20170211_085312

«Тәуелсіз Қазақстан» Кульмаганбетова Р.А. №18 ЖОББМ-КММ-нің тарих пәні мұғалімі, Екібастұз қаласы Оразбек Жалғас Толыбайұлы 11 «а» сыныбы №18 ЖОББМ-КММ, Екібастұз қаласы

«Тәуелсіз Қазақстан»

Кульмаганбетова Р.А.

№18 ЖОББМ-КММ-нің тарих пәні мұғалімі, Екібастұз қаласы

Оразбек Жалғас Толыбайұлы 11 «а» сыныбы

№18 ЖОББМ-КММ, Екібастұз қаласы

Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз «іңгәсі» бар демекші (ол көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны). Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз дауысымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды. Бүгінде біз өз арманымызға жеттік. Қазақ елі ұлан – байтақ. Бір қырынан бір қырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Мен осы тақырып арқылы аса маңызды тарихи кезеңнін тақырыбын талқылағым келеді. Еліміз Тәуелсіздік алған кезеңде қазақ шежіресінен ойып тұрып орын алды. Өйткені бұл кезең – еркін жүріп, еркін тұрып үйренген бұла халықтың басқа түскен бұғалықты серпіп тастап, егемен ел, тәуелсіз мемлекет болуға бет бұрған кезеңі. Бұл кезең – қасиетіне сөз жетпес ана тіліміздің, жаншылып қалған ұлттық рухымыздың, дініміздің (қиын-қыстау тұстарда медет болған) не ықылым замандардан келе жатқан ата-дәстүріміздің дүр сілкініп, түлеп сала берген кезеңі. Бұл кезең – қазақ халқын ел ретінде таныған кезеңі. Ал бүгінде еліміз 25 жылдық тарихы бар Қазақ елі. Сұқ көзден, суық сөзден сақтаса біздің алар асуымыз, бағындырар белесіміз әлі алда. Олай дейтінім – тағдырдың талай-талай теперіштеріне төзіп, дала өмірінің даналығын санаға сіңірген ұлтымыз бар, бір-бірімен қоңсы қонып, сыралғы болып кеткен, ежелден татулықты ту еткен көп ұлтты халқымыз бар. Олай дейтінім – ата бабаларымыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен  қорғап қалған ұлан байтақ жеріміз, сол жердің астында да, үстінде де тұнып жатқан байлығымыз бар.  Олай дейтінім – бізде туған еліміздің егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының жан-жақты ойластырылған стратегиясы бар…Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында жаңа жүйеқұрушы «Мәңгілік Ел» құндылығын жалпыұлттық патриоттық идеясы ретінде ұсынды. Оның құрылымдық құрамдастары ретінде тәуелсіздік, ұлттық тұтастық, тұрақтылық, толеранттылық, қоғамдық келісім, аумақтық тұтастық, егемендік, теңдік анықталды.  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың іргетасы әрине мектепте қаланары хақ. Осы тұста мектебімізде өтіліп жатқан іс-шаралардың тәрбиелік мәні аса зор. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеудің негізгі мақсаты да мемлекеттілікті, халықтар бірлігін және барлық қазақстандықтарды «Мәңгілік Ел» құндылықтары төңірегінде  шоғырландыруды одан әрі дамыту: Қазақстанның Тәуелсіздіктің 25 жыл аралығындағы жетістіктері мен табыстарын көрсету, қазақстандық қоғамның одан әрі табысты дамуын біріктіретін түйіні болатын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын және оның құндылықтарын алға бастыру, бірегейлік пен бірлікті нығайту, елі үшін мақтаныш сезімін нығайту, еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің басты стратегиялық міндетін – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін іске асыру еді.  ХХІ ғасырдың өркениет биігіне батыл қанат қаққан тәуелсіз Қазақстанның басқа жетістіктерін былай қойғанда, әлемнің алдыңғы қатарлы  161 мемлекеті мүше болып табылатын Халықаралық көрмелер бюросының аламан бәйгесінде қара үздіріп, Бүкіләлемдік мамандандырылған көрме өткізу  құрметін жеңіп алуы төрт құбыласы түгел дамыған елдердің де маңдайына бұйыра білмейтін бақыт еді. Бұл жеңіс – егемен еліміздің еркіндік алғаннан бергі жылдар ішіндегі салиқалы саясатын, «Қазақстан финомені» аталған экономикалық жетістіктерін мойындау, төрткүл дүниенің толғақты түйіндерін талқылайтын жаһандық орталыққа айналған Астананың ашықтығының жеңісі.

«Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің жалпы алаңы 174 гектарды құрайды. Онда алаңы 1 миллион шаршы метрден асатын нысандар салынуда.

Ұлттық павильондар Биылғы қөрмеге халықаралық қатысушылардың ішінде Франция 1069,1 шаршы метр алаңға ие болған. Олар ұлттық павильондарын «Жасыл өсім бағытына энергетикалық бетбұрыс»деп атандырған. Бұл ел көрмеде болашақ каласын, энергияны жаңарту әдісі және экологиялық көлік түрлерін көрсететін болады.

Венгрия 411,9 шаршы метрлік алаңды алды. «Болашақ энергиясы бізді біріктіреді» деп аталған павильондар энергия көздерінің географиялық, экономикалық ерекшеліктері паш етілмек. Мұнда, сондай-ақ, электр және қала жобалау облысындағы жаңа қондырғылар таныстырылады.

Германия павильоны 124,5 шаршы метр аумақты алады. Олардың тақырыбы – «Энергияға апарар жолда». Ал түрік ағайындар 959 шаршы метр павильонға жайғасты.

Қытай 100 шаршы метр павильонға ие болды. Осы аумақты олар «Жасыл жібек жолы» арман театрына айналдырмақ. Мұнда қытайлардың әлемнің барлық елдерімен энергетикалық ынтымақтастыққа қатысты ойы өрнектеледі.

Көрменің «Болашақтың энергиясы» деп белгіленген тақырыбымен сәйкестікте, құрылыстарды салуда және іс-шараларды өткізуде ең соңғы технологиялар қолданылатын болады. Атап айтқанда, ақылды технологиялар, жаңартылмалы энергетика, құрылыста ең соңғы шыққан материалдарды қолдану, сондай-ақ көрме нысандарын пайдалануға орнықты әрі тиімді тәсіл.

Екібастұздан екі жоба: Айта кетсек,  халықаралық көрмеге Екібастұз қаласы атынан екі жоба ұсынылып отыр. Оның біріншісі «Мегаватт класты отандық инновациялық жел турбиналары» деп аталады. Авторлары: Р. Асылбеков, В. Покровский, Студенттердің жетекшісі ­– проффесор М, Қамбаров. Бұл өнірдің табиғи жағдайын ескере отыра қуат өндіру көзін табуға  арналған инновациялық жоба болмақ. Екінші жоба – «Жылу электр станцияларындағы күлді шлакты қалдықтарды қалдықсыз өндеу технологиясы» деп аталады. Жобаны үш студент Дайындаған (Р. Асылбеков, В. Покровский, И. Әбдрахманов). Жетекшісі – профессор А. Миков. Аталған жобалар сәуір айында қаламызда өткен «Менің EXPO-ға қосар үлесім» байқауында  жүлделі орын алған болатын. Павлодардағы ғылыми – техникалық кенестің іріктенуінен өтіп, оң баға алған. Жоба авторлар ЕХРО-2017 көрмесіне қатысуға өтініш білдірді.

Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды.

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*