Шакерхан Имангали

Алматы облысы Талғар ауданы Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектеп

Шакерхан Имангали

Сыныбы: 3 «б»

Сынып жетекшісі: Қаниязова М. М.

 

Шығарма

Тақырыбы: Түлкі

 

 

Түлкі – жыртқыштарға жататын аң. Кәдімгі түлкі Еуропаның барлық территориясында, Солтүстік Африкада, Азияның көптеген аумағында және Солтүстік Америкада кездеседі. Кәдімгі түлкі  Аустралияда  акклиматизациядан  өтіп, содан  бастап сол материкте кең таралған.

Түсі жирен, сұрғылт сары. Құлағының сырты қара не қара қоңыр, құйрығы ұзын (ұзындығы 60 см-дей), қысқа сирақты. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Реңі жыл маусымына қарай өзгеріп отырады (түлейді): жоны мен бүйірі көбінесе сарғыш жирен, бауыры мен құйрығының ұшы ақшыл тартады. Тұрқы 70 – 77 см, салмағы 6,5 – 6,8 кг. Селдір орманды ашық жерлерді, өзен-көл жағалауларын, аңыз, тау баурайларын мекендейді. Күндіз інінде жатып, түнге қарай қорегін іздейді. Әдетте ұсақ жәндіктермен, көбінесе тышқандармен қоректенеді, қорегінің құрамында 300-ден астам жәндік пен ондаған өсімдік түрлері болады. Моногамды. Қаңтар – ақпан айларында ұйығып, 49 – 58 күннен кейін 4 – 6 (кейде 15) күшік туады.

Терісі бағалы аң, әсіресе, қарабурыл Түлкінің терісі жоғары бағаланады. Кеміргіштерді жеп, ауылы шаруашылығына пайда келтіреді. Құс шаруашылығына зиян келтіреді, құтыру ауруының вирусын таратады.

 

 

Т. Рысқұлов  атындағы №9 мектеп  жасына  дейінгі  шағын  орталығы  бар  жалпы  білім беретін  орта  мектеп.

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*