектебінің 9 «Ә» сынып оқушысы Базархан Перизаттың «Қазақ хандығының генеалогиясы» атты ғылыми зерттеу жұмысына берілген

Пікір

 

 

Ғылыми зерттеу жұмысында Қазақ хандығының генеалогиясын зерттеу жұмыстарын сақталған және осы зерттеу жолдарын іздестірген.

Жұмыста осы мақсатта  Қазақ хандығының генеалогиясын жан-жақты дәлелдеп, өзіндік зерттеу жүргізген және тарих ғылымының професорларымен пікір алмасқан.

Зерттеу жұмысының өзектілігін анықтап, қолдану аясын көрсете білген, жұмыс өзіндік ерекшелігі бар туынды болып қалыптасқан.

Сондықтан, бұл жұмысты барлық сұранымдарға жауап бере алатын ізденіс әрекетінің жемісі ретінде бағалап, оны жарыстарға ұсынуға әбден лайықты деп санаймын.

 

 

 

 

Пікір жазған:                                     ғылыми жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі

А.Т.Садық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы М.Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектебінің

9 «Ә» сынып оқушысы Базархан Перизаттың

«Қазақ хандығының генеалогиясы» атты ғылыми зерттеу жұмысына берілген

Рецензия

Базархан Перизаттың ұсынылып отырған ғылыми жобалық зерттеу жұмысында Қазақ хандығының шығу тарихындағы екі пікірді өзара салыстыра отырып, деректер мен зерттеулерге талдау жасалған.

Қазақ хандығының шығу тарихында Тұқай-Темір  мен Орда–Еженнің ұрпақтарынан таралғандығын, қазіргі кезде әлі нақты дәлел жоқ екендігін іздестірген.

Қазіргі күнде осы мәселені зерттеушілердің бірі Б.Б.Кәрібаев Қазақ хандарының шығу тегі мәселесіне байланысты арнайы мақалалар жазған . Б.Кәрібаев өзге зерттеушілерге қарағанда  тереңіреп зерттеп ,өзіндік дәлелдерін ұсынады.Ақиқат журналындағы мақаласында Шайбанилық деректерді талдай келе : «Оның (Шайбанидың )мұндағы бірінші ойы атасы үшін кек алу болып табылса, екінші ойы –ата жолымен де, Шыңғыс хан жолымен де Дешті Қыпшақтағы қазақ хандарының  билігінің заңсыз екендігін көрсетіп,өзінің  мәртебе ,құқын олардан жоғары қою болған.Осылайша сайып келгенде ,қазақ хандарының шығу тегін Тұқай Темірден таратқан «Тауарих-и…..» мәліметті ақиқатқа сай емес,-деуге негіз бар .

Жұмыста осы мақсатта Қазақ хандығының құрылуы келер ұрпаққа өнеге болып қалатындығы және тарихшы ғалымдар тарапынан әлі зерттеуді талап ететін Қазақ тарихындағы маңызды мәселе екендігі айтылды.

Осы мәселе жөнінде ,бұл тақырыпты зерттеушілердің бірі Ж.Сариева,қазақ хандары Шыңғыс ханның ұлкен ұлы Жошының кіші ұлдарының бірі Тұқай Темір ұрпақтары деген мәоіметтер күмән тудырды деген ойға тоқталып,қазақ хандары ешқандай күмәнсіз Жошының тұңғышы Орда Еженнен тарады деген пікірді алға тартады деген пікірлерді толығымен қамту.

Зерттеу жұмысында Қазақ хандығының генеалогиясын зерттеу әлі де жалғасын табатындығы және де осы тақырыпта жасалған зерттеуші ғалымдардың екі пікірде екендігі айтылған. Екі пікірді және де басқа да Қазақ хандығының шығу тегін бұрмалау мақсатында жазылған еңбектерді де ескере отырып, дәйекті түрде өз ізденіс жұмыстарын жүргізген. Ғылыми-практикалық нәтижелері нақтыланған, қолданбалы мәні жоғарғы ғылыми жоба ретінде ұсынуға болады деп есептеймін.

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазған ғылыми кеңесші Абай атындағы

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің

«Тарих ғылымдарының докторы,

археология және мұражайтану»

кафедрасының профессоры:                                                   М.У.Шалекенов

АННОТАЦИЯ

  1. Қазақ хандарының генеалогиясына байланысты деректер мен зерттеулерге

талдау жасау.

2.1. Қазақстан тарихында толыққанды шешім таппаған негізгі екі өзекті

мәселелерді салыстыру.

2.2. Қазақ хандарының генеалогиялық құрылымы. Зерттеушілердің қазақ хандарының генеалогиялық құрылымына байланысты ұстанған  дәйекті пікірлерді анықтау.

  1. Қазіргі таңда осы мәселені зерттеушілердің бірі Б.Б.Кәрібаев Қазақ хандарының шығу тегі мәселесіне байланысты арнайы мақалалар жазған . Б.Кәрібаев өзге зерттеушілерге қарағанда тереңіреп зерттеп ,өзіндік дәлелдерін ұсынады.Ақиқат журналындағы мақаласында Шайбанилық деректерді талдай келе : «Оның (Шайбанидың )мұндағы бірінші ойы атасы үшін кек алу болып табылса, екінші ойы –ата жолымен де, Шыңғыс хан жолымен де Дешті Қыпшақтағы қазақ хандарының билігінің заңсыз екендігін көрсетіп,өзінің  мәртебе ,құқын олардан жоғары қою болған.Осылайша сайып келгенде ,қазақ хандарының шығу тегін Тұқай Темірден таратқан «Тауарих-и…..» мәліметті ақиқатқа сай емес,-деуге негіз бар .

Осы мәселе жөнінде ,бұл тақырыпты зерттеушілердің бірі Ж.Сариева,қазақ хандары Шыңғыс ханның ұлкен ұлы Жошының кіші ұлдарының бірі Тұқай Темір ұрпақтары деген мәліметтер күмән тудырды деген ойға тоқталып,қазақ хандары ешқандай күмәнсіз Жошының тұңғышы Орда Еженнен тарады деген пікірді алға тартады деген пікірлерді толығымен қамту.

4.Екі пікірдің, біреуін ақиқатқа тартар болсақ та, әлі де қыр-сыры толық зерттелмеген бұл мәселе алдағы уақыттарда да қарала берері сөзсіз. Себебі бұл тақырыпта тарихшы ғалымдап тарапынан әлі де зерттеуді талап ететін Қазақ тарихындағы маңызды мәселе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АННОТАЦИЯ

 

  1. 1. Анализировать данные и иследования генеалогии казахских ханов.

2.1. Сравнение двух вопросов, которые не нашли решения в истории Каазахстана.

2.2. Генеалогическая структура казахских ханов. Мнение исследователей в

отношение структуры генеалогии казахских ханов.

  1. Смотря на других историко-ученых Б. Карибаев глубоко изучив эти аспекты предлагает нам свой вариантизучив шайбанийские материалы. в журнале»акикат» была написана его цитата : « Он(Шайбани), где первый идея является, чтобы отомстить за отца, второя идея, Чингисхан Даштикипчакские королями казахстанских властей показать, что незаконное положение, чтобы положить их прав. Так в конечном счете, происхождение казахских ханов распределены Тугай Темир «Тауарих-и …..» информация не соответствует действительности, есть основания».

Для этого вопроса, один из исследователей на эту тему Ж.Сариева казахских ханов Чингисхана, великого сына одного из младших сыновей Джучи, Тугай Темир сомнения о том, что потомки, казахских ханов, несомненно,  первом пункте выдвигает мнение, что распространение комментариях Орды Эджена.

  1. Если мы будем привлекать к правде одну из двух мнений, то даже так это будет являтся требующим аспектом которое будет расматриватся еще в будущем. Потому что это историк учеными по вопросу по-прежнему важно, чтобы изучить историю казахов.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Summary

 

  1. To analyze thedata and studythe genealogy ofthe Kazakh khans.

2.1. Comparison of the two questions that have not found the solution in the history of Kazakhstan.

2.2. Genealogical structure of the Kazakh khans. According to researchers in
on the structure of the genealogy of the Kazakh khans.

  1. Looking at theother historians, scholarsB.Karibaevdeeplystudyingthese aspectsgives us hisvariantizuchivshaybaniyskiematerials. in the journal «Akikat» it was written by hisquote:»He (Shaibani), where the firstideaistoavenge his father, second ideaDasht-i KipchakKhankingsKazakh authoritiesshow thatthe illegal situationto put themright.So ultimately, the origin of the Kazakh khansdistributedTugayTemir»Tauari-and …..» information is not true, it is reasonable. «

For this issue, one of the researchers on this topic J.Sarïeva Kazakh Khans of Genghis Khan, the great son of one of the younger sons of  Jochi Tuqay doubt about the idea that the descendants of the railway, Kazakh khans no doubt Dzhuchids first paragraph puts forward the view that the spread of the Horde comments.

  1. Two opinion, has drawn the truth is still one of the aspects which will studied this issue is dealt with in the future. Because it is a historian by scientists on the issue is still important to study the history of the Kazakh required.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………………………… 6

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Қазақ хандарының шығу тегіне байланысты мәселенің туындауы ……………….8

1.2 Қазақ хандарының генеалогиясының дерек көздеріне байланысты пікірлер.12

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………………………………………17

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………………………………………………….18

ҚОСЫМША ………………………………………………………………………………………………….19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                           

КІРІСПЕ

       

        Тақырыптың өзектілігі. Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көктүріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп тәуелсіздікке тіреледі деп Н.Назарбаев Ұлытаудағы сұхбатында Қазақ мемлекеттілігінің тарихы сан ғасырларға ұласып келе жатқандығын дәйектеді.

Биылғы 2015 жыл ресми түрде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы деп жариялануына байланысты тарихшы ғалымдардың тарапынан Қазақ хандығының құрылуна қатысты белсенді зертеу жұмыстары атсалысып жатыр. Алайда, Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізуінен бастап Қазақ хандығы тәуелсіздікке қол жеткізуінен бастап Қазақ хандығы тақырыбында өз ізденіс жұмыстарын арнаған т.ғ.д., профессор Б.Б.Кәрібаев: «Қазақ хандығының құрылу мәселесінде зерттеушілердің айналып өте алмайтын, міндетті түрде қарастырып өтетін сұрақтарының біріне қазақ хандарының шығу тегі мәселесі жатады. Қазақстанның ортағасырлық тарихы туралы нақты мәлімет беретін деректердің аздығынан біраз мәселелер әлі де шешімін таппай келеді. Бұл сұраққа дұрыс жауап тапқанымызда біз, ХІІ-ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында мемлекеттілік, саяси тарих, билеуші әулеттер тарихындағы мәселелердің, ең бастысы XV ғасырдың ортасында құрылған Қазақ хандығының билеуші әулетінің шығу тегі мен ол әулеттің XV ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстан аумағынан хабардар боламыз және де бұл мәселенің XV-XVI ғғ. Қазақ тарихында үлкен маңызы бар» деп Қазақ хандарының генеалогиясын зерттеу Қазақ мемлекеттілігінің тарихымен астарласып жатқандығын көрсеткен.

Қазіргі таңда Қазақ хандарының генеалогиясына қатысты тарихшы ғалымдардың арасында екі пікір қалыптасқан. Алғашқы пікірді қолданушылар Қазақ хандарының шыққан тегі Жошының үлкен ұлы – Орда Еженнен бастау алады деп көрсетсе, ал кейбір тарихшылар Қазақ хандарын Жошының кенже ұлдарының бірі – Тұқай Темірден  тараған деп дәлелдейді. Біз өз зерттеу жұмысымызда осы екі пікірді өзара салыстырып, екі пікірді ұстанушылардың пайдаланған дереккөздерін талдап, дәйекті пікірді анықтап, мәселенің шешуге талпыныс жасаймыз.

Әлі де толығымен қыр-сыры толық зерттелмеген бұл мәселе алдағы уақыттарда қарастырыла берері сөзсіз. Осы тақырыпты зерттеп, жан-жақты талдап, нақты кешенді қорытынды жасау – тарихшылар мен жас тарихшы ғалымдардың алдына қойылар үлкен міндет деп білеміз. Себебі бұл аталған тарықыпта тарихшы ғалымдар ғалымдар тарапынан әлі де зерттеуді талап ететін Қазақ тарихындағы маңызды мәселе болып келеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты Қазақ хандарының генеалогиясына байланысты деректер мен зерттеулерге талдау жасау.

6

Осы мақсатқа сай мына міндеттер қойылады:

  • Қазақ хандарының шығу тегіне байланысты мәселенің туындауы қарастыру;

 

  • Қазақ хандарының генеалогиясының дерек көздеріне байланысты пікірлерді саралау.

         Тақырыптың дереккөзі. Аталған мәселе қатысты «Муизз ал-ансаб»; Темір әулетінің ұрпағы Шахрухтың бұйрығымен құрастырылған 829/1429 жылғы белгісіз автор шығармасы, Өтеміс-Қаж ибн Маулан Мұхаммед Достидің XVI ғасырда жазған «Шыңғыс наме» еңбегі, Шейбани ханның бұйрығымен жазылған XVI ғасырда жазылған «Тауарих-и гузида-йи нусрат-наме» атты еңбегі. Сонымен қатар, Әбілғазы Бахадүр ханның 1661жылы жазылған «Түрік шежіресі», XVII ғасыр тарихшысы Махмуд ибн Валидің «Бахр ал-асрар» шығармасы атты туындысы дереккөзі ретінде қарастырамыз.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бері Қазақ хандығының негізін қалаған екі тұлғаның – Керей мен Жәнібектің есімдері анықталып, белгілі болған. В.В.Вельяминов-Зернов [1]алғаш рет Оразмұхаммед ханың шығу тегін анықтау барысында «Тарих-и Рашидидің» мәліметтерін айналымға енгізілумен Қазақ хандарының генеалогиясына ғылыми қызығушылық пайда болды. Тақырыптың зерттелу деңгейін үш кезеңге бөліп қарастырамыз. Бірінші кезең, Ресей патшасы кезіндегі зерттеу жұмыстары. Екінші кезең, Кеңестік кезеңдегі және үшінші кезеңге Қазақстанның Тәуелсіздік кезіндегі еңбектер жатады. ХІХ ғасырда қазақ хандары мен қазақ тарихы туралы зерттеу жүргізген қазақтың көрнекті ғалымы Ш.Уәлиханов[2], ХХ ғасырдың басында қазақ шежіресі бойынша еңбек жазған Ш.Құдайберді болып табылады.[3]

Зерттеуің екінші кезеңінде М. Тынышбаев, С.Л. Ибрагимов, В.П. Юдин,  К.А.Пищулина, А.П. Чулошников, Э.А. Масанов, М.Г. Сафаргалиев,

А.П. Григорьев жатады.

Зерттеудің үшінші кезеңінде осы аталған мәселемен Т.И. Сұлтанов,   Б.А. Ахмедов, М.Қ. Әбусейтова, З.Қинаятұлы, Г.Ж.Табулдин, Б.Б.Кәрібаев, А.Г. Гаев, Р.З.Сагдеева, Б.Б.Ирмуханов, М.Н.Ибрагимова, М.Ж.Сәбитов айналысады.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан,

қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

7

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

1.1 Қазақ хандарының шығу тегіне байланысты мәселенің туындауы.

 

XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеу өткен ғасырдың бай мұрасымен тығыз байланысты .Қазақ  хандығының құрылу мәселесінде зерттеушілердің айналып өте алмайтын,міндетті түрде қарастырып өтетін сұрақтарының  біріне қазақ хандарының шығу тегі мәселесі  жатады. Қазақстанның ортағасырлық тарихы туралы нақты мәлімет беретін деректердің аздығынан біраз мәселелер әлі де шешімін таппай келеді. Бұл сұраққа дұрыс жауап тапқанымызда біз,ХІІ- ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы  мемлекеттілік ,саяси тарих, билеуші әулеттер тарихындағы мәселелердің,ең бастысы ХV ғасырдың ортасында құрылған Қазақ хандығының  билеуші әулетінің шығу тегі мен ол әулеттің XVғасырдың ортасына  дейінгі Қазақстан аумағынан хабардар боламыз жәнеде бұл мәселенің  ХV-XVI ғғ. Қазақ тарихында үлкен маңызы бар .Осы бір күрделі мәселеден туындайтын сұрақ,біз кімнің ұрпағымыз? .Осы жағдай , Дешті Қыпшақтағы саяси билікті  Жошының қай ұрпақтары  заңды түрде ,құқықтық негізде иеленуі керек деген мәселеХVғ. соңы мен XVI ғ. басында Мауеренахрдағы Шайбани әулетімен қарым –қатынастарының бағытын анықтайды.

Қазақ хандығының құрылуы  Ақ Орда ,Моғолстан сияқты мемлекеттердің даму тарихымен тығыз байланысты.Сондықтан да Ақ Орданың  тарихын зерттемейінше қазақ хандары әулетінің шығу тарихын ,олардың туыстық қатынастарын  зерттеу мүмкін емес,-дейді М.Н.Ибрагимова.

Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты жазылған тарихи зерттеулер мен әдебиеттерідің бәрінде ешкім таласпайтын пікір,хандықтың негізін  салушылар — Керей мен Жәнібек.Дерек мәліметтерінде көрсетілгендей, олардың  Әбілхайыр ханнан  бөлініп, Жетісудағы Моғолстан атты хандыққа келуімен Қазақ хандығы құрылды деген пікірдізерттеушілердің  бәрі мойындайды,яғни Қазақ хандығының құрылу мәселесін жүйелі түрде зерттеу біздің ойымызша,хандықтың құрылу барысында саяси жетекшілік рольді атқарған тарихи тұлғалар-Керей менЖәнібекхандардың шығу тегін анықтаудан басталуы керек.

Тарих ғылымында ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бері Қазақ хандығының негізін қалаған екі тұлғаның – Керей мен Жәнібектің есімдері анықталып, белгілі болған. В.В.Вельяминов-Зернов алғаш рет Оразмұхаммед ханның шығу тегін анықтау барысында «Тарих-и Рашидидің» мәліметтерін айналымға енгізе отыра, былай деп жазған болатын: «Қазақтар туралы (В.В. Вельяминов-Зернов қырғыз қайсақтар деп жазады – Б.К.) «Тарих-и Рашидиде» Мұхаммед Хайдар айтқан

мәліметтер хижра бойынша 860 жылдан 944 жылға дейінгі, яғни 1456 жылдан

8

1537-38 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Осы 80 жыл ішінде Мұхаммед Хайдар

бойынша қазақтардың ең басты тұлғалары: жошылық Керей мен Жәнібек, Керейдің ұлы Бұрындық, Жәнібектің ұлдары Әдік пен Қасым және Әдіктің ұлы Тахир болды». Міне, осы кезден бастап Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының құрылуындағы тарихи рөлі анықталып, қазіргі күндерге дейін оны ешбір зерттеуші теріске шығармай, керісінше, оны зерттеушілердің бәрі бірауыздан мойындап отыр. Олай болса, осындай тарихи тұлғалардың өздеріне жеке тоқтап, олардың шығу тегіне, ата-бабаларына, жеке өміріне, хандықты құру ісіндегі іс-әрекеттеріне қатысты мәселелерге арнайы тоқтап өту арқылы олардың қазақ тарихындағы алатын орны мен атқарған рөліне назар аударалық.

Қазақ хандарының шығу тегі мәселесі Қазақстан тарихында толыққанды шешім таппаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Мәселемен тікелей немесе жанама түрде айналысқан зерттеушілердің пікірі екітопқа бөлінеді.«Қазіргі күнде  қазақстандық тарихнамада осы мәселе бойынша екі бағыттағы пікірлер толық айқындалып отыр. Алғашқы пікірді қолданушылар  Қазақ хандарының шыққан тегі Жошының үлкен ұлы-Орда Еженнен бастау алады деп көрсетсе,ал кейбір тарихшылар Қазақ хандарын Жошының кенже ұлдарының бірі –Тұқай Темірден тараған деп дәлелдейді»-дейді Мұқанов М.[Муканов М.Алматы ,1998.-13 б]

Бұл мәселе жөнінде М.Қ.Әбусейтова көңіл аударып ,былай  деп жазады: «Қазіргі кезде қазақ хандары әулетінің шығу тегі жайлы екі түрлі пікір бар.Зерттеушілердің бір тобы оларды  Орда Еженнен таралы деп есептейді»,-дей келе, қазақ хандары  Жошының он үшінші ұлы Тұқай Темірдің ұрпақтары деген өзінің пікірін ұсынады.Қазақ  хандары  Тұқай  Темірден тараған деген пікірді  Ш. Уалиханов, Ш.Құдайбердіұлы, Құбанғали  Хамид, В.П.Юдин, М.Қ.Әбусейітова  жақтайды.[Билер сөзі.Алматы,1992.-57б]. Ал ордаежендік бағытты  ұстанғандарға  В.В. Вельяминов-Зернов,  М.Тынышпаев , М.Г.Сафаргалиев , П.П.Иванов,  Т.И.Сұлтанов, З.Қинаятұлы  және  Б.Кәрібаев  жатады.[Муканов М.Из исторического прошлого.-13 б]

Көптеген мәліметтерден білетініміздей, қазақ хандарының атасы болып Орыс хан саналады.Бұл пікірді зерттеушілердің барлығы дерлік қолдайды.Қазақ ханы,сұлтандардың ататегін анықтау үшін әуелі қазақ хандарының атасы-Орыс ханның тегін анықтап алған жөн.Моңғол деректерінде Тоқай –Темір әулеті туралы нақты дерек кездеспейді.Тек моңғол тіліндегі «Шыңғыс әулеті шежіресінде» Тоқай Темірдің әулет шежіресі түзілген.Онда :Тугтимур(Тоқай Темір ) одан Улугтимур, одан Сарицан,одан Тококучитимур ,одан Арикбек,Арикбектен-Хазан,одан Ұлұг Мухаммед және Ташитимур деп жазылған.Мұнда Орда Ежен  әулет шежіресіндегі  бірде –бір адам кездеспейді. «Муизз ал-ансаб» бойынша Орыс хан Бадақұлы ,Тимур-Ходжаұлы деп көрсетілген.Орыс ханның шығу тегі:Тұқай Темір –Үз Темір  –Хожа  –Бадақ

9

және Орыс хан деп  беріледі.Осы жерде мынандай заңды сұрақ туындайды. Неге «Тауарих-и гузида-ий нусрат –намеде»қазақ хандарының шығу тегі бұрмаланған? Оның себептерін Шығыс Дешті Қыпшақтағы Қазақ хандығы мен Мауереннахрдағы шибан әулетінің  XVI ғасырдағы қарым-қатынастарын ғана емес

,сонымен бірге  XVғасырдың бірінші ширегінен бері жалғасып келе жатқан екі әулет арасындағы күрестерден іздеу керек.

Қазақ хандарының билігін жою үшін Мұхаммед Шайбани хан оларға қарсы 1505-1510 жылдар аралығында төрт рет жорық ұйымдастырды.[49]

Қазақ билеушілеріне ұйымдастырылған күрестің мына бір түріне- идеологиялық күрес жатады.Күрестің осы түрі арқылы Мұхаммед Шайбани хан  қазақ билеушілерінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігінің негізсіз екендігін дәлелдеуге тырысады.Ол идеологиялық күрестің құралы етіп қазақ хандарының шежіресін ,яғни шығу -тегін пайдалануы.Сөйтіп ,XVI  ғасырдың басында арнайы тапсырмамен жазылған  «Тауарих-и гузида-ий нусрат –наменің »Жошы ұрпақтарының шежіресіне арналған бөлімінде Жошы ханның ең кіші ұлы –Тұқай Темір ұрпағына көп орын береді де ,қазақ хандары тұқайтемірліктер деп көрсетіледі.Бірінші, Қазақ хандарының шығу тегін Жошының кіші ұлы – Тұқай Темірден тарату ХVІ ғасырдың басындағы шайбанилық әулет өкілдерінің қазақ хандарының Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігін әлсірету, жою үшін әдейі жасаған идеологиялық күресінің бір көрінісі деп білеміз де, Жошының үлкен ұлы Орда Ежен ұрпақтарының билігі ХІІІ ғасырдың 20-шы жылдарынан Орыс ханға дейін, одан кейінгі Барақ ханға дейін де үзілмеген.

Екінші, Барақ хан қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақта Жошының бесінші ұлы Шайбан ұрпақтарының билігі орнығып, ордаежендік әулет өкілдері биліктен уақытша шеттетіледі. ХV ғасырдың 50-ші жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған әулет өкілдері ордаежендік әулеттің билігін қалпына келтіру үшін күрес жүргізеді де, күрес барысында өздеріне қарайтын ру-тайпаларды бастап амалсыздан Моғолстанға көшеді. Көп ұзамай-ақ олар Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына жаңа деңгейде қайтаоралып, бұрынғы ордаежендік әулеттің билігін қайта қалпына келтіреді және жаңа – Қазақ хандары билігінің негізін қалайды. Осы жерде мынадай жағдайды қоса айтып өткен өте орынды деп есептейміз.

XVI ғасыр басында Хорезмде билікке келген шибанилық әулеттің тарихшысы Өтеміс қажы өз еңбегінде Шибан ұрпақтарының Тұқай Темір ұрпақтары алдында өздерінің шығу тегін қалай мақтан ететінін былайша баяндайды.Автор Жошы ханның қайтыс болып ,кім мұрагер болады деген  мәселеде Орда Ежен мен Батыйдың бір-біріне тақты ұсынғандығын ,ақыры тақты иеленуді Шыңғыс хан шешсін деген ұйғарымға келіп,аталарына он жеті інісімен келгендігін айта келеді де, «олар ханға қызмет етуге келді,хан оларға үш киіз үй тіктіріп,алтын

10

босағалы ақ орданы Сайын –ханға,күміс босағалы көк орданы Орда Еженге,болат босағалы боз орданы Шайбанға берді.Қысқасын айтқанда,үш жағдайда Шайбан ханның ұрпақтары Тоқтамыс-ханның , Темір Құтлының және Орыс ханның ұрпақтарының алдында  «Біз  сіздерден артықпыз» деп мақтанады.Бірінші мынау –киіз үй. Шыңғыс хан……..Ижан мен Сайыннан кейін біздің атамыз Шайбан ханға киіз үйді бергенде , сіздердің атаңызға арба да берген жоқ деп жазады.

Өтеміс қажының осы мәліметінен жалпы шибанилар әулетінің XVI ғасыр басында Жошының басқа ұлдарының ұрпақтарына қарағанда өздерін бүкіл Дешті Қыпшақ пен Мауеренахрдың бірден –бір ,дара билеушілері ретінде жариялағандығын байқаймыз.Мұхаммед Шайбанидің өзінен бастау алған және қазақ хандарының щығу тегін бурмалап көрсету арқылы олар қазақ хандарының Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігіне нұқсан келтіруді ,олардың абыройы мен беделін төмендетуді ,билік етуге құқын жоюды басты қару еткен дейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11

 

1.2. Қазақ хандарының генеалогиясының дерек көздеріне байланысты

пікірлер

 

Қазақ хандары Тұқай Темірден таралады дегенпікірді жақтаушылар:

Ш. Уалиханов, Ш.Құдайбердіұлы, Құбанғали  Хамид, В.П.Юдин, М.Қ.Әбусейітова  өз пікірін негіздеу үшін Әбілғазының дерегіндегі мәліметтерді алға тартады.«Ұрыс хан шыққан әулет,Әбілғазаның айтуы бойынша ,Жошының кіші ұлдарынан тарайды,олардың аталары -Тұқай Темір»-деп 1856-1857 жылдары Ш.Уалиханов  жазса,Ш.Құдайбердіұлы « Жошының төртінші  баласы –Тоқайтемір,біздің қазақ осының қол астында болған және Әбілмансұр-Абылай ханның арғы атасы осы еді»-деп түсіндіреді.

Шоқан,Шәкәрім ,Құбанғали Хамид,  М.Әбусейітова мен В.П.Юдин де өз пікірлерін XVII  ғасырдағы тарихшы Әбілғазының  «Түрік шежіресіне»сүйенеді.Сонымен қатар қазақ хандарының генеологисының зерттелуіне негіз болған деректерді екі топқа бөліп қарастырып көрейік.Біріншісі қазақ хандарының әулетін қалыптастырған Ұрыс ханды Тоқа-Темірден таратып көрсеткен деректер тобы:

  1. «Шаджара-ий турк»,Хива ханы Әбілғазының шығармасы .
  2. «Таварих-и гузида -ий нусрат-наме»;шамамен 1504 жылы Орта Азияда

жазылған.

  1. «Муизз ал-ансаб»;Темір әулетінің ұрпағы Шахрухтың бұйрығымен

құрастырылған 829/1429 жылғы  белгісіз автор шығармасы.

  1. XVI ғасыр авторы Өтеміс қажының «Шыңғыснамесі».
  2. XVIІ ғасыр тарихшысы Махмуд ибн Валидің «Бахр ал-асрар» шығармасы.

Екіншісі Ұрыс ханды Орда –Еженнің тікелей ұрпағы ретінде көрсететін деректер тобы:

1.«Мунтахаб ат –таварих-и Муини» немесе «Ескендір анонимі»; 816/1413-1414

жылғы Әмір Темір ұрпақтарының тарихшысы Муин ад-дин Натанзидің

шығармасы.

  1. «Нусах-и джаханара» -972/1564-1565 жылғы жазылған  әл-Гафари шығармасы.
  2. «Тарих-и Хайдари»- жалпы тарих,1611 мен 1619 жылдар аралығындағы

Хайдар ибн әлі Хұсайн Разимен жазылған.

  1. XVIІ ғасырдағы османдық тарихшы Мунаджим-башидің «Джами ад

дувал»шығармасы.

1504 жыл шамасында Орта Азияда белгісіз автор жазған «Тауарих –и гузида –ий Нусрат –наме »(«Нусрат-наме») дерегінің мәліметтері .Мәселеге қатысты деректің жазылған уақытына қарай  келе,біз, Орыс ханды Тұқай Темірден

12

тарататын деректердің негізгісіне 1504 жыл шамасында Орта Азияда жазылған «Тауарих –и гузида –ий Нусрат –наме »еңбегінің мәліметтерін жатқызамыз.Әбілғазы,Өтеміс қажы және Махмуд пен Уәлидың  мәліметтері  Орыс ханның шығу тегін анықтауда негізгі , оригиналды дерек көзі бола алмайды,өйткені оның мәліметтері XVI ғасырдыңалғашқы жылдарында жазылған «Тауарих –и гузида –ий Нусрат –наме »

дерегінен алынған .Тауарих –и гузида –ий Нусрат –наменің »  қай жылы жазылғандығын оны зерттеген тарихшылар  1-2 жыл айырмашылықпен көрсетсе де,бір нәрсе анық ,ол шығарманың  XVI ғасырдың алғашқы жылдарында жазылғандығы.Шығарманың  авторы мен жазылу тарих мәселесіне келсек,А.А.Семенов бұл шығарманың авторы Мұхаммед Шайбанидың өзі болған деген пікірді алға тартады .Ал Р.Г.Мукминов болса  «Тауарих –и гузида –ий Нусрат –наменің » жазалуына  Мұхаммед Шайбани хан тікелей атсалысқан ,ал шығарманы ханға жақын адам  жазған деген ойды айтады .В.П.Юдин  бұл шығармаға Мұхаммед Шайбани ханның қатысын және нақты шығарма  авторы туралы мынандай ойды айтып  өтеді.«Біздің ойымызша ,Мұхаммед Шайбани ханның авторлығы екі жағдайдан көрінеді»,-дей келе,бірінші жағдайда Мауеренахрды бағындырғанға дейін Мұхаммед Шайбани хан шығармаға негіз болған алғашқы нұсқаны дайындаған,ал Самарқан мен Бұхараны алғаннан кейін,Мұхаммад Салих және тағы басқа өте мықты әдебиетшілер оның жағына өтеді.Осы әдебиетшілер өздеріне ұсынылған  «Тауарих –и гузида –ий Нусрат –наменің » жоспары менфактологиялық материалдарын пайдаланса,сондай-ақ қойылған мақсатты ескере отыра ,өз тілдерінде  Мұхаммед Шайбани ханды мадақтайтын шығарманы жазып шығады.Мұхаммед Салих  шығарма  деректерімен жұмыс істеуге мүмкіндік алған бірінші адам болуы мүмкін.Дегеніменде,оның авторлығы күмән тудырып отырса,Мұхаммед Шайбани ханның авторлығы сөзсіз деп есептейміз.Мұхаммед Шайбани ханның авторлығын дәлелдейтін екінші жағдайға     «Тауарих –и гузида –ий Нусрат –наменің »тілі мен ханның басқа шығармаларының тілі арасындағы ұқсастық жатады ,-деп ойын тұжырымдайды В.П.Юдин.«Тауарих –и гузида –ий Нусрат –наменің »нақты кімнің жазғандығын, білмегенімізбенен мәліметтің жазылуына арқау болған тұлға Шайбани хан екені белгілі.«Тауарих –и гузида –ий Нусрат –наменің » бұрмалануына себеп болған жағдай –Мауеренахр мен Дешті Қыпшақтың  қарым –қатынасы болды.Шайбани хан Мауеренахрға толық билеуші болғаннан кейін ықпал етуі мүмкін:

Біріншіден ,Шайбани хан,а бүкіл мұсылман әлеміне  билеуші болуы үшін ,оған мұсылман әлемін түгел басып алуыкерек еді.Ал мұсылман әлемін толық басып алудағы  бірінші қадам-солтүстіктегі шекараны тыныштандыру болды. Ол үшін Шайбани ханның  немере інісі ,көрнекті мемлекет қайраткері  Ұбайдаллах  сұлтанның айтуынша,қазақтарды бағындырып ,Қазақ хандығын жою керек еді.

13

Екіншіден,Шайбанның ханның Дешті Қыпшақпен саяси байланысты үзудегі себептерінің бірі-ата сы Әбілқайыр ханның тағын қайтару үшін жасаған оның іс-әрекеті деп есептеуге болады.

Осы жағдайлар қосыла келе ,көрші,туысқан ,екі елді XVIғғ. басында Дешті Қыпшақ пен Мауеренахрды бір-біріне жау етті.,ал ол Мауеренахрда жазылып жатқан  «Тауарих –и гузида –ий Нусрат –намеге  »әсер етті.

Еңбектің бірінші және екінші бөлімдерінде түрік және монғол тайпаларының арғы ата бабасы Оғыз ханның тарихы,Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарын Монғолияда, Дешті Қыпшақта, Орта Азия мен Ирандағы билігі баяндалса ,үшінші Шайбани ханның дүниеге келгенінен оның 909 (1503-1504)жылы Мауеренахрды  бағындырып ,Самарқан тағын иеленгенге дейінгі тарихы айтылады.[28]

В.П.Юдинның атап көрсеткеніндей,еңбектің  «Мұхаммед Шайбани ханның өмірі мен іс-әрекетіне  және Жошы ұрпақтарының шежіресіне арналған  бөлімі қазақ халқының тарихы үшін біршама маңызға ие »[29].Міне,осы Жошы ұрпақтарының шежіресінде қазақ хандарының шығу-тегі  Жошының ең кіші ұлы Тұқай Темірден таратылып,Орыс ханға дейін былайша көрсетіледі:«Жошы хан–Тұқай Темір-Үз Темір– Ходжа Бадық– Орыс хан» [30]

Шығыстанушы М.Әбусейітова Хива ханы Әбілғазының «Түрік шежіресі» мен Махмуд Ибн Валидің «Бахыр Ал асырар» шығармаларына сүйене отырып В.П.Юдиннің пікірін толықтай қуаттай түседі. Әбілғазы өз шежіресінде  былай дейді: «Шынғыс хан — Жошы хан – Тоқай темір – Өз Темір – Хожа Бадақұл – Орыс хан – Құйыршық хан – Барақ хан – Әбусағит  (лақабы Жәнібек хан) » М.Әбусейітованың көзқарасы бойынша Әбілғазы Шыңғыс ханның ұрпағы болғандығын өзінің шежіресін анық білген болуы мүмкін ,сондықтан  оның мәліметтері басқа деректерге қарағанда анағұрлым дәлірек [4,77]. Дегенімен ,жоғарыда айтылғандай Әбілғазының деректемесі Мұхаммед Шайбанидың «Тауарих –и гузида –ий Нусрат –намесіне сүйеніп»жазылғандығы айтылды.

Кезінде тұқайтемірлік бағытты ұстанатын Ш.Уалихановта Әбілғазының шежіресіне сүйене отырып,Ұрыс ханды Тоқай-Темірден таратып көрсеткен [5,162].Осы жазылымдардың әсерімен Қожа Ахмет Яссауи мазарына қойылған хандар тақтасында қазақ хандарын «Тоқа-Темір әулетінен» таратып жазған [6,228].

Т.ғ.д З.Қинаятұлы «қазақ хандарының атасы Ұрыс хан-Орда Ежен әулетінен делінетін екінші бағытты»[6,173] жақтайды.Ол Орда Еженнің әулетшежіресі жайлы жүйелі мағлұмат  беретін еңбек негізінде

Рашид ад-диннің қолданысында болған және қазақтың ортағасырлық тарихнамалық айналымына Т.Сұлтанов алғаш енгізген «Муизз ал-ансаб» болып табылатындығын атап көрсетеді.З.Қинаятұлы  П.Савельевтің ,Б.Д.Греков пен А.Ю.Якубовскийлердің «Золотая Орда и ее падение» атты еңбегінде келтірілген

14

кестесіне сүйене отырып Ұрыс хан Сасы-Бұғадан тарайды деп шешім қабылдайды.«Қазақ мемлекетін бастауында Ұрыс хан, оның ұрпақтары тұрғандығы ғылымда мойындалған шындық.Сондықтанда Ақ Орда-Қазақ мемлекетін бастауы ,ал Ұрыс хан қазақ хандарының атасы деп танылады»[6,227].

Қазақ хандары  Жошының үлкен ұлы Ордаеженнен таралған деген пікірді  З.Қинаятұлы монғол тіліндегі дерек мәліметіне сүйеніп дәлелдейді .Ол Орыс ханның шығу тегі Орда Еженнен бастау алады деген пікірді  қостайтынын білдіре келе, оны «тек араб,парсы тарихи шежірелері ғана емес,Моңғолдың  төл тарихи шежірелерінің  бірі «Чингис хааны язгуур торлийн цадигууд »( Шыңғыс ханның ата шежіресі ) де растайды. Шежіренің №5 кестесінде Жошы әулетінің Ақ Ордалық хандар кестесін

Шыңғыс хан –Жошы –Ордана –Кали (Кули) –Буян (Баян)–Сасы –Бұға –Абисан (Ерзен)–Шымтай –Ұрыс хан деп ,Ұрыс ханды Орда Еженнің тоғызыншы ұрпағы деп таниды.Моңғол шежірелерінде Орда Ежен ұрпақтары Ұрыс ханнан бастап «Шығыс қыпшақ хандары » деп аталады [Қинаятұлы Зардыхан .Қазақ мемлекеті және Жошы хан.-Астана «Елорда »,-2014.23 Зардыхан Қинаятұлының дерегі бойынша:…….Ерзен хан 25 жыл билік құрып 1344/1345 жылы дүние салып ,Сығанақта жерленеді.Осыдан бастап Сығанақ Жошы хан –Орда Еженнен әулетінен тараған Ақ Ордалық ақсүйектерін жерлейтін атақорығына айналады.Мұнда Тоқай –Темір әулетінен бірде –бір адам  жерленген жоқ.Моңғолдарда Шыңғыс ханның өзінен бастап Хулэгке (қыт.Хулагу)дейін таратылған толық шежіресі бар.Бұл «Монголын үе уламжлал» (Моңғолдар шежіресі ) деп аталады.Біз аталған шежірені Сайшалдың «Шыңғыс қағанның қысқаша тарихы» деп аталатын екі томдық еңбегінде көрсетілуі бойынша келтіріп отырмыз. Мұнда Орда Ежен  әулетін төмендегіше таратады :1.Ордана ,2.Кажи ,3.Буян (Баян) ,4.Сасы-Бұқа 5.Абисан ,6.Чимтай , 7.Олус хан (қаз. Орыс хан ), 8. Токтагачи (Тоқтақия ), 9.Кулчак, 10.Төмөрмөргу (Темірмәлік) деп келтірген. Шежіреші кестеге берген анықтамасында «Орданадан бастап (Орда Ежен )бастап одан кейін аты түзілгендерді Қыпшақ хандары деп атаған.Ал Тұқай –Темір әулетінен тарағандарды «Аштархан және Қырым хандар әулеті» ,-деп бөліп қараған. Екі әулет бір-бірінен ұқсамайды.Сондықтан бұл екі әулетті бір-бірімен шатастыру мүмкін емес.

Қазақ хандарының шығу тегі мәселесін қарастырған зерттеушілердің ең алғашқыларының бірі Лэн-Пуль Стэнли болды.Ол өзінің «Мусульманские династии» деген еңбегінде қазақ хандарының шығу тегін қарастырған .М.Тынышпаев өз дәлелдеуін былайша ұсынады: «Орда Ежен мен Тұқай Темірдің әкесі Жошы 1227 жылы ,ал Орыс хан 1376 жылы қайтыс болған ,яғни олардың арасы 150 жыл ;бірінші пікір бойынша (М.Тынышпаев  бұл жерде бірінші пікір деп Ордаежендік бағытты айтып тұр-Б.Кәрібаев)бұл уақытқы 7 буын сәйкес келеді,ал екінші бағытқа (Тұқай –Темір ,Өз- Темір,Қожа ,Бадақұл ,Орыс )-4 буын келіп тұр .Қазақ хандарының хан әулетінде ерте үйлену кең тараған, сол себепті де 100 жылда оларда 4 ұрпақтан аса буын өзгереді.Осы себепті қазақ хандарының шығу тегін Тұқай –Темірден емес,Еженнен тарайтындығын көрсетеді».[Дүйсенбаев.Ы.Т.XVII-XIX  ғғ.қазақ ақындары шығармаларының жинағы.-Алматы,1962.-16б.]

Т.И.Сұлтановтың дәлелдеуінде:ХІІІ ғасырдың  30-жылдарынан бастап  ХІV

15

ғасырдың екінші жартысына дейін  Тұқай Темір және оның ұрпақтары  Жошы ұлысының оң қанатындағы аймақтарда билік құрған ,ал Орда Ежен және оның ұрпақтары Жошы ұлысының сол қанатында ,яғни Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында мемлекет басқарған.Алтын Орданың ыдырауы процесі кезінде оның бұрынғы аймақтарында жеке хандықтар:Қырым, Қазан хандықтары құрылғанда ондағы билік Тұқай Темір ұрпақтарының қолында болды. [Қазақстан тарихы.Көне заманнан бүгінге дейін .3т-Алматы,2002.-283б.]Бұл жағдай тұқайтемірліктердің  Батыс Дешті Қыпшақ аумағында заңды иеліктері болмағандығын ,сол иеліктерін жеке хандарға айналдырғандығын ,ал Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында олардың ешқандай іздері болмағандығын көрсетеді. Олай болса ,Қазақ хандарының шығу тегі Тұқай Темірден бастау алады деген пікірдің түбірімен қате болғаны. [Кәрібаев Б.Шайбанилық шежіре қазақ хандарының шығу тарихын неге бұрмалаған?Ақиқат №6 маусым 1993 жылы.38б.]

 

Зардыхан Қинаятұлының дерегі бойынша:…….Ерзен хан 25 жыл билік құрып 1344/1345 жылы дүние салып ,Сығанақта жерленеді.Осыдан бастап Сығанақ Жошы хан –Орда Еженнен әулетінен тараған Ақ Ордалық ақсүйектерін жерлейтін атақорығына айналады.Мұнда Тоқай –Темір әулетінен бірде –бір адам  жерленген жоқ.Моңғолдарда Шыңғыс ханның өзінен бастап Хулэгке (қыт.Хулагу)дейін таратылған толық шежіресі бар.Бұл «Монголын үе уламжлал» (Моңғолдар шежіресі ) деп аталады.Біз аталған шежірені Сайшалдың «Шыңғыс қағанның қысқаша тарихы» деп аталатын екі томдық еңбегінде көрсетілуі бойынша келтіріп отырмыз.

Ал қазіргі күнде осы мәселені зерттеушілердің бірі Б.Б.Кәрібаев Қазақ хандарының шығу тегі мәселесіне байланысты арнайы мақалалар жазған . Б.Кәрібаев өзге зерттеушілерге қарағанда  тереңіреп зерттеп ,өзіндік дәлелдерін ұсынады.Ақиқат журналындағы мақаласында Шайбанилық деректерді талдай келе : «Оның (Шайбанидың )мұндағы бірінші ойы атасы үшін кек алу болып табылса, екінші ойы –ата жолымен де, Шыңғыс хан жолымен де Дешті Қыпшақтағы қазақ хандарының  билігінің заңсыз екендігін көрсетіп,өзінің  мәртебе ,құқын олардан жоғары қою болған.Осылайша сайып келгенде ,қазақ хандарының шығу тегін Тұқай Темірден таратқан «Тауарих-и…..» мәліметті ақиқатқа сай емес,-деуге негіз бар .

Осы мәселе жөнінде ,бұл тақырыпты зерттеушілердің бірі Ж.Сариева,қазақ хандары Шыңғыс ханның ұлкен ұлы Жошының кіші ұлдарының бірі Тұқай Темір ұрпақтары деген мәоіметтер күмән тудырды деген ойға тоқталып,қазақ хандары ешқандай күмәнсіз Жошының тұңғышы Орда Еженнен тарады деген пікірді алға тартады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16

Қорытынды

Қазақ хандарының шығу тегі мәселесі Қазақстан тарихында толыққанды шешім   таппаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Мәселемен тікелей немесе жанама түрде айналысқан зерттеушілердің пікірі екітопқа бөлінеді.«Қазіргі күнде  қазақстандық тарихнамада осы мәселе бойынша екі бағыттағы пікірлер толық айқындалып отыр. Алғашқы пікірді қолданушылар  Қазақ хандарының шыққан тегі Жошының үлкен ұлы-Орда Еженнен бастау алады деп көрсетсе,ал кейбір тарихшылар Қазақ хандарын Жошының кенже ұлдарының бірі –Тұқай Темірден тараған деп дәлелдейді.

      XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеу өткен ғасырдың бай мұрасымен тығыз байланысты .Қазақ  хандығының құрылу мәселесінде зерттеушілердің айналып өте алмайтын,міндетті түрде қарастырып өтетін сұрақтарының  біріне қазақ хандарының шығу тегі мәселесі  жатады. Қазақстанның ортағасырлық тарихы туралы нақты мәлімет беретін деректердің аздығынан біраз мәселелер әлі де шешімін таппай келеді. Бұл сұраққа дұрыс жауап тапқанымызда біз,ХІІ- ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы  мемлекеттілік ,саяси тарих, билеуші әулеттер тарихындағы мәселелердің,ең бастысы ХV ғасырдың ортасында құрылған Қазақ хандығының  билеуші әулетінің шығу тегі мен ол әулеттің XVғасырдың ортасына  дейінгі Қазақстан аумағынан хабардар боламыз жәнеде бұл мәселенің  ХV-XVI ғғ. Қазақ тарихында үлкен маңызы бар .Осы бір күрделі мәселеден туындайтын сұрақ,біз кімнің ұрпағымыз? .Осы жағдай , Дешті Қыпшақтағы саяси билікті  Жошының қай ұрпақтары  заңды түрде ,құқықтық негізде иеленуі керек деген мәселеХVғ. соңы мен XVI ғ. басында Мауеренахрдағы Шайбани әулетімен қарым –қатынастарының бағытын анықтайды.

Көптеген мәліметтерден білетініміздей, қазақ хандарының атасы болып Орыс хан саналады.Бұл пікірді зерттеушілердің барлығы дерлік қолдайды.Қазақ ханы,сұлтандардың ататегін анықтау үшін әуелі қазақ хандарының атасы-Орыс ханның тегін анықтап алған жөн.

Қазақ хандары Тұқай Темірден таралады дегенпікірді жақтаушылар:

Ш. Уалиханов, Ш.Құдайбердіұлы, ҚұбанғалиХамид,В.П.Юдин, М.Қ.Әбусейітова.

Қазақ хандары Орда Еженнен таралады деген пікірді жақтаушылар:

З.Қинаятұлы, Т.Сұлтанов, Б.Д.Греков, П.Савельев, А.Ю.Якубовский, Б.Кәрібаев, М.Н.Ибрагимова, М.Ж.Сәбитов, Г.Ж.Табулдин.

Әлі де толығымен қыр-сыры толық зерттелмеген бұл мәселе алдағы уақыттарда қарастырыла берері сөзсіз. Осы тақырыпты зерттеп, жан-жақты талдап, нақты кешенді қорытынды жасау – тарихшылар мен жас тарихшы ғалымдардың алдына қойылар үлкен міндет деп білеміз. Себебі бұл аталған тарықыпта тарихшы ғалымдар ғалымдар тарапынан әлі де зерттеуді талап ететін Қазақ тарихындағы маңызды мәселе болып келеді.

17

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Кәрібаев Б.Шайбанилық шежіре қазақ хандарының шығу тарихын неге бұрмалаған?Ақиқат №6 маусым 1993 жылы.38б.
  2. Дүйсенбаев.Ы.Т.XVII-XIX ғғ.қазақ ақындары шығармаларының жинағы.-Алматы,1962.-16б.
  3. [Адамбаев Б.Қазақтың шешендік өнері.-Алматы,1984.-97б.].
  4. .[Муканов М.Из исторического прошлого.-13 б]
  5. З.Қинаятұлы Қазақ мемлекеті және Жошы хан «Елтаным баспасы».Алматы .2014.-359 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18

 

Қосымша

 

19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*